Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:46, дипломная работа
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
- басқару субъектісінің ұйымдастырылуы және қызмет атқаруы;
- басқарушы мен басқарылушы объектілердің өзара байланыстарының құрылымы, басқарушы іс –қимылдарының жиынтығы;
- мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам жүйесінің элементтері;
Осы жүйе басқаруға байланысты әрекеттерде, қатынастарда міндетті үш элементтің болғанын қалайды:
1) басқару субъектісі немесе оның лауазымды адамы, органы;
2) құрылған және жүзеге асырылатын басқарушы ықпал;
3) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның және мекемелердің қызметтеріндегі түріндегі ықпал ету объектісі.
Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екеніні байқаймыз.
Алғашқылардың бірі болып басқару ісіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлген К. Маркс болатын. Қоғамдық өндіріс процестерін талдау барысында К. Маркс басқару дегеніміз «еңбектің қоғамдық прпоцесінен туындайтын айрықша функция» деген қорытындыға келген.
Іс жүзінде басқару өзінің мәні бойынша жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті материалдармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілердің арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әрекеттері мен күштерін біріктіруге ат салысу және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай- ақ барлық атқарылатын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады. Осы бағыттар бойынша барлық бірлескен қызметке қатысушыларды жалпы нысаналы мақсатқа жетуді көздеп бағындыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Әлеуметтік басқарудың объектісіне адамдардың тәртібі және іс-қимылдары жатады.
Осы процесте тұлғаларды басқару қамтамасыз етіледі, олардың өзара қатынастары ұйымдастырылады. Жұмыс атқару кезінде адамдардың жүріп-тұруы, іс-қимылы оны еркіне, сана-сезіміне байланысты болады. Демек, басқару адамдардың әртүрлі ерікті қатынастары арқылы жүзеге асырылады.Әлеуметтік басқарудың субъектісі адамдар болып табылады, яғни басқару дегеніміз адамдардың адамдарды басқаруын жүзеге асыру. Басқарудың нақты субъектісі ретінде адамдардың ұйымдастырылған ұжымдары, қоғамдық немесе мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар есептелінеді.
Сонымен басқару субъектісі мен объектісінің арасындағы белгілі бір байланыс басқару ретінде көрініс табады. Оның мәні субъектінің қоғамдық процестің басқарылушы адамдарға ұйымдастырыған түрде ықпал етуі. Басқарудың шынайы көрінісі ретінде өктем билікті айтуға болады. Бұл жөнінде Ф. Энгельс «Беделсіз ұйым болу мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес, себебі істін бірінші шарты болып басшылық ететін ерік – бедел табылады». [6]
Басқару функциясын атқару үшін басқару субъектісі қажетті билікке ие болуға тиісті. Сондықтан бұл жерде «билік ету- бағыну» қатынастары туындайды.
Билік жүргізу басқарудың белгісі ретінде әртүрлі нысанда болады.Үкімет билігі әлеуметтік процестерді реттеу құралы болып табылады. Козлов Ю.М. басқаруды әлеуметтік функция деп қарастырсақ, онда оны былайша сипаттауға болады дейді:
1) басқару тек адамдардың бірлескен іс- қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады;
2) басқару адамдардың бірлескен іс- қимылдарын біріктіру және олардың жүріс- тұрыстары мен іс- қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады;
3) басқару бірлескен қызметке қатысушыларды басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру бастамасы ретінде жүзеге асырылады.
Сонда басқару деп өктем- ұйымдастырушы функцияларды жүзеге асыруды айтамыз.Әлеуметтік басқару негізінде екі бағытта жүзеге асырылады: мемлекеттік басқару және қоғамдық басқару. Демек, мелекеттік басқару әлеуметтік басқарудың айрықша түрі болып табылады. Басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:
- басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
- басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
- осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
- оларға қажетті мемлекеттік- өктем сипаттағы өкілеттілік беріледі.
Кейде барлық мемлекеттік органдардың қызметі, барлық мемлекеттік қызмет басқару деп саналады. Мемлекет ауқымындағы және мемлекет атынан жүзеге асрылатын басқарушылық функцияларының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері мыналар:
1) Мемлекттің Конституциясында белгіленген мемлекеттік маңызы бар басқару сипатындағы мәселелер шеңбері;
2) Мемлекет аумағында басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы аппаратты, яғни мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру. Осыған орай мемлекеттік басқаруды кез- келген мемлекеттік орган емес, тек қана арнайы құрылатын атқару және жарлық беру органдары жүзеге асырады;
3) Мемлекеттік басқарудың дербес мақсаты–атқару қызметін жүзеге асыру. Атқару дегеніміз заңдар мен заңға сәйкес актілердің күнделкті және басқа жағдайларда іске асырылуы;
4) Мемлекеттік басқарудың белгілі бір материалдық базасы болады. (Бұл жерде айта кететін жай атқару билігіоргандарының бәрінде материалдық база бола бермейдіі. Мысалы: сот билігінде және т.б.)
5) Мемлекеттік басқару тек кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару ғана емес, сонымен қатар мемлекет аумағының барлық түкпірінде, яғни заң талаптарына бағындыруға қажеттілік туындаған жерлерде атқарылатын қызмет;
6) Мемлекеттік басқару дегеніміз ұйымдастырушы қызмет. Басқару процесінде адамдардың қызметі ұйымдастырылады, олардың арасында қатынастар құрылады.
7) Мемлекеттік басқару тар мағынада заңды- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Өйткені бұл қызмет- әкімшілік қызмет.
8) Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады.Атқару қызметтерінің бағытын, бағдарын тек заң белгілейді, яғни заң нормалары нақты жағдайларда қолдланылады. Заңға сәйкестіктің бір көрінісі мемлекеттік басқару аясында, мемлекеттік басқару органдары қабылдайтын нормативті актілердің негізінде және соларды орындау мақсатында шығарылады.
9) Қорыта келіп айтсақ, мелекеттік басқару дегеніміз шаруашылық, әлеуметтік- мәдени және әкімшілік- саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік - өктем ұйымдастырушы қызмет.
Мемлекеттік басқару процесін құрылым тұрғысынан алып қарастырса, онда басқару субъектілері мына келесідегідей негізгі сатыларды белгілі бір бір тәртіппен жүзеге асырады:
1. Басқарудың бастапқы сатысында басқару органдарының жүйесінің атқаратын қызметтері ұйымдастырылады және басқару субъектілері мен объектілерінің мәртебелері алдын- ала белгіленеді.
2. Бұл сатыда шешімдердің, белгіленген ережелер мен нормативтердің орындалуы оларға түзетулер жүргізілуі және тікелей жарлық ету жүзеге асырылады.
3. Басқару жүйесінің қызмет атқаруын тексеру және қадағалау.
Мемлекеттік басқарудың функцияларына тоқталсақ, олар негізгі және қосалқы функциялар болып топтастырылады. Негізгі функциялар мемлекеттік басқарудың мәні, маңызымен тығыз байланысқан басқарушы қызметтің түрлері болып табылады және олар тиісті объектілерге мақсатты, бағдарлы түрдегі басқарушы ықпал етуді жүзеге асырады. Негізгі функциялар жалпы және мамандандырылғанг болып екіге бөлінеді.
Жалпы функциялар объективті түрде қандай- да болмасын басқару процесінде болады. Жалпы функцияларсыз басқару процесі жүргізілмейтіні белгілі. Осы функцияларға келесілер жатады:
1) жоспарлау;
2) ұйымдастыру;
3) басқару; басшылық ету;
4) жарлық беру;
5) бақылау.
Ал мамандандырылған функциялар объектінің өзіне тән айрықша ерекшеліктерін және оған ықпал ететін басқарушы қызметті көрсетеді.
Басқару функциялары іс жүзінде басқару органдарының тиісті іс- қимылдарына жүргізіледі. Басқару функцияларына байланысты басқару теориясы басқарушы ықпал жасау әдістерін алға шығарады. Мемлекеттік басқару процесінде бұл әдістер мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады.
Бұл әдістерден мемлекеттік басқару органдарының мемлееттік- өктем өкілеттіктері көрініс табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланысты және олар мемлекеттің қоғамдық функцияларының жүзеге асу жолдарын көрсетеді.
Мемлекеттік басқару функциялары:
- ішкі функциялар, бұл мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіретін функция.Олардың болуы мемлекеттің көпдеңгейлілігімен, түрлі компоненттілігімен байланысты. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы әрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;
- сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге ықпал ету процесі.
- жалпы функциялар ( ішкі және сыртқы), бұлар мемлекеттік басқарудың негізгі объективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді.Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады. Р. М. Фалмер жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, бақылау туралы жазады.
Мемлекеттік басқару, оның функциялары мен әдістері өздерінің объектісі ретінде адамдардың іс- қимылдары мен тәртіптерін білдіреді. Осыған байланысты басқарушы қатынастарда тұрақты қатысатын мына ұйымдық – құқықтық категорияларды бөліп шығаруға болады:
1) адамдардың әртүрлі ұжымдары;
2) өндірістік- техникалық және басқа да кешендер- бірлестіктер, кәсіпорындар т.б.
3) мемлекеттік басқару салалары;
4) мемлекеттік басқару аялары;
5) мемлекеттік басқару облыстары.
Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға , сондай- ақ азаматтарға байланысты жүзеге асырылады.
Осыған орай басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастарға әсер ететін жалпы механизм ішінен мына қызметтерді бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттік заңды тұлғаларға басшылық ету жөніндегі қызмет;
2) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу және олармен байланыстарды дамыту жөніндегі қызмет;
3) азаматтардың заңды мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік заңды тұлғалар тұрғысында орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару жүзеге асырылады.Орталықтандырылған басшылық тікелей емес өзара қатынастар туындатады. Бұл жерде басшылық ортадағы звенолар арқылы жүргізіледі. Ал тікелей басқару кезінде басқару органы заңды тұлғалар – басқарушылармен тығыз, тікелей байланыста болады.
Мемлекеттік басқаруға жалпы сипаттама берген кезде атқару қызметінің басқару органдарына тән екенін есепке алу қажет. Сонымен қатар олардың әртүрлі мәміле жасайтындарын және материалдық- техникалық операцияларды жүргізетіндерін ұмытпаған жөн.
Әлеуметтік басқару қоғамдық (саяси) және тарихи ұғым болып табылады. Себебі ол қоғамда туындап дамиды, адамдардың өзара қатынастарын бекітеді. Ал оның мәні, әдістері және т.б. қоғамдық – тарихи даму процестерінде өзгеріп тоырады.
Әлеуметтік басқару қандай да болмасын қоғам өміріне қажетті элемент болып табылады. Басқарудың осы түрінің мән- маңызы - әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердегі адамдарға мақсатты және ұйымдастырылған түрде ықпал ету. Әлеуметтік басқаруды мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады және осы басқарушы қызметтер ерік беру сипатында болады. Әрбір нақты басқарушы қызметінен, қатынастардан басқару субъектілер мен объектілерін айыра білу қажет.
Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылады. Сондықтан оған толық сипаттама беру үшін оны әр тұрғыдан қарастыру қажет.
1) мемлекеттік басқарудың басқа мемлекеттік қызметтермен арақатынасы;
2) мемлекеттің басқарудың қоғам дамуындағы тарихи орны;
3) мемлекеттік басқару белгілі бір қызмет процесінің мәні.
Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызмет түрлеріне бөлінеді. Осы әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлері арқылы мемлекеттің барлық міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер ұйымдастырылуы және басқа да белгілері бойынша бөлінеді:
a) жүзеге асыру кезінде атқаратын рөлдеріне байланысты;
b) жүзеге асыратын органдары бойынша;
c) жүзеге асыру әдістері мен нысандарына байланысты;
d) қызметтің ауқымы бойынша.
Мемлекеттік басқару осы қызметтердің бір түрі болып табылады және тек арнайы мамандандырылған басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқарудың саяси мағынасы бар. Бұл жерде барлық мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ммемлекет атынан қызмет атқарады және оларға басқаруға қажетті белгілі бір өкілеттіліктер берілген, сондай- ақ оның қызметі мемлекет тарапынан қорғаныс, қолдау табады. Мемлекеттік басқаруды саяси- әлеуметтік тұрғыдан алып қарасық, онда оны барлық мемлекеттік механизмнің қызметі, сондай- ақ оның бөлек алғандағы буындарының қызметі деп түсінеміз.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері