Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметке жоғары білікті мамандарды тарту қажет, маман кадр потенциалын сақтау мен әкімшілік коррупцияны азайту керек.
Осыған байланысты мемлекеттік аппараттың жұмысын тиімділігін жоғарылату үшін ең қолайлы әдіс ол- мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын жоғарылату мен жеке сектордағы жалақы деңгейіне жақындату.
«Электрондық үкімет» пен жалақыны өсіру коррупциямен күресудің негізгі шаралары.
Бағдарламаның бесінші бөлімі- ол экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру. Қабылданған шараларға қарамастан ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысының жеткілікті тиімді болмай отыр. Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру бойынша комитет қызметі мемлекеттік мүлікті қолдану мен жекешелендіруден түскен табысты шоғырландыруға бағытталған. Ал мемлекеттің басқару мен басқару шешімін қабылдау процесіне акционерлер директорлары кеңесіндегі өз өкілдері арқылы қатысуы барған сайын формальды болып барады. Осыған байланысты тәуелсіз директорлар институтын енгізу тәжірибесін қарастырған жөн.Сол мезетте белгілі бір компанияның қызметін курировать ететін салалық министрліктер тар салалық көзқарастардың көптігіне байланысты оларды реттеу кезінде сәйкес деңгейде мемлекеттің мүддесінің сәйкес деңгейдегі есебін қамтамасыз ете алмайды. Президент осы мәселеге байланысты «Темасек» атты сингапурлық компаниясын үлгі ете отырып, мемлекеттік холдингтік компанияны құруды жүктеді.
3.2 ҚР мемлекеттік басқаруды шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру жолдары
ГФР-дағы заң билігі екі палаталы парламентке тиеселі: төменгі палата- бундестаг және жоғарғы палата- бундесрат. Олар өздерінің қалыптасуы тәртібі мен құзыреттілік көлеміне қатысты түрлі статусқа ие. Заңдық инициатива екі палатаның мүшелеріне және Федералды Үкіметке тиеселі. Заңдық процесте басты рольді бундестаг иеленеді. Үкімет заң жобасын бундесратқа енгізеді, ал ол болса өз ойын алты айдан кеш емес мерзімде бундестагқа білдіруі керек. Ерекше жеделдікті талап ететін жағдайларда үкімет үш апта мерзімнен кейін заң жобасын бундестагқа бере алады.
Бундестаг жасырын дауыс беру арқылы жалпы тікелей сайлау жолымен 4 жылға сайланады. Сайлауға 18 жасқа толған азаматтар қатысады. Депутаттардың жартысы елдің барлық аймағын қамтып жатқан бір мандатты аймақтар бойынша сайланады. Олар мажоритарлық жүйе бойынша( дауыс беруге қатысқан азаматтардың неғұрлым көпшілігінің дауысына ие болған адам сайланған болып есептеледі ) сайланады.
Депутаттардың қалған бөлігі көп мандатты округтерде партиялық жер тізімі бойынша сайланады.Осылайша әрбір сайлаушы екі дауыс береді, яғни жеке кандидат үшін және партиялық тізім үшін.
Бундестагтағы орынның жартысы жинаған дауыс санына пропорционал түрде партиялар арасында бөлінеді. Пропорционалды сайлау жүйесі таза түрде ұсақ партиялар үшін де өкілеттілікке кепілдік бергендіктен, бұл өз кезегінде үкіметті қалыптастыру кезінде күрделі проблемалардың туындауына әкеледі. Өзінің саяси тұрқсыздығымен ерекшеленген Веймар республикасының тәжірибесінен сақтану үшін Германияда 5 пайыздық кедергі (барьер) енгізілген. Бундестагтағы орындарды партиялық тізім бойынша берген дауыстардың 5 пайызын не одан көп дауыс жинаған партия алады, не болмаса бір мандатты сайлау округтерінде 3 реттен кем емес жеңген партия алады. Нәтижесінде ГФР- дың саяси сахнасынан ұсақ партиялар біржола кетті. Бундестагта партиялық (немесе партияаралық )
фракцияны қалыптастыру үшін депутаттардың ең болмаса 5 пайызының болуы талап етіледі.
Бундестаг президенті ежелгі неміс конституциялық дәстүрі бойынша ең күшті парламент фракциясының мүшелері ішінен сайланады.Өзінің 4 орынбасарымен қосылып, ол бундестаг президиумын құрады. Бундестаг отырыстарында президиумның бір мүшесі төрағалық етеді.
ГФР- дың негізгі заңы императивтік мандатты қабылдамайды, онда партия дауыс беру туралы сұрақ бойынша өзінің мүшелеріне белгілі бір шешімді істеткізеді. Конституцияға сай депутаттар дауыс берген кезде тек өздерінің ар- ұятына ғана сүйенеді. Негізгі заң сондай- ақ тікелей фракциондық мәжбүрлеуге жол бермейді. Әрине депутатөз партиясының көзқарасын (сәйкесінше фракцияның да) ескереді. Алайда егер ол партиялық тәртіпті бұзғаны үшін партиядан не фракциядан шығарылса, оның депутаттық мандаты сақталады.
Бундестаг депутаттары еркін сөйлеуге және парламентте өз ойын айтуға құқықты. Өзінің дауыс бергені және ойын білдіргені үшін қудаланбайды, (ескерту өсек) әрі бұл ереже депутат болмаған кезде де күшін жоймайды, яғни бұл өмірлік болып табылады.Заң бундестаг келісімінсіз депутатқа қарсы іс қозғауға және оны тұтқындауға тыйым салады. Егер депутат құқық бұзушылық кезінде не келесі күні күзетке алынса, рұқсаттың қажеті жоқ.Депутат тәртіп бұзғаны үшін де жазаланады. Бундестаг тәжірибесінде егер мәселе саяси сипаттағы жәбірлеуге байланысты болмаса,онда ол әдетте құқықтық іс жүргізуге келісімін береді. Депутат қандай- да бір фактілер туралы айтқан тұлғаларға қатысты куәгерлік мағлұмат беруден бас тартуға құқықты. Өздерінің қолындағы бар барлық жазбаша құжаттар конфискациялауға жатпайды. Депутаттардың қаржылық тәуелсіздігі олардың еңбекақысымен қамтамасыз етіледі. Бундестаг құрамында 8 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасаған адам зейнетақы жасына жеткенде зейнеткерлікке шығуға құқылы.
Бундестаг өзінің ұйымдық құрылымын және жұмыс жасау тәртібін өздігінше анықтауға құқығы бар (4 жылға жарғылық сипаты баржұмыс регламентін қабылдайды, бундестагқа сайлану дұрыстығын тексереді) Бундестаг құрамында 650- 670 депутат бар, отырысты ашық түрде өткізеді.Жабық отырысты өткізу туралы шешім парламенттің 1/10 бөлігі өтініш беріп, 2/3-інің дауысымен мақұлдануы кезінде қабылданады.Бундестаг шешім қабылдау үшін оның мүшелерінің көбі қатысу керек. Ережеге сай шешім көп санымен қабылданады, алайда Федералды канцлер және конституцияға өзгеріс енгізу жағдайларында бундестаг депутаттарының дауысының көп бөлігін не 2/3 бөлігін алған кезде ғана шешім қабылданады.
Бундестагтағы парламенттік қызметті жүзеге асыру үшін көптеген комитеттер құрылады, олар заң жобаларын талқылау мен заңдарды қабылдау процесінде маңызды роль ойнайды. Негізгі заң бойынша бундестаг ішінде міндетті түрде 3 комитет құрылады. Олар:
- петициялар бойынша;
- сыртқы істер бойынша;
- қорғаныс бойынша.
Бундестаг сонымен қатар қажет деп санаған жағдайда басқа да комитеттерді құра алады. Осылайша, мысалы алсақ, қазір 22 комитет жұмыс істейді.Фракциялар өз партиялары сайлаушылардың қанша дауысына ие болды, соған сәйкес пропорционалды түрде комитеттерге мүшелерін жібереді.
Бундестаг заңдылық саласында негізгі рольді иеленеді: ол заңдарды қабылдайды, заң жобаларын енгізуге құқықты. Сонымен қатар ол Федералды канцлерді тағайындайды, Федералды президентті, судьяларды сайлауға қатысады, үкіметті қалыптастыруға қатысады, үкіметтің қызметіне ағымдық бақылауды жүзеге асырады, үкіметті не Федералды канцлерді кетіру мақсатында Федералды канцлерге қатысты конструктивті сенімсіздік вотумын енгізу қүқығына ие.
Бундестаг өзінің бақылау функцияларын үкіметпен ұсынылған бюджет туралы заңды бекіту жолымен жүзеге асырыды, сондай- ақ өзінің отырыстарына министрлерді шақыру арқылы жүзнге асырады.Бундестаг бюджеттің орындалуы мен сақталуын тексеру мақсатында қаржы министрінің есебін тыңдайды. Есеп Федералды есеп палатасымен тексеріледі, оның мүшелері судьялық тәуелсіздік құқығына ие болып табылады.
Бундестаг Федерацияның құзыреттілігі жартылай немесе толық жүретін салаларда ғана заңдар қабылдайды. Бюджеттік шығынның ұлғаюын және жаңа шығындарды қажет ететін (немесе болашақта болуы мүмкін) заңдар міндетті түрде Федералды Үкіметтің келісімімен ғана қабылданады.Заң қабылданбас бұрын үш оқылымнан өтеді және сәйкес комитетте талқылаудан өтеді. Жер мәселесін қозғайтын заңдар бундесратпен мақұлдануы тиіс.
Мемлекеттік қызмет жүйесі қарастырса Германияда және тағы да бірқатар елдерде мемлекеттік қызмет орыс тілінен тікелей аударғанда «қоғамдық» деген мағына береді.Бұл түсінік мемлекеттік мекемелердің барлық қызметкерлерін біріктіреді.Барлық үш деңгейдегі мемлекеттік басқару (Федерация, жер және қоғамдастық) бірыңғай жүйе бойынша федералды заңдармен реттеледі. Барлық үш деңгей үшін бірыңғай білім, шен, рангтер жүйесі, қызмет өтудің бірыңғай ережесі, құқығы мен міндеттері, шектеулер мен кепілдіктер,еңбекақы төлеу мен зейнетақымен қамтамасыз етудің жүйесі бекітілген.
Профессионалды шенуліктің болуы мен қызмет етуі тарихи дәстүрге сүйенеді және Негізгі заңмен күшейтіліп, бірнеше арнайы заңдар мен үкіметтің қаулыларымен регламенттелген («Тәртіп кодексін» қоса есептегенде шенеулік жайлы 20 нормативті актілер бар). Шенеуліктердің құқықтық статусына қатысты жалпы ереже 1953 жылы шенеуліктер туралы Федералды заңда көрсетілген. Жер мәселесімен айналысатын шенеуліктердің статусы жер заңдарымен және арнайы заңдармен реттеледі.
Заңдар құқықтық статус бойынша келесідегідей шенеуліктер категориясын бөледі:
1) лауазымға өмірлік тағайындалатын шенеуліктер;
2) ерекше құқықтық алдын ала негізінде белгілі бір мерзімге тағайындалатын шенеуліктер,
3) анықталмаған мерзімге тағайындалатын шенеуліктер. Бұл топ әлеуметтік әлсіз қорғалған. Дайындық қызметінен өткендер осы топқа жатады және өмірлік лауазымды иеленуге үміткер болып табылады;
4) лауазымғы сынақ мерзімімен тағайындалатын шенеуліктер. Сынақ мерзімі шенеулікке ол жоғарғы оқу орнын бітірген кезде қойылады. Ережеге сәйкес мұндай қызметкерлер алдымен анықталмаған мерзімге, ал содан кейін сынақ мерзіміне қойылады. Сынақ мерзімі табысты аяқталатын болса, ол лауазымды өмірлікке алады (егер оған қажетті барлық құқықтық алғышарттар болса). Сынақ мерзімі шенеуліктің рангіне байланысты болады және бір жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды;
5) беделді шенеуліктер өз қызметтерін прфессионалды емес, уақытша орындайды. Олардың қызметтері ережеге сәйкес сайлау негізінде муниципалды басқару шегінде жүзеге асырылады: бұл мысалға бургомистр, оның орынбасары және т.б. Оларға негізінен өмірлік тағайындалатын шенеуліктер статусы беріледі.Сонымен қатар олар профессионалды шенеуліктер сияқты өздерерінің лауазымға тағайындалуы жайлы құжат алады.
Федералды заң шенеулікке белгілі бір талаптарды қояды: герман азаматтылығы болуы керек, физикалық және психикалық сау, әкімшілік қызметкер үшін қажетті мінезі мен тұрақты материалдық жағдайы болуы қажет.Ол Негізгі заңды жетекшілікке ала отырып, ГФР–дың еркін демократиялық құрлысын әрқашан қорғауға ант береді. Оған өз міндеттерін әділ және сөзсіз орындау алдын ала белгіленеді.
Федералды заңға сәйкес шенеуліктер төрт рангке бөлінеді: төменгі, орта, жоғарытылған, жоғары. Әрбір рангке белгілі бір білім дәрежесінің болуы талап етіледі.Жоғарылатылған және жоғары рангтегі шенеуліктер үшін басқа талаптармен қатар міндетті түрде жоғары білім қажет ( жоғарғы ранг үшін – университеттік білім).
Шенеулік лауазымына үміткерлер алдымен ұзақ мерзімді дайындық қызметінен өтуі керек, одан кейін сәйкес лауазымдағы жұмысқа орналасу үшін емтихан тапсырады.Кейбір мамандықтар үшін еңбек өтілі керек.Әрбір қызмет рангісінің шегінде бірнеше лауазымдар бар Төменнен жоғарыға дейін, бұл қызмет баспалдығы бойынша қозғалуға мүмкіндік береді.
Шенеуліктердің лауазымдық топтар жүйесі бар.Олардың әрбіреуінде қызмет өтіліне байланысты окладтың ұлғайтылуы қарастырылған. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік билік органдарындағы лауазымдық окладтары әрбір 1- 2 жыл сайын көбейтіліп отырады. Жетекшілік құрамы үшін луаузымдық топтардың ерекше жүйесі бекітілген. Бұл категориядағы лауазымдық окладтар қызмет өтіліне тәуелсіз.
Конституцияға сәйкес үкімет (министрлер кеңесі) елдің саясатын анықтайды және оны іске асырады, әкімшілік пен қарулы күштерге иелік етеді.
Үкіметтің қызметіне премьер – министр жетекшілік жасайды. Ол президентпен сайланады және өзінің кетуі жайлы өтініш бергеннен кейін президентпен орнынан босатылады.Премьер–министрдің орнынан кетуі автоматты түрде үкіметтің кетуіне алып келеді.Орнынан кету өз еркімен болуы мүмкін ( президент премьер–министрден орнын босатуды сұрауы мүмкін, бірақ күштей алмайды) немесе міндетті болады (президеттік не парламенттік сайлаудан кейін, не болмаса Ұлттық жиналыс үкіметке сенімсіздік білдірсе немесе үкімет бағдарламасына келісімін бермесе).
Заң жобаларын дайындаған уақытта үкіметке Мемлекеттік кеңес көметеседі.Ол дайындалған заң жобаларының және актілердің конституцияға сәйкестігі туралы алдын–ала қорытынды береді.
Әлеуметтік–экономикалық саясат сұрақтары бойынша үкіметке Экономикалық және әлеуметтік кеңес көмектеседі.
Франция әкімшілік қатынаста жиырма екі аймаққа, тоқсан тоғыз департаментке, отыз алты мың жеті жүз коммунаға бөлінген. Сонымен қатар төрт теңіз жағасында округ бар . Сексенінші жылдардың бас кезінде Францияда өзін - өзі басқару туралы заң қабылданған, оның негізінде орталықсыздандыру (яғни, белгілі бір құзыреттілікті жергілікті жерлерге беру) мен деконцентрация (биліктің түрлі тармақтары арасында құзыреттілікті бөлу) принциптері жатыр.
Аймақтар 1972 жылы құрылған, ал 1982 жылдан бері қарай өзін - өзі басқаратын әкімшілік –территориялық бірлікке айналған. Аймақтардың атаулары мен шекаралары тарихи мәнге ие.
Аймақтың басында аймақтық кеңес отырады.Ол алты жыл мерзімге тікелей жалпы сайлау арқылы бір турлық ретпен сайланады. Кеңестің негізгі міндеті – аймақтың әлеуметтік–экономикалық мәселелерін шешу, соның ішінде аймақтық жоспарды, бюджетті жобалау, аймақты өркендетуге, құрлыс жүргізіп көмектесіп жатқан кәсіпорындарға көмек көрсету және т.б.бар. Кеңес білім мәселелерімен айналысады, оның ішінде: лицейлер құрлысы, орта оқу орындарын басқару, мәдениет сұрақтары, тұрғын үй құрлысы, қоршаған ортаны қорғау.
Аймақтық кеңеске консультативтік көмекті әлеуметтік – экономикалық кеңес көрсетеді. Ол жоспар мен бюджет бойынша қорытынды береді, кеңестің басқа да шешімдерін жобалауда көмектеседі, оларға алдын ала баға береді,сонымен қатар олардың төрағамен орындалуын бағалайды.Заң бойынша кеңесте келесідегідей құрам бекітілген. 35%-кәсіпорындар өкілдері мен жалдамалы жұмыс істемейтін тұлғалар, 35%-жалдамалы жұмыс істейтін тұлғалардың кәсіподақтарының өкілдері, 25%-аймақтың қоғамдық ұйымдарының өкілдері, 5%-эксперттер, көрнекті мамандар мен қоғам қайраткерлері, оларды премьер – министр өзі тағайындайды.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері