Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:32, курсовая работа
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.
Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың
жалпы көлемі бағалау есебімен 262,5
млрд. теңгені немесе 2009 жылмен салыстырғанда
78,6% құрады. (Инвестиция көлемінің төмендеуінің себебі
облыс аумағында азиаттық газ құбырының
құрылысының аяқталуына байланысты шетел
инвестициясының қысқартылуымен түсіндіріледі,
сонымен қатар республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын білім нысандары құрылысының
кемуі (білім нысандарының құрылысына
бағытталған инвестиция 2009 жылы - 23,1 млрд.теңгеден
(42 нысан), 2010 жылы - 9,7 млрд.теңгеге дейін
(38 нысан), немесе 58,0% қысқарған).
Негізгі инвестициялық салымдарды шағын
кәсіпорындар жүзеге асырады, олардың
көлемі 131,9 млрд. теңгені құрады және өткен
жылдың тиісті кезеңіне 149,8% құрады.
Жергілікті бюджет қаржылары есебінен
9,5%, немесе 25 млрд. теңге, республикалық
бюджеттен – 25,6%, немесе 67,2 млрд. теңге,
қарыз қаражаты – 10,5%, немесе 27,6 млрд.тенге,
шетелдік қаражаттар – 18,2%, немесе 47,7 млрд.теңге
құрады.
Инвестиция салымдарының басым салалары
өнеркәсіп, көлік және байланыс болып
қалады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі
олардың үлесі тиісінше 41,8% және 17,9% құрады.
Сауда (оның ішінде сыртқыэкономикалық байланыс)
2010 жылы бөлшек сауда тауар
айналымының көлемі 126139,6 млн. теңгені
құрады және 2009 жылмен салыстырғанда
13,1%-ға өсті. Оның ішінде сауда
кәсіпорындарының бөлшек сауда
тауар айналымының көлемі 69349,6 млн.
теңгені немесе 2009 жылдың деңгейіне
109,3% құрады. Базарлар мен жеке
кәсіпкерлердің бөлшек саудада
өткізген бағалау көлемі 56790,0 млн.
теңге болды.
2010 жылы көтерме сауда тауар айналымының
көлемі 257779,3 млн. теңгені құрап, 2009 жылмен
салыстырғанда 14,5%-ға өсті. Тамақ өнімдері
мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер
көлемі 9749,0 млн. теңге немесе 2009 жылдың
деңгейіне 93,3% болды. Автокөлік құралдарына
техникалық қызмет көрсету және жөндеу
бойынша қызметтер көлемі 1078,7 млн. теңгені
құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 37,1% өсті.
2010 жылы облыстың сыртқы сауда айналымының
көлемі 2891,3 млн. АҚШ долларын немесе 2009
жылмен салыстырғанда 115,9%-ды құрады, оның
ішінде экспорт, тиісінше – 1826,8 млн. АҚШ
доллары немесе 118,8%, импорт – 1064,5 млн.
АҚШ доллары немесе 111,3% құрады.
Экспорттың тауарлық құрылымында негізгі
үлесті минералды өнімдер (2010 жылы - 54,7%),
импортта - машиналар, жабдықтар, көлік
құралдары, приборлар мен аппараттар (40,7%),
химия және соған байланысты өнеркәсіп
салаларының өнімдері (15,7%) орын алады.
Инфрақұрылым
2010
жылы облыстық, аудандық, қалалық маңызы
бар автомобиль жолдарын дамытуға 11,3 млрд.
теңге қаралып, 4 көпірдің құрылысы, 2 көпірге
және 1000 шақырым автомобиль жолдарына
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шолаққорған-Кентау-Түркістан автомобиль
жолы аяқталды. Аталған жол мекендер арасында
көлік байланысын 2 есеге қысқартады.
Бәйдібек ауданында Қошқарата-Кеңсай-Жамбыл
облысы шекарасы автомобиль жолының құрылысы
Түркістан қаласы мен Тараз қаласы арасындағы
қашықтықты 200 шақырымға жуық қысқартады.
Шардара қаласының екі жағалауын қосатын
ұзындығы 475 метрлік жаңа көпір құрылысы
басталды.
Отырар ауданындағы Балтакөл ауыл округінде
Сырдария өзені арқылы өтетін, 370 м көпір
құрылысына облыстық бюджеттен қаржы
бөлініп, жұмыстар орындалуда. Сайрам
ауданындағы 2 апатты көпірдің орнына
жаңа көпірлер іске қосылды.
«Ғасыр құрылысы» атанған «Батыс Еуропа
- Батыс Қытай» халық аралық транзиттік
дәлізі жобасының құрылысы басталды. Облыс
тарапынан, осы жобаны жергілікті инерттік
материалдармен толығымен қамтамасыз
ету жоспарланып, 30 жер қойнауын пайдаланушы
белгіленіп, 3 цемент, 21 асфальтобетон,
2 битум шығаратын зауыттар өнім беруге
дайын.
Жол құрылысына бақылауды күшейту мақсатында
келісім-шарттарға жолдың сапалы, уақытылы
жөнделуіне қатысты маңызды өзгерістер
мен қосымшалар енгізілді. Осының салдарынан,
жұмыс көлемінің игерілу деңгейі 90%-дан
асып отыр.
ОҚО негізгі әлеуметтік – экономикалық индикаторлары
өлшем бірлігі |
2009жыл |
2010жыл 2010 жыл | |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі |
млн. теңге |
255827,4 |
305110,4 |
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі (ағымдағы бағамен) |
млн. теңге |
- |
162 471,3 |
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру Сойылуға жіберілген мал мен құс(тірідей салмағымен) |
Мың тонна |
83,1 |
84,6 |
Сиыр сүті |
Мың тонна |
607,0 |
624,9 |
Тауық жұмыртқасы |
млн. дана |
243,2 |
267,3 |
Қойдың жүні |
Мың тонна |
6,6 |
6,9 |
Көліктің барлық түрімен тасылған жүк |
Млн тонна |
69,3 |
77,5 |
Сыртқы сауда айналымы Соның ішінде: Экспорт импорт |
Млн. АҚШ долл. |
2 493 875,6 1 537 956 |
2 891 346,7 1 826 1 064 |
Негізгі капиталға инвестиция |
Мың. тенге |
319 043 410 |
262 532 489 |
Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыс |
теңге |
48610 |
57542 |
Кәсіпорындар жұмыстарының қаржы қызметтерінің нәтижесі. |
Млн. теңге |
96025,4 |
43560,6 |
Туылғандар саны |
Мың адам |
30,2 |
29,6 |
Өлгендер саны |
Мың адам |
6,3 |
6,0 |
Тұрғын үйлерді іске қосу |
Шаршы метр |
180 030 |
228 755 |
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының 2010 жылға әлеуметтік-экономикалық паспорты.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылымы | ||||
2009 жыл |
2010 жыл | |||
Инвестициялардың игерілуі, млн. теңге |
Үлес салмағы, % |
Инвестициялардың игерілгені, млн. теңге |
Үлес салмағы, % | |
Барлығы |
319043,4 |
100,0 |
262532,5 |
100,0 |
Оның ішінде: |
||||
|
75932,3 |
23,8 |
109774,7 |
41,8 |
о.і.в - кен өндіру өнеркәсібі |
29535,5 |
9,3 |
34903,7 |
13,3 |
- өңдеу өнеркәсібі |
24573,1 |
7,7 |
41771,1 |
15,9 |
- электр энергиясын, газбен су өндіру |
17111,2 |
5,4 |
33099,9 |
12,6 |
|
4986,0 |
1,9 | ||
|
3606,6 |
1,0 |
8396,5 |
3,2 |
|
6061,8 |
1,9 |
4682,5 |
1,8 |
|
1980,0 |
0,6 |
47002,3 |
17,9 |
|
154098,0 |
48,3 |
518,5 |
0,2 |
|
578,2 |
0,2 |
12452,9 |
4,7 |
|
14357,0 |
4,5 |
19828,0 |
7,6 |
|
24247,3 |
7,6 |
27966,0 |
10,7 |
|
28075,8 |
8,8 |
13677,8 |
5,2 |
|
6356,3 |
2,0 |
132417,3 |
5,0 |
Білім беру және жастар саясаты
Облыста 41217 көлемінде тәрбиеленушісі
бар 420 мектепке дейінгі тәрбие беру
мекемелері жұмыс істейді, оның 118 мектеп
жанындағы шағын орталықтар. Балалардың
мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз
етілуі 30,4% құрайды.
1048 білім беру мектептерінде оқушылар
саны – 530,6 мың адамды, оның ішінде жекеменшік
мектептер саны – 6, ондағы оқушылар саны
– 1,4 мың құрады.
Облыс бойынша Интернет жүйесіне 964 мектеп
қосылған, оның ішінде 779 – ауыл мектептері.
1018 мектеп, оның ішінде 827 ауыл мектептері
– байланыс жүйелеріне қосылған. Интернет
желісіне қосылған жалпы білім беру мектептерінің
үлесі байланыспен қамтылған мектептердің
жалпы санының 94% құрайды.
Облыс мектептері 27,2 мың бірлік компьютерлік
техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге
19,3 оқушыдан келеді (2009 жылы – 22,4 оқушы).
Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан
оқыту жүйесіне 461 мектеп қосылған. Облыс
мектептері 606 мультимедиялық -лингафондық
кабинеттермен жабдықталған және 276 мектепке
1085 интерактивті тақталар орнатылған.
Орта білімді мамандар даярлаумен 12,9 мың
оқушысы бар 26 кәсіптік лицейлер айналысады.
Сонымен қатар, 60 колледж (оның ішінде
18 – мемлекеттік) жұмыс істейді. Колледждердің
жалпы контингенті 60,1 мың оқушыны (мемлекеттік
- 28,5 мың оқушы) құрады.
Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен
12 дербес жоғарғы оқу орны (оның ішінде
3 – мемлекеттік), сонымен қатар, 2 филиал
(1 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 77,7
мың студенттер, оның ішінде 39,1 мың студент
– мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында
оқиды.
Облыс бойынша ҰБТ қорытындысының орташа
көрсеткіші 86,21 балды құрады, немесе 2009
ж. орташа көрсеткішінен (70,76) 15,45 балға
жоғарылады.
Жастар саясаты. Облысымызда жастарды жұмыспен қамтуды
үйлестіру, дарынды жастарды қолдау, жастар
арасында өзекті мәселелерді шешу үшін
мониторинг жүргізу мақсатында «Жастар
орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ашылып, жұмыс істеуде.
Аталған орталыққа материалдық техникалық
базасы толығымен қамтылған ғимарат берілді.
Денсаулық сақтау және спорт (оның ішінде дене шынықтыруды дамыту)
Облыстың халқына медициналық
көмекті 120 аурухана ұйымы, оның ішінде
43 ауылдық аурухана, 250 амбулаториялық-емханалық
ұйымдар, оның ішінде 29 емхана, 24 БМСК орталықтары,
168 дәрігерлік амбулатория, 539 медициналық
пункттер көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін
медициналық ұйымдарының төсек орны 12261
құрайды.
БМСК ұйымдарының саны 2009 жылға 245-тен
2010 жылы 250-ге дейін көбейді; келіп қаралатын
адамдар саны 11 618,6 мыңнан 13 749,1 мың адамға
дейін көбейді. 1 тұрғынға шаққанда қабылдау
көрсеткіші 5,5 құрады (2009ж. – 4,9).
Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде
(облыстық мекемелерді есептемегенде)
6759 дәрігерлер және 19039 орта буын медицина
қызметкерлері жұмыс істейді, халыққа
100 мың адамға шаққанда дәрігерлік қамтамасыз
етілгендік - 27,8 (ҚР-30,9), мейір бикелермен
- 78,4 (ҚР-74,8).
2010 жылы білім жетілдіру және қайта даярлау
циклдарынан 998 дәрігер (2009 жылы - 2149 дәрігер),
1907 орта медицина қызметкерлері (2009 ж.
- 1766 орта медицина қызметкерлері) өтті.
Облыста балалар және ересектер, анестизиолог-реаниматологтар,
неонатологтар, жедел жәрдем дәрігерлер,
балалар кардиоревматологтар, аймақтық
терапевтер және педиатрлар, патологоанатомдар
және т.б. дәрігерлер жетіспейді.
Жас мамандарды тарту үшін республиканың
медициналық академияларымен тығыз жұмыс
жүргізіледі. 2010 жылы жұмысқа 315 бітіруші
жіберілді, оның ішінде ауылдық жерлерге
206 жас маман жіберілді.
Спорт. Облыс спортшылары спорттың 52 түрі бойынша
республика чемпионаттары мен біріншіліктеріне
қатысып, 356 алтын, 320 күміс, 291 қола медаль
жеңіп алды. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда
23% -ға артты.
Ауылдық елді мекендеріндегі спорт нысандарына
түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде
329 алаңшалары салынды.
Шымкент қаласында жаңа талаптағы теннис
корты мен жеңілатлетикалық манеж салынуда.
2010 жылғы облыстық бюджеттен Б.Саттарханов
атындағы дарынды балаларға арналған
спорт мектеп интернаты, облыстық гимнастикадан
спорт мектебі, «Бәйшешек» спорттық-сауықтыру
орталығы мен ұлттық спорт түрлерінен
балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің
атшабары (ипподром), атқоралары мен манежі
күрделі жөндеуден өткізілді.
Мәдениет
Мәдениет пен өнер саласында
рухани шараларға көбірек көңіл
бөлінді. «Хәкім–Абай» музейінде ғылыми-теориялық
конференция өткізілді. Түркістанда
облыс бюджеті есебінен қазақ
даласының көпғасырлық тарихи, рухани
және мәдени дәстүрін сақтау мен дамытуға
кешенді үлес қосатын жаңа «Тарихи-мәдени-этнографиялық
орталық» ашылды.
Көркемсурет галлереясында суретшілердің
тұңғыш көрмесі ұйымдастырылды.
«Алтын жебе» анимациялық фильмдер фестивалі
ұйымдастырылып, «Мұңлық-Зарлық» фильмі
түсірілді.
«Арыс жағасында» ретро-фестивалі мен
«Менің Қазақстаным» ән байқауы өткізілді.
2010 ж. Елбасының қатысуымен облыстық филармонияның
ғимараты ашылып, пайдалануға берілді.
Цирктің құрылысы басталды.
Өңірдің рухани мұраларына арналған көп
томдық кітаптардың 20 томы жарық көрді.
Облыс кітапханаларына 71 мың дана жаңа
кітаптар таратылып, кітап қоры 7 млн. данаға
жетті.
2010 ж. 2 ауылдық клуб, 3 ауылдық кітапхана
ашылды, 279,9 млн.теңгеге 5 әлеуметтік-мәдени
нысандар жөндеуден өтті.
Бюджет саласы (бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері)
2010 жылы мемлекеттік бюджетке
түскен салықтар мен басқа
төлемдердің көлемі 156,9 млрд. теңгені,
немесе жоспарға – 112,3% құрады.
2009 жылмен салыстырғанда түсімдер
– 30,3%-ға артты.
Республикалық бюджетке 108,9 млрд. теңге
түсті, бұл түсімдердің жалпы көлемінің
– 66,8% құрайды. Жоспар 7,0%-ға артығымен
орындалып, 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанмен
салыстырғанда 35,3% артты.
Жергілікті бюджетке 48 млрд. теңге түсіп,
жоспар – 102,9% орындалды және 2009 жылдың
қаңтар-қарашасына 120,0% құрады.
2010 ж. арналған облыс бюджетінің жалпы
көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 38,7 млрд.
тг (117,6%) өсіп, 259,1 млрд. тг құрады.
Жалпы шығыстар көлемінде ағымдағы шығындар
27,4 млрд. теңгеге өсіп, 194,5 млрд. теңге құрады
(116,4%). Даму бюджеті 16,3 млрд. теңгеге артып,
69,7 млрд теңге құрады(130,5%).
Шығындардың негізгі үлесінің 62,2%, немесе
161,3 млрд. теңге әлеуметтік салаға бағытталған
(білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету,
мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік).
3.2 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
«Бизнестің жол картасы
2020» бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа
экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына
Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспарын іске асыру
үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар