Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 602.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттің экономикаға араласуы ел экономикасы нарықтық па, әлде әкімшілік- бөлінушілік пе оған тәуелсіз түрде кез –келген үкімет үшін объективті қажет болып табылады. Әкімшілік экономикада мемлекет өз мойнына тауарды өндіру мен бөлу міндетін және қызмет көрсетуді  алады.Бұл жерде реттеудің қажеті жоқ. Алайда іс жүзінде мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкіметтің алдында тауар өндіруді ұйымдастыру мен ресурстарды бөлудің міндеті тұрған жоқ.Ол өз еркімен ресурстарды, капиталды, өндірілген тауарды жұмсай алмайды.

Нарықтық жүйе – ол ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы құқығы.Нарықтық механизм экономикалық өсудің барлық мәселелерін шеше алмайды. Еркін бәсекелестік кезінде өндіруші күштердің басым бөлігі классикалық жеке меншіктің шегінен шығып, сол себепті мемлекет экономиканың ірі құрылымдарын қамтамасыз етуді өз мойнына алуына тура келеді.Олар: темір жолдар, почта, байланыс жүйесі, т.б. Еңбек бөлінісінің негізіндегі мемлекетаралық интеграцияның күшеюуі ұлттық шекараларға деген жалпы экономикалық процестердің өсуіне,қорғаныспен, ғылыммен, әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмыс күшін қайта өндірумен және т.б. байланысты туындайтын жаңа әлеуметтік – экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі.Саяси және экономикалық шешімдерді қабылдауды реттеу механизіміне мемлекеттің құрылымның араласуының өте қатты қажаеттілігі туындайды.

Бәрімізге белгілі монополистік емес, дамыған нарық экономикасының қозғаушы механизмдері құрамында  экономикалық даму стагнациясының элеметтері болады. Бұл ең алдымен мынадан көрініс табады: экономикадағы жүйелік теңдік өндіріс факторларының толық қамтылмаған кезінде орын алады, ең бірінші жұмыс күшінің толық қамтылмауы кезінде. Стагнацияның қайшылығын шешу үшін мемлекетті оның үлкен потенциалымен тарту керек. Мемлекет толық жұмыс бастылық пен тиімді сұраныстың бір болуының қамтамасыз ету функциясын өз мойнына алады.

Қазақстан Республикасы Еуропа мен Азияның бірқатар елдері сияқты экономикалық құрылымдарды реформалау жолында кенледі. Ол нарық жүйесін қолдану мен қалыптастырудың жеткілікті тәжірибесі жоқтығына байланысты дамушы елдердің мемлекеттік басқару тәжірибесін пайдалануды жөн көріп отыр. Тәжірибені зерттеу экономиканың дамуында кездесетін көптеген қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.

Тарихи тұрғыдан қарасақ дамушы елдерде нарық экономикасын реттеуде екі жетекші әдістемелік көзқарас бар: кейнсиандық мектеп (шаруашылық механизмді мемлекеттік реттеу теориясы) және қоғамның шаруашылық өміріне араласпаудың доктриналарының неокейнсиандық пен консервативтік мектептері синтезі.

Осы екі теориялық ағымның негіздері бір. Олар мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясатты өткізу үшін шаруашылық функциялар мен белгілі бір меншігі бар экономикалық жүйенің субъектісі ретінде қарастырады.концепциялар арасындағы өзгешелік мемлекеттік ықпалдың қолданылатын әдістері мен осы ықпалды терістеуге дейін барады.Осылайша австриялық экономист Хайек мемлекет тек “түңгі күзетші” ролін ғана роындап, экономикалық процестерге араласпауы керек деген.Дж. М. Кейнс пен посткейнсиандық өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына бақылау жасау бұл мемлекеттің (үкіметтің ) қызметтерінің бірі деп есептейді.Кез –келген теңсіздік тудыратын ықпал тіркеліп, қалыптасқан тұрақтандырушы базасында тең, балансталған өсудің траекториясына бағытталуы керек. Осылайша үкімет нарықтың басқа да сегменттеріне әсер етеді.

Айта кететін жайт, экономиканы мемлекеттік реттеу сұрақтарында кейнсиандықтар бірқалыпты емес.Ол негізінен үш ағымға бөлініп кетеді: сол (либералды), консервативті және неоклассикалық. Кейнсиандықтың сол жағы қазіргі қоғамның қайшылықтарынан Қоғамдық мақсаттарға: тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, жол құрылысы және т.б., сондай – ақ фермерлердің, шағын кәсіпкерлердің, жұмысшылардың табысының өсуіне жағдай жасау мемлекеттік шығындарды ұлғайту арқылы шығуды ұсынады.

Кейнсиандықтың консервативтік бағыты экономиканы мемлекеттік реттеуде басты жол ол пайданы максимилизациялау мен экономиканың консервативтілігін сақтау деп есептейді.

Неоклассикалық мектеп пен оның өкілдері тиімді ақша–несиелік және фискалды саясат арқылы мемлекеттің халықтың түрлі бөлігінің табыс деңгейін анықтауға, инвестициялық саясатты үйлестіруге, прогрессивті салалық құрылымдарды ынталандыруға және т.б.  микро және макродеңгейде араласуының интеграциясын жүзеге асыруға болады деп ойлайды.

Экономикалық дамуды мемлекеттік реттеу қажеттілігі қандай объективті шарттармен негізделген?

Мемлекет нарық механизіміне тән кемшіліктерді  түзетуге қажет. Бәрімізге белгілі нарықтың теріс жақтары бар: барлық адамзатқа тиеселі өндірілмеген ресурстардың сақталуына жағдай жасамайды, мысалға мұхиттың балық байлығы. Нарық шарттарында кей жағдайларда қабылданған шешімдердің потенциалды теріс салдарлары ескерілмейді және ұжымдық қолдануға арналған тауар мен қызмет өндірісі үшін ынталандыруларқалыптастырылмайды, еңбек пен табысқа құқық кепілдендірілмейді, ғылымдағы фундаментальды зерттеудің мақсатты дамуы қамтамасыз етілмейді.Нарық нгізінен әлеуметті қажетті тауар өндірісіне емес, кімде ақша бар солардың қажеттілігін қанағаттандыуға бағытталған.Ол рецессиондық және инфляциялық процестер тән тұрақсыз дамуға подвержен. Мемлекет кәсіпкерлерге өзара бәсекелестік кезінде тең шарттарды қалыптастыруға, тиімді бәсекелестік, монополияланған өндірісті шектеуге байланысты жауапкершілікті өз мойнына алады.Мемлекеттен адамдардың ұжымдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық ресурстарды бағыттау талап етіледі, әрі ол қоғамдық тауар мен қызмет өндірісін қалыптастыру керек. Экономикалық өмірге мемлекеттің қатысуы сонымен қатар оның мүгедектер, балалар, қарттарды асыраумен, еңбен нарығын реттеумен, жұмыссыздықты қысқартумен байланысты.Сондай –ақ сыртқы саясат, төлем балансы мен валюта бағамын реттеу мәселесін ұмытпау керек.

Жалпы алғанда мемлекет азаматтар қауымдастығының                әлеуметтік-экономикалық және саяси принциптерін жүзеге асырады.Ол макро және микроэкономикалық процестердің қалыптасуына белсенді араласады.        

Нарық шарттарында экономиканы мемлекеттік реттеу -  бұл шаруашылық етудің өзгермелі шарттарына әрекет етуші әлеуметтік – экономикалық жүйенің бейімделуі мақсатында құқықты мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын заңдық, атқарушылық, бақылаушылық сипаттағы шаралар жүйесі.                             

Көптеген экономистер есептеуінше, экономиканы мемлекеттік реттеу жалпы экономикалық жүйесінің тең өсуіне жету мақсатында үкіметтің ішкі және сыртқы нарықтардың жекелеген сегметтеріне микро және макро реттеуіштері көмегімен басқарушылық ықпалының мақсатталған, үйлестіруші процесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсат ағашында басқы және нақты мақсаттарды бөліп көрсетуге болады.Басқы мақсаттардың ішінде негізгілері болып келесілер табылады: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, ұлттық бәсекелестік басымдылықты сақтау, экономикалық қауіпсіздік, нарық механизімінің түрлі жағдайларға бейімделуі.

Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілері бойынша бөлінеді, алайда жалпы және жеке мүдделердің байланысының қажеттілігінен туындайды.

Реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың мемлекетаралық одақтарының ұлттық деңгейін, нарық ретеуіштерінің көмегімен шешілмейтін мәселелер туындайтын жеке секторлар мен аймақтарды жатқызуға болады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып басқарудың орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды органдары шығады. Мемлекеттік реттеудің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

-      шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм.Ол КСРО – ге және кеңестік қауымдастық елдеріне тән болды, алайда қазіргі уақытта ол кейбір посткоммунистік елдерде сақталған ;

-      мемлекеттік және нарықтық реттеуіштердің түрлі аралас нұсқалары. Ол «жапондық», «шведтік» модельдерде, ГФР–ның, Австрияның әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық моделінде және дамудың «қытайлық» нұсқасында жүзеге асрылған;

-      шекті либерализм, ол тек қана шексіз жеке кәсіпкерліктің  шарттарын тиімді деп есептейді. Ең алдымен ол АҚШ–на тән. Мемлекеттік реттеудің тиімділіг күшті, заңдық, атқарушылық, және соттық мемлекеттік биліктің болуымен анықталады.

Мемлекеттік реттеудің институционалды құрылымы өз құрамына әкімшілік органдарды кіргізеді. Экономикалық мүдделердің жүзеге асу мүмкіндіктері мен шешім қабылдау тізбектілігін анықтайтын басқарудың бұл органдарының ерекшелену деңгейі елдегі басқарудың орталықтандырылу деңгейінен тәуелді. Осылайша Ұлыбритания үшін Франциямен салыстырғанда саясат үстінен бюрократияны    бақылаудың  орталықтандыру    деңгейі   әлдеқайда төмен. АҚШ–тың жоғарғы әкімшілік құрылымдарында автономдық органдар саны басым болып келеді. ГФР–ға басқарудың неғұрлым интеграцияланған жүйесі тән, яғни мүдделердің және олардың модельдерінің агрегатталуы мен бірлесуінің механизмі. Осылайша корпаративтік модель мүдделердің теңдікте болуына жету үшін арнайы институттарды құру қажет. Бұл Швеция мен Жаңа Зеландияның либералды корпоратитизмі, Жапониядағы жеке капитализм, Швейцариядағы «социетарлы » капитализм.

Плюралистік модельде (Италия мен Ұлыбритания) мүдделерді келістірудің арнайы механизмі жоқ. Олар парламенттің, үкіметтің, кәсіподақтар мен партиялардың қатысуымен саяси процестер шегінде жүзеге асырылады.

Қорытындылай келе, мемлекеттің белгілі бір органдары көмегімен мемлекеттік реттеудің негізгі екі түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Реактивті (бейімделу) моделі АҚШ – қа тән. Ол нарықтың өзгерістеріне нақты икемделеді. Бұл реттеуші органдардың құрылымы мен қызметтерінің қозғалмалығымен, макро және микро деңгейде тікелей және жанама ретеу рычагтарының варияциялануымен, жеке бизнес пен мемлекеттің бірлесіп қызмет етуі үшін меншіктің түрлі нысандарының қосындысымен қамтамасыз етіледі.
  2. Мемлекеттік реттеудің проактивті моделі (Жапония) жоспарлауды қолдану арқылы, мемлекет пен кәсіпкерлер арасында  келіссөздер жүргізу барысында  үйлестіруші және түзетуші  ұсыныстарды қолдану және мемлекеттік араласу көлемінің «нақты» улесі жолымен нарықтық механизмдегі  болуы мүмкін бұзылуларды алдын алуға мүмкіндік береді. 

Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайын келесідей сипаттауға болады. Экономиканың нақты секторы. 2004 жылдың қаңтар- ақпанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 491,6 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 8,9% артық. Өндірістің көлемі 2003 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 7,6%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 5,0% өсті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 35,7 млрд. теңге болып 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 5,9% артты.жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (көлік емес ұйымдар мен коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 253,9 млн. тоннаны құрап, 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% артты. 

Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 159,1 млрд. теңге болып 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 5,5% артты. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 124,9 млрд.теңгені құрады ,бұл 2003 жылмен салыстырғанда 21,6%- ға көп. 2004 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша республикада 193190 шаруашылық субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 142066 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын заңды тұлға – 130400. Олардың ішінде шағын кәсіпорындары – 105571, олардағы шағын бизнес субъектілері – 92964.

2004 жылдың қаңтарында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (кеден статистикасының деректері бойыншаұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 2187,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 54% өсті, соның ішінде экспорт 1402,3 млн. АҚШ долларына  (47% өсті), импорт – 785,2 млн.АҚШ долларына өсті (69%).

Баға саясатын қарастырғанда 2004 жылдың ақпанында тұтыну бағаларының индексі 2003 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,1% құрады. Азық- түлік тауарларының бағалары мен тарифтері–1,9%, ақылы қызметте – 0,5%, азық- түлік емес тауарлар – 0,1% өсті. 2004 жылдың ақпанында өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорындардың бағасы 2003 жыл желтоқсанымен салыстырғанда 2,6%өсті.

Қаржы секторында  2004 жылдың 1 ақпанына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 104,4 млрд. теңгені құрады, бұл        2003 жылдың 1 ақпанына қарағанда 14,8% аз, шығыстар мен кредиттеу –44,2 млрд. теңге (4,7% аз). Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2004 жылдың қаңтарындағы қаржылық нәтиже табыс есебінде 95,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,1% көп. Пайдалылық деңгейі – 36,9%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі – 38,7% құрайды.

2004 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 974,6 млрд. теңгені құрайды. Олардың көбеюінде тұрақта серпін байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі -  62,7%, шет ел валютасындағы кредиттердің үлесі  - 53,7%. 2004 жылдың 1 ақпанындағы банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 738,7 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 26,9% көп. Соның ішінде халықтың депозиттері тиісінше 334,6 млрд. теңге болды, бұл 31,7% көп.

Еңбек нарығы мен еңбекке ақы төлеу саласында 2004 жылдың ақпанында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 712,9 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына 9,4% құрады.

2004 жылдың қаңтарында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 24846 теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 18,5% артты. Нақты жалақы 9,4% құрады.

Халықтың табыстары бойынша 2004 жылдың ақпанында бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 109222 теңгені құрап, 2003 жылғы қаңтармен салыстырғанда – 19,9%, ал нақты ақшалай табыстары – 12,7% артты.

 

Кесте 1 -  Негізгі әлеуметтік – экономикалық индкаторлар

 

Өлшем бірлігі

 

 

 

 

2004 ж қаңтар- ақпан

2004 ж ақпан

Өткен жылдың тиісті кезеңіне % - бен

2004 ж ақпан 2004 ж қаңтарға % -бен

2004 ж қаңтар- ақпан

2004 ж ақпан

1

2

3

4

5

6

7

Өнеркәсіп өнімінің (тауар, қызмет) көлемі

 

Млрд. Теңге

491,6

246,6

108,9

109,0

95,0

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемі

 

Млрд. Теңге

35,7

18,0

105,9

106,1

99,5

Көліктердің барлық түрімен жүк тасымалдау

 

Млн.тонн

253,9

127,3

106,3

106,5

100,6

Байланыс қызметінің көлемі (өсу қарқыны салыстырмалы бағалармен)

 

Млрд.

теңге

 

11,3

 

131,6

92,5

Өткізудің барлық жолдары бойынша бөлшек тауар айналымы

Млрд.

теңге

159,1

79,4

105,5

105,2

99,7

 

Кесте 1 жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

Сыртқы сауда айналымы. Соның ішінде:

Экспорт

Импорт

Млн. АҚШ доллары

 

2187,5

 

 

 

1402,3

785,2

 

154

 

 

 

147

169

98

 

 

 

107

85

Негізгі капиталға инвестициялар.

тұтыну бағаларының индексі

Млрд.теңге

124,9

68,0

121,6

 

 

 

 

106,4

127,3

 

 

 

 

101,1

119,4

 

 

 

 

100,5

Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бағалар индексі

 

 

 

 

103,8

 

102,6

 

100,3

Жұмыссыздар саны (бағалау)

Мың. адам

 

 

712,9

 

 

101,4

 

99,4

Жан басына шаққанда орташа ақшалай табыс (бағалау)

 

теңге

 

 

 

10922

 

 

 

119,9*

 

 

98,8

Нақты ақшалай табыс (бағалау)

% - бен

 

 

 

 

112,7*

 

98,1

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы:

теңге

 

24846

 

118,5

88,1

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері