Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша түрлі себептермен 172 кәсіпорын өндіріс жұмысын тоқтатты, жартылай –359, толық емес жұмыс уақытына толығымен ауысқан кәсіпорын саны- 52, толық емес жұмыс уақытында жартылай жұмыс істеген кәсіпорындар- 86. Мәжбүрлі демалыста жүрген қызметкерлер саны 29,2 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 мың адамға көп.
Республикадағы ірі және шағын кәсіпорындарда 2004 жылдың ақпанындағы мәліметтер бойынша 2,4 млн. адам істеді, олардың ішінде 7,4%-ауыл, орман, балық шаруашылығында, 33,1%- өнеркәсіп пен құрылыста, 59,5%- қызмет көрсетуде. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік басқаруда- 12,8 мың адамға, құрылыста- 12,2 мың адамға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда- 9,4 мың адамға, саудада- 7,4 мың адамға көбейген.
2004 жылдың ақпанында халық саны 14961,9 мың адам. Қала- 8488,8 мың адам (56,7%), Ауыл- 6473,1 мың адам (43,3% ). Жыл басымен салыстырғанда 10,6 мыңға көбейген.Табиғи өсім 8354 адам, бұл көрсеткіш 2003 жылы 5185 болған.
Жалпы алғанда республикада 1996- 2000 жылдар арплығындағы жұмыссыздар саны 1992- 1995 жылдармен салыстырғанда 211,5 мың адамға немесе 3 есе өскен. Осы уақыт аралығында жұмысшы күшіне деген сұраныс 2,7 есе немесе 13,3 мың адамға азайған.
1999 жылдан бері қарай Қазақстан экономикасында ілгерілеу бар. ЖІӨ алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 % құрады, алайда ол жұмысшы күшіне деген сұраныстың азаюуын тоқтата алмады. Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.
Ең жоғарғы жұмыссыздық деңгейін Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары көрсетіп отыр.Осыған орай елдегі қылмыстық дағдай ушығып отыр. Олардың көрсеткіштері Қызлордада- 3729, Маңғыстауда- 3066, Павлодарда- 9866 жетті.
Жұмысбастылықпен қамтудағы мемлекеттің саясатында қорғау сипатындағы шаралар басым болып келеді, ол ең алдымен жұмыссыз қалған тұлғаларға бағытталған. Үкіметтің нақты функциялары тұрғысынан қарайтын болсақ, қазіргі кездегі заңдар шегінде тіркелген жұмыссыздар әлеуметтік қорғау объектісіне айналып отыр, ал тұрақта еңбек табысы көзі жоқ, ресми жұмыспен қамтылған адамдар әлеуметтік көмектен тыс қалып жатыр және олар мемлекеттің әлеуметтік саясатының объектісі болып табылмайды.
Мемлекеттің әлеуметтің саланы басқарудағы шешетін маңызды мәселелерінің бірі- ол үкен макроэкономикалық құбылыс, яғни жұмыссыздықты төмендету. Соңғы жылдардағы есептер бойынша еліміздің барлық аймақтарында жұмыссыздықтың деңгейінің төмендеуі байқалуда. Осылайша, мысалы Атырау облысында жұмыссыздық деңгейі 2003 жылдың қорытындысы бойынша 9,4% дейін төмендеген (2000 жылы бұл көрсеткіш 15,5% құрады), Қызылорда облысында аталған көрсеткіш 10,8 % (2000 жылы – 14,5%), Жамбыл облысында – 10,7% (2000 жылы – 14,4%).
2003 жылда ең төмен жұмыссыздық деңгейі Шығыс қазақстанда 7,6% және Қарағанды облысында 7,6% болды.
Ең көп жұмысқа орналастырылғандар саны Алматы, Ақтөбе, Қарағанда облыстарында.
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа араластыру бойынша алдағы орында Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы.
Оқумен қамтылған жұмыссыздардың неғұрлым көп бөлігі Қарағанды (4,8 мың адам), Алматы (4,0 мың адам), Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында (2,5 мың адам), ал неғұрлым аз саны Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Костанай облыстарында.
Соңғы жылдардағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі елдің аймақтарындағы экономикалық белсенді халық санының артуынан қамтамасыз етіліп отыр.
Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейінің төмендеуінің оң динамикасына қолы жетпеген облыстары да бар. Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыздар саны 2003 жылы 56,4 мың адамды құраса немесе 2002 жылға 107,2%, Маңғыстау облысында сәйкесінше 15,9 мың адам немесе 110,4 %, Солтүстік Қазақстан облысында – 33,9 мың адам немесе 103,7%, Астана қаласында 22,7 мың адам немесе 109,1%.
Бұл аймақтардағы жұмыссыздықтың өсу себебін айтар болсақ, ол негізінен алғанда халықтың миграциялық өсіміне (оның ішінде жақын шетелден) және аймақтардың қайта өңдеу өнеркәсібінің өнімі өндірісі көлемінің кемуіне байланысты.
Аймақтық дамудың оң тенденцияларымен қатар теріс тенденцияларын бөліп көрсетуге болады.
1. жалпы ел көлемінде және аймақ экономикасы құрылымында ауыл шаруашылығы үлесінің төмендеуі.
Мысалы, жалпы алғанда республика бойынша ауыл шарушылығының үлесі 1999 жылғы 11%- дан 2003 жылы 8,2%- ға дейін төмендеп кетті.Соның өзінде ауыл шаруашылығы үлесінің ЖАӨ- нің салалық құрылымындағы төмендеуі тек өнеркәсіптік аймақтарда ғана емес, сондай- ақ ауыл шаруашылық аймақтарында да байқалды. Ақмола облысында 1999 жылы ауыл шаруашылық үлесі 37,04% құраса, 2003 жылы бұл көрсеткіш 31,3%- ға төмендеп кетті.Солтүстік Қазақстан облысында сәйкесінше аталған көрсеткіш 1999 жылы 38,96%, ал 2003 жылы 36,2 болды.
Ауыл шаруашылығының үлесі өнеркәсіптік аймақтарда тіпті төмендеп кеткен. Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 1999 жылғы 9,5%- дан 2003 жылы 6,7%- ға дейін төмендеді. Атырау облысында 2,6%- дан 1,7%- ға түсті. Бұл ең алдымен қазіргі кездегі өнеркәсіп дамуы үшін, оның ішінде мұнай- газ саласы үшін жасалаған қолайлы шарттардың болуына байланысты. Көмірсутек шикізатына деген жоғары баға, мұнай- газ кешенінің басқа экономика салаларымен салыстырғандағы тұрақтылығы мұнай- газ кешенінің интенсивті дамуын қамтамасыз етті. Осылардың барлығы және ауыл шаруашылы өнімін өндірушілер алдындағы қиыншылықтар ЖАӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығы үлесін төмендетті.
2. Аймақтық экономикалық ассиметрияның күшеюуі. Ассиметрия дегеніміз белгілі бір периодтағы аймақтық даму сипатын білдіреді, яғни белгілі бір периодта қандай да бір көрсеткіш бойынша период басында қатысты артықшылығы бар аймақ оны ары қарай ұлғайтады, ал аймақта қандай да бір көрсеткіш бойынша қатысты артта қалуы бар болса, онда оны кемітеді /3/. Қазақстанда динамикалы дамушы аймақтар мен аутсайдерлер арасындағы айырмашылықтың күшеюуі жақсы байқалады.
Экономикалық ассиметрияға баға беру үшін жан басына шаққандағы ЖАӨ, өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемі, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі көлемі, тұрғын үй құрлысына инвестиция сияқты экономикалық көрсеткіштер қолданылған.
Графикалық материалдан экономикалық көрсеткіштер бойынша ассиметрия соңғы жылдар күшейіп келе жатқандығын көрсетеді. Жан басына шаққандағы ЖАӨ- нің ең көп мөлшері Атырау облысында (2003 жылы 1099,4 мың теңге), ал ең төменгісі Жамбыл облысында (2003 жылы 91,2 мың теңге). Жыл сайын екуінің арасындағы алшақтық үлкейіп келеді.
Өнеркәсіп өндірісінің ең неғұрлым үлкен мөлшері Атырау облысында (2003 жылы 612 433 млн. теңге), ең төмен днңгей Солтүстік Қазақстан облысында (29 112 млн. теңге).
Экономикалық көрсеткіштер арасындағы диспрапорциялар өзара байланысты. Экономикалық ассиметрияның күшеюуінің негізгі себептерін бөліп көрсетуге болады:
- біріншіден, әрбір аймақта басынан бастап әлеуметтік- экономикалық потенциалдың түрлі деңгейлері бар және қазіргі кезде дамудың түрлі сатысында;
- екіншіден, мұндай жағдай ел экономикасы мен жекелеген аймақтардың өнеркәсіптік бағыттарымен байланысты;
- үшіншіден, субвенция алатын аймақтарда тиісті деңгейде аймақтардың дамуы үшін жағдай жасалмайды және қайта құрылған кәсіпорындар мен өндірістер саны аз;
- төртіншіден, инвестициялар бойынша аймақаралық дисбаланс бар. Астана ман Алматы қалаларындағы құрылыс жұиыстарына құйылып жатқан инвестициялар көлемі құрылыс жұмыстары соншалықты қарқында дамымайтын облыстардың көрінісінде ерекше көрінеді, мысалы Қостанай облысында.
Аймақтық дамудағы әлеуметтік ассиметрияның бағалануы келесі көрсеткіштер бойынша жүреді: орташа номиналды жалақы, жан басына шаққандағы табыс (кесте2, сурет 2).
Есептеулердің нәтижесі жан басына шаққандағы кіріс бойынша аймақтардың күшейіп келе жатқан диспропорциясы туралы ақпарат береді. Мысалы, 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда табыстар бойынша ассиметрияның размахы 3,3368- ден 3,0840- ге төмендеді, ал 1999 жылдан бастап жыл сайын өсті. 2003 жылы табыс бойынша ассиметриялық размах 1999 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,5 есе өсті /5/.
Сонымен қатар орташа жалақы мөлшері бойынша ассимеирия размахы да жетерліктей маңызды. 2003 жылы неғұрлым орташа жалақы мөлшері Маңғыстау облысындо (59 078 теңге), ал ең төмен орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында (17 172 теңге). 2003 жылы ең жоғарғы жан басына шаққандағы табыс деңгейі Атырау облысында (280 111 теңге), ал ең төменгі- Оңтүстік Қазақстан облысында (60 679 теңге).
Әлеуметтік ассиметрияның күшеюінің негізгі себептері:
- біріншіден, неғұрлым жоғары жалақы мен жан басына шаққандағы табыс мұнай- газ өндіруші аймақтарда орын алып отыр. Қазіргі кезде бұл экономиканың интенсивті дамып жатқан әрі перспективті салалардың бірі.
Кесте 4 – Әлеуметтік көрсеткіштер бойынша ассиметрияның размахы
| Орташа номиналды жалақы | Жан басына шаққандағы табыс |
1991 | 1,7081 | - |
1992 | 2,3545 | - |
1993 | 2,5542 | - |
1994 | 2,7800 | - |
1995 | 3,4240 | - |
1996 | 3,3940 | 3,0240 |
1997 | 3,5127 | 3,2970 |
1998 | 2,8013 | 3,3368 |
1999 | 2,9118 | 3,0840 |
2000 | 3,4856 | 3,1643 |
2001 | 3,5718 | 3,3472 |
2002 | 3,3709 | 4,2839 |
2003 | 3,4404 | 4,6163 |
Сонымен қатар бұл мәселені тереңірек қарастыру қажет. Осындай әлеуметтік көрсеткіштердің жоғары деңгейі тек орташа аймақтық деңгей туралы ақпарат береді. Аймақтар мен аудандар кесімінде бұл көрсеткіштер айтарлықтай деңгейде дифференциалданады. Мысалы, жеке селолық аудандарда бұл көрсеткіштер өмір сүруге жетерлік минимумнан сәл ғана асады.
кіншіден, әлеуметтік және экономикалық даму бір– бірінен тығыз байланысты болғандықтан, қалыптасып отырған әлеуметтік дамудағы ассиметрия көп жағдайда экономика құрылымымен қалыптасқан экономикалық ассиметрияға байланысты.
2.3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуын басқарудағы негізгі мәселелер
Қазақстан республикасы қазіргі уақытта әлеуметтік саладағы қиыншылықтарды жеңілдетуге байланысты түрлі шараларды жүзеге асырып жатыр. Мұнда Президенттің жолдауындағы әлеуметтік саланы көтеруге байланысты жасалып жатқан барлық жағдайларды атап кетуге болады. Мемлекеттіміз әлеуметтік жағдайларды жақсартуға бағыт алды, алайда әлі де болса әлеуметтік жағдай мемлекеттің осы саладағы мәселелерінің жетілдіру керектігін көрсетуде.
Қазақстанның экономикалық өсуге бағытталған кезеңінде әлеуметтік жағдайдың басты мәселеріне жауап ретінде әлеуметтік саясат жүргізілетіні белгілі. Жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат тек қана қорғау функцияларын ғана емес, халықтың қалың топтарын ынталандыра отырып, экономикалық реформалардың жүрісіне әсер ету керек деп ойлаймын. Мемлекет тек қана жалпы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға ғана емес, сондай- ақ қазіргі кезде қиын материалдық жағдайда қалған халық топтарына көмектесуге байланысты шараларды жүзеге асыру керек. Мұнда сөз тек қана табыстың жетіспеушілігі мен адамның негізгі әлеуметтік және физиологиялық қажеттіліктерінің жеткілікті деңгейде қанағаттандырылмайтындығы жайлы емес, сонымен қатар білім деңгейінің жеткіліксіздігі, өлімнің көбейіп кетуі, әлеуметтік қауіпсіздік пен адам дамуының басқа да аспектілері жайлы болып отыр. Қазақстандпа жүргізілетін әлеуметтік саясатты сипаттайтын көрсеткіштерге тоқталайық. Республикада 1999 жылдан бері 2004 жылға дейін өсті.
- минималды жалақы 2,5 есе (2 605 теңгеден 6 600 теңгеге дейін);
- минималды зейнетақы деңгейі 1,9 есе (3000 теңгеден 5 800 теңгеге дейін);
- орташа жалақы деңгейі 2 есе (11 864 теңгеден 23 221 теңгеге дейін);
- орташа зейнетақы 2 есе (4 104 теңгеден 8 335 теңгеге дейін);
- өмір сүру деңгейі минимумы 1,5 есе (3 394 теңгеден 5 128 теңгеге дейін);
- орташа мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 1,3 есе (3 441 теңгеден 4 561 теңгеге дейін).
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері