Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 602.50 Кб (Скачать)

Департаменттер ең алғаш Ұлы Француз революциясы (1789 – 1790 жылдары) кезінде қалыптасқан.Департаменттің жетекші сайлаушы органы болып Бас кеңес табылады. Оған сайлау кантон бойынша өтеді, сол себепті кантональды деп аталады.Кантон- әкімшілік бірлік емес. Фактілік түрде бұл құрамына белгілі бір коммуна саны кретін сайлау округі.әрбір кантон бас кеңеске бір өкілден сайлайды. Департаменттердегі кантондар саны әр түрлі болады.Олардың саны департаментпен белгіленеді.

Бас кеңес департамент жұмысына басшылық жасайды, соның ішінде жергілікті және халықаралық көлікті, аз қамтамасыз етілгендерге әлеуметтік және медициналық көмек беруді, департаменттік мемлекеттік істерді, мектеп істері мен кітапханаларды басқарады. Ол ағымдағы қаржылық жылдың бюджетін қабылдайды, қиыншылық жағдайдағы кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсете алады.

Францияда жергілікті мемлекеттік қызмет 1983–1984 жылдары мемлекеттік қызмет туралы заңның қабылдануына орай қалыптасты. Егер сексенінші жылдардың бас кезіне дейін жергілікті ұжымдардың қызметкерлері жалжамалы еңбек шарттарында жұмыс істесе, аталған заңқабылданғаннан кейін  лауазымдық қозғалыс жүйесі жұмыс жасай бастады.Жергілікті мемлекеттік қызметтің орталықтан  басты ерекшелігі келесіде: жергілікті үкіметтік мекемелер мен биліктің атқарушы органдарына лауазымды қалыптастыру мен қысқартуға, лауазымға тағайындауға, қызметкерлерді профессионалды дайындауды ұйымдастыруға, мемлекеттік қызмет бойынша көтермелеуге  байланысты сұрақтарды шешуге, ранг беруге, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен оларды шығаруға байланысты белгілі бір құқықтарды беру.

Орталық мемлекеттік қызмет сияқты жергілікті мемлекеттік қызметтің әрекет етуі бірқатар консультативтік және әкімшілік органдармен реттеледі

Консультативтік органдар жүйесін жергілікті мемлекеттік қызметтің жоғарғы кеңесі басқарады. Ондағы орындардң жартысы коммуна, департамент пен аймақ  өкілдеріне беріледі (коммуна ірі ауылдар мен шіркеу приходтарының бірігуінен пайда болған), ал екнші жартысы жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне беріледі. Бір орын премьер – министрдің не жергілікті ұжымдардың істері жөніндегі министр өкіліне беріледі. Осылайша, Кеңестің жалпы саны 41 адам болады, сондай – ақ әрбәр өкілдің екі орынбасары болады. Кеңес төрағасы болып жергілікті ұжымның өкілі сайланады.Кеңестің құзыреттілігі алты жыл.

1949 жылдың бірінші қазанында Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бері елде төрт конституция қабылданған – 1954 жыл,1975 жыл, 1978 жыл, 1982 жыл. ҚХР–ның бірінші конституциясы СССР мен басқа да социалистік елдердің мемлекеттік құрлысының тәжірибесін кеңінен қолдану негізінде жасалды. Ол ҚХР–ын жұмысшылар класымен басқарылатын және крестьяндар мен жұмысшылар одағына негізделген халық демократиясының мемлекеті деп жариялады, мемлекеттегі Қытайдың коммунистік партиясының жетекшілік ролін және қоғамдық ұйымдарды басқаруын күшейтті. Конституция күшіне енгеннен кейін мемлекеттік органдардың жаңа жүйесі қалыптасты, конституция жағдайларын іс жүзіне асыратын бірнеше заңдар мен нормативті актілер қабылданды.

1982 жылғы конституция ҚХР – ның мемлекеттік құрылымына маңызды өзгерістер енгізді, олар келесілерден көрініс тапты:

ҚХР–ның Жергілікті мемлекеттік қызметтің жоғарғы кеңесі жергілікті мемлекеттік қызметке қатысты барлық сұрақтар бойынша өз ойларын жергілікті ұжым істері жөніндегі министрдің өтініші бойынша не болмаса өз инициативасы бойынша айтады.  Ол нормативті құжаттарды дайындауға байланысты ұсыныс енгізуі мүмкін.Сонымен қатар  ол зерттеу жұмыстарын жүргізеді және статистикалық мәліметтерді жинайды. Жергілікті ме лекеттік қызмет жүйесінде Паритетті әкімшілік комиссия, Паритетті техникалық комиссия және қауіпсіздік пен гигиена бойынша комитеттер бар. Олар алты жыл мерзімге әкімшілік пен мамандар ішінен қалыптастырылады. Олардың қызметтері орталық мемлекеттік қызметтегі сәйкес мекемелердің қызметіне ұқсас.

Жергілікті мемлекеттік қызмет жүйесінің қызмет етун қамтамасыз ететін Аймақтық мемлекеттік қызметтің Ұлттық орталығы. Орталық басында Әкімшілік кеңес отырады. Ол паритетті бастамада жергілікті ұжымдардың            (коммуналар, департамент, округ) өкілдерінен құралады және жергілікті мемлекеттік қызметтің персоналдарының сандық құрамы мен жергілікті қызметкерлердің кәсіподақтық ұйымдарының өкілдеріне сәйкес сайланады.Кеңес өз құрамынан президент пен екі вице – президентті сайлайды. Олар отырыстарын жылына үш реттен кем өткізбеуі керек.

Аймақтық мемлекеттік қызметің Ұлттық орталығы жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің профессионалдық білімдерінің негізгі бағыттарын анықтайды; мемлекеттік қызмет жүйесінде лауазымды иелену үшін қажет білім бағдарламаларын бекітеді, лауазымдарды орнықтыруға байланысты конкурс жариялайды; қызмет бойынша көтерілу үшін профессионалды оқулар мен емтихандар ұйымдастырады; жаңа ранг пен жаңа лааузымды алуды ұйымдастырады; бос орындар жайлы ақпаратты таратады; білім мәселесіне қатысты барлық зерттеулерге қатысады.Ұлттық орталықтың басты қаржыландыру көзі болып жергілікті ұжымдар мен мекемелердің төлейтін міндетті жарналары табылады (қызметкерлердің жалпы жалақыларының  1%  дейін жарна көлемі)       

1)           Төрағасының институтын қайта құру;

2)           ҚХР – ның Орталық әскери кеңесін құру;

3)           Билік пен басқару органдарының болыстық буынын қайта құру;

4)           Кейбір жоғары лауазымдық тұлғалардың орындарында отыру мерзімін шектейтін уақытты бекіту;

5)           Халық өкілдері  жиналысының тұрақты комитеттерінде мүше болу мен әкімшілік, сот, прокурор лауазымын иеленудің бірлеспеуі;  

6)           Қаржы мен қаржылық әрекетті бақылауды күшейту үшін ревизиялық органдар жүйесінің түрлі баспалдақтарын үкімет құрамына енгізу;

Жалпы алғанда 1982 жылғы конституция елдің мемлекеттік құрлысын анықтайтын құжат ретінде алдынғы конституциялармен салыстырғанда прогрессивті болды. Конституция басты төрт принципті айқындады: социалистік жолды қатаң ұстану, халықтың демократиялық диктатурасы, Қытайдың Коммунистік партиясының жетекшілігі, сондай – ақ марксизм мен ленинизм және Мао Цзэдун ойлары.

Осы принциптерден шыға отырып, мемлекеттік құрлыс пен мемлекеттік саясат сұрақтары бойынша барлық шешімдер жоғарыдан төменге қарай сәйкес деңгейдегі партиялық органдармен қабылданды, биліктің өкілетті органдары партиялық органдармен қабылданған қаулыларды заңдық түрде рәсімдейді және олардың орындалуына бақылау жасайды.

Мемлекеттік биліктің өкілетті органдарының қалыптасуының ерекшелігі келесіде: халық жалпы, тең, тікелей сайлауда жасырын дауыс беру арқылы тек қана мемлекеттік билік органдары тағайындалады. Сайлау бұл жерлерде алтернативті негізде бірнеше кандидаттар арасында өтеді.Неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі, алайда ол міндетті түрде үштен бір дауысқа ие болуы керек. Осы шарттар сақталмаған жағдайда қосымша сайлау өткізіледі. Халық өкілдерінің жиналысының қалған депутаттары Бүкілқытайлық жиналысын қоса есептегенде мемлекеттік биліктің төмендегі сәйкес органдарымен сайланады

Биліктің өкілетті органдарының қалыптасуының мұндай әдісін бірнеше объективті себептермен түсіндіреді, оның ішінде инфрақұрылымның нашар дамуынан елдің түрлі аудандары арасындағы  байланысты қамтамасыз ету қиындығы, қоғамның саяси мәдениеттілігінің төмен деңгейі, демократиялық дәстүрдің жоқтығы, Қытайдың саяси және әлеуметтік – экономикалық  дамуында ерекше ұлттық сипаттардың болуы.

ХӨБЖ- ның тұрақты комитеті  келесідегідей негізгі қызметтерді атқарады: заңдар қабылдап, оларға өзгеріс енгізеді, тек ХӨБЖ қабылдайтын заңдардан басқаларына; Негізгі заңның орындалуына бақылау жасайтын заңдар мен конституцияны талқылау;заңдар мен конституцияяға қайшы келетін биліктің жергілікті органдары, Мемлекеттік кеңестің қаулылары мен ережелерін, әкімшілік – құқықтық актілерін қабылдамайды. Мемлекеттік кеңестің, Орталық әскери кеңестің, Жоғарғы сот пен Жоғарғы прокуратураның жұмысына бақылау жүргізеді; министрлер, комитет төрағалары, Мемлекеттік кеңес секретариатының басшысының, бас ревизордың, Орталық әскери кеңес мүшелері мен төрағасы орынбасарының кандидатурасын бекітеді;  Жоғарғы халық сотының судьялары мен Жоғарғы халық прокуратурасының прокурорларын және төрағаларының орынбасарларын тағайындайды, орнынан босатады; ҚХР – ның шетелдердегі құзыретті өкілдерін тағайындау не кері қайтару туралы шешім қабылдайды; елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарына өзгерістер енгізуді қарастырады және оны бекітеді; мемлекеттік бюджеттің орындалуы кезінде өзгеріс енгізеді және оны бекітеді; шет мемлекеттермкен жасасқан  маңызды келісімдер мен шарттарды ратификациялау мен денонсациялау туралы шешім қабылдайды; әскери атақтарды, дипломатиялық рангтерді бекітеді; мемлекеттік ордендерді беруге шешім қабылдайды және марапаттайды; мемлекеттік құрмет атқтарын бекітеді және тағайындайды; кешіру жайлы шешім қабылдайды; егер ел қарулы басқыншылық қаупінде болса, соғысты жариялау туралы шешім қабылдайды; елде жартылай не толық мобилизациялау туралы шешім қабылдайды; бүкіл елде не жеке провинцияларда әскери жағдайдың енгізілгендігі жайлы шешім қабылдайды.

ҚХР–ның конституциясында барлық мемлекеттік органдарға штатты қысқарту мен аппаратты қарапайымдау, қызметтік жауапкершілік жүйесін жетілдіру, кадрлар квалификациясы мен олардың аттестациясын жоғарылату, жұмыстың сапасы мен тиімділігін үнемі көтеру, бюрократиямен күрес принциптері талап ретінде бекітілген.

Қытай Халық Республикасының ерекшелігі болып оның мемлекеттік құрылымына Орталық әскери кеңестің қосылуы табылады.ОӘК – бұл елдің барлық қарулы күштеріне басшылық жасайтын жоғарғы әскери мекеме..Оның құрылуы әскри салаға да әсерін тигізген Қытайдағы модернизациялау мен реформалардың өткізілуімен байланысты.

Шетел елдердін тәжирибиесін ескере отырып, ҚР мемлекеттік басқару аппаратын жетілдіруге болады.

АҚШ- та жеке кәсіпкерлік еркіндігіне қарамастан мемлекет ғылыми және әскери өнімге тапсырыс береді және жеке фирмалар өнімінің 30% сатып алады. Швецияға келсек, мемлекет фирма қызметіне араласпайды, алайда өндіріс жеке, ал әлеуметтік даму барлығы үшін деген принцип бойынша әлеуметтік сала мен еңбек нарығында белсенді әрекет етеді; толық жұмысбастылық қамтылған; ЖІӨ- гі бюджет шығыны шамамен 70% құрайды (инвестициялар, денсаулық сақтау, зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру және т.б.).  

Оңтүстік Кореяда қаржылық- несие саласында мемлекеттік монополия әрекет етеді; экспорт үшін тапсырыстар мен субсидиялар бекітіледі; өнім сапасы фирмаішілік шығындар бақыланады, әсіресе экспорттық салаларда; ірі ауылшаруашылық кәсіпорындар мәжбүрлі түрде бөлшектенеді; елге валюта мен шетел капиталының енуі бақыланады.  

Германия әлеуметтік мемлекет болып есептелінеді: әлеуметтік қажеттіліктерге мемлекеттің бюджетінің 1/3 бөлігі мен кәсіпорынның біршама қаражаты жұмсалады. Мемлекет білімге, мәдени дамуға, кедейлер үшін пәтердің жалақысына, балаларға, өмірде өз орнын табу үшін жастарға қосымша ақша бөледі. Адам өмірдің барлық жағдайларынан сақтандырылған: жұмыссыздықтан сақтандыру, аурудан сақтандыру, зейнетақылық сақтандыру, төтенше жағдайдан сақтандыру. Кәсіпорын алты апта бойы ауырған адамға 100% төлейді, сонымен қатар демалыс ақшасын, мерекелік аванстар береді, зейнетақыға қосады. Жұмыс істеп жүргендер өздерінің әлеуметтік қажеттіліктеріне табыстарының 40% аударады, оның 50% жұмыс беруші жабады. Кәсіпорын әлеуметтік қажеттіліктерге ұқсас мемлекеттік төлемдерден 30% жұмсайды.

Жапонияда мемлекеттің басқарудың мүддесі ескеріледі. Бұл ел парламенттік монархия болып табылады, бірақ мемлекет басшысы премьер- министр, ал император тек символ болып табылады. Парламент палаталарының төрағалары премьер- министрдіңжұмысын ұйымдастырумен айналысады.  Елде адам өмірінің негізгі жақтарын қатаң қамқорлықты қарастыратын мемлекет пен қоғам арасында өзара қарым- қатынас жүйесі орын алған. Ол өзінің ролін ойнап, елді табиғат ресурсына кедей ұлы державаға айналдырды.

Негізгі өкілетті органдар болып премьер- министрдің аппараты, министрліктер, кимиссиялар мен басқармалар табылады. Мемлекеттік аппарат құрылымы мен қызметтердің бөлінуі басқарудың үйлестіруші буынының жетекші ролін қарастырады. Бұл мүмкін болатын ішкі келіспеушіліктерді басады және әкімшілік жүйені тұрақты етеді. Түрлі министрліктер мен басқармалардың саясаттырының үйлестіру бойынша премьер- министрдің аппараты жауапты, өз кезегінде ол белгілі бір саладағы үйлестіру жұмысына жауапты басқармалармен тығыз байланыста болады. Солардың ішінде бөлініп көрінетіні ұзақ мерзімді жоспарларды құрастыратынжәне олардың орындалуын министрліктермен үйлестіретін экономикалық жоспарлау басқармасы. 

Министрлікаралық және министрлікішілік үйлестіру механизмі тиімді әрекет етеді. Үйлестіру органы болып министр хатшысы табылады. Үйлестіру юойынша жауапкершілікті премьер- министрдің бірінші хатшысы алады. Секретариат персоналды тағайындау, ассигнованиялар, заңдық актілер жобалары, кабинеттерді бөлу, департаменттерде дайындалған министрлік бұйрықтары сияқты сұрақтарды үйлестіреді.

Он екі негізгі министриліктен құралды: әділет; сыртқы істер; қаржы; білім беру мен ағарту; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз ету; ауыл, орман, балық шаруашылығы; сыртқы сауда мен өнеркәсіп; көлік; почта мен байланыс; еңбек; құрылыс; жергілікті өзін- өзі басқару. Сонымен қатар 24 басқарма қызмет етеді, олардың бір бөлігі министрлік рангінде  (қорғаныс, мемлекеттік жерлер, т.б.), сондай- ақ комитеттер мен арнайы органдар. Министрліктер мен басқармалар құрылымы 1946 жылдан бері өзгермеген., бірақ та министрліктердің өз ішінде қайта ұйымдастырудар жиі болады.

Министрлік бөлімшелері болып секретариаттар мен департаменттер табылады. Департаменттердің жалпы саны заңмен анықталған, саны барлық министрлікке 128 департамент бар. Жаңа департамент құрылуы үшін берілген не басқа министрлікте департамент жойылу керек. Егер алға қойылған міндеттер департамен құзыреттілігінен асып түссе және жұмысты тәуелсіз органның жүргізілуі талап етілсе, онда министрлік құрамында басқарма құрылады   

Қызметтің белгілі бір түріне бақылауды жүзеге асыру үшін комиссилар құрылады. Әрбір министрлікте шешімнің дайындығын қамтамасыз ететін, басқарудың практикалық сұрақтары бойынша парламентке ұсыныстарды жобалайтын бөлім бар. Аталған бөлім жобаның кіммен дайындалуына байланыссыз жобаның аяғына дейін жүзеге асуына жауапкершілікті өз мойнына алады. Бөлімде дайындалған құжат басқарма мен департамент жетекшілерімен қарастырылады, ұжымдық талқалау жоқ. Ары қарай ол министрлер кабинетінің заңдық бюросына түседі. Егер құжат қаржылық сұрақтарды қозғаса, онда құжат қаржы министрлігімен келісіледі. Парламентте талқыланатын заң жобаларының 90% министрліктер мен ведомстваларда дайындалады.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері