Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание

Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

курсовой Моля.docx

— 256.20 Кб (Скачать)



 

1) 2006 жылғы деректермен салыстыру мақсатында 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасын есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес қайта есептелген 2001-2005 жылдардағы деректер көрсетілген.

 

Ауылдық кедейлік көрінісі келесі факторлармен және проблемалармен негізделген:

- ауылдық отбасылардың  көп балалылығы, сондықтан да  жоғары асыраушылық жүктемемен;

- халықтың ауылдық өңірлерден (әсіресе жастардың) ірі қалаларға  көшіп-қонуы (жұмысқа тұру мүмкіндігінің  жетіспеушілігінен және еңбекақының  төмен деңгейінен, сонымен қатар  кәсіптік оқыту жүйесіне қол  жеткізу мүмкіндігінің болмауынан  туындайды);

- ауылдық жерлердегі жеке  меншік секторының әлсіз дамуынан, нашарланған әлсіз инфрақұрылыммен  және нарық пен қаржыға шығу  мүмкіндігінің қиындығынан халық  көбінесе қарыз және несие  алу үшін бастапқы қаржының  болмау себебінен өз кәсіптерін  бастай алмауымен. 

Халықтың кедейлігі  және жұмыспен қамтылуы.

Кедейлікті қысқарту және экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізудің негізгі факторы өнімді еңбекпен айналысу мүмкіндігі болып табылады. Еңбек нарығындағы жағдай негізінен  екі топтағы көрсеткіштермен  анықталады: жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық көрсеткіштері, яғни жұмыс  орындарының қол жетімділік сипаттамасы  және еңбекақы көрсеткіштерімен.

Республикадағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі өсу  қарқынына ие: 2001 жылдағы 89,6%-дан 2010 жылы 94,2%-ға дейін. Сәйкесінше, жұмыссыздық  деңгейі екі есеге дейін қысқарды, 2001 жылдағы 10,4%-дан 2010 жылы 5,8%-ға дейін. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2001 жылдағы 19,1%-дан 2010 жылы 5,2%-ға дейін  айтарлықтай, яғни 3,5 есеге қысқарды, бұл ретте жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы 14,9-дан 8,9 айға дейін 3,5 есеге  қысқарды.

Соңғы он жылда орташа айлық  атаулы еңбекақы салалық саралауды  сақтай отырып, 4,5 есеге өсті және 2010 жылы 77 611 теңгені құрады. 2010 жылы еңбекақының ең төменгі мөлшері бұрынғыдай ауыл шаруашылығында сақталып, 36 477 теңгені құрады.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыспен қамтылған халықтың неғұрлым әлсіз санаты өз бетімен  жұмыспен қамтылған азаматтар болып  табылады, олардың жұмыспен қамтылған  халықтың санындағы үлесі соңғы  он жылдағы (2001 жылдан)             9 пайыздық бірлікке төмендеуіне қарамастан едәуір жоғары болып қалып отыр, 2010 жылы – 33,3%. 2010 жылдағы өз бетімен  жұмыспен қамтылған халықтың ең жоғары үлес салмағы елдің оңтүстік аймақтарында, яғни Оңтүстік Қазақстан (19,0%), Алматы (13,5%) және Жамбыл (10,6%) облыстарында байқалуда. Төмен өнімділік және осы жұмыспен қамтылу формасынан табыстар өз бетімен  жұмыспен қамтылған халық үшін кедейліктің  тәуекелін жоғарылатып, оны зейнеткерлік жүйеден, әлеуметтік қамсыздандырудан және жұмыскерлер құқығынан тыс  қалдырады. Ауылдағы өз бетімен жұмыспен қамтылғандар табыстардың негізгі  көзі ретінде қосалқы шаруашылыққа ие болып және атаулы әлеуметтік көмекті  алу құқығынан айрылып, кедейліктің  жоғары тәуекеліне ұшырайды. 2010 жылы өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың  бір пайыздан төмені мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып  табылған.

Кедей болып қалудың жоғары қаупіне ұшырайтын ең әлсіз халықтың санаттары әлі де болса асырауындағы адамдар саны жоғары үй шаруашылықтары болып қалып отыр (құрамында балалар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, студенттер бар). 2010 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен  табыстары бар халықтың 79,5% 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары құрамында өмір сүрген болатын, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 14,8 пайыздық бірлікке жоғары. Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2010 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 60,9%-ын балалар құрады, 9,3% өз бетімен жұмыспен қамтылғандарға және 9,0% жұмыссыздарға тиесілі.

            

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер.

 

Халық (2011 жылғы 1 қарашаға, мың адам)

16 638

Жұмыссыздық деңгейі (2011 жылғы 3 тоқсан, % )

5,3

Орташа айлық жалақы (2011 жылғы қыркүйек, теңге)

91 925

Инфляция:

 

(2011 жылғы қараша 2011 жылғы қазанға, %)

0,6

(2011 жылғы қараша 2010 жылғы желтоқсанға, %)

7,0

ЖІӨ (2011 жылғы қаңтар-қыркүйек, % (жедел деректер) 

107,0

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (2011 жылғы қаңтар-қазан 2010 жылғы қаңтар-қазанға, %)

107,1

   

 

Экономикалық  салалардың өсу қарқыны (Нақты көлем индексі, %-бен) 

Өнеркәсіп (2011 жылғы қаңтар-қазан 2010 жылғы қаңтар-қазанға)

104,0

Ауыл шаруашылығы (2011 жылғы қаңтар-қазан 2010 жылғы қаңтар-қазанға)

122,8

Құрылыс (2011 жылғы қаңтар-қазан 2010 жылғы қаңтар-қазанға)

102,8

Сауда (2011 жылғы қаңтар-қазан 2010 жылғы қаңтар-қазанға)

114,7

Көлік (2011 жылғы қаңтар-қазан 2010 жылғы қаңтар-қазанға)

106,5

Байланыс (2011 жылғы қаңтар-қазан 2010 жылғы қаңтар-қазанға)

117,8

 

          Жүргізілген талдау нәтижесінде соңғы он жылдағы халық табыстары негізгі көрсеткіштерінің саралануы және теңсіздігі жүзеге асырылды, аймақтар және үй шаруашылықтарының тұру орны (қала/ауыл) бөлінісінде кедейлік көрсеткіштері қарастырылды.

Зерттеуді қорытындылай келе, республикадағы негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштердің оң өсімі көрінісінде  «кедейлік» феномені ауылдық жерлер және елдің кейбір аймақтары үшін әлі де өзекті екенін атап кеткен жөн. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қалалық әрі ауылдық өңірлердегі үй шаруашылықтарының едәуір үлесіндегі табыстар тұтынудың ең төменгі деңгейінен аспайды. Әлі де болса ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу және лайықты еңбекақы, сонымен қатар олардың халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларында қатысу мәселелері өзекті болып отыр.

Әрине, аталған сұрақты  егжей-тегжейлі кешенді және жүйелі зерттеу үшін зерттеушілерге Агенттіктің  сайтында орналастырылған (http://www.stat.kz/publishing/Pages/UZHN_2011.aspx) үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша қалыптастырылатын тұрмыс деңгейі бойынша едәуір кең түрдегі статистикалық жарияланымдарды қолданған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мемлекеттің  әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы  алатын роль

 

 

     ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің  әлеуметтік саясатының ең негізгі басым  бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі  туындады. Әлеуметтік саясат аясында  халықты, оның ішінде көмекке аса  мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар  әлеуметтік қорғалады.   

 Қазақстан Республикасы  Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен [10].  Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау –  бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» [11].      

 Әлеуметтік саясатты жүргізудің  негізгі мынадай принциптері  бар: баға көтерілгенде компенсацияның  түрлі формаларын енгізіп және  индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,  оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.

 

Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесі   

 

 Халықты әлеуметтік қорғау  мәселесін әр мелекет өзінің  әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996  жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты.  2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша  халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:

  • базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.
  • міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.
  • қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.

 

     Осының аясында  жыл сайын үкімет пен министрлікте  ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.   

 Қоғамның тағы да бір әлжуаз  таптарына арналған мемлекет  тарапынан жасалынатын қолдаулар  жүйесі көрсетілген «Мемлекеттік  атаулы көмек туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды.  Мемлекеттік атаулы көмек көрсету қаржылай төлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы төлемдерінің 4  түрін қамтиды:

  • тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • кедейлік шегіне дейінгі жандарға қаржылай көмек көрсету;
  • 4  балалы және 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін аналарға көмек;
  • үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек-балаларға [12]. 

 

     БҰҰ ның мәліметінше  дүние жүзінде халықтың он  пайызы, яғни алты жүз миллионнан  астам адам мүгедек болса, Қазақстандағы  бұл көрсеткіш төрт жүз мың  адам, яғни халықтың үш пайызын  құрап отыр. «Қазақстан Республикасындағы  мүгедектерді әлеуметтік қорғау  туралы» ҚР Заңы, 2002 жылдың 11 шілдесіндегі  «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды  әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық  коррекциялы қолдау туралы» ҚР  Заңы, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді  қатарға қосу бағдарламасы және  тағы басқа заңнамалық құжаттар  мүгедек жандарға қолдаулар көрсетеді. . Осындай заңнамалар бойынша  мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек – балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі [13].   Әлеуметтік саясаттың негізін салушылардың бірі Питирим Сорокин  «Ғылым деген не деген » кітабында «Әлеуметтік саясат – әлеуметтік медицина» деген екен. Осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, қорғауда кейбір өзекті мәселелер бар. Мәселен Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез – ортопедтік көмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо – тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру, емдеу шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаралар толыққанды жасалынуына бақылауды күшейту керек. Сонымен бірге мүгедектіктің алдын алу, еңбекке қабілетті бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және ақпараттық ортаға тиісінше қол жеткізу мәселелерін өз шеңберінде жүзеге асыру тым өзекті мәселе болып табылады. Мәселен заң бойынша мүгедек жандарды жұмысқа алуы тиіс болса да, кейбір ұйым, мекеме басшылары  физиологиялық кемшілігіне байланысты мамандықтың кәсіби иесі болған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдамай жатады.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар