Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание

Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

курсовой Моля.docx

— 256.20 Кб (Скачать)

Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды  жалғасы болып табылады, бұл ретте  дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі  тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән  беріледі. 

Бағдарламаны іске асыру  шеңберінде:

жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға  сәйкес дербес қабылдайды;

уәкілетті мемлекеттік орган  мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және  (немесе) мемлекеттік  қолдаудың басқа да шараларын  ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім  қабылдайды;

Бағдарламаны іске асыру  шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз  терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның  үйлестірушілері орындайды.

Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер  кредиттерінің пайыздық ставкаларды  субсидиялауға жатпайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі – кәсіпкерге) Бағдарламаның  барлық құралдары шеңберінде кешенді  қолдау көрсетілуі мүмкін.

Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін  кредиттер бойынша сыйақы ставкасын  субсидиялауды алатын кәсіпкерлер  кредиторы болып табылатын қарыздар  субсидиялауға жатпайды.

Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде  екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен  қаржылық қолдау алатын  кәсіпкерлер  Бағдарламаға қатысушылар болып  табылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын  әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның  ережелерін ескеретін болады.

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне  қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік  және өзге де органдар мен ұйымдар  және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:

Мемлекеттік комиссия – «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;

өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және  басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ӨҮК) ;

уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;

жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші – іске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімі айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны жергілікті жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

қаржы агенті – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырды:

пайыздық ставканы субсидиялау  шеңберінде банктерге қаржы қаражатын  аудару;

Бағдарлама шеңберінде кредиттерге  кепілдік беру;

борышкерлер бойынша Мемлекеттік  комиссия отырыстарына берілетін материалдар  бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Бағдарламаның іске асыруылуын мониторингілеу;

кредиторлар комитеті – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын комиссия;

өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі кәсіпкер;

қатысушы – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Банктің, ӨҮК-тің немесе Мемлекеттік комиссияның оң шешімі бар кәсіпкер;

борышкер – кредит(тер) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсіпкер;

экспорттаушы – өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер.

Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы  бағдарламалар, мемлекеттік  бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

«Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші  кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы  №1039;

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін  тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары  туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар.

 

 

 

 

Ағымдағы жағдайды талдау.

Мемлекеттік бағдарламада экономиканы  әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат  емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.

Бұл ретте экономиканың экспортқа  бағдарланған дәстүрлі секторларындағы  ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің  және металлургия өнеркәсібінің  жүйе құраушы компаниялары бастамашылары  болып табылатын ірі инвестициялық  жобаларды іске асырумен қатар, шағын  және орта кәсіпорындардың экспортқа  бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның  басымдығы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік  халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған  қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай  әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын  тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл  атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі  уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен  бизнестің әріптестігі негізінде  кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа  бағдарланған шикізат емес секторларын  дамытуды ынталандыруға бағытталған  саясатын қайта қарау талап етіледі.

Осыған байланысты кредиттерге  кепілдік беру және кредиттер бойынша  пайыздық ставкаларды субсидиялау  сияқты құралдар айтарлықтай танымал  және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен  экономиканың қандай да бір секторына  салуға асықпай отырған едәуір қаржы  қаражатын тартуға мүмкіндік  береді.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту  қажет.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік  қолдау көрсетудің бұл құралдары  бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан  Республикасының Заңында көзделген.

Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын  және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

 қаржыландыруға қол  жеткізу және қарыз алу құнының  жоғары болуы;

 индустриялық инфрақұрылымның  дамымауы;

 кәсіпкерлікті қолдау  инфрақұрылымының дамымауы.

Бұдан басқа, осының алдындағы  жылдары құрылған  кәсіпорындарда  үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық  белсенділігін шектейді.

Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық  қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында  экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің  барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.

Германияда кредит берудің  мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:

төмен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);

кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын  кем дегенде алғашқы екі жылда  кез келген төлемдерден босатылады);

алынған сомаларды кез  келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);

үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның  белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба  инвестордың  өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен  қаржыландырылуы тиіс).

Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге  көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі  бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер  беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен  кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.

Жоғарыда жазылғандарға  байланысты Бағдарламаны іске асыру  шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың  субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар  даярлау сияқты құралдарын Қазақстан  Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі   бағыттар

    1. Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі

       Елбасы тәуелсіздіктің бастауында қабылданған ұзақ мерзімдік стратегия мен он  жылдық жоспардың ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын хабарлай келіп, халық тұрымысын жақсартудың медениет, білім және жалпы руханият салаларын дәйеті түрде дамытудың негізі бағыттарын саралады.

Қазақстан Республикасының  жағдайындағы экономикасының  дамуы, мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының құрылымдық  және қаржы  саясаттарының шешуші шараларына байланысты.

Қазіргі мемлекеттердің барлығында  дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін  әлеуметтік қолдау жүйесі бар. Әлеуметтік қолдау денегіміз – қоғамының табысы аз мүшелеріне қаржылай көмек ретінде  көрсететін үкімет бағдарламасы. Оларға жұмыссдық бойынша жәрдемақы, қарттар  мен мүгедектерге берілетін зейнетақы  және әл-ауқаты нашар отбасыларына берілетін  әлеуметтік көмектер мен 2002ж 1 қаңтарынан әрекет ететін мақсатты әлеуметтік көмек және басқа да түрлері  жатады. Осындай бағдарламаларға  мемлекеттің тегін медициналық  қызмет көрсетуі, тегін пәтер беруі,  сондай-ақ табысы аз отбасыларының  әлеуметтік қызметтер көрсетуі және т.б. жатады. Әлеуметтік қорғау бағдарламасының  мәні, қоғамдағы табысты қайта  бөлумен  көрсетіледі.

Мемлекет халықтың әл-ауқатын  тұтас деңгейін жақсарту мақсатында белгілі бір әлеуметтік саясат жүргізеді. Ал мемлекеттің кірісті қайта  бөлу функциясы, мемлекеттің салық  жүйесі арқылы, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік  бағдарламалары арқасында тұрмыс деңгейі  нормаларға – мемлекеттік көмек  көрсету, жұмыспен қамту аясында  да белгілі саясаттар жүргізу  арқылы жүзеге асырылады.

Біздің  қоғамымыздың өтпелі кезеңінің адмуына, әлеуметтік аядағы өтпелі жағдай сәйкес келеді. Бұрынғы  халықты әлеуметтік қорғау моделі мен  әлеуметтік салаларды қаржыландыру жүйесі бүгінгі күнде жойылған, ал жаңа қаржыландыру механизмі әлі  тәжірибелік кезеңде және оны  дамытудың ұтымды жолдарын іздестіру  үстінде. Халықтың әлеуметтік қажеттілігі  мен оны қанағаттандырудың негізі болып, еңбек ақы төлеу түрлері  мен жүйелері, табыс және әлеуметтік салықтардың ставкасы арқылыт еңбек  ақыны реттеуі, тұтынуға бағытталған  қордың өсімін немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.

Халықтың кедейлігі  мәселесін  түсінуге  деген  көзқарастың  үш түрі бар:

  • табыс немесе тұтыну тұрғысынан;
  • негізгі қажеттіліктер тұрғысынан;
  • адам әлуетін дамыту мүмкіндіктері тұрғысынан.

Қазіргі кезде, қоғамның әлеуметтік- экономикалық саясатынның стратегиялық  мақсаты болып, экономикалық өсу  негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту  болып табылады. Егерде әлемдік тәжірибеге сүйенетін  болсақ, кез-келген даму дәрежесі әлеуметтік аяға  жұмсалған  қаржы дәрежесіне тікелей байланысты.

Қазіргі заманның өзінде, дамыған  батыс елдердің көбінесінде инвестицияны әлеуметтік аяға, соның ішінде адамзат  капиталына  салу,  ұлттық байлықтың  материалды – заттай элементтеріне  салынатын капитал салымына қарағанда  әлдеқайда жылдам   артуда. Сондықтан  да бағытты, әлеуметтік жағдайға бұрған  кезде,  қайта бағытталудың мақсаты  мен  соңғы нәтижесі болып, экономикалық  өсудің негізгі көзі мен  экономиканың өсуі ескерілуі қажет.

Әлеуметтік аядағы қаржы  механизмінің әрекет етуінің өз ерекшелігі бар. Әлеуметтік ал көп жағдайларда  бейнарықтық болып табылғандықтан, мемлекеттің реттеуші ролі экономиканың басқа салаларына қарағанда, әлдеқайда  айқын көрінеді. Соңғы жылдары  әлеуметтік мәселелерді шешу, жергілікті бюджеттің ролін арттыра түсуде. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру үшін, жергілікті бюджет қорының  жетіспеушілігі салдарынан трансферттер, мақсатты  субензиялар, дотациялар мақсатты бағдарламалар бюджеттік  несиелер сияқты реттеуші механизмдерді  пайдалануды мәжбүр етті.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар