Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 602.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін орындаунысаны мен нақты мазмұны белгіленбеген, құзыреттілік көлемі де шектелген. Алайда, жапониялық мемлекеттік аппаратының ерекшелігі болып кең билік құқықтары, күшті саяси кадрлық саясаты, жоғары ұйымдық тиімділік, жалдау принципі, ішкі тұрақтылық пен компененттілік табылады. Жұмысқа жалдау, жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтен шығару принциптері заңмен  анықталған.

Әкімшілік- мемлекеттік қызметке жалдау талаптары орталық университеттердің ең үздіу түлектеріне бағытталған эмтихан негізінде өтеді.Персонал саны қатаң бақыланады. Әрбір министрлік бекітілген жоспарға сәйкес персонал санының қысқартылуына қол жеткізу керек.     

Жұмыстан шығарылған қызметкерлер резервке қалады, сосын басқа жұмыс орындарына жұмысқа тұра алады. Мемлекеттік аппарат қоғамда ерекше орын иеленеді. Мемлекеттік аппараттағы жоғары лауазымды тұлғаның жалақысы бойынша Жапония әлемде ең бірінші орынды алады. Баланы күтуге, көлік шығындарына, емделуге, демалысқа арналған арнайы төлемдер мен жыл соңы мен ортасында (5 және 2 айлық жалақылар) төленетін біруақыттық арнайы төлемдер бар. Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлердің жалақы қоржындары жеке сектордағы ұқсас көрсеткіштермен салыстырылып, түзетіледі.

Осылайша, дамушы елдер  саяси институттары, шаруашылық ету моделдері мен басқару моделдеріне байланысты бөлінеді, алайда қоғамдағы мемлекеттің роліне бірдей көзқараспен қарайды. Мемлекет барлық жерде өндіріс факторлары мен нарықтарды реттейді, классикалық либерализмді қолдамайды, ұлттық мүдде күзетінде тұрады.

Әлемдік даму үрдісі болып мемлекеттің экономикаға және басқа да қоғам салаларына араласуының кеңеюуі, меншік түрінде капиталдың басқару қызметінен бөлінуі , ұлттық табыстағы меншіктен келетін табыстың азаюуы, басқарудағы менеджерлер рөлінің өсуі табылады. Жеке капитал басқаруды жақсы жүргізеді, ол мемлекеттің қатысуынсыз экономиканы тепе- теңдікте ұстап тұра алады деген ой қалыптасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жалпы алғанда мемлекеттік басқару экономикалық реформалар  барысында мемлекеттің экономиканы өсіруге ықпал етеді.

Қазіргі заманда мемлекеттік басқару көптеген мүмкіндіктерді әлі де болса игеріп біте қойған жоқ. Олар: адамдардың білімділік деңгейінің өсуі, ХІХ ғасырдың шығармашылық гуманистік мұрасы, өндірістің индустриалдық типіне көшу, ғылыми- техникалық революция, космостық кеңістікті игеру, қоғам қажеттілігін ақпараттық қамтамасыз ету мен байланыстың жаңа құралдарын көтеру және т.б. адам ойының жетістіктері, дарыны, еңбегі мен тәжірибесі. ХІХ ғасыр мемлекеттік басқаруға қатаң әрі жоғарылатылған принциптер қоятынын айта кеткен жөн, сол себепті қазірден бастап дайындала беру артық болмас еді. Қоғам болашақта бір жағынан адам тіршілігі үшін қажетті жер планетасы ресурстарының шектеулілігімен, ал екінші бір жағынан адамдардың өркениетті қажеттілігінің көбеюімен байланысты сұраныстың өсуімен сипатталатын шарттармен кезігетіндігі туралы айтуға негіз бар.             

Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің жалпы мақсатты бағдарын шартты түрде екіге бөліп көрсетуге болады. Сыртқы мақсаттардың іске асуы басқарушы ықпалдың тиімділігін жоғарылатуда, оларды жүйелендіру мен тәртіпке келтіруде, басқарылушы объектілердің объективті сұранысына адекваттілікті қамтамасыз етуде болса, ішкі мақсаттардың жүзеге асуы басқарушы жүйенің өзінің жетілдірілуін, оның мобилділігінің, рационалдылығының, ішкі өміршендігін жақсартылуын білдіреді. Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің маңызды және басты элементі болып ғылыми негізделген «мақсат ағашы» табылады. Оның негізінде мемлекеттік басқаруды жетілдірудің құрылымы, пәні, актуальділігі, тізбектілігі анықталады. Бізге мемлекеттік басқаруды жетілдіру не беретінін білуіміз қажет.

Осы мақсаттармен қатар мемлекеттік басқаруды жетілдірудің маңызды элементі болып оның пәні шығады. Әрине біз алдын- ала нені жетілдіру керек екенін білуіміз керек. Алдындағы айтылған жайттарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқаруды жетілдіру пәнінің келесі блоктарын көрсетуге болады, яғни: 

тұрақты түрде және  барлық деңгейлер мен бағыттарды қамтитын мемлекеттік басқару жүйесінің басқарушы және басқарылушы компонентттері арасындағы өзара әрекеттерді  қарапайымдау мен жақсарту, бұл ең алдымен «мақсат ағашы» мен мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын жетілдіруді білдіреді;

мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірумен байланысты азаматтардың мемлекеттік басқару процесіне қатысуын кеңейту, өзін- өзі басқаратын қоғамдық механизмдерді қалыптастыру мен активизациялау және мемлекеттік басқаруды одан әрі демократияландыру көмегімен мемлекеттік басқарудың қоғамдық мәнін үздіксіз дамыту;

сәйкес органдар мен сыртқы арнайы ұйым өкілдерінің бірлескен күшімен рационализациялау жоспарларын жобалау мен жүзеге асыру.

Көрсетілген әдістердің әрбіреуінің әлсіз және күшті жақтары бар, Алайда белгілі бір органдағы басқару қызметі жайлы нақты да дұрыс ақпарат тек тек сол орган ұжымына белгілі.Бірақ та арнайы ұйымдар әлемдік және ұлттық тәжірибені жақсы біледі және басқару процесін талдау мен баға берудің талданған методикасына ие, оларға тек нақты ақпарат жетпейді. Сол себепті бұл жерде ең жемісті нәтижеге арнайы ұйым мен әрбір орган ұжымы біріксе ғана жетуге болады.

Соңғы кездерде жоғарғы деңгейден стандартты қайта құруларды орындатып отырған жайлар кездеседі.Олар көптеген жағдайларды есепке алмайды әрі оның ғылыми негізі жоқ болып табылады. Субъективті унификация жүреді, ал оның қорытындысын болжау қиындық туғызбайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.  Н.И.Матузова. Теория государсива и права. - Москва.: Юристъ, 2000

2. С.С.Алексеев. Проблемы теории государства и права. – Москва.: Юрид.лид., 1998

3. Г.В.Атаманчук. Государственное управление; проблемы методологии правового исследования. - Москва.: Омега-Л, 1975

4. А.Е.Лунаев. Теоретические проблемы государственного управления. – Москва.: Наука, 1999

5. С.С.Сартаев. Материалы по истории государства и права Казахстана. – Алматы.: Казахстан

6. Р.А.Фатхутдинов. Система менеджмента. – Москва.: Наука, 1997

7. Г.В.Атаманчук. Теория государства и права. – Москва.: Омега- Л, 2004

8. А., Файоль. Управление- наука и исскуство. – Москва.: Республика, 1992

9. О.К.Сабденов. Экономическая политика переходного периода на рубеже ХХІ века.  – Алматы.: Қаржы- қаражат, 1997

10. Р.С.Каренов. Экономические функции государства. – Караганда.: 2000

11. Н.Б.Мухитдинов. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару. -  Алматы.: Атакент, 1998

12. А.Т.Быков. Местные советы в управлении экономикой. – Москва.: МГУ, 1992

13. ANALYTIC. Основные тенденции развития регионв Казахстана.: 2004/5

14. Эксклюзив. Госуправление: стартует систем. Астана, 2004

15. Международная конференция студентов, аспирантов и молодых ученых. «ЛОМОНОСОВ 2005» посвященная 250- летию МГУ. Астана. 2005

16. Конкурентоспособность экономики Республики Казахстан: Состояние6 проблемы и приоритеты развития. Материалы международной научно- практической конференции. Астана, 2005

17. Ю.М.Козлов. «Общее понятие управления», Управление как социальное явление в кн., «Административное право РФ».- Москва..: МГУ, 1996

18. Қазақстан Республикасының конституциясы. ҚР Президентінін 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР Президенті туралы» Конституция күші бар жарлығы 10 бап.

19 Әбсаттаров Р. Әлеуметтік мемлекет: мәні мен анықтамасы // Саясат, 2004, №5

20 ҚР әлеуметі-экономикалық дамуы. 2004 жылдын қантар – желтоқсан статистикалық жинақ, Алматы, 2004

21 ҚР халқының өмір сүру,  кедейлік деңгейі. Статистикалық жинақ, Алматы 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері