Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 602.50 Кб (Скачать)

Министрлікке басқа министрліктердің қарауына бекітілген қызметтерді беру керек. Мысалы, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті реттеу (денсаулық сақтау министрлігінен алып); ірі ауылшаруашылық өнеркәсібі мен машина құрастыру (ауыл шаруашылығы министрлігінен). Бұл салалар өнеркәсіпке қатысты, сол себепті оларды индустриалды стратегиямен жұмыс жасайтын министрлік қарауына беру дұрыс болады.

Сонымен қатар индустрия министрлігі қарауына туризмнің дамуы саласындағы қызметтер беріледі (туризмді әлеуметтік сала есебінде емес, бизнес сала, не экономиканың секторы деп қарастыру керек); бәсекелестікті дамыту мен қорғау бойынша қызметтерді; ақпараттандыру мен ІТ- технологиялардың дамуы саласындағы және ақпараттық технологиялар бойынша жеке комитет құру арқылы «электрондық үкімет» идеологиясын қалыптастырудағы саясатты құрастыру қызметі; инновацияның дамуын және қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізуді,  инновациялық кәсіпкерлік, қолданбалы ғылыми- техникалық бағдарламаларды қалыптастыруды үйлестіру бойынша қызметтер (білім және ғылым министрлігі мен энергетика және минералды ресурстар министрлігі қарауындағы).

Шағын бизнесті қолдау бойынша комитетті қысқартып, оның функцияларын министрліктің орталық аппаратына беру керек. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелерімен тікелей аймақ әкімдері айналысуы қажет.

Құрылыс жұмыстары бойынша комитеттін тұрғын үй құрылысы мәселесінің басымдылығын есепке ала отырып,  тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және құрылыс жұмыстары комитеті етіп құру ұсынылып отыр.

Ел басшысының айтуынша жалпы әлемдік тенденциялар контексінде тұрақты даму мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты рационалды пайдалану саласында жұмыс жасау қажет. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау министрлігін экология мен табиғи ресурстар министрлігі етіп құру көзделіп отыр. Оған жер қойнауын, орман, балық, су ресурстары мен жануарлар әлемін қорғау бойынша ауыл шаруашылығы мен минһералды ресурстар және энергетика министрлігінің бақылау- барлау қызметтерін беру қажет.Ал орман, балық, су шаруашылығы саласындағы шаруашылық қызметтер мен ведомствалық бақылау қызметтері ауыл шаруашылығы министрлігінде қалады.

Президент айтуынша ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта БСҰ кіру қарсаңында агроөнеркәсіптік бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға және ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарыылатуға күш салуы керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ішінде территориялық бөлімшелері бар фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау бойынша комитет құру керек. Астық, егіншілік, тракторларды және т.б ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу бойынша бақылау қызметін министрліктердің территориялық бөлімшелеріне, ал алдағы кезеңде оны жергілікті атқпру органдарына беру керек

Минералды ресурстар мен энергетика министрлігі елдің жылу- энергетикалық секторын дамытуға күш салуы керек.

Жер қойнауын қорғау қызметі Экология мен табиғи ресурстар министрлігіне берілгендіктен жер қойнауын қорғау мен геология комитетін қайта құру қажет.

Энергетикалық ұйымдардың күзгі- қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын жерлерге беру керек, себебі бұл сұрақтар жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Тек ұлттық компаниялар қызметі бұларға кірмейді.

Көлік және байланыс министрлігі туралы ел басшысы автомобиль жолдары мен құрлысы комитетін теміржол көлігі комитетімен қызметтерінің ұқсастығына байланысты көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті етіп құру керек деді. Министрлік қаруына байланыс бойынша комитеттің құрылуына байланысты қайта құрылатын ақпараттандыру мен байланыс агенттігінің қызметтерін беру керек.

Сонымен қатар жалпы экономикалық қызметтер мен салааралық үйлестіру қызметтерін жүзеге асыратын экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігі құзыреттілігін күшейту керек.

Статистика бойынша агенттікті комитет етіп құрып, Министрлік құрамына  беру керек.

Сондай- ақ министрлік құрамында Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру бойынша комитеттің саны мен фискалдық функциялардан басқа функцияларының жартысын беру арқылы мемлекеттік кәсіпкерлікті (ұлттық компаниялар мен РМК) реттеу департаментін құру қажет.

Аталған ведомстваның міндеті келесілер болады: мемлекеттік кәсіпкерлік саясатын қалыптастыру, экономиканың жекелеген секторларында мемлекеттің қатысуын кеңейту не кеміту туралы ұсыныстар құрау; елдің орта мерзімді даму басымдылықтарын ескере отырып, компаниялардың даму жоспарларын қарастыру және келістіру; ұлттық компания қызметінің тиімділігін бағалау мен талдау; «дивидендті » саясатты қалыптастыру.

Алдағы уақытта мемлекеттің фискалдық қызметін бір органда шоғырландыру керек деп атап көрсетті Президент. Осыған орай Кедендік бақылау агенттігін комитет етіп өзгертіп, қаржы министрлігі құрамына беру керек.

Мемлекеттік сатып алулар агенттігін алып тастап, оның қызметтерін заң шығармашылығы бойынша Қаржы министрлігіне берілуі керек, ал бақылау қызметі жаңадан құрылатын Мемлекеттік сатып алулар мен қаржылық бақылау комитетіне беріледі. Қаржы министрлігінің негізгі міндеті республикалық бюджет пен өз құзыреттілігі шегінде жергілікті бюджеттің орындалуын ұйымдастыру мен методологиялық жетекшілік ету болып табылады. Осыған байланысты оған методологиялық жетекшілік және талдау жұмыстарын жүктеп, министрліктің орталық аппаратын қысқарту керек.

Әлеуметтік блоктағы министрлікке келсек, елбасшының айтуы бойынша Еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауына Миграция мен демография бойынша агенттігінің атауын негізгі қызметі миграциялық процестерді реттеумен байланысты болатындықтан Миграция бойынша комитетке өзгертіп, Еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауына беру керек.

Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты келесі мәліметтер бар. Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп  комитеті Фармация комитетіне айналады. Министрліктің денсаулық сақтау облысындағы стандарттарды қадағалау бойынша бақылауды жүзеге асыру қызметін жаңадан құрылатын Медициналық қызмет сапасына бақылау бойынша комитетке береді.

Министрліктің реттеуші және бақылау- қадағалау қызметтерін беру арқылы Жоғары аттестациялық комитетті білім мене ғылым саласындағы аттестациялау мен қадағалау бойынша комитетке айналдыру міндеті Білім және ғылым министрлігіне жүктелді. Сондай- ақ министрлікке Көлік және байланыс министрлігіндегі Аэрокомостық комитетті беру ойластырылып отыр.

Көптеген елдердің тәжірибесін, соның ішінде Ұлыбритания мен Жапонияның есепке ала отырып, мәдениет, ақпараттық саясат, ұлтаралық келісім, тілдердің дамуы, архив пен спорт салаларындағы реттеу қызметтеін біріктіріп, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін құру дұрыс болады деп Президент атап өтті. Ақпарат министрлігінің аймақтық бөлімшелерінің қысқарту керек, себебі олар жергілікті органдар қызметін қайталайды. Архивтер мен құжаттарды басқару бойынша комитет базасында заңды және жеке тұлғаларға қатысты реттеуші және бақылау- қадағалау қызметтерін атқаратын Ақпараттар мен архив комитетін құру керек. Министрліктегі Туризм және спорт агенттігінің қайта құрылуына байланысты Спорт жұмыстары бойынша Комитет құру қажет.

Ішкі істер министрлігіндегі ТМД жұмыстары бойынша комитеті қысқырту ұсынылып отыр. Ал оның функцияларын ТМД, ЕЭҚ, ЕЭК сұрақтары бойынша  министрліктегі сәйкес департамент министрдің арнайы орынбасарының бөлінуімен атқарылады.

Әділет министрлігіне қатысты Елбасшысы былай деді: тіркеу қызметі комитетіне заңды тұлғаларды, қозғалмайтын мүлік пен онымен жасалатын келісімге құқықты, азаматтық жағдай актілерін, азаматтарды тіркеу мен құжаттауды тіркеу қызметін жүктеу керек. Сонымен қатар халыққы заңдық қызмет көрсету мен құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша комитет құрып, оған  министрліктің нотариалды және адвокаттық қызметті лицензиялау мен заңдық қызметтердің сапасына бақылау жасау қызметтерін жүктеу қажет.

Өмір қауіпсіздігі мәселесі қазір өте шиеленісуде. Бұл ең алдымен табиғаи жағдайлары мен түрлі аварияларға байланысты. Біз оған дайын болуымыз керек. Сол себепті  Төтенше жағдайлар бойынша агенттікті Төтенше жағдайлар жөнінде министрлікке айналдыру керек.

2005 жылдан бастап өртке қатысты қызметті қамтамасыз ету республикалық бюджетке өтеді. Министрлік ішінде өртке қарсы қадағалау комитетті аймақтық бөлімшелерімен құру керек.  Сонымен қатар авариялық- құтқару қызметтері де су- құтқару қызметтерінсіз республикалық бюджетте қаржыландырылады. Мемлекеттік материалдық резервті бақылау қызметін Мемлекеттік материалдық резервтер бойынша агенттікті сәйкес комитететке айналдыру арқылы осы министрлікте қалдыру көзделіп отыр. Алдында айтылған үш агенттік олар Экономикалық және коррупциялық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), жер ресурстарын басқару бойынша агенттік. Бәсекелестіктің дамуы мен қорғау бойынша қызметтер Сауда мен индустрия министрлігіне берілуіне байланысты Үкіметке тікелей бағынатын Табиғи монополияларды реттеу агенттігі құрылады.

Екінші мәселе мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттіліктерді бөлу және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалауға қатысты.

Президент атап көрсеткендей, мемлекеттік қызметтердің орталықсыздану процесі темп алып келеді. Біраз жұмыс жасалынды, Бюджет кодексі мен «Жергілікті мемлекеттік басқару» туралы заңның қабылдануымен реформаның бірінші кезеңі аяқталды.

Президент сөздері бойынша қазіргі этапта жергілікті деңгейге жүзден астам қызметтерді беру көзделіп отыр. Бұл ең алдымен архитектура саласындағы қызметті реттеу қызметтері, қоршаған ортаны қорғау, табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу және т.б. қызметтер. Басқа да заң жобалары шығуға дайын, келесі этапта тағы жүзден астам қызмет беріледі.

Мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріндегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен мәслихаттардың аппараттарын күшейту шаралары қабылданған. Жалпы алғанда бұл бағыттағы жұмыстар белгілі бір динамизмге ие болды.

Сонымен қатар аймақтарда аппараттар өзгертілген талаптарға сай өзгертілмеген, бұл жүргізілген талдаулар нәтижесінде алынды, жергілікті аймақтарда әлі де болса проблемалар бар.

Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік қызметкерлер санының өсуі жергілікті мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлері атқаратын қызметтер көлеміне сай келмейді. Егер 1997 жылдан 2001 жылға дейін облыстық деңгейде 9 өзінше жеке жергілікті мемлекеттік басқару органдары әрекет ететін Үкіметпен бекітілетін жергілікті басқарудың типтік құрылымы әрекет етсе, 2004 жылдан бастап олардың саны 16- дан 28 дейін, ол аймақ көлеміне байланысты. 2003 жылы жергілікті жердегі мемлекеттік қызметкерлер саны 2001 салыстырғанда 4,9 мыңға өскен.

Екіншіден, жергілікті атқару органдарының ұйымдық- құқықтық нысандарының бейберекеттілігі, олардың атқаратын қызметтерінің әртүрлі бағыттылығы.

Үшіншіден, орталық және жергілікті деңгейлерде басқару схемалары арасында үйлесімділік жоқ.

Төртіншіден, мемлекеттік жергілікті басқару құрылымы тұрақсыз. Әкім ауысқан сайын құрылым, кадрлар мен олардың сангы өзгеріске ұшырайды.

Президенттің айтуы бойынша жергілікті басқарудың тиімді құрылымын құрастыру бұл- мемлекеттік саясаттың негізгі мәселесі. Жоғарыдағы проблемаларды шешу үшін жергілікті мемлекеттік басқарудың унификацияланған типтік құрылымын қарастыру қажет (әкім аппаратын қоспағандағы): облыста- 20 департамент/ басқармалар; республикалық маңызы бар қалада (ел астанасында)- осы қалалардың ерекшелігін ескере отырып 20 департамент пен басқарма; аудан мен 50 000 асатын тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалада- 9 бөлім, 50 000 аз халық саны болса- 6 бөлім.

Облыстық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдары департаменттер (саны 18 бірліктен аз болмаса), басқарма (саны 12 бірліктен кем емес), бөлімдер (саны 3 бірліктен кем емес) нысанында құрылуы тиіс.

Бұл құрылымдардың пайда болуы және аудандық маңызы бар қала мен аудандурда әкім аппараттарының құрылуы әрекет етуші штаттық сандар шегінде қалаларда әкімдермен жүзеге асырылуы тиіс. Басқарудың селолық деңгейін күшейту үшін село округтері әкімдерінің аппаратының штаттық санының шегін белгілеу қажет. Ол жергілікті халық санына қатысты анықталуы керек.

Үшінші бағыт- бюрократизацияландыру.

Шаруашылық субъектілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін қарапайымдау бойынша жұмыстар мен «бір терезе» принципін тиімді енгізуді жалғастыру.

Қазір президенттің тапсыруымен түрлерін лицензиялау түрлері 42 пайызға азайтылайын деп жатыр. Алайда қысқарту бұл өзіндік мақсат емес, сол себепті адам өмірі мен қауіпсіздігіне байланысты қызметтер лицензияланады.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтерді іске асыру кезінде бюрократиялық процедураларды қысқартуға тапсырма берді. Мемлекеттік қызметтер жүзеге асқанда ақпараттық жүйе «электрондық үкіметтің» қалыптасуына бағытталуы керек. Сондай- ақ мемлекеттік орган статусы жоқ кәсіпорындар мен ұйымдарға бақылау қызметін берудегі тұлғалардың жауапкершілігін күшейту керек.

Реформаның төртінші құрамдас бөлігі- мемлекеттік қызметті жетілдіру.

Аппараттың мамандану деңгейі әлі де болса төмен деңгейде. Қазіргі шарттарда акцент мемлекетпен көрсетілетін қызмет сапасына қойылуы керек. Сондықтан барлық мемлекеттік органдарда көрсетілетін қызмет сапасы, стандарты мен мемлекеттік қызметкерлерді «тұтынушыға бағдарланған» мемлекеттік қызметкер имиджін қалыптастыру мақсатында оқыту стандарттары кезең кезеңімен енгізілуі керек.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері