Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 602.50 Кб (Скачать)

 

2004 жылдың қаңтар- ақпанында Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында        (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағамен 491,6 млрд. теңгенің өнімін өндірілді, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 108,9 % құрады. Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды. 

2004 жылдың қаңтар- ақпанында кен өндіру өнеркәсібінде 236,1 млрд. теңгенің өнімін өндірілді,бұл 2003 жылдың қаңтар- ақпандағы деңгейінен 11,5% жоғары. Көлемнің өсуі негізінен газ түріндегі табаиғи газды ( тауарлы шығарылым) (47,3%- ға); газ конденсатын (20,2%- ға); шикі мұнайды (10,3%- ға); көмірді (3,2%- ға)  шығарумен қамтамасыз етіледі.Сондай- ақ агломерленбеген темір кендері: теміркенді шекемтастары; қорғасын- мырыш және хром кендері; құм және қиыршық тас 2003 жылдың қаңтар- ақпанынан артық өндірілген.

2004 жылдың қаңтар- ақпанында өңдеу өнеркәсібінде 202,1млрд. теңгенің өнімін өндірілді, бұл 2003 жылдың қаңтар- ақпандағы деңгейінен 7,6% жоғары, бұл резина және пластмасса бұйымдар (1,6 есе), машина жасау (43,2%); өзге де металл емес минералды өнімдер (36,1%- ға); целлюлоза- қағаз өнеркәсібі, баспа ісі (11,2%- ға); сусындарды қоса тамақ өнімдері (9,6%- ға);қара металлургия (7,8%- ға); тоқыма және тігін өнеркәсібі (6,6%- ға) өндірісі көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

2004 жылдың қаңтар- ақпанында 48,5 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі қайта өңделді, соның ішінде сусындарды қоса тамақ өнімдерін өндіру 43 млрд.теңгені немесе 2003 жылғы тиісті кезеңнің деңгейіне 109,1% құрады. Шұжық өнімдері;тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майы; жеміс және көкөніс шырындары; сары май; ақтаған күріш; қант; макорон; майонез өнімдері сияқты өнімдерді өндіру артты. Сондай- ақ минералды су және алкргольсіз сусындар (2 есе), коньяк (52,1% -ға), сыра (38,6%–ға) өнімдерін көптеп шығару қамтамасыз етілді. 

2004 жылдың қаңтар- ақпанында тоқыма және тігін өнеркәсібінде 8,7 млрд. теңгенің өнімін өндірілді, бұл 2003 жылдың қаңтар- ақпандағы деңгейіне свитерлерді, жемпірлерді, пуловерлерді, кардигандарды және ұқсас трикотаж бұйымдарды (46,6%-ға), маталарды (9,3%-ға), мақта талшығын (4,6%-ға) шығарудың өсуіне байланысты 106,6%  құрады.

Үсті былғарыдан тігілген аяқкиім (24,3%-ға) және ірі қара малдың немесе жылқы тектес малдардың қылшықсыз терісінен дайындалған былғары (5,1%-ға) шығару есебінен былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқкиім өндірісінде өнімнің 0,8%- ға өсуі қамтамасыз етілді.

2004 жылдың қаңтар- ақпанында кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіруде нақты көлем индексі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 94,7% құрады. Мұнай өңдеу өнімдерін шығару 13,8%-ға төмендеді, бұл негізінен моторлық отынды (соның ішінде авияциялық бензин) (98,3%); газоильдерді (85,2%); басқа топтамаларға қосылмаған мұнай отынын (мазут ) (74,7%) өндірудің азайғандығына байланысты.

2004 жылдың қаңтар- ақпанында химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,2 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылғы қаңтар-ақпандағы деңгейге фосфор, моногидраттағы күкірт қышқылын, ортофосфор қышқылын, натрий бихроматын, минералды немесе химиялық азотты тыңайтқыштарды өндірудің  артуы есебінен 118,6%  құрады.

Өзге де металл емес минералды өнімдердің өндірісінде өндіріс 36,1%- ға өсті, бұған өнімнің силикат және қож кірпіштері (1,9 есе), бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары (1,7 есе), керемикалық тақтайлар мен тақтайшалар (45,1%-ға), цемент (31,4%-ға) өндірісінің артуы есебінен қол жеткізіледі. 

2004 жылдың қаңтар- ақпанында метеллургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде 89,2 млрд .теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде қара және түсті металлургия өнімі- тиісінше 40,4 млрд. және 43,5 млрд. теңге. Бүкіл қызмет түрі бойынша 2004 жылы қаңтар- ақпанында нақты көлем индексі 2003 жылғы қаңтар- ақпанман салыстырғанда 103,4% құрады. Сондай- ақ ақ қаңылтыр және қалайыланған жаймалық илектер (11,5%- ға), жазық илектер (9,3%-ға), болат (9,1%-ға), шойын (6,4% -ға), өңделмеген мырыш (4,7% –ға ), өңделмеген алюминий, алюминий тотығы (3,4%- ға) өндіріс өсті.

2004 жылдың қаңтар- ақпанында машина жасау саласында нақты көлем индексі 2003 жылғы қаңтар- ақпанындағы деңгейге 143,2%  құрады, бұл көлік құралдары мен жабдығын (1,6 есе); машиналар мен жабдық (40,9% - ға), электр жабдығын, электрондық және оптикалық жабдық шығаруды (23,9%-ға) арттыруға байланысты еді. Сұйықты айдауға арналған орталықтан тепкіш сорғылар, шарик немесе ролик подшипниктері, электр аккумуляторлар, теледидарлар, магнитафондар мен дыбыс жазатын өзге де аппаратуралар, электрлі трансформаторлар өндірісінің өсуі қамтамасыз етілді.

2004 жылдың қаңтар- ақпанында электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде нақты көлем индексі 2003 жылғы қаңтар- ақпанмен салыстырғанды электр энергиясын өндіру мен бөлу (8,3%-ға ); бумен және ыстық сумен жабдықтау көлемінің  (2,6% - ға) өсуі есебінен 105 % құрады. (Қосымша А, Ә).

2004 жылдың қаңтар- ақпанында құрылыс жұмыстарының көлемі жете бағалауды есепке алғанда 29,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% жоғары. Республиканың 12 өңірінде құрылыс көлемі 2003 жылмен салыстырғанда  асып түсті. Көлемнің едәуір өсуі Оңтүстік Қазақстанда- 2,2 есе, Коостанайда-1,9 есе, Акмолада-1,6 есе, Атырау, Қарағанды, Павлодарда-1,5 есе, Алматыда-1,4 есе, Маңғыстау мен Ақтөбеде-1,3 есе, Астанада- 1,9 есе болып отыр.

2004 жылы жалпы алаңы 425,2 мың шаршы шақырым 2148 үй салынды. Оның ішінде тұрғын үй 311,9 мың шаршы шақырым 1670 үй.

2004 жылдың қаңтар- ақпан айларында 10,9 млрд. теңге инвестиция болды, бұл 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 2,6 есе артық.

Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар өз күштерімен 290,4 мың шаршы шақырым 2295 жаңа пәтер салды, бұл 12,1 % жоғары өткен жылмен салыстырсақ.

Пәтердің 1 шаршы шақырымының орташа құны 22,5 мың теңге, 2003 жылы- 21,7 мың теңге. Халықтың өзінің салған үйінің 1 шаршы шақырымы 14,7 мың теңге, 2003 жылы- 8,9 мың теңге.

Президент жолдауында көрсетілгендей ағымдағы жылы бюджет есебінен әлеуметтік жағынан әлсіз халық тптарына арнап 1600 пәтер және ипотекалық несие бойынша қымбат емес әрі халықтың қолы жетерлік 11700 пәтер салу керек. Жалпы алғанда  үш жыл ішінде 12 млн. шаршы шақырым тұрғын үй немесе 195 000 пәтер салынуы тиіс. (Қосымша Б). 

Қазақстанның барлық аймақтарында өнеркәсіп өнімі өндірісінің көрсеткіштеріне сиапаттама беретін болсақ, соңғы жылдары өненркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне ықпал еткен кәсіпорындарды аймақтық және мемлекеттік қолдау шаралары болып табылады. 2003 жылы қалыптасқан жағдай күшейді, оған келесі мәліметтер дәлел бола алады:өнеркәсіп өндірісі көлемінің орташа республикалық деңгейі 108,8 % құрап елдің 11 аймағында бұл көрсеткіш асып түсті. Қызылорда облысы – 118,7%, Ақтөбе облысы- 118,6%, Ақмола облысы- 117,2%, Алматы облысы- 115,9%, Жамбыл облысы- 114,2%, Павлодар облысы- 113,5%, Костанай облысы- 112,5%, Батыс Қазақстан облысы- 110,1%, Оңтүстік Қазақстан облысы- 109,8%, Астана қаласы- 111,5%  және Алматы қаласы- 115,3% /1/.

Осы кезде тек қана тау- кен өнеркәсібінің ғана емес (2003 жылы 1360,4 млрд. теңгеге өнім өндірілген, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 8,8% жоғары), сондай- ақ өңдеуші өнеркәсібінің ролі де ұлғайып келеді (1207,9 млрд. теңге және 8,9%).

Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі оң өсу негізінен алғанда металлдық емес минералды өнімдердің, резина мен пластмасса бұйымдарының (2003 жылы-12,4 млрд. теңге, 130,9% 2002 жылға қарағанда), химиялық өндіріс салаларында (38,3 млрд. теңге және 16,3%), целлюлитті қағаз өнеркәсібінде, баспа ісінде (26,9 млрд. теңге және 102,4%), машина жасау өнеркәсібінің (88,5 млрд. теңге және 120,7%) көлемінің ұлғаюуынан болып отыр.

Қалыптасқан үрдістің негізгі алғышарттары болып тау- кен өнеркәсібінің өнімдеріне деген қолайлы баға деңгейі, сондай- ақ өңдеу өнеркәсібі салаларының дамуына бағытталған жалпы шаралар кешенінің жүзеге асуы табылады: импортты алмастыру саясаты, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру, өңдеу саласындағы берілетін салық жеңілдіктері мен преференциялары, өнеркәсіп өнімі номенклатурасын кеңейту.

Аймақтардың негізгі даму үрдістерінің бірі болатын инвестиция жағдайына талдау жасайтын болсақ, онда келесідегідей мағлұматтар бар. Соңғы жылдары негізгі капиталға деген инвестиция көлеме өсіп отыр. 2003 жылы инвестицияның өсуі Жамбыл облысында (4 есе), Павлодар облысында (1,7 есе), Алматы облысында (1,6 есе), Қызылорда облысында (1,5 есе), Костанай облысында (1,4 есе), Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облысында (1,3 есе), Ақтөбе облысы мен Астана қаласында (1,2 есе) байқалған. Сондай- ақ өсім Маңғыстау облысында 101,9%, Қарағанды облысында 102,1%, Шығыс Қазақстан облысында 112,5% және Солтүстік Қазақстан облысында 112,6% болды /2/.

Республикалық деңгейде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде Атырау (25,7%), Батыс Қазақстан (10,9%), Ақтөбе (8,2%) облыстары мен Астана (10,7%) және Алматы (10,6%) қалаларының үлесі басым.  

Шетел инвестициясының жалпы республикалық көлемінде басы бөлігі Атырау (41%) мен Батыс Қазақстан (40%) облыстарында игерілді.

Сонымен қатар тұрғын үй саласына инвестиция құйылуда. 2003 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында 2002 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елдің көптеген аймақтарында салынған тұрғын үйлердің көлемі өскен. Сонда неғұрлым ірі көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (405 есе), Жамбыл (3,8 есе), Оңтүстік Қазақстан (1,5 есе), Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан (1,3 есе) облыстарында байқалған.

 

Кесте 2 -  Экономикалық көрсеткіштер бойынша ассиметриияның мәлеметтері

 

Жан басына шаққандағы ЖАӨ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі

Тұрғын үй құрылысына инвестиция

1

2

3

4

5

1999

6,581

13,232

128,046

74,579

2000

10,425

21,359

136,533

75,820

Кесте 2 жалғасы

1

2

3

4

5

2001

10,793

17,308

138,122

57,970

2002

10,280

19,366

160,704

76,93

2003

12,055

21,037

165,324

84,304

 

      2.2. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саланы басқарудағы қалыптасқан жағдай

 

2004 жылы 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 7,6 млн. адам. Республикада экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 6,9 млн. адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 334,5 мың адамға көп. Жалдамалы қызметкерлер саны 4,2 млн. адам , 2003 жылмен салыстырғанда 164,3 (4%) мыңға өсті. Мемлекеттік емес ұйымдарда 173,5 мың адам (5,2% ), ал шаруа қожалықтарында 6000 (2,5% ) адам жұмыс жасайды.

Жұмыссыздыр саны ( табысты жұмысы болмаған, бірақ оны белсенді түрде іздеген, жұмыс істеуге дайын ) 712,9 мың адам, жұмыссыздық – 9,4%. Қазақстан Республикасының Еңбек, Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органына 2004 жылы 147,6 мың адам тіркелді. 2004 жылдың соңғы 2 айында 20,5 мың адам жұмысқа орналастырылған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 3,2 мың адамға көп. Ақпанда 11 000 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде ауыл тұрғындары 2,8 мың адам.

 

Кесте 3 - 2003- 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек, Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органынмен жұмысқа орналастырылған азаматтар саны

 

 

Жұмысқа орналастырылғандар саны

Жұмыссыздар ішінен

Кезеңдер

Барлығы, адам

Тіркелгендер санына % есебімен

Қайта даярлауға, біліктілікті жоғарылатуға, мамандықты оқуға жіберілгендер

Қоғамдық жұмысқа қатысқандыр

1

2

3

4

5

2003 жыл

Қаңтар

7607

27,8

649

19696

Ақпан

9777

37,1

2045

12131

Наурыз

11129

5204

1558

12574

Сәуір

12586

49,3

2682

19820

Мамыр

15346

72,6

3167

14754

Маусым

19020

76,5

3894

13958

Шілде

13017

59,5

2309

11232

Тамыз

13999

68,2

2003

9031

Кесте 3 жалғасы

1

2

3

4

5

Қыркүйек

17547

74,1

4145

10155

Қазан

11944

55,2

1907

8634

Қараша

11085

55,8

1418

6049

Желтоқсан

 

11500

58,9

578

4557

2004 жыл

Қаңтар

9565

38,6

806

18471

Ақпан

10969

44,7

1831

10800

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері