Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание

Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

курсовой Моля.docx

— 256.20 Кб (Скачать)

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе кедейлікті төмендету  мен әлеуметтік қорғауды жетілдіру  үшін келесідей тұжырымдар ұсынылады:

  • әлеуметтік көмектің адрестілік принципін жетілдіру, ол үшін бұл мәселені шешуді жергілікті басқару органдарына беру;
  • күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың арасындағы қатынасты 70% және 30% мөлшерінен, сәйкесінше 60% және 40% мөлшерінде белгілеу;
  • ең  төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және балаларға арналған төлемдер сияқты әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен болмауы керек;
  • өкіметтің әлеуметтік бағдарламаларының және заңнамаларының дұрыс жүзеге асырылуын қатаң қадағалау, сонымен қатар кедейлікті төмендетуге арналған шараларға үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыру және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар жұмысын дамыту;
  • мемлекеттің 2006-2008 жылдардағы бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін жүзеге асыру;
  • шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру және т.б.

Халықты әлеуметтік жағынан  қорғау және оларды әлеуметтік көмектермен  қамтамасыз ету мәселесіне қазіргі  кезде ерекше басымдық беріліп отыр. Елбасы Жолдауында «Біздің стратегиямыздың  маңызды мәселесі – қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің  – балалардың, аналардың және аға  ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету.  Мемлекет бұл мәселелерді  шешу үшін қаражат аямайтын болады»  деп атап көрсетуі сондықтан.

Оңтүстік Қазақстан –  Республика халқының 14%-ін құрайтын іргелі облыс және еңбек күші басым аймақтар қатарына жатады.Сондықтан оның өсіп-өркендеуіне, халқының әлеуметтік-тұрмыстық ахуалының жақсара түсуіне әр кез ерекше назар аударылады.

Оңтүстік Қазақстан облысында  едәуір өндірістік-экономикалық мүмкіндіктер бар. Облыстың өнеркәсіптік-аграрлық бағыты бар. 
Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 2,6% пайызға жуығын өндіретін 174 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.  
Облыс бойынша өндірілетін өнімдердің жалпы көлемінен салалардың алатын үлесі: 
тау-кен–23,5%; 
тамақөнімдеріментемекі–31,9%; 
мұнайөңдеу–5,7%; 
түстіметаллөндірісі–6,5%; 
құрылысматериалдары–6,3%; 
тоқымабұйымдары–2,7% 
электрқуаты,газбенсуөндіружәнетарату–1,2%; 
басқасалаларбойынша–22,2%. 
Республика бойынша ең ірі кәсіпорындар қатарына «ПетроКазахстан ойл Продактс» «Химфарм» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Арай» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» т.б. жатады. 
Сыртқы сауда айналымы сауда балансының  оң айырымын сипаттайды. 
Экспорттың тауарлық құрылымында тоқыма және тоқыма бұйымдары – 6,2%, металлургия өнеркәсібінің өнімі – 4,7%, минералды өнімдер – 54,7%, азық-түлік тауарлары – 13,1%, химиялық өнімдер – 20,5%. 
Импорттың тауарлық құрылымында машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары – 40,7%, химия өнімдері – 15,7%, азық-түлік тауарлары – 13,3%, металлургия өнеркәсібінің өнімі – 11,3%, минералды өнімдер – 8,4% үлесін құрайды. 
Облыстың климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. 
Бұл саланың құрылымында, негізгі өнім түрлері мақта, дәнді дақылдар, көкөніс және картоп болып табылатын, өсімдік шаруашылығының үлес салмағы – 51,2% құрайды. Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемінде 48,8% мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндіру негізгі орынды алады. 
Облыс дамуының басымды бағыттарының бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Шағын бизнес бәсекеге қабілетті, динамикалы және диверсификацияланған  экономика құруға үлесін қосуға тиісті.  
Қазіргі таңда, облыста 123,6 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 19,5 мыңы – заңды тұлғалар. Шымкент қаласына облыстың  заңды тұлғалары 60,0% үлесі тиесілі.  
Экономиканың нақты секторындағы салалық  бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 1,2% өнеркәсіп өндірісі мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығымен – 35,7, құрылыспен – 1,3%, көлік және байланыспен – 4,4%, саудамен – 20,3%, мейрамхана бизнесімен – 2,5% айналысады.  
Қазіргі таңда, облыс бойынша шағын кәсіпкерлікпен 305,4 мың адам, немесе облыс экономикасында жұмыс істейтін халықтың 26,3% айналысады. 
Облыс аумағында 1168 денсаулық сақтау мекемелері, 1524 оқу орындары, оның ішінде 1048 мектеп, 420 мектепке дейінгі ұйымдар, 887 мәдениет нысандары, 21 стадион және 702 спорт залдары бар.

Соңғы он жылдықта аумақтың негізгі көрсеткіштерінің өсімі  облыс экономикасының барлық негізгі  бағыттарының қарқын дамуымен сипатталады. 
Елдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ).  ЖӨӨ 2000 жылы 152 млрд. теңгеден 2009 жылы 925,5 млрд. теңгеге дейін өсті. 2010 жылдың 9 айының қорытындысымен Республикадағы үлесі 5,3 % құрады. 
Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы 10 жылда 2,6 есеге, оның ішінде өңдеу саласында – 1,9 есеге артты. Республикада өнеркәсіп өнім көлемінің үлесі 2,6%, оның ішінде өңдеу саласының – 5,4%. 
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,9 есе өсіп, 162,5 млрд. теңгені, немесе жалпы республикадағы үлесі 11,3% құрады.   
Инвестициялық қызмет қарқынды дамуда. Инвестиция көлемі  10 жылда 16,8 есе артты, республикадағы үлесі 5,5 % құрады. 
Экономиканың нақты секторындағы жетістіктер облыс бюджетінің көлеміне де өз әсерін тигізді. Бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 10 жылда 6,5 есеге артып, 2010 жылдың қорытындысымен 156,9 млрд. теңгеге жетті.  Республикадағы үлесі 5,1 % құрады. Салықтық түсімдерді бюджетке түсірудің өсу динамикасы бойынша 2010 жылы республика деңгейінде облыс бірінші орынды иеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстың жалпы  сипаттамасы

Құрылған жылы

10 наурыз 1932 жылы

Аумағы, мың шаршы  км.

117,3

Халық саны, мың  адам  (келесі  есеп  жылының 1 қаңтарына)

2 563,1

 оның ішінде, %

 
  • қала халқы

39,2

  • ауыл халқы

60,8

  • ерлер

49,4

  • әйелдер

50,6

Ұлттық құрамы, %

 

- қазақтар

70,2

- орыстар

6,0

- өзбектер

17,5

- әзірбайжандар

1,3

- тәжіктер

1,2

- басқалар

3,8

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

 

- қалалар: Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан, Ленгір, Сарыағаш, Жетысай, Шардара

8

- ауылдық аудандар:

11

- поселкелер:

-

- ауылдық округтер:       

187

Жергілікті өкілетті органдардың депутаттары, барлығы:

315

  • облыстық мәслихат

50

  • аудандық мәслихаттар

191

  • қалалық мәслихаттар

74

Облыс орталығы – Шымкент  қаласы

 

құрылған жылы

XII ғасыр

халық саны, мың адам

628,0

қала аумағы, мың шаршы  км.

0,3


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2001-2010 жылдардағы  өңірдің негізгі көрсеткіштер  динамикасы

 

Көрсеткіштер

10 жыл  ішінде еселік өсуі

Есептік жылдың қорытындысы  бойынша көрсеткіштің мәні, млн тенге

Есептік жылдың қорытындысы  бойынша өңірдің  республикадағы үлес салмағы, %

1

ЖӨӨ

-

780767,81)

5,31)

2

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

2,6 есе

 

305110,4

2,6

3

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі

1,9 есе

 

202634,7

5,4

4

Аулы шаруашылығының жалпы  өнімі

2,9 есе

162471,3

11,3

5

Шағын бизнестің өнімі

-

327867

4,8

6

Негізгі капиталға бағытталған  инвестициялардың көлемі

16,8 есе

262532,5

5,5

7

Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдердің көлемі

6,5 есе

156904,5

5,1


 

Өнеркәсіп

2010 жылы облыс өнеркәсібінің  өсуі байқалды. 2010 жылы өнеркәсіптік  өнімдер өндірісінің көлемі 305,1 млрд. теңгені, нақты көлем индексі (нақты санда) 113,3% құрады. Ал, 2009 жылы өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 255,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 102,7% құраған. 
2010 жылы облыс өнеркәсіптің барлық негізгі салаларында өнеркәсіп өндірістерінде өсімге қол жеткізді. Жылдың қорытындысымен облыс республикадағы өнеркәсіп өнімдер өндірісінде 6-шы орынды иеленді. Облыстың нақты көлем индексі (НКИ) республикалық көрсеткіштен 3,3% жоғары болды және жеке түрлері бойынша алдыңғы орындарда тұр: мақта-талшығы өндірісінің - 100%, трансформаторлар өндірісінің - 66,5%,  фармацевтикалық препараттар өндірісінің - 66,4%, авиациялық керосиннің -  52,6%, бензин өндірісінің - 35,0%, дизель отынның - 32,2%, отындық мазут өндірісінің - 25,9%, нан өндірісінің - 24,7%, макарон өнімдерінің - 22,0%, ұн өндірісінің - 20,7%, цемент өндірісінің - 16,3%, керамикалық кірпіш өндірісінің - 14,3%, сыра өндірісінің - 14,9%, тазартылған өсімдік май өндірісінің - 12,7% тиесілі. 
2010 жылы жаңа кәсіпорындарды іске қосу, өндірістің кеңеюі есебінен облыс кәсіпорындарында 10 528 жұмыс орындары ашылды. 
2010 жылы өнеркәсіпте 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 7,3 млн. теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 15,9% өсті.

Ауыл шаруашылығы

2010 жылы ауыл шаруашылығы саласына  бюджеттен 7,8 млрд. теңге бағытталды.  
Есепті жылы облыста өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 162,5 млрд. теңгені (2009 ж. – 137,9 млрд. тг), оның ішінде мал шаруашылығында – 79,3 млрд. теңге, егін шаруашылығында – 82,5 млрд. тг құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,9% құрады (республикалық көрсеткіш -  88,3%). 
Егін шаруашылығы. 2010 жылы дәнді дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 18,1 мың га, майлы дақыл 26,0 мың га, картоп 2,0 мың га, көкөніс  4,2 мың га,4; бақша 10,2 мың га артып отыр.  
2010 жылы барлық егіс көлемі 697,1 мың га жетіп, басым дақылдардан 371,3 мың тн дәнді дақыл, 258,8 мың тн масақты дәнді дақыл, 63,8 мың тн мақсары, 93 мың тн дәндік жүгері, 633,1 мың тн көкөніс, 653,6 мың тн бақша, 188,2 мың тн картоп, 58,6 мың тн жеміс-жидек, 38,2 мың тн жүзім,  239,8 мың тн мақта жиналды.  
2009 жылы облыста жалпы жылыжайлардың көлемі 124,1 га құраған болса,            2010 жылы ол 1,6 есеге артып, 200 га жетті.  
2010 ж. жылыжайлардан 23,1 мың тн өнім алынып, оның ішінде 12,1 мың тн қызанақ, 10,4 мың тн – қияр, қалған 641 тн басқа да өнімдер (көк-сөк, пияз, көшет және т.б.) өндірілді. 
Егіншілік саласы бойынша алынған өнімдер 40 % дейін артты.  
Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының барлық санаттары бойынша өнімдердің негізгі түрлері 157,6 мың тн, сүт 624,9 мың тн, жұмыртқа 267,3 млн. дана өндірілді, немесе 2010 жылдың деңгейіне тиісінше 101,9%, 103,0%, 109,9%. 
2011 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны 803,7 мың басты, немесе 107,3%, қой – 3 656,8 мың, немесе 102,7%, ешкі – 412,6 мың бас, немесе 100,4, жылқы – 156,4 мың бас, немесе  103,0%, түйе – 16,7 мың бас, немесе 98,0%, шошқа – 37,5 мың бас, немесе 107,9%, құстың барлық түрлері – 2 443,3 мың басты, немесе 107%, құрады. 
2010 жылы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі 81,4 млрд. тг құрап,  арғы жылмен салыстырғанда 9% артты.  
2010 жылы қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, олардың сиымдылығы 15 мың тоннадан 57 мың тн жетті. 
Шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша 20 900 ұсақ шаруашылықтар 425 бірлікке іріленді. 

Шағын және орта кәсіпкерлік.

2011 жылдың 1 қаңтарына облыс рыногында  белсенді жұмыс істейтін шағын  және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің  саны  123,6 мың бірлікті құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2 мың бірлікке артық. 
2010 жылы шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен  қызметі) 327,9 млрд. теңгені, 2009 жылдың тиісті кезеңіне 100,4% құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 305,4 мың  адамды, салық және басқа түсімдер 12,6 млрд. теңгені құрады.  
Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы ұйымдастыру-құқықтық  формалары бойынша шаруа қожалықтары басым – 58821, жеке кәсіпкерлік – (59792) және заңды тұлғалар - (4983). 
Шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық кесіндісінің құрылымы мынадай: ауылшаруашылық саласында - 48,1%, саудада - 26,6%, көлік және байланыс – 5,6%, құрылыста 2%, өнеркәсіп өндірісінде – 1,9%, қызмет көрсету және басқада қызмет түрлерінде – 15,8%.  
Ұлттық банктің деректері бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне 13,2 млрд. теңге көлемінде несие таратылған.

Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді кеміту 

Қазақстанда 2009 – 2011 жылдары рұқсат беру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасына  және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті деңгейдегі әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі  жұмыстар жүргізілуде.  
Рұқсат беру құзырына 12 облыстық деңгейдегі және аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік мекемелері ие, олар 61 рұқсат құжаттарын (лицензия, рұқсат, анықтамалар, келісімдер т.б.) беретіні анықталды.  
Соңғы 3 жылда облыстық мемлекеттік органдарымен шамамен 151 670 рұқсат құжаттары берілді. 
Сонымен қатар, әдіснамалық нұсқаулығына сәйкес мерзімдік және қаржылық шығындарды автоматты түрде есептеу бағдарламасы қолданылып, рұқсат беру тәртібін 42% қысқартуға мүмкін болды. 
Жүргізілген талдау нәтижесінде, кәсіпкерлер рұқсат құжатты алу үшін кемінде        82 күн жұмсайтындығы анықталды. Рұқсат құжаттарын қысқарту нәтижесінде бұл көрсеткіш 48 күнге дейін қысқарту жоспарлануда. Мерзімдік шығындардың қысқаруына байланысты кәсіпкердің қаржылық шығындары да төмендейді, өйткені орта мерзімдік шығындарды қысқартқанға дейін кәсіпкер бір рұқсат қағазын алу үшін 153 913 теңге төленетін болса, аталған шығындар қысқартылған жағдайда 64 987 теңге шамасында болуы күтіледі.

Құрылыс

2010 жылы облыс бойынша құрылыс  жұмыстарының (қызметтерінің) көлемін  бағалау есебімен 122268,8 млн. теңгені  немесе 2009  жылмен салыстырғанда 90,8% құрады.  
2010 жылы облыста 130,9 млрд. теңгенің негізгі құрал-жабдықтары пайдалануға берілді. Іске қосылған нысандардың саны 2100 бірлікті құрады, олардың ішінде 1983 жаңа ғимараттар. Олардың 1667 бірлігі тұрғын үй және 316 бірлігі тұруға арналмаған үйлер, оның ішінде: 
-сауда орындары – 101; 
-жалпы білім беру мекемелері – 39; 
-мектепке дейінгі мекемелер – 7; 
-ауруханалар – 3; 
-амбулаторлық-поликлиникалық мекемелер – 35; 
-қонақ үйлер, тойханалар және басқалары – 131. 
Тұрғын үй құрылысына 10,7 млрд.теңге инвестиция бағытталып, 228,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,1% - ға артық.                    
Республикалық бюджеттен 696,5 млн. теңгеге «Нұрсәт» м/а 17 несиелік үйлердің,  524,2 млн. теңгеге 60 коммуналдық үйлердің құрылысы жүргізілді. 
Сонымен қатар, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында «Асар» шағынауданында 2010 жылы бөлінген 5,1 млрд. теңгеге  575 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Үйлердің қасынан жылыжайлардың да құрылысы жүргізілді.

Негізгі қорға бағытталған инвестициялар.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар