Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций
Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.
Ауыспалы егістерді жобалағанда әртүрлі варианттарды салыстыру керек.
№14 Дәріс. АУЫСПАЛЫ ЕГІС АЛҚАБЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
14.1 Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру
Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру дегеніміз, ол: ауыспалы егіс танаптарын; жұмыс учаскелерін; егістікті қорғау орман жолақтарын; дала жолдарын; дала қостарын; авиа алаңдарды; дала су көздерін орналастыру.
Әр табиғи-шаруашылықтық жағдайда бұл жұмыстардың мағнасы, қажеттілігі әртүрлі. Сондықтан бұл жұмыстардың белгілі жағдайдағы нәтижелілігіне, маңыздылығына байланысты жұмысты орындау кезегі және олардың құрамы әртүрлі болады.
Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес болулары керек:
1) топырақтың сапасын әрдайым жоғарылатуға, эрозиялық апаттан сақтауға, эрозия қалдығын жоюға жағдай жасау, дифференциалды агротехника қарастыру;
2) техниканы және техника құралдарын тиімді пайдалануға және далалық жұмыстарды ұйымдастыруға оптимальды территориялық жағдай жасау;
3) Ауыспалы егіс айналымының әр жылында негізгі дақыл бойынша жалпы өнімнің мөлшерінің бір қалыпта болуын қамтамасыз ету;
4) Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыруға байланысты капиталдық (бір уақыттық) және әр жылдық шығындардың мөлшерінің неғұрлым аз болуын қамтамасыз ету.
Ауыспалы егіс танаптарын және жұмыс учаскелерді орналастыру. Танаптар, өсімдіктерді кезектестіре отырғызуға арналған, мөлшерлері бірдей, ауыспалы егіс массивінің бөліктері. Кейде танап ішін орналастыру жұмыстары жүргізіледі: жұмыс учаскелерін белгілеу, танаптарды өсімдіктерді отырғызу жолақтарына бөлу.
Жер бедеріне байланысты танаптарды жобалау. Егістік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда жер бедері өте көп әсерін тигізеді. Әсіресе беткейдің экспозициясын және еңістігін жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде есепке алу қажет. Әр танап бір экспозициялық бетте орналасуы тиіс. Бұл топырақтың егіс егуге бір уақытта дайын болуын, ауылшаруашылық өсімдіктерінің пісу уақытының біріңғай болуын қамтамасыз етеді. Дақылдарды бір уақытта егуге, күтуге және жинауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер танапты беткейдің бір бетіне орналастыру мүмкіндігі болмаса, онда танап агротехникалық біріңғай жұмыс учаскелеріне бөледі.
Бедерлі жерлерде танапты орналастырудың ең негізгі шарты – танаптың ұзын қабырғасы беткейге көлденең, яғни беткейде горизонтальдарға параллель болып орналасуы керек. Өйткені танапты бойлай жасалатын негізгі жұмыстар горизонтальдар бағытында жасалады, сондықтан беткейді бойлай ағатын суларға кедергі жасалып, олардың ағыны бәсеңдеуге байланысты, танаптарға сіңіп, жерге қосымша ылғал болады.
Машина-тракторлық агрегаттарды пайдалануда рельеф, олардың тиімді пайдалануына әсерін тигізеді. Тік беткейлерде техника жоғары өрлегенде қосымша күш керек болады. Агрегаттың жұмыс жасау өнімділігі азаяды.
Танаптарды рельефке байланысты орналастыру бойынша жоба шешімдерін бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:
іжум = Н1 - Н2 ; іжум = Lr * ћ і * Sіn γ
L
онда: і – орташа бойлық еңістік;
Н1, Н2 – нүктерлердің биіктігі;
Н1- Н2 – өзара биіктік;
L – горизонталь салындының ұзындығы (м);
hі – горизонтальдардың арасындағы өзара биіктік;
Р – танап көлемі, м2;
Lr – танап ішіндегі барлық горизонтальдардың ұзындығы;
γ – танапты өңдеу бағыты мен горизонтальдардың негізі бағыты арасындағы бұрыш.
Күрделі рельефте Чешихин Г.В. палеткасы пайдаланылады.
Танап бойынша анықталған еңістік орташа алқап бойынша еңістікпен салыстырылады:
іжалпы = Lr – ћ і
Р
онда: іжалпы – жергілікті жердің жалпы еңістігі, %;
Р – танаптың ауданы, м2;
Lr – жергілікті жердегі горизонтальдардың жалпы ұзындығы, м.
Топырақ құрамына байланысты танаптарды жобалау. Ауыспалы егіс танаптары шамаға қарай біріңғай сапалы болулары керек. Бір танапқа тек қана сапасы төмен жерлерді жобалауға болмайды. Өйткені ол ауыспалы егістіктегі талабы жоғары дақылдарға мүлдем жарамсыз болуы мүмкін, немесе негізгі дақылдың жыл сайынғы шығымы бірдей болмайды.
Танаптың топырағы біркелкі болса, онда дақылды себу, күту, жинауды ең жақсы агротехникалық мерзімдерде орындауға болады.
Топырақтың динамикалық (жылжу) қасиеті танаптарды жобалауда есепке алынады, өйткені әртүрлі механикалық құрамдағы топырақ тракторлық агрегатқа әртүрлі қарсылық әсерін тигізеді, сондықтан әр жағдайда техниканың жұмысының нәтижелігі өзгереді.
Механикалық құрамы әртүрлі танапқа агрегат дайындағанда ең жоғары қарсылық көрсететін топыраққа байланысты дайындалады, сондықтан топырақтың қарсыласуы төмен жерлерде агрегат түгел күшімен жұмыс істемейді. Кейде танапта топырақ жағдайына қарай жұмыс учаскелері жобаланады.
Танап жұмыс учаскелерінен құралғанда, олар компактілі орналасып, өзара транспорттық қатынасы жақсы болуы керек.
Танаптың ұзындығы, ені, формасы және олардың өндірістік мәні. Танаптардың ұзындығы, ені, формасы оларда жүргізілетін өндірістік процесстердің талабына байланысты анықталады. Әр танапта бір ғана өсімдік түрі өсіріледі.
Танаптың ең ыңғайлы формасы – тік бұрышты төртбұрыш. Ұзындығы мен ені қолданылатын техникаға байланысты анықталады. Танаптың ұзын қабырғасы техниканың жұмыс жолына сәйкес болғаны жөн.
Ауыспалы егіс танабының мөлшерін анықтау. Танаптың мөлшеріне келесі көрсерткіштер әсерін тигізеді:
1. егістік массивінің мөлшері және аймақта орналасуы;
2. топырақ түрлерінің біріңғайлылығы;
3. эрозияға шалыну дәрежесі;
4. жер бедерінің мінездемесі;
5. аймақтың табиғи және жасанды (каналдармен, жолдармен) объектілермен тілінуі;
6. егістікте қолданылатын технология;
7. машина-тракторлық агрегаттардың жұмыстарының ұйымдастырылуы;
8. орналасу зонасы.
Машина-тракторлық агрегаттардың жұмысының тиімділігінің жұмыс жолының ұзындығына байланысты екендігі келесі формулалармен мінездемеленеді:
1) Жолды пайдалану коэффициенті:
К жп = Lж _
Lж* Р + Lх
Бос жүру, айналып бағытын өзгерту жолының проценттік үлесі:
f х = Lх * 100
Lж + Lх
Lж – жұмыс жолы;
Lх – бір жұмыс жолына келетін бос жүріс. Бос жүру проценті ірі тракторларға және қысқа жүрістерге көбірек келеді.
Танаптардың ұзындығы, ені, конфигурациясы ауыспалы егістіктің түріне байланысты болады. Мысалы: отамалы ауыспалы егістіктерде жерді өңдеу жұмыстарында, көлденең өңдеу, бойлы өңдеумен бірдей сондықтан танаптың ені де ұзын болуы керек. Кейбір күрделі өңдеу жұмыстары жүргізілетін ауыл шаруашылық өсімдіктері кішкене танаптарда орналастырылады. Кішкене тракторлар үлкен танаптарды талап етпейді.
Лагерь қасындағы (шабындықтық-жайылымдық) ауыспалы егістіктердің ұзындығын мал бағу әдісіне байланысты анықталады: сүйір бұрышсыз, қабырғалары түзу, қысқа қабырғалары мал айдау жолдарына шығатындай етіп жасалынады.
Танаптың орташа ұзындығы есептеу арқылы әртүрлі формулалармен табылады.
Көбінесе жер массивтерінің конфигурациясы өте күрделі. Оларды танаптарға бөліп, әрқайсысының орташа жұмыс жолын анықтау үшін, өңдеу жолына параллель бағытта геометриялық фигураларға бөлінеді де, олардың әрқайсысы бойынша орташа жұмыс жолы есептептелінеді.
Ауыспалы егіс танаптарының теңдігі. Жыл сайын жоспарланған өнім алу және техниканы толық пайдалану керек, сондықтан танаптардың көлемдері бірдей болуы керек. Қалыптасқан жағдайға қарай олардың мөлшерлері белгілі шепте ауытқуы мүмкін.
Ауыспалы егістік жылдық жинайтын жалпы өнімнің мөлшері әр жылда бірдей болуын, техниканы, адамдардың еңбегін жыл сайын бірдей пайдалануды қамтамасыз ету керек. Сондықтан ауыспалы егіс танаптарының мөлшері бірдей болуы керек.
Бірақ ондай жағдайлар әрқашан бола бермейді. Бір жердің топырағы құнарлы, ал басқа жердің топырағы құнарсыз. Ќұнарлы топырақтан көп өнім алынады. Құнарыз топырақтан – аз алынады. Сондықтан мына формуланы пайдалана отырып шартты көлемді есептейміз:
Ршартты = Рф – б
100
онда: Рф – фактілі аудан;
б – бағалау баллы.
Үшінші танаптан басқа танаптардың ротация бойынша әр жылдық беретін өнімдерінің мөлшері 5%-тен аспайды. Ол әсерін тигізбейтін көрсеткіш.
Танаптардың біркелкі болулары өсірілетін дақылдардың түрлеріне де байланысты болады. Мысалы: қызылшалық ауыспалы егісте, көп танапты а/егістікте 1-2 танап қызылша. Егер танаптар әртүрлі көлемді болса, өнім де әртүрлі болады.
Ал 5-танапты егістіктік ауыспалы егісте 4 танабы – бидай, ал 1-танабы пар болса – онда жалпы өнімнің мөлшеріне өте көп әсерін тигізбейді.
Қалыптасқан территорияны неғұрлым сақтап қалу:
1. Негізгі жолдарды.
2. Орман жолақтарын.
3. Игерілген ауыспалы егістердің танаптарының шегараларын және т.б…
Әр өзгерістің тиімдігін жобада дәлелдеу керек.
Жобаланған танаптардың технологиялық сипаттамасы жасалады: танап нөмірі; ауданы; топырақ құрамы; жұмыс жолы; ені; эрозияға шалыну, шайылу категориялары бойынша топырақ құрамы; жұмыс еңістігі; тасшылық коэффициенті; кадастрлық көрсеткіштері (т.б. және экономикалық бағалау).
14.2 Егістікті қорғау орман жолақтарын орналастыру. Олар мақсатына және территорияда орналастыруына байланысты:
1. су айырықтық;
2. жел қайтару;
3. су ағысын реттеу болып бөлінеді.
Орман жолақтары конструкциясына, егіне ағаштар мен талдардың құрамына байланысты бөлінеді.
Тегіс далаларда желдің жерін азайту үшін және қардың жер бетінде тегіс жайылуын қамтамасыз ету үшін орман жолақтары отырғызылады. Микроклиматтық жағдай туады: ылғал аз кебеді, ауаның құрғаќтығы төмендейді, топырақ онша көп тереңдікте қатпайды, яғни дақылдардың өнімділігі көбейеді. Бірақ а/ш жерлерде көп орын алады. Кейбір жерлерде ағаш өсіру қиын, қосымша көп қаражат керек. Техникалы тиімді пайдалануға кедергі. Сондықтан әр жағдайда тиімділігіне байланысты отырғызылады.
Орман жолақтарын жобалауда:
1. жолақтар бағыты;
2. ені және конструкциясы;
3. жолақтар аралықтарының мөлшері анықталады.
Жел қайтару. Жел тоқтату орман жолағының бағыты соғатын желге перпендикуляр болуы керек және ажурлы, жел өткізетін конструкциялар қолданылады. Желге перпендикуляр ажурлы, жел өтетіндей 3-4-5 ряд (жол) ағаш ені 9-11-13м.
Қорғау ені: В = Н * Кл.п * Ка орташа
Н - орман жол орташа биіктігі;
Кл.п – орман жолақтарының аралығы (кратность);
Ка – қорғау коэф-ті орташа;
Ка орт = Ка1* fв1 + Ка2* fв1 = Kafв
fв1 + fв2
fв1 - төрт бағытта қайталануы
С + О, СВ + ОШ;
Смал. Бойынша желдің соғу бұрышы: Ка1… Ка4
Қорғалатын алқап:
Р = ΣL1*В1 + ΣL2* В2 – Пуч.В1В2
онда: ΣL1 - бойлай орман жолақтардың ұзындығы;
ΣL2 - ендік орман жолақтардың жалпы ұзындығы;
В1В2 - қорғау енімен ұзындығы;
Пуч – тік бұрышты учаскелер.
Күрделі рельефте су айырық және суды реттеу орман жолақтары отырғызылады. Суды реттеу – горизонтальдарды бойлай отырғызылады. Ені 10-12м.
14.3 Дала жолдарын жобалау
Жобаланатын ауылды жердің жолдары үш түрге бөлінеді:
1. Дала магистралдары;
2. Машина-тракторлық агрегаттар жүру жолдары;
3. Қосымша жолдар.
Олар келесі талаптарға сәйкес болулары керек: неғұрлым қысқа; түзу; шаруашылықта пайдалануға ыңғайлы; техникалық талаптарға сәйкес (еңістігі, бұрылу бұрыштары); орман жолақтарымен үйлестіріне орналстыру; өзгертуге кететін шығынның аз болуы.
Жыртылған массивтер аралығындағы және олармен елді мекендер аралығындағы қатынастарды қамтамасы етулері тиіс. Негізгі тасымал бойынша екі бағытта өте көп қытымал жасалғанда егістік массиві үлкен болса, жолдың ені - 8-10м, ал кіші болса жолдың ені 6-8м болады.
Танаптардың қысқа қабырғаларын бойлай орналасқан көмекші жолдар, техникаға қызмет көрсету үшін қолданылады, олардың ені - 6-10м.
Дала қостарын және су көздерін жобалау. Дала қостары келесі түрлерге бөлінеді: тұрақты, уақытша, жылжымалы. Оларды орналастыру жайында сұрақтар өндіріс орталықтарын орналастырғанда шешіледі. Олардың түбегейлі шешімі ауыспалы егіс территориясын ұйымдастырғанда жасалады. Орналасқан орны, ауданы, шегарасы белгіленеді. Дала қостары және су көздері ауыспалы егіс массивінің ортасында, суға жақын орналасуы керек. Оларға жетуге ыңғайлы жол болуы керек, жақсы санитарлық – гигиеналық жағдайда, рельеф бойынша жоғары жерде орналасуы керек.
Нег.: 1. [44-52];
Қос.:5 [23-32]
Бақылау сұрақтары:
1. Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру әдісі.
2. Күрделі рельефте танаптарды және учаскелерді орналастыру ерекшеліктері.