Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Ол ушін топырақты зерттеу, бонитировка және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауа қатысты материалдар қолданылады.

Ауылшаруашылық өндірістін шығынын анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық айналымның тұрақты немесе уақытша тиіс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бip мөлшерде шығынға өкеліп соғады. Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті. Олардың келемі жер қоныстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті дайындайтын нормативтер арқылы анықталады. Осы Қаулы бойынша шығындардың мөлшері алынған жердің ауданына теқ жаңа жер учаскелерін игеруге қажетті қаржының көлемінде белгіленеді. Мысалы, топырақтың бонитет балына қарай оның шамасы әрбір гектарга 66,8 мың теңгеден 806,6 мың теңгеге дейін барады (1994ж. бағасымен).

Жер иеленушілерге келтірілген залалдарды анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға алғанның салдарынан жер иеленушілер бip қатар залалдарға ұшырайды. Олар: алынған жерде орналасқан ғимараттар мен құрылыстар немесе учаскеден тиіс орналасқан, бірақта пайдалануға келмей қалған осындай тәріздес объектілер; жеміс-жидек және басқа көпжылдық көшеттер; аяқталмаған өндіріс (жерді өңдеуге, тыңайтқышқа, тұқым себуге және басқа технологиялык картамен қамтылған жұмыстарға жұмсалған шығындар); алынбай калған өнім және т.с.с.

Топырақтың құнарлы қабатын (ТҚҚ) алу және пайдалану жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе жерге орналастыру жобасының құрамында бөлек жұмысшы жобаны жасауға арналған тапсырма ретінде қаралады. Техникалық шарттарда ТҚҚ алынатын  учаскелердің аудандары, құнарлы қабатының қалындығы, оны пайдалану жолдары, уақьпша 1 үйінділердің орналасуы, жақсартылуға жататын алаптардың аудандары, онда төселетін ТҚҚ қалындығы және бұл жерлерді пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді. Қосымша тиісті сызбалар жасалады.

Рекультивация жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе де жерге орналастыру жобасының құрамында қамтылады. Осы жөніндегі шарттарда бүлінген жерлерің аудандары мен орналасуы, олардың қалпына келтірілгеннен кейін (төселетін TҚҚ қалындығы, құнарлы қабаты алынатын танаптардың аудандары т.с.с.) бүлінген жерлерді қалпына келтіру мерзімі айқындалады. Бұған да керекті сызбалар дайындалады.

Берілген жерді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау. Бұл ұсыныстар жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік иснпекторлардың қорытындысы дайындалып, аудандьқ әкімшіліктің шешімінде көрсетіледі. Осы мәселе бойынша табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылық алаптарды сақтап қалу,  жерді эрозия мен басқа теpic құбылыстардан қорғау шаралары қарастырылады. Сонымен қатар бұл құжатта мәдени және тарихи ескерткіштерің бүлінбеуi, транспорттық байланыстардың бұзылмауы, басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтарын шектемеуі ескеріледі.

Межелес жер иеленушіліктер мен пайдаланушылықтарды қайта құру және реттестіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау. Ірі жер учаскелері алынған межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен жер пайдалынушылықтарда қайта құру, реттестіру кейбір елді мекендерді, құрылыстарды т.с.с көшіру қажеттілігі туу мүмкін. Осы мәселеге байланысты ұсыныстар шаруааралық жерге орналастыру схемасы немесе жобасы ретінде дайындалады.

Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жобалық шешімдердің варианттары бір қатар техника-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер арқылы салыстырып бағаланады. Сол көрсеткіштердің қатарына жерге орналастыpy процесіне қатыстырылған жер иеленушіліктердің саны мен құрамы, әртүрлі шығындар мен келтірілген залалдардың мөлшерлері және көптеген басқалары жата;ды.

Негізгі техника-экономикалық көрсеткіш ретінде берілген жердің ауданы мен құндылығы алынады.

Нег.: 1. [44-52];

Қос.:5 [23-32]

Бақылау сұрақтары:

1.       Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы.

2.       Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құндылығын анықтау.

3.       Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасына ұсыныстар дайындау.

4.       Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды топтастыру түрлері

5.       А/ш жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы қандай құрам бөліктерден тұрады?

 

Дәріс №7. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОБАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕР УЧАСКЕСІН ҚҰҚЫҚТАНДЫРУ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ

1.   Ірі гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларына жер бетін бөліп беруге байланысты шаруашылық аралық жерге орналастыру;

2.   Өнеркәсіп, транспорт және басқа кәсіпорындар мен мекемелерге жер бөліп беру   ерекшеліктері;

3.   Елді мекендердің шектерін белгілеу.

Ірі ш              аруашылық құрылыстар мен су қоймаларына жер бөліп беру – шаруааралық жерге орналастырудың ең күрделі міндеттерінің бірі. Бұл бірқатар жағдайларда байланысты. Біріншіден, ірі ауданы алаптардың су астында қалуына. Екіншіден, жасалған су қоймалардың айнала  ортаға, шектес жер иеленушіліктер  мен  жер пайдаланушылықтарға, олардың өндірісіне, әлеуметтік жағдайларына сан алуан ықпал етуіне. Осы  ықпалдардың салдарына қарай жалпы бірқатар жерге орналастыру мәселелері қарастырылады. Солардың ішінде: ауылшарушылық айналымның тиіс қалған жерлердің қарастыру, тұрғындарды көптеген өндірістік құрылыстар  мен медени-тұрмыс объектілерін көшіру, су баспаған, бірақта осы жағынан кауіп төнген территорияларды инженерлік қорғаумен қамтамасыз ету, межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру және жетілдіру.

Аталған міндеттерді орындау мақсатымен су қоймасы әсер ететін территория бip қатар зоналарға бөлінеді. Бұлар: су басатын зона - су астында қалатын немесе мезгілімен су басып пайдалануға жарамсыз қалған территория. Бұл зонаның межелері судың нормалды биіктігіне болып шығатын жаға сызығымен белгіленеді.

Жағалардың өзгеру зонасы - жаға бойындағы толқынмен әлсін-әлсін шайылып және осыған байланысты өзгеріп отыратын территория. Жоба бойынша оның жалпақтығы жағалардан 100 метрдей алынады. Тайыз су зонасы - тереңдігі 2м. Аспайтын су коймасының акваториясы. Бұл зона әртүрлі ауруларға қарсы санитарлық шараларды жоспарлау, сонымен бipгe ауыл шаруашылығында пайдалануға қолайсыз немесе пайдалануға мүлде келмей қалған жерлер (көлемдері тым кішкентай, аралдар т.с.с)

Аталған зоналардың барлығы су коймасының жоғары бетіне жатады. Пластикадан төмен қарай да (төменгі бет) бірталай өзгерістер орын алады. Өзеннің жайылмасының құрғауына байланысты суарма шабындықтардың аудандары едеуір қысқарады. Осының салдарынан жергілікті фауна мен флора да біраз қалдырып, ал межелес орналасқан шаруашылықтардың өндірістік жағдайлары нашарлап кетеді.

Басқа  зоналардың көлемінде қорғау шаралары жоспарланады. Бұл құнды жер учаскелерін, елді мекендерді, өндірістік объектілерді сақтап қалу мақсатымен жер үйірмелері мен бөгеттер жүйесін жобалауды қамтиды. Көп қаражат талап ететіне қарамасатан бұл шаралар кейбір жағдайларда өте тиімді болуы мүмкін.

Соңында ауылшарушылық өндірісті шеккен шығындар мен жер иеленушілер мен пайдалнушыларға келтірілген залалардың түрлері, көлемдері және өту жолдары анықталады. Бұл мәселенің мән-мағынасы нақтылы түрде тарауда қаралады.

Өнеркәсіп транспорт және басқа кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын шартты  түрде жердің атқару міндеттеріне және учаскелердің пішін кескінділігіне қарай төрт категорияға топтастыруға болады:

1.       Кең ауданды жер пайдаланушылықтар;

2.       Сызықтық объектілердің жер пайдаланушылықтары;

3.       Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтары;

4.       Қорықтардың және осы тәріздес объектілердің жерлері.

Біріншілеріне өнеркәсіп салаларына жататын әртүрлі кеәсіпорындардың (фабрика, завод              т.с.с.) жер пайдаланушылықтары кіреді. Сонымен бipгe бұнда халық шаруашылығының басқа салаларының объектілеріне де (су қоймалары, АЭС, ГЭС, т.с.с) енеді категорияға қорықтар мен елді мекендердің жерлерін жатқызуға болады.

Жерді ауылшаруашылық емес мақсаттарға бөліп беру процесінде ең маңызды мәселелердің бipi оны үнемдеу. Бірінші категорияға жататын жер пайдаланушылықтарды (көбінесе өнеркәсіп объектілерінің) жобалағанда бұл мәселе кәсіпорындарды территоиялық-өндірістік кешендерғе (Т0К) шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады. -өнеркәсіп объектілерін осындай түрде орналастыру оларға берілетін жердің ауданың 15%-ке дейін қысқартуға мүмкшілік береді.

Екінші санатқа темір және автомобиль жолдарының, электр жүйелерінің, каналдардың, құбырлардың т.с.с. жер пайдаланушылықтары жатады. Бұнда жер үнемдеу мәселесі аталған объектілердің ұзындығы барынша қысқарту арқылы шешіледі. Жыл сайын осы жер пайдаланушыларға республика бойынша 6,0-6,5 мың га бөлініп отырады.

Тау-кен кәсіпорындарына берілетін жерлердің өте маңызды пайдалану ерекшелігі бар. Бұнда негізгі өндіріс құралы ретінде жердің қойнауындағы қазбалы байлығы пайдаланылады. Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарына уақыт және кеңістік аспектілерінде үнемі өзгеріп отыру, пайдалану мерзімнің нақты шектелуі, айнала ортаға зор әсер етуі тән. Қазіргі кезде пайдалы кеңдердің 80% ашьқ тәсілмен қазып өндіріледі. Қазақстан Республикасында Я.Я. Маульдің болжауы бойынша осы мақсаттарға жыл сайын 1,0 сың га жер алынып отырады екен, ал жалпы әртүрлі ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға 10-13 мың га.

Төртінші санатқа қорықтар, тарихи-мәдени жерлер жатады. Бұлардың аудандары мен межелері, алаптық құрамдары мен пішін кескіндіктері, олардың мақсаттары мен мұқтаждықтарына қарай белгіленеді. Қорықтың бүкіл ауданы екі зонаға бөлінеді. Біріншісі абсолюттік корықтың жерлер, екіншісі шаруашылық зона. Соңғысында шектелген түрде және белгілі мөлшерде шаруашылық ic-әрекеттер жүргізілуі мүмкін. Қорықтардың жер пайдаланушылықтары тұтас, ал межелері табиғи шектрмен сайма-сай тыс жерлермен қаушу ұзындығы қысқа болуға тиісті.

Қала шегі деп қалаға берілген жерлердің сыртқы межелерін атайды. Бұл құқықтық тұрғыдан қарағанда жер пайдаланушылықтың емес, әкімшілік ауданының немесе облыстың межелері сияқты әкімшілік-территориялық құрылымның шекарасы болып табылады.

Қала шегін жүргізу және өзгерту процесіне байланысты жерге орналастыру жұмыстары қалалық Кеңесінің шешімімен ең негізінде жүргізіледі. Жобалау тапсырмасында қала жерлерінің құрамы, қаланың бас схема бойынша даму бағыттары, айнала ортаны қорғау жөніндегі жұмыстардың түрлері және жобаның графикалық бөлігін жасау масштабы көрсетіледі. Жобаның түсініктемесінде қала, оның қазіргі шегі және жерлерінің құрамы туралы мәліметтер қамтылады. Қала шегі жөніндегі жоба міндетті түрде жері алынған жер пайдаланушылармен, жер иеленушілермен және құрылыс, архитектура тағы да басқа қатысты органдармен келісіледі.

Жалпы алғанда қала шегіне кіретін жерлер бойынша жобаның 2 түрі жасалады:

-      қаланы орналстыру және салу жобасы (осыған мақсатталған жерлерде);

-      қаланың жер шаруашылығын реттестіру жобасы (құрылыстарды жүргізуге арналмаған және уақытша бос жерлерде).

Жалпы түрінде аталған құжат мынандай бip қатар іс-әрекеттерді қамтиды:

а)              демалыс және спорт орындарын орналастыру;

е) көпжылдық көшеттерді (орман-парктерді, бау-бақшаларды) орналастыру;

б)              қала  шегіне кіретін ауылшаруашылық кәсіпорындардың жерлерін реттестіру;

в)              саяжай  жергілікті санаториялар мен курорттарды орналастыру;

г)              қала маңындағы жол тораптарын реттестіру;

д)              қала жерлерін түрлеріне, жер пайдаланушыларға жататындарына және пайдалану мерзімдеріне қарай топтастыру.

Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды және ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау мақсатымен аудандық әкімшілік бағалау комиссиясы құрылады. Осы комиссия жұмысының нәтижесінде акт жасалады. Бұл акт аудандық әкімшілікте қаралып бекітіледі. Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды көлемі мына әдістемелік жүйелікте анықталады: тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыс объектілер және басқа да өндірістік құрылыстар мен ғимараттар баланстық құны бойынша, тозғандықтары ескеріле отырып, бағаланады. Ол  үшiн  мына формула қолданылады:

Зг =Ка-Т;

бұнда: Зг - құрылыстар мен ғимараттардың қалған құны, теңге;

Т - олардың қалған эксплуатациялық жарамдылығы. %;
Ка - олардың алғашқы баланстық құны, теңге.

Табиғат қорғау жөніндегі құқықтық шаралар жүйесінің мазмұны жалпы түрде мыналар қамтиды:

-          азаматтардың осы саладағы құқықтары мен міндеттері;

-          айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың органдары мен экономикалық механизмі;

-          айналадағы табиғи ортаның сапасын нормалауды;

-          экологиялық сараптаманы (экспертиза);

шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптарды;

-          айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды;

-          хылықтың табиғатты қорғауға қатысы және экологиялық тәрбие мен білім беруді;

-          лауазымды адамдар мен азаматтардың аталған заңды бұзған үшін жауаптылығын заңның бұзылғанынан келтірілген залалдарды етеуде.

Бағалау шкаласы бойынша орта облыстық бонитет балы қолданылады:

Борт = Б1 П 1 +  Б2 П 2  +  Бn Пn     

            П

бұнда: Борт –бөлінген алаптардың орташа балы;

Б1, Б2   - бөлінген алаптардың құрамындағы топырақтардың балдары;
П1, П2, Пn - топырақтың аудандары, га;
П – бөлінген алаптардың жалпы ауданы, га.

Орта облыстық нормативтен бөлінген нақты учаскенің құнына кешу үшін біріншісі түзету коэффициентіне көбейтіледі:

Информация о работе Жерге орналастыру