Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание

Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

курсовой Моля.docx

— 256.20 Кб (Скачать)

                                      Мазмұны

  1. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
    1. Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
    2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
    3. Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
  2. Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
    1. Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.

2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.

2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының   ерекшеліктері.

3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі   бағыттар.

    1. Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
    2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
    3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе

          Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да  еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр  жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен  

      Қазақстан Республиксының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына <Болашақтың іргесін бірге қалаймыз> атты Жолдауында: <Біз тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өндеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айдың жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. 1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын. 2011 жылдың 1 қарашасында қарай бұл көрсеткіш 12 еседен арттық өсім 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.> деп айта кетті.

Мемлекеттің әлеуметтік қатынасы әлеуметтік топтардың, коғамның ішіндегі баска да топтарынын арасында әл аукатын, өмір деңгейін котеруді қамтамасыз ететін жагдай жасау, әлеуметтік кепілдеме беру, коғамдық өндіріске катысу үшін экономикалық ынталандыруды калыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынасының ерекішелігі экономиканын орталыктандырылған типінен орталықсыздандыруға өткен кезенде шығындарды минимизациялауға бағытталгандығында.

Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың  жартысынан басталған экономикалық жандану белсенді әлеуметтік қатынас жүргізуге мүмкіндік бере бастады. Жаңа жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау еңбек қатынастарын реттеу бойынша заңнамаларды құруға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуды белсенді қолдауға, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтуге және мемлекеттік адресті көмек көрсетуге бағытталды.

Бірақ кедейліктің болуы, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, нарықтың глобализациясы, сонымен қатар ресми емес сектордың  өсуі әлеуметтік реформалардың одан әрі тереңдетілуін қажет етеді.

Қазіргі кезде халықтың өмір сүру дейгейі өзгеруіне байланысты күн көру минимумының деңгейін методологиялық есебін қайта қарастыру қажет. Зерттеулердің көрсетуінше , азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың күн көріс минимумы деңгейіндегі, сәйкесінше 70% және 30% құрайтын пропорциясы ұй шаруашылығының нақты шығындарын қамтымайды. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың арасындағы қатынасты 60% және 40% мөлшерінде белгілеу үшін күн көріс минимумы деңгейінің құрылымын қайта қарау қажет.

Экономиканы мемлекеттік  басқарудың әлеуметтік бағыты басқарудың айқын түрде әлеуметтік аспектілерінің болуын қажет етеді. Мемлекеттік  басқарудың әлеуметтік процесстермен  және құбылыстармен терең байланысы  экономикаға үкіметтің әсер етуінің  мақсаттары, міндеттері мен қызметтерінен  көрінеді. Санап келгенде, мемлекеттік  басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін  қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан  Республикасының Конституциясына  сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған  мемлекет болып табылады. Ал бұл  дегеніміз, ол мемлекеттік басқару  органдары белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет  және әлеуметтік мәселелерді  шешуге экономиканы бағыттау.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы  әлеуметтік қорғау жүйесі екі негізгі  элементтен тұрады:әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қызметтер. Мемлекеттік  адрестік әлеуметтік көмек 2002жылы енгізілді. Ол күнкөріс минимумы деңгейінен 40% төмен табысы бар ең кедей тұрғындарға беріледі. Бірақ та қажет етушілерді әлеуметтік қорғаумен ішінара қамтуда халықтың кедей бөлігінің көбін қаржылық қиындықтан шығара алмады. Ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және балаларға арналған төлемдер сияқты әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі мөлшері күн көрістің ең төменгі деңгейінен төмен болмауы керек. Сонда да қазіргі уақытта тек қана зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінен жоғары.Жалақы мөлшері жұмысшының өзінің және оның жанұясының тіршілік әрекетін жүргізуге қатысты шығындарын жабу керектігін ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері кем дегенде күнкөрістің ең төмен деңгейінен екі есе артық болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттің  әлеуметтік саясатының ерекшеліктері         

 Экономиканы мемлекеттік басқарудың әлеуметтік бағыты басқарудың айқын түрде әлеуметтік аспектілерінің болуын қажет етеді. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік процесстермен және құбылыстармен терең байланысы экономикаға үкіметтің әсер етуінің мақсаттары, міндеттері мен қызметтерінен көрінеді. Сайып келгенде, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған мемлекет болып табылады. Ал бұл дегеніміз, ол мемлекеттік басқару органдары белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет  және әлеуметтік мәселелерді шешуге экономиканы бағыттау.

Бірде-бір қазіргі заманғы  мемлекет халықты әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, өмір сүру жағдайларының  барлық әлеуметтік ауыртпашылық жүгін  мойнына алып көтере алмайды. Патерналистік  концепция бойынша елдегі әлеуметтік жағдайды және тауар мен қызмет көрсетуді  тұтыну мен әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету деңгейін толық жауапкершілікті  өзіне алған мемлекет кез-келген экономикада негізсіз болып табылады. Мұндай концепцияның нарықты экономикада  болуы  тіпті де мүмкін емес. Әлеуметтік сұраным мен қажеттіліктерді  қанағаттандыру – азаматтардың өздерінің, жанұясының, үй шаруашылығының, жұмысшылар істейтін ұйымдардың, жергілікті билік  органдарының, қоғамдық қайырымдылық қорлардың және сонымен қатар  мелекеттің ісі.

Сондықтан да мемлекеттің  әлеуметтік процесстерге қатысуы әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, мемлекет есебінен халыққа олардың мәселелерін  шешу, жалпы әлеуметтік саясатты жүргізу  мемлекеттің қызметі мен оның қатысты ресурстық мүмкіндігімен  анықталады. Әлеуметтік экономикаға  мемлекеттің қатысу мөлшері елдің  қоғамдық – саяси құрылымы мен  қалыптасқан экономикалық жағдайға тікелей байланысты болады. Сонымен  қатар мемлекеттің әлеуметтік процесстерге ықпал етуі мен оның осы процесстерге қатысуы тек халықтың әлжуаз топтарын қолдау, әлеуметтік сфера мен әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландырумен  шектелмейді. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сонымен бірге азаматтардың әлеуметтік құқығы мен еркіндігін елдің  конституциясы мен нақты заңдармен  кепілді ету болып табылады.

Мемлекеттің халықтың әл-ауқатын  көтеруге бағытталған әлеуметтік саясатты құру мен жүзеге асыруына қатысу қажеттілігі  тек қана мемлекеттің әлеуметтік миссиясынан ғана жасалмайды, мәселе сонымен қатар әлеуметтік нысандардың  көбінесе табыс түрінде экономикалық пайдасы өндірістік, сауда нысандарына  қарағанда өте аз, ал кейбір кезде  экономикалық көзқарастан тіпті  де рентабельді емес. Сондықтан әлеуметтік нысандардың коммерциализациялануы  өте қиын және кәсіпкерлік қызмет аймағына жатқызылмайды, ал олардың  өміршеңдігі экономикалық әсерге қарағанда  әлеуметтік әсермен түсіндіріледі. Сайып келгенде әлеуметтік нысандардың  коммерциализациялануы, жекешелендірілуі, олардың басқа мақсатта пайдалануы немесе әлеуметтік игіліктің нарықтық бағасын тұтынушыға тым жоғары етіп белгілеуі үлкен қауіп-қатерді туғызады. Мұндай құбылыстарды Қазақстанда көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2006 жылы ВИЧ инфекциясын (СПИД) сәбилердің жұқтыруы денсаулық сақтау нысандарының коммерциализациялануы мен қан құю орталығы жұмысының салақтығынан болып отыр.

Жоғарыда айтылған ерекшеліктерге  байланысты мемлекет, бір жағынан, әлеуметтік нысандарды өзінің тікелей басқаруында  ұстап, ішінара мемлекеттің меншігінде қалдыруы керек, екінші жағынан, мұндай нысандарды сақтап жарақтандыру шығындарын мемлекеттік бюджет есебінен тікелей  немесе жанама қаржыландырып отыруы тиіс.

Қазақстанда нарық қатынастарына  өтпелі кезеңде, мемлекет экономикалық және әлеуметтік процесстерді түбегейлі  басқарудан шетте қалып, мемлекеттік  меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіргенде  көптеген қателіктерге орын беріп, мемлекеттік  орталықтанған әлеуметтік функциялардың  әлсіреуіне әкеліп, ол өз кезегінде  әлеуметтік саясат мәселелерінде компенсациялауды қажет ететін арнайы шараларды қажет  етті. Оған жататындар:

  • халықтың әлсіз қорғалған, әлеуметтік мұқтаж топтарын мемлекеттік қолдау;
  • әлеуметтік жәрдемақыны енгізу;
  • міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құру;
  • әлеуметтік сферадағы:мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мекемелері ұйымдарына преференциялар мен салық жеңілдіктерін беру;
  • тұрғын-үй реформасын жүргізу;
  • шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
  • әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік мақсатты бағдарламалар құру;
  • әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесін құру.

Атап өту қажет , үкімет осы аталған шаралар бойынша  соңғы жылдары қыруар жұмыстар атқарып  жатыр.Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың  жартысынан басталған экономикалық жандану белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік бере бастады. Жаңа жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін  реформалау еңбек қатынастарын реттеу бойынша заңнамаларды құруға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуды белсенді қолдауға, жинақтаушы зейнетақы  жүйесіне өтуге және мемлекеттік атаулы көмек  көрсетуге бағытталды.   Бірақ  кедейліктің болуы, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, нарықтың глобализациясы, сонымен  қатар ресми емес сектордың өсуі әлеуметтік реформалардың одан әрі  тереңдетілуін қажет етеді.

Қазақстанда кедейлік мәселесі нарық  қатынастарына өту нәтижесінде  пайда болды. Тұрғындар жаңа экономикалық қатынастарға дайын емес еді, бұл  тұрмыс дейгейінің төмендеуінің елеулі факторы болып табылады. Егемендігіміздің алғашқы жылдарындағы жекешелендіру  мен инфляцияға қарсы қатаң ақша саясаты (мемлекеттік шығындар мен  ақша массасының қысқаруы)  және әлеуметтік қоғамның трансформациялануының салдары  экономиканың күрт құлдырауына, жұмыссыздыққа, тұрғындардың табысының төмендеуіне және өткір бюджет тапшылығына әкеп соқтырды. Жағдай тек 1997 жылы ғана инфляцияны біршама тоқтаттаннан кейін және (ЖІӨ) жалпы ішкі ғана өнімнің шамалап өсуіне қол жеткізгеннен кейін ғана тұрақтала бастады. Сол уақыт ішінде ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің төмендеуіне немесе жұмысынан айырылуына байланысты үйреншікті жұмыстарынан айрылған тұрғындардың әр түрлі категориялары зардап шекті. Бұрынғы жағдайы жақсыдан гөрі жоғары  топтардың ішінен- дәрігерлер, мұғалімдер, білікті жұмыскерлер – кедейлер пайда болды.                           

Қазіргі кезде халықтың өмір сүру дейгейі өзгеруіне байланысты күн  көру минимумының деңгейін методологиялық есебін қайта қарастыру қажет. Зерттеулердің  көрсетуінше , азық-түлік және азық-түлік  емес тауарлардың күн көріс минимумы деңгейіндегі, сәйкесінше 70% және 30% құрайтын пропорциясы ұй шаруашылығының нақты  шығындарын қамтымайды. Азық-түлік  және азық-түлік емес тауарлардың  арасындағы қатынасты 60% және 40% мөлшерінде белгілеу үшін күн көріс минимумы деңгейінің құрылымын қайта қарау  қажет. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикасы тез қарқынмен дамуда, бұл мемлекетте кедейліктің деңгейін төмендетуге жалпы жақсы әсерін тигізді. Мемлекетте абсолютті  кедейлік деңгейі 2003 жылы 1998 жылғы 39%-ке қарсы 19,8%-ті құрады. Сонда да мемлекет бойынша  кедейлік деңгейде әжептәуір айырмашылықтар бар. Ауыл тұрғындарының 30,9%-ң және қала тұрғындарының 10,8%-ның тұтыну деңгейі  күн көріс минимумынан да төмен. 2003 жылы азық-түлік себетінің құнынан  да төмен табысы бар халықтың үлесі 6,3%-ты құрады.

 Қазақстан  Республикасы бойынша 2007 ж. қаңтардағы  халықтың орташа жан басына  шаққандағы күнелту минимумының мөлшері 8736 теңге құрады,  қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе, ал орта айлық жалақысы     6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе өскен. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы он жылда Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды. 2006 жылдың 1 наурызындағы Елбасының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында ерекше басымдық әлеуметтік саясатқа берілді. Бүгінгі күні экономиканың өсуі мен күшеюінің арқасында Қазақстан әлеуметтік салаға түбегейлі бет бұруға мүмкіншілік алды. Жолдауда Елбасы мемлекет , бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады . Жеке сектордың әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етуге, әсіресе білім алу мен жаңа мамандықтар беру ісіне қатыстыратын, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік тұрақтылықтағы жауапкершілігін күшейтетін уақыт жетті делінген.Соңғы жылдары осы салада көптеген жұмыстар атқарылды.Әлеуметтік реформаларды тереңдету, әлеуметтік көмектер мен әлеуметтік қамтуға, жалпы, осы салаға 2006 жылы республикалық бюджеттен 388,8 миллиард теңге қарастырылды. Бұл өткен жылғыдан 72,6 миллиард теңгеге көп. Әлеуметтік қорғау саласына бұрын-соңды осынша көлемде қаржы қарастырылмаған. Сондай-ақ, 2006 жылы зейнетақы төлемдеріне 252,5 миллиард теңге бөлініп отыр және ең төменгі зейнетақы мөлшері 9696 теңгені, ал ең төменгі жалақы 9200 теңгені құрайды.5 Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі екі негізгі элементтен тұрады:әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қызметтер. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек 2002жылы енгізілді. Ол күнкөріс минимумы деңгейінен 40% төмен табысы бар ең кедей тұрғындарға беріледі. Бірақ та қажет етушілерді әлеуметтік қорғаумен ішінара қамтуда халықтың кедей бөлігінің көбін қаржылық қиындықтан шығара алмады. Ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және балаларға арналған төлемдер сияқты әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі мөлшері күн көрістің ең төменгі деңгейінен төмен болмауы керек. Сонда да қазіргі уақытта тек қана зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінен жоғары.Жалақы мөлшері жұмысшының өзінің және оның жанұясының тіршілік әрекетін жүргізуге қатысты шығындарын жабу керектігін ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері кем дегенде күнкөрістің ең төмен деңгейінен екі есе артық болуы керек. Бұл азаматтардың абсолютті кедейлікке жету мүмкіндігін азайтады.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар