Жергілікті желі және Интернет

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 11:41, курсовая работа

Описание работы

Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып. Бір-бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес, олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да? Оны Сервер деп атайды. Түрлі жергілікті жүйелерді бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу мүмкін.
Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі-дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалары арқылы байланыстырылып қойылған.

Содержание

І. Кіріспе
Жергілікті желі және Интернет
ІІ. Негізгі бөлім:
ТСР/ІР жүйелік хаттамасы
World Wide Web (WWW). Веб-бет. Гиперсілтеме
Internet Explorer.
Веб-бетті іздеу. URL адрестері.

ІІІ. Қорытынды
Мәліметтерді құру және жәберу.
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Интерфейс.doc

— 432.50 Кб (Скачать)

Жоспар:

І. Кіріспе

Жергілікті желі және Интернет

 

ІІ. Негізгі  бөлім:

    1. ТСР/ІР жүйелік хаттамасы
    2. World Wide Web (WWW). Веб-бет. Гиперсілтеме
    3. Internet Explorer.
    4. Веб-бетті іздеу. URL адрестері. 

 

ІІІ. Қорытынды

Мәліметтерді құру және жәберу.

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті  желі және Интернет

Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып. Бір-бірімен информация алмасатын  жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес, олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да? Оны Сервер деп атайды.

Түрлі жергілікті жүйелерді  бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу мүмкін.

Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі-дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалары арқылы байланыстырылып қойылған. Ғаламдық желілерді  Интернет (Internet) желісі деп атайды (inter –халықаралық, network-желі). Яғни Интернет- түрлі елдердің миллиондаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық компьютерлік желі.

Мұнда Интернетке қосылған компьютер сервер арқылы желіге қосылған кез келген компьютерге түрлі  мәлімет жібере және өзіне жіберілген мәліметті қабылдай алады.

Компьютерлік желілер  жергілікті (бір ұйымдық), аймақтық және дүниежүзілік болып түрлі түрге бөлінеді. Аймақтық желі Intranet желісі деп аталады, оның Internet желісінен айырмашылығы жоқ, тек ерекшелігі –оның компьютерлері арнайы бір жұмысқа арналған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің компьютерлері Intranet желісі бойынша жұмыс істейді.

Интернетттің артықшылығы-ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер:күнделікті саяси жаңалықтар;медицина саласында, коммерциялық және банкілер саласындақызмет көрсету;спорт саласындағы соңғы жаңалықтар;мекемелердің адрестері сияқты түрлі мәліметтер; қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. Электрондық оқулықтар сияқты күрделі мәліметтержастардың кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз.

Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғаласын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме –провайдер атаулы  коммерциялық компания. Компаниямен шарт жасасып, Интернетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңзді (логин), телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.

Windows-тың жұмыс үстелінен  Internet белгішесін екі рет шерткен  кезде, алғашқы рет Интернетті  бапқа келтіру  терезесі көрінеді.. оларға провайдермен келіскен жоғарғыдай шартбелгілер енгізілсе, Internet Explorer терезесі көрінеді. Интернетке жалғанған жеке компьютерді Internet Explorer-ге бірден қосуға да болады.

 

ТСР/ІР жүйелік хаттамасы

Интернетпен жұмыс істейтін арнайы серверлерге  соңғы ғылыми-техникалық жаңалықтар, бизнестік мәліметтер, дүние жүзіндегі ауа-райы және т.б. үлкенді-кішілі мәліметтер, файлдар енгізіліп қойылады. Серверлерге күнделікті жаңа мәліметтер де қосылып тұрады.

Әдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір программалық  жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар  Интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол-жүйелік хаттама (протокол) деп аталатын TCP/IP атаулы жіберу тілі. Яғни TCP/IP – Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың қызметі-сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсіну үшін оған  тақырып атын және жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою.

Windows 95 не Windows 98 –де Internet  белгішесін іске қосқан кезде  Интернеттің барлық қосылғыштары TCP/IP-мен бірге қосылып қойылады.  TCP/IP-нің қосылулы тұрғанына көз  жеткізу үшін  -тың Басқару  Панелі терезесін ашып, «TCP/IPорнатулы» хабары көрінеді.

World Wide Web (WWW). Веб-бет. Гиперсілтеме

Интернет тек дүние  жүзілік желі емес, оның жұмысы –  информациялық кеңістікке түрлі  форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990 жылдардан бастап шыға бастаған «Дүние жүзілік өрмек» - World Wide Web (WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web деп атайды. Веб-тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер. Веб-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдалынылады. Яғни Веб беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады. HTML-дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптары мен абзацты белгілеу, гипермәтінге арнайы белгілер орнату.

Веб-беттер – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Веб-беттерді мынадай түрде дайындау мүмкін.:

    • факультет атаулары, мамандықтар;
    • кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;
    • әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.

Веб-те бір тақырыпқа  арналған Веб-беттерді ретімен не

оларды байланыстырып көрсету де мүмкін. Соңғысын Веб-түйін деп атайды.

Веб-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Веб-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген Веб-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Веб-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Internet Explorer.

Веб-беттерді және файл түрінде  сақталған мәліметтерді түсінікті  түрде экранға шығару жеңіл емес. HTML форматында дайындалатын Веб-беттерді іздеп және оларды қалыпты жағдайға аударып, экранға шығаруға арналған браузер атаулы арнаулы программалар бар. Қазіргі кезде олардың ішінде көп пайдаланылатыны – 3.02, 4.0, 4.01, 5 нұсқалы Microsoft Internet Explorer (IE) программасы. Ол Windows 95 пен Windows 98-дің құроамына стандартты программа түрінде енгізілген. Оны Веб шолушысы деп атайды. Алғашқы рет ашылған Explorer терезесінде «Интернетке қош келдіңіз» тақырыбы енгізілген. Веб-беттің көрінуі мүмкін. Ол үшін ІЕ терезесіне http://WW home. microsoft.com/int/ru/ адресін енгізуге де болады.

Веб-бет пен гиперсілтеме астында  көрсетілген. Терезеде бір Веб-бет жүктеулі тұр. Асты сызылған мәтін – гиперсілтеме. Оны шертіп, келесі Веб-бетті экранға шығаруға болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

Веб-беттерге өту мен  қайтуды терезенің аспаптар панелінің Кейін, Алға түймелері арқылы орындау да мүмкін:

- Кейін түйіндемесін ретімен басу арқылы жұмыс істеп отырған күші маршрут бойынша Веб-беттердің алдыңғысына өтуге, тіпті олардың ең бастапқысына жетуге болады;

- Алға командасы Кейін командасын берген соң одан соңғыларына қайтып оралу үшін беріледі.

Аспаптар панеліне көптеген басқа түймелер де орнатылған. Тақтату, Жаңарту, Негізгі бет, Іздеу, Пошта, Шрифт, т.б. ІЕ қосылған кезе көрінетін Веб-бетке қайтып оралу үшін Негізгі бет (Үйге) түймесін шерту жеткілікті.

Түрлі серверлерде Веб-беттер символдары түрлі кодтар бойынша жазылуы  мүмкін. Қабылданған Веб-бетті оқи  алмасаңыз, ІЕ терезесінен Сервер-Шолушы қасиеттері командасын беріп, ашылған терезенің Веб-бетінің шрифтері өрісінен қажетті қазақ қаріптерінің атауын таңдау керек. Одан әрі ОК түймесін шерту жеткілікті. Алғашқы шыққан ІЕ-де терезесінің төмеңгі оң жағында орнатылған Шрифт түймесі, осы түймені шерткен кезде Шрифт кодтары тізімі көрінеді:

Орталық Еуропа  (Windows – 1250)

Кириллица   (Windows – 1251)

Кириллица    (KOI8 – R (КОИ-8 коды) т.б.)

Тізімнен қажетті код  таңдалатын. Одан әрі Сыртқы түр-Шрифтер командасын беріп, көрінген тізімнен (Өте ірі, Ірі, Орташа, Майда, Өте майда) қажеттісі ерекшеленетін. Ол терезеде көрінген қаріптерді үлкейту не кішірейту үшін қажет.

Веб-бетті іздеу. URL адрестері.

Интернеттен қажетті Веб-бетті  іздеу оңай жұмыс емес. Ол үшін ІЕ терезесінің Іздеу түймесі пайдаланылады. Түйме шертілген кезде көрінген терезеде іздеу серверлерінің атаулары көрінеді. Олардың бірін таңдап, терезесін экранға шығару керек. Егер Іздеу терезесіның сәйкес өрісіне кілттік сөздер енгізіп, оның Іздеу түймесін шертсеңіз, сұранысқа сәйкес мәлімет көрінеді.

Көптеген Веб-беттерді іздеп табу үшін не іздеуге арналған Веб-север терезесін экранға шығару үшін ІЕ терезесіне олардың адрестерін енгізу жеткілікті. Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL адрестеріне мысалдар:

    1. http://www.internet.ru
    2. http://www.microsoft.com/ie_intl/ruie40/download
    3. http://www.intellicast.com/weather/intl
    4. http://www.microsoft.com/games

Жоғарыдағы URL адрестерінің сол жағына жазылған http:// –

Веб-ке ену кілттік  сөзі, одан әрі бірінші қиғаш сызыққа  дейін жазылғаны – торап серверінің адресі. Қиғаш сызық араларында жазылатындар – каталогтар мен ішкі каталогтардың жазылуы, ең соңында файл аты жазылуы мүмкін. Іздеу жүйесін экранға шығару үшін оның адресін ІЕ терезесіне енгізуге де болады.

Әдетте Веб-бет мәтіндік редактор терезесінде теріледі. Дискіде сақтау үшін сақтау терезесінде HTML құжаты типін ашып, Файл-Түрінде сақтау командасын беру керек. Файл html не htm кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады. Файлды ашу командасы әдеттегідей: Файл-Ашу.

Ескерту.

    1. Интернетте адрестердің көпшілігі тез ескіріпкетеді.

Жоғарыдағы адрестер тек олардың қалай құрылатынын көрсету үшін ғана жазылады.

2. Қажетті адресті білу үшін Іздеу терезесін ашып, онда көрінген адрестер сақтаулы жүйелердің бірін таңдау керек. Internet Explorer терезесінің Адрестер өрісін ашып, қажетті адресті таңдауға да болады.

Файлды  тасымалдау хаттамасы (FTP)

Интернет серверінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады.

Файлдар барлық компьютер  серверлерінде сақтала берілмейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер бер: Оларды FTP-серверлер деп атайды.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

FTP серверімен сеанс  кезінде бірнеше бет құжат құжат алған болсаңыз, аспаптар панелінің Кейін және Алға түймелерін пайдаланып, құжат бойынша әрі-бері жылжуға болады. Тоқтау түймесі шертілген кезде, FTP-серверімен байланыс үзіледі.

Егер де басқа FTP-серверге ауысқаңыз келсе, ІЕ терезесінің Адрес өрісіне оның адресін енгізіп, Енгізу пернесін басу жеткілікті. Не өрістің оң жағына орналасқан тілсызық түймесін шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдап алуға болады.

Басып шығару түймесі арқылы не Файл-Басып шығару командасын беріп, экранда көрінген бетті басып шығу қиын емес. Егер беттің қарпін өзгерту қажет болса, оны Шрифт түймесі арқылы орындау керек. Тәсіл Word мәтіндік редакторындағы сияқты.

Телеконференциялар

Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын  жаңалықтар тобы телеконференция деп атайды. Мысалы, бір тақырыпқа байланысты жіберілген мәліметтер тобы серверге келіп түседі де, ол оны өзіне «жақын» серверлерге тартады. Олардың да мәлімет тарату жолы осылайша. Осы себепті, бір серверден жіберілген мәліметтер дүние жүзіне тарап кететінін түсіну қиын емес. Оны оқуға және жауап беріп, пікір-талас ұйымдастыруға да болады. Жаңалықтар тобының Телеконференция деп аталуы осы себепті.

Телеконференция жұмысы Сервер деп аталатын арнайы программа арқылы ұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін ІЕ терезесінен Жаңалықтар-Жаңалықтарды оқу командасын беру керек пе Жаңалықтар түймесін шертуге болады. Windows 95-те телеконференциямен дұмыс істеуге арналған программаның аты – Internet News, ал Windows 95-де – Outlook Explorer.

Мұндағы ескеретін жайт: серверге келіп түскен телеконференциялық хаттар, мәліметтер көп орын алмауы үшін біраз уақытөткен соң өшіріліп отырады. Сондықтан жиі-жиі компьютерге келіп түскен жаңалықтармен уақтылы танысып отырған жөн.

Электрондық пошта. Internet Mail

Электрондық пота (ЭП) – компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметте сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті ЭП-ның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз.

Windows 95-ке ЭП-мен жұмыс  істейтін Internet Mail (ІМ) не Internet News (IM and News) және басқа стандартты программалар енгізілген. ЭП программасы Internet Explorer-дің 3, 4 нұсқаларының қосымшасы түрінде де қарастырылған.  Explorer 4.0.-де және Windows 98-де ЭП Outlook Express 5 деп аталады. Оның ЭП-дан қарағанда мүмкіндігі мол және ыңғайлы.

Информация о работе Жергілікті желі және Интернет