Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание

Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

курсовой Моля.docx

— 256.20 Кб (Скачать)

 

 

Зейнеткерлер  саны

 

адам

 
 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Қазақстан Республикасы

1 659 958

1 640 718

1 645 906

1 637 062

1 635 033

1 640 498

1 662 877

1 695 301

Ақмола

98 774

97 725

97 820

96 557

95 557

94 806

95 352

96 474

Ақтөбе

65 967

65 366

66 305

66 009

65 657

65 930

66 914

68 340

Алматы

152 874

151 472

153 493

154 759

155 645

157 831

161 135

165 905

Атырау

40 259

40 129

40 870

40 528

40 722

41 107

41 831

42 746

Батыс Қазақстан

73 274

72 257

72 509

71 743

71 045

70 640

71 158

71 864

Жамбыл

86 305

86 413

88 178

88 628

88 993

89 750

91 544

93 737

Қарағанды

181 859

178 686

177 750

175 335

173 811

174 049

175 079

177 177

Қостанай

126 949

124 940

123 839

121 634

119 849

117 999

117 895

118 948

Қызылорда

47 051

46 585

48 403

48 948

49 305

49 915

50 874

52 422

Маңғыстау

23 528

24 300

25 128

25 818

26 726

28 200

29 347

31 065

Оңтүстік Қазақстан

154 295

154 680

158 652

160 322

161 802

163 794

167 589

172 548

Павлодар

95 975

95 282

96 276

95 406

95 626

95 735

96 977

98 436

Солтүстік Қазақстан

96 143

94 774

94 456

92 154

90 896

89 683

90 132

90 836

Шығыс Қазақстан

229 373

219 438

211 349

205 851

202 814

199 875

199 375

200 184

Астана қаласы

32 539

33 348

34 753

36 052

37 548

39 555

42 345

45 279

Алматы қаласы

154 793

155 323

156 125

157 318

159 037

161 629

165 330

169 340

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Мемлекеттік  басқарудағы әлеуметтік қатынасты  қолдаудағы негізгі бағыттар. 2. Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат

 

 

 

Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық  тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымызды  нақпа-нақ айқындап алдық.

 

Біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын  нығайту.

 

Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын.

 

Мен үш аса маңызды мемлекеттік  бағдарламаларды - білім беру, денсаулық  сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын  бекіттім.

 

Үкіметке әкімдермен бірлесе  отырып биылғы 1 мамырға дейін мынандай қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды, яғни:

 

жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын;

 

тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылықты жаңғырту;

 

халықты сапалы ауыз сумен  қамтамасыз ету бағдарламаларын  жасап, қабылдауды тапсырамын.

 

Бұл бағдарламалар елдің  миллиондаған қарапайым адамдарының  күнбе-күнгі мәселелерін шешуге бағытталған.

 

Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады.

 

Жаңа әлеуметтік саясаттың  басты аспектілеріне нақтырақ тоқталып өтпекпін.

 

 

 

2.1. Білім беру

 

Біз  білім беруді жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз.

 

Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды.

 

Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.

 

«Өмір бойы білім алу» әрбір  қазақстандықтың жеке кредосына  айналуы тиіс.

 

Біз кәсіптік  және техникалық білім берудің мазмұнын толық  жаңартпақ ниеттеміз.

 

Бүгінде дамыған елдерде 1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу  орнына дейін келеді.

 

Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.

 

200 ғылыми кеңестер кандидаттар  мен докторларды қалыптан құйғандай  етіп жасап шығарып жатыр.

 

60 кандидаттың 1-і және 37 доктордың 1-і  ғана ғылымға  барады.

 

Осы жылдан бастап ол кеңестердің  жұмыстары тоқтатылады.

 

Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.

 

Біз университеттік білім  беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз.

 

Бүгінде жаңа «Назарбаев университеті»  арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптастырылуда.

 

Ол барлық қазақстандық жоо-лар  үшін үлгі болуы керек.

 

Менің тапсырмам бойынша  бүкіл елде ашылып жатқан 20 зияткерлік мектептер дарынды балаларды  үздік жоо-лар үшін дайындаудың  негізгі арқауына айналатын болады.

 

Үкіметке мыналарды тапсырамын:

 

● жоо-лардың инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру;

 

● білім берудің сапасын  арттыру және қолжетімділігін кеңейту  үшін  білім  беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;

 

● техникалық және жоғары білім  берудің деңгейлері үшін бүгінде  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін  әзірлеу.

 

Қазақстандықтарда  мемлекеттен  пайыздық бонустар ала отырып балаларын  оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері  пайда болуға тиіс.

 

● бизнес-қауымдастықтар мен  жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра  отырып  Кәсіптік-техникалық  кадрлар  дайындау жөнінде ұлттық кеңес құру.

 

Білім  беру  жүйесіндегі  барлық жұмыс мынандай нәтижелерге  қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

 

Мектепке дейінгі білім  берумен және тәрбиемен қамтылған  балалардың үлесі  2015  жылға  қарай  74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды  құрайтын болады.

 

Менің тапсырмам бойынша  қабылданған  «Балапан»  бағдарламасын  жүзеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 мини-орталық, 137 жекеменшік балабақшалар салынды.

 

Бұрын  жекешелендіріліп  кеткен мектеп жасына дейінгі мекемелерді  қайтару есебінен 172 балабақша ашылды.

 

Балаларды мектепке дейінгі  ұйымдармен қамту 30-дан 55 пайызға дейін  өсті.

 

2020 жылға қарай біз  оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай  көшетін боламыз. Ол үшін біз  2015 жылға қарай республикалық  бюджет қаржысы есебінен кемінде  екі жүз мектеп салып, осынша  мектепті жергілікті бюджет есебінен  тұрғызамыз.

 

2015 жылға қарай білім  беру ұйымдарының 50 пайызы электронды  оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай  оның саны 90 пайызға дейін артады.

 

2020 жылға қарай халықаралық  стандарттар бойынша тәуелсіз  ұлттық аккредитациялаудан өткен  жоо-лар үлесі 30 пайызды құрайтын  болады.

 

Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің  нәтижелерін өндіріске енгізетін  жоо-лардың үлесі 5 пайызға дейін  артады.

 

Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде  аталатын болады.

 

Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс.

 

 

 

2.2. Денсаулық сақтау

 

Осы жылдар бойына біз қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет  нәрсенің бәрін жасадық.

 

Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына дейін ұлғайды.

 

Бүгінде бүкіл ел көлемінде  тұңғыш рет медицинаның ең бір  күрделі бағыттары бойынша операциялар  жасалуда.

 

Жетекші шетелдік клиникалармен  байланысы бар 150 телемедицина орталықтары  құрылды.

 

Осыдан жиырма жыл бұрын  бізге ол тек арман ғана болатын.

 

Жүргізілген жұмыс нәтижесі ретінде бала туудың 25 пайызға көбейгенін, адам өлімінің 11 пайызға төмендеп, халықтың табиғи өсімінің 1,7 есе артқанын атап өтуге болады.

 

2013 жылы Біртұтас ұлттық  денсаулық сақтау жүйесін енгізу  аяқталады.

 

Біз аурудың алдын алуға  шындап кірісіп, бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз  керек.

 

Халықаралық бағалаулар бойынша, негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы денсаулық  сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады.

 

Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға  болады.

 

Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін  енгізу қажет.

 

Бірінші кезекте, олар балалар, жасөспірімдер, бала туу жасындағы  әйелдер.

 

Ауыл тұрғындары үшін медициналық  көмектің қолжетімділігін кеңейтуге  айрықша назар аудару қажет.

 

Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба - мамандандырылған емдеу-диагностикалық екі «Денсаулық» пойызы жұмысын  бастады.

 

Олар еліміздің ең шалғай түкпірлерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады.

 

Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз  оны дамытатын боламыз.

 

Биылғы жылы тағы бір пойыз  жіберілетін болады.

 

Жұмылғыш медициналық  кешендер-автоклиникалар санын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет.

 

Оларды шығару Қазақстанда  жүзеге асырылуға тиіс.

 

Үкіметке 2015 жылға дейін  санитарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды  қамтамасыз етуді тапсырамын.

 

Сол сияқты жол бойындағы  медициналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жеделдете қарастыруды  да тапсырамын. Оларды республикалық  маңыздағы жолдардың апаттық  қауіпті учаскелерінде орналастыру  қажет.

 

Төтенше медициналық жәрдем қызметі көп салалы жұмылғыш және аэрожұмылғыш госпитальдармен жарақтандырылуы  тиіс.

 

Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқарып қалатынына сенімім мол.

 

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі  туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге  мұқият назар аудару қажет.

 

Осы міндеттерді орындау  нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін  ұлғаятын болады.

 

Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын  пайдалану керек.

 

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік  амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік  пункттер және емханалар салынатын  болады.

 

 

 

2.3. Тілдерді дамыту

 

Көп тілді және көп конфессиялы  қоғамдағы бейбітшілік пен келісім - бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар.

 

Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға  бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін  құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.

 

Бүгінде мемлекеттік тілді  еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.

 

Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

 

Біздің міндетіміз - 2017 жылға  қарай мемлекеттік тілді білетін  қазақстандықтар санын 80 пайызға  дейін жеткізу.

 

Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.

 

Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік  тілді біліп шығатын болады.

 

Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз.

 

Біз сол сияқты орыс тілін  және өзге де қазақстандық этностар тілін  дамытатын боламыз.

 

Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін  әрдайым айтып келемін.

 

Сондықтан 2020 жылға қарай  ағылшын тілін білетін тұрғындар  саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік саясат

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар