Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание

Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

курсовой Моля.docx

— 256.20 Кб (Скачать)

 

 

 Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі   

 

 

   Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.

Мұнда мемлекетке төленетін әлеуметтік салықтың үш пайызын құрайтын бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген  уақыттан бастап 2008 жылдың 1 қаңтарына  дейінгі жағдай бойынша  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы  822 542,1  мың теңгені құрады. Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:

  • еңбек ету қабілетінен айрылу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама азаматқа еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
  • асыраушысынан айрылу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
  • жұмысынан айрылу, жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер азамат үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, онда ол жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы.
  • жүктілігі және босануына, әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық 
    табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
  • нәресте күтімі үшін, бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады [14].

 

   Зейнеткерлік  жасына жеткен ел тұрғындарын  лайықты өмір мен жеткілікті  зейнетақымен қамтамасыз ету  – әлеуметтік саясаттың үлкен  міндеттерінің бірі. 1998 жылдан бастап  зейнетақымен қамтамасыздандыру  екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден  (зейнетақыны төлеу жөніндегі  Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен    қамтамасыздандыру); жинақтаушы зейнетақы жүйесі  (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру). Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату. Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге – 63 жас, ал әйелдерге – 58 жас [15].  

«2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық  бюджет туралы» Заң жобасында  мемлекеттік базалық зейнетақының төменгі мөлшері – 5388 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 9875 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің  шамасы – 13470 теңгені құрап отыр [16].  Осы тұста Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен зейнетақының ең төменгі мөлшері тіптен төмен болып отыр. Зейнетақы мөлшері халықты әле де толықтай қанағаттандыра алмай келеді. Зейнетақы тағайындау барысында теңестіру саясаты жүзеге асқандықтан, минимум және максимум зейнетақы арасындағы айырмашылық көлемі тым аз.  Болашақта зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы жүйесін қайта жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.     

 Қазақстанда әлеуметтік саясат  аясында көрсетіліп келе жатқан  әлеуметтік көмек  көрсетудің бір түрі – әлеуметтік көмек төлемдері. Бұл салаға  бөлінетін қаржы соңғы бес жылда  жылдан жылға артып келеді, яғни, мемлекеттің әлеуметтік салаға жіті көңіл бөліп отырғаны байқалады.Жалпы соңғы жеті жыл ішінде мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары бес еседен астам ұлғайған екен. Сонымен бірге бес миллионнан аса біздің азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш – осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады [17]. 
     Бұл бүгінгі талданған жүйелер мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың негізі болған әлеуметтік қорғаудың маңызды бөліктері болып табылады. Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстан экономикалық, саяси потенциалымен уақыт өткен сайын әлеуметтік салаға тереңінен көңіл бөлері анық

Сілтемелер:

Сілтемелер:

  1. Жұматай И. Қазақстан Республикасында кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты // САЯСАТ-POLICY. 2007. № 12. 71 б.
  2. Платон. Собр. соч. 6 4 томах. Т. 3.
  3. Аристотель. Собр. соч. в 4 томах. Т. 4.
  4. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. — М 1985.
  5. Фихте О. соч. в 2-х. томах т.2-СПб/ 1993г.
  6. Хеффе О. Политика. Право. Справедливость/ Основоположения  критической философии права и государства.Москва/1994.
  7. Социальные ориентиры обновления: общество и человек / Под ред. Т.И. Заславской.  – М.: Политиздат, 1990.
  8. Барнер Р. Словарь социальной работы /Пер. с анг. – М., 1994.
  9. Социальная политика государства: понятный фрагмент А.И. Стребков Homo philosophans. Сборник к 60-летию профессора К.А. Сергеева. Серия «Мыслители», выпуск 12. СПб.: Санкт-Петербургское философское общество, 2002. С.396-403.  
  10. «Мемлекеттік атаулы көмек туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңы, 2001 жылы  17 шілде.
  11. «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылєы 13 сәуідегі N 39 Заңы.
  12. www.gfss.kz / БАСТАПҚЫ БЕТ  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
  13. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы. 
  14. http://www.parlam.kz   «2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық  бюджет туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы.
  15. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. «Адам әлеуетінің дамуы – тәуелсіздіктің басты құндылығы». Егемен Қазақстан. 2007 жыл 16 желтоқсан.

16.     http://law.admtyumen.ru  Модели социальной политики зарубежных стран и выбор России / А. А. Максимова,  Тюменский государственный университет.

17.                     Қазақстан Республикасының Конституциясы.  Қазақстан Республикасы Парламентiнің  Жаршысы, 1996 жылєы N 4, 217-құжат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Шет мемлекеттердегі  мемлекеттік әлеуметтік қолдау  ерекшеліктері

 

Әлемдік даму аренасына қадам  басқан кез келген мемлекет өз қоғамының  мүшелерінің барлық қажеттіліктерін  қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде  халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі,  Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады.  Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты -  әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:

  1. Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
  2. Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;
  3. Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
  4. Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;
  5. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;

Әлеуметтік бағыттағы  мемлекеттік бағдарламалар мен  оларды жүзеге асыратын тетіктердің  болуы.[1]       

 Бұл қамқорлық адамзат  қоғамында емес, тіпті зерттеулер  бойынша жан-жануарлар тіршілігінде  де кездеседі. Мәселен, пілдер  тобыр болып жүргенде  ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау  ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның»  22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .

Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар     

 «Әлеуметтік саясат»  ұғымы ежелден бастау алады.  Адамзат дамуының тарихында бұл  ұғым түрлі қоғам мүшелерінің  қажеттіліктеріне байланысты өзінің  негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда  қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.    

 Саяси  тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу  пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды»,  ал  «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». [2]   Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.

Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым  деп,  ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3]. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы  қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.    

 Т.Гоббс, И.Кант, Ф.Гегель  және т.б. мемлекеттің өзінің  азаматтары алдындағы міндеттерін  талссыз әлеуметтік және ұнамды  құндылықтардың негізі ретінде  қарастырады.  В.фон Гумбольдт «Идеи к опы ту, определяющему границы деятельности государства» [4] мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.    

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар