Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 602.50 Кб (Скачать)

Халықтың алатын табыстарының бөлінуі бойынша талдау жасайтын болсақ, Қазақстанда табыстың бөліну деңгейі бойынша тұрмыс жағдайлары анықталады.

Кестеден көрініп тұрғандай қарастырылып отырған жылдары белгілі бір өзгерістерге өмір сүру деңгейі көрсеткіштері, азық- түлік қоржыны құны ұшыраған, ал өмір сүру минимумынан төмен табысы бар ел халқының саны 10% артыққа төмендеген.

1998 жылдан 2003 жылға дейін табыстың орташа ауытқуын сипаттайтын кедейлік тереңдігі коэфициенті төмендеген. Бұл кедейлердің табысы азайғандығын, олардың жағдайы қиындағанын білдіреді. Сонымен қатар ең шыңы 1999 жылы болған кедейлік өткірлігі 2003 жылы айтарлықтай төмендеген. Көрсетілген екі  кедейлік индикаторы екі жаққа бағытталған.Бір жағынан олар кедейлер арасындағы дифференцияцияның күшеюін көрсетсе, екінші бір жағынан кедейлік терңдігінің төмендегенің көрсетеді. Бұл менің ойымша көптеген жағдайларда кедейліктің уақытша екендігін көрсетеді, себебі адамдар бірнеше рет оларға төлемдердің, жалақы мен зейнетақының уақытында төленуі мен деңгейінен тәуелді екі бағытта да кедейлік сызығынан асып кетеді.

 

Кесте – 5 Қазақстан Республикасындағы халықтың табыс деңгейінің бөлінуі 

                  (% есебімен)

 

Табысы төмен халық үлесі

Кедейлік тереңдігі (өмір сүру деңгейі бойынша)

Кедейлік өткірлігі 

(өмір сүру деңгейі бойынша)

Джини коэфициенті халықтың 20 % тобы бойынша

10% неғұрлым көп не аз қамтылған халықтың табысының қатынасы

өмір сүру деңгейі өлшемі

азық- түлік қоржыны құны

1998 жыл

39,0

16,2

12,8

3,8

0,347

11,3

1999 жыл

34,5

14,5

13,7

5,5

0,340

11,0

2000 жыл

31,8

11,7

10,3

4,0

0,343

11,9

2001 жыл

28,4

11,7

7,8

3,1

0,348

11,3

2002 жыл

24,2

8,9

6,1

2,2

0,312

9,8

2003 жыл

19,8

6,3

4,6

1,6

0,3200

8,9

 

Джини коефициентінің 2001 жылға дейінгі өсімі халықтың неғұрлым бай топтарындағы табыстың шоғырлану тенденциясын көрсетеді, сол мезетте аталған көрсеткіштің 2003 жылы сәл төмендеуі халықтың неғұрлым бай топтарындағы табыстың шоғырлану тенденциясының баяулағанын көрсетеді.

Сонымен қатар кесте 6 көрсетілген мәліметтер неғұрлым аз қамтылған халықтың  10%- ның табысы неғұрлым көп қамтылған халықтың табысына қарағанда көп жоғарылағанын білдіреді.

Осылайша жекелеген әлеуметтік индикаторлар бойынша жасалынған талдауҚазақстан Республикасында экономикалық өсуге қарамастан халықтың өмір сүру жағдайы, шарттары мен ауқаттылығы деңгейі бойынша жеткілікті жоғары бөлінудің сақталғандығын айтуға болады.

Олырдың ішінде жұмыссыздық пен кедейлік кешенді шешімді қажет ететін әлеуметтік саланың маңызды бір сұрақтарының бірі. Қазақстанда соңғы жылдары өмір сүру деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі мен  азық- түлік қоржыны құны төмендеген. Алайда олардың үлес слмағы әлі де болса жоғары. Жұмыссыздық деңгейінің төмендегенін, жалдамалы жұмыстағы халық санының өсімі, экономика салалары мен секторлары арасында мемлекеттік емес және өндірістік секторлардың пайдасына жұмыс күшінің қайта бөлінуі. 2004 жылдың IV кварталында жұмыссыздар саны 655,8 мың адам болды, соның ішінде 16 мен 24 жас аралығындағы жұмыссыз әйелдер мен жігіттер көп.

Сондықтан Қазақстандағы жұмыс орнын көбейтудің негізгі бағыты болып өнеркәсіптің өңдеу саласындағы тоқтап қалған кәсіпорын қызметін жандандыру табылады, сондай- ақ жаңа өндірістер ашу. Тоқтап қалған кәсіпорындары жоқ мұнай, тау- кен өнеркәсібінде шығарылатын өнімнің жаңа түрлерін игеру мен көлемін өсіру есебінен әрекет етуші кәсіпорындардың жүктемесін күшейтуге болады.

Неғұрлым әлеуметтік- экономикалық даму үшін ауылдық жерлерде жұмыс орнын қалыптастыру сұрағын шешуге көңіл бөлу керек, себебі нақты ауылдық жерлерде тұрғындар үшін кедейлік сұрағы ерекше терең болады, онда халықтың жартысынан көбінде табыс деңгейі өмір сүру деңгейінен төмен. Сол себепті еңбектің үйдегі түрлері мен шағын және ұсақ бизнесті ұйымдастыру үшін микро несиелеу мен гранттық көмек сияқты ауыл халқының өзін- өзі жұмыспен қамтуын және жұмысбастылықты жоғарылатуға арналған нарықтық тетіктерді іске қосу керек.

Перспективті ауданнан перспективті ауданға халықтың ішкі миграциясын ынталандыру, шағын қалалар мен депрессивті аудандарды дамыту.Аталып отырған шара аймақтарда мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту үшін белгілі бір мемлекеттік және аймақтық бағдарламалармен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға болады.

Әлеуметтік салада айта кететін ол оқу- білім мәселесі, яғни бұл еліміздің ертеңгі болашағы, оған баса назар аудару қажет, себебі еліміздің ертеңгі көшбасшылары бүгінгі білім алып жатқан жастарымыз болады. Жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін мамандықты оқыту, қайта даярлау арқылы арнайы бағдарламаларды қабылдау. Жасы 50- ден жоғары адамдарды жұмысқа алатын жұмыс берушілер үшін мемлекеттік ынталандыру шаралары. Ол үшін білім мен кәсіпорындар арасындағы байланысты күшейту көмегімен жалпы білім беретін және орташа кәсіптік оқу орындарында икемді және тиімді білім беру.

Шешілуді талап ететін тағы бір маңызды мәселе халық шаруашылығының салалары мен аймақтар бойынша  жалақының   негізсіз дифферецияциясының болуы. Қазақсиан Республикасының статистика агенттігінің жүргізілген анализі бойынша үй шаруашылығының 68 % табыстың негізгі көзі жалақы деп атайды, егер бұрын кедейліктің негізгі себебі  жұмыссыздық болса, ал қазір еңбекақының төменгі деңгейі себеп болып табылады.

Орташа номиналды жалақының талдауы оның 2004 жылдың қарашасында алдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7 %- ға өссе, нақты жалақы 13,9 %- ға өскен. Жеке салалларда орташа айлық жалақы деңгейі орташа республикалық деңгейден 50%- ға төмен (бұл – «ауыл шаруашылығы» - 41,2%,

«балық аулау- 32,8%»); 85%-дан төмен «денсаулық сақтау мен әлеуиеттік қызмет көрсету» (52,4%), «білім» (64,3%). Алайда аталған көрсеткіш тау- кен өнеркәсібінде, құрылыс пен қаржылық әрекет саласында орташа мемлекеттік деңгейден 186,6%, 137,8% және 245,2%. Қазақстанның он теериториялық құрылымындарында орташа номиналды жалақы орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

Талданып отырғанкөрсеткіштің республика бойынша максималды көрсеткіші Ақмола облыс деңгейімен салыстырғанда  2,7 есе артық. Ерекше айта кететін жайт ол білім, денсаулық сақтау, ғылым салдасындағы жоғары білікті мамандардың еңбегін бағалаудың төмен болуы, олардың жағдайларына байланысты қоғамның еңбек, әлеуметтік және интеллектуалдық потенциалы тәуелді.

Қалаптасқан жағдайда жеке аймақтар мен салалардың шектелген мүмкіндіктеріне қарамастан қаржылық ресурстарды қолдану арқылы еңбекақы жүйесін жетілдіру және халықтың ақша табысын реттеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Алдағы кезеңде жалақының ұдайы өндіріс функциясын қата жандандыру керек, оның деңгейін әлеуметтік негізделген деңгейге жеткізу қажет. Жалақының өсуін еңбек өнімділігінің өсуімен байланыстыру керек.

Жалақының өсуімен қатар азаматтардың әлеуметтілік белсенділігін жоғарылату үшін шарттар құру, әрі оларды инвестициялық процесске тарту керек. Бұл халық жинағын аккумуляциялайтын түрлі сақтандыру қоғамдастықтарының қызметін ынталандыру, тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеудің дамуы мен мемлекеттік емес зейнетақы қорлары және басқа да қаржылық институттардың қызметін жетілдіру негізінде әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруда халықтың қатысуын кеңейтуді қарастырады.

Еңбекақы мен кәсіпкерлік табысты реттеуді күшейту үшін заң негізінде мемлекеттік минималды стандарттарды неғұрлым көп көрсеткіштер шеңберінде бекіту қажет, себебі қазіргі күндері әлеуметтік стандарттар өзгерген әлеуметтік- экономикалық шарттарды нақты бейнелей алмайды және  олардың арасында қажетті жүйелік байланыс жоқ.

Осылайша экономиканың әлеуметтік бағдарлануының күшеюуі елдің болашақтағы әлеуметтік- экономикалық дамуы стратегиясының  маңызды сипаттамасына айналуы керек. Осы кезде экономикалық және әлеуметтік факторлардың өзара әрекеттестігін ескеру тек қана әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырудың үлкен мүмкіндіктерін ғана бермейді, сонымен бірге жоғары экономикалық белсенділікті қамтамасыз етуге көмектеседі. әлеуметтік салаға инвестициялар тек қана пайдалы болып шықпайды, ол елдің ары қарайғы экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айнала алады.

Әлеуметтік салада мемлекеттің басқарылу объектілерінің бірі болып саналатын денсаулық мәселесіне тоқталсақ, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2004 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ол еліміздің әрбір азаматының мүддесін көздейді. Бұл жолда мемлекеттік билік органдары болсын, азаматтық қоғамдық институттар болсын аталған өзгерістердің оң бағыт алуына, табысты іске асуына бейілді. Әрине қазіргі күні бағдарламаны іске асыруда бірлесіп іс- қимыл жасау өткір қойылып отыр. Бұл бағдарлама жай ғана тар шеңбердегі ведомствалық құжат емес. Ол- халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық жағдайды жақсарту, халықтың тұрмысы төмен бөлігін қолдауды көздейді.

Денсаулық сақтау- мемлекеттің әлеуметтік функцияларының бірі. Алайда әрбір жеке адам денсаулығын қайта қалпына келтіргеннен гөрі оны сақтау жеңілірек екенін түсіну қажет. Мұндай тәсіл нарықтық экономикасы дамыған елдерде берілген салада ақылы және тегін қызмет көрсетуді үйлестіруге негізделген денсаулық сақтауды дамыту стратегиясын туғызды. Бұл қатынас әр елде әртүрлі қалыптасады. КСРО- да социолизмнің ұлы табыстарының бірі болып тегін денсаулық сақтау қызметін алу болды. Сонымен қатар емдеу мекемелеріндегі жұмысшылардың еңбекақысының төмендігі, бюджет қаржысының үнемі жетіспеуі сол уақыттың өзінде көптеген проблемалар туғызды.

Қазақстандағы өтпелі кезеңнің қиындықтары бұл проблемаларды жойған жоқ, одан әрі күшейтіп жіберді. Экономика жағдайының жақсаруымен қатар денсаулық сақтауға қажетті ақшалай қаражаттар саны да өсті. Қазақстанда ақылы қызмет көрсетуді одан әрі дамыту мен күшейту стратегиясын жүргізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет болды:

- салада басқарудың мемлекеттік және нарықтық тетіктерді үйлестірудің концептуалдық негізін құру;

-  пациенттің және емдеуші персоналдың құқықтарының заңнамалық негізін жасау;

- пациенттің денсаулығына зиян келтіруде экономикалық, әкімшілік және құқықтық жауапкершілік шеңберінде нақты, объективті және жеткілікті түрде қатаң заңдылықты әзірлеу;      

-   егер де олар пациентті емдеуде барлық күштерін объективті жұмсаса, бірақ та қажет еткен нәтижеге қол жеткізбесе, ал пациент оған жоғары талаптар қойған жағдайда және т.б. дәрігерлерді қорғаудың заңды және әлеуметтік шараларын жасау.

Қазақстанда мемлекеттік құрылымның өзгерісі денсаулық сақтау саласын бюджеттік және қаржылық реттеудің бұрынғы тетіктерін жүйелі өзгертуді қажет етті. Бұл сұрақтарды шешу перспективалары тарифтік реттеу саласында және ақылы қызмет көрсету нарығы дамуының дербестігінде жатыр. Сол себепті саланың даму стратегиясының перспективасы оларды басқаруды қайта құру және денсаулық сақтау саласының әлеуметтік функцияларының кешенінде нарықтық экономиканың шаруашылық принциптері негізінде шешілетін проблемалардың жүйелік тәсілінде жатыр. Осыған байланысты бекітілген мемлекеттік бағдарламада қазіргі кезде бар және болжамды ақпараттық жүйенің барлығы енетін ғаламдық ақпараттық жүйені құру жоспарланып отыр. Бірыңғай ақпараттық жүйені құру азаматтардың денсаулық жағдайы, медициналық көмек алуы мен дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты жинаудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай әдістемесін әзірлеуді көздейді.

Денсаулық саласын реформалау мен дамыту бағдарламасы біріншіден, денсаулық сақтаудың жаңа моделін жасауға, екіншіден, денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен дамыту шеңберінде халық денсаулығының негізгікөрсеткіштерін жақсартуға бағытталған. Көп жағдайда денсаулықты күту адамдардың өздеріне байланысты, Бұл ретте мемлекет экономикалық ілгерілеу деңгейіне қарай қамқарлықты күшейту қажет. Осыған байланысты мемлекет пен адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі бірлескен түсіністік пен жауапкершілік тұрғысынан өрбуі тиіс.

Мемлекет кепілдік берілген адам үшін тегін, шекті стандарттар бойынша медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс / Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан/.

Елдің әлеуметтік- экономикалық дамуын ары қарай жетілдіру мақсатында мемлекеттік басқару органдары елеулі қызмет атқарады. Сол себепті мемлекеттік басқару жүйесін әлемде болып жатқан өзгерістерге сай бейімдеп, өзгерту, реформалар жүргізу, әрі шетел тәжірибесін зерттеу арқылы өзіндік дербес Қазақстандық модель құру үлкен қадам болып табылады.  Мемлекеттік басқару жүйесінің жетілдірілуі елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайын жаңа сатыға көтереді.    

  

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері