Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)
fy">ІІІ топ – ішкі шаруашылықтық жүк тасымалдау пунктілері – шаруашылық орталықтары мал фермалары, басқа ірі өндіріс объектілері.

ІV топ – ауыспалы егістік алқаптары, көпжылдық өсімдіктер, мал азықтың алқаптыр.

Жүк айналымы – ішкі шаруашылықтық және сыртқа жүктер мен адамдарды тасымалдау.

Жалпы және тауарлық өнімнің мөлшері белгісіз болғанда олар шаруашылықтың келешек болжам жоспарларын 40-50% көбейте отырып алынады, немесе есептеу арқылы. Ол үшін а/ш кәсіпорындарының статистикалық есеп беру материалдарын зерттеу отырып анықталады. І топ жолдарына 10-15 жылдық, ІІ топқа 5 жылдық деректер жиналады. Ал басқа топтарға – қазіргі кездегі деректер алынады.

Жолдың орташа жылдық жүк тығыздығы дегеніміз – белгілі бір учаскемен бір жылда өтетін барлық жүктердің жалпы мөлшері. Ол транспорттық байланыс схемасы бойынша жол бөлектері бойынша (өтетін) тасылатын жүктердің қосындысы ретінде анықталады.

Сол схема арқылы ішкі шаруашылықтық жолдардың ең экономикалық нәтижелі бағыттары анықталады және осы жолға басқа жүк тасымалдау пунктілерімен келетін кіріс жолдары белгіленеді. Жолдардың бағытын анықтағанда ортақ пайдаланудағы және жамылғысы бар жолдар, қоршаған орта есепке алынады. Жолдан биік жерлер, жер бедері күрделі емес жерлер арқылы өтеді. Жолдар, құнды а/ш-тық алқаптар арқылы неғұрлым аз өтуі керек.

Жолдың категориясы және жамылғысының типі – олардың мәніне, құрылыс материалдарының бар болуына, автомобильдер жүрістерінің қарқындылығына және жолдың жүктасымалдау тығыздығына байланысты таңдап алынады.

                                                

                                             560т

                                                250т

                    100 т

                                                                 310 т

                        150т                                 

                                              105 т

                                                                  205 т

Жерге орналастыру жобасында жолдың тек қана бағыты анықталады, ал жол салу үшін жоба жұмыс жобасы ретінде жасалады.

Негізгі мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыстардың объектілерін орналастыру.

Мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыс объектілеріне суарылатын және құрғатылатын жерлер алқаптары, тоғандар, су қоймалары, лимандар негізгі магистралдық каналдар, коллекторлар және ьасқа ғимараттар жатады.

Оларды орналастырғанда шаруашылықтық тиімді болуына, жерді неғұрлым нәтижелі пайдалануға және техникалық нормативтерге және ережелерге сәйкес болуларына тырысады.

Нег.: 1. [71-73], 2. [84-92].

Қос.: 2. [92-94].

Бақылау сұрақтары:

1. Шаруашылық жерін орналастыру жобасын жасағанда қандай территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілері орналастырылады?

2. Террияторияны инженерлік жабдықтауды жобалағанда қандай талаптар қойылады?

3. Автомобиль жолдарының категориялары және оларды қандай техника-экономикалық көрсеткіштермен анықтауға болады?

4. Ішкі шаруашылық жолдарын, су шаруашылықтық объектілерін және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру варианттарын бағалауда қандай көрсеткіштер қолданылады?

5. Ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру жобасында территорияны жабдықтандырудың негізгі инженерлік объектілерін орналастыру және оны негіздеу

 

№12 Дәріс. АЛҚАПТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК, ОНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.

12.1 Алқаптарды ұйымдастыру

Алқаптарды ұйымдастыру дегеніміз - оларды экономикалық тиімді және экологикалық нәтижелі құрамға және өзара ара қатынасқа келтіру және аймақта орналастыру.

Жобаланған а/ш алқаптардың құрамы, ара қатынасы және орналасуы келесі талаптарға сәйкес болулары керек:

-              табиғи қасиеттеріне байланысты барлық жерлер нәтижелі пайдаланулары тиіс;

-              эрозиялық процесстер тоқтатылып, олардың болмауына әсері тиюі керек;

-              әрқашан алқаптардың өнімділігі орнына келтіріліп, жақсарылуы тиіс;

-              алқаптарды ұйымдастыру жоба шешімдері белгіленген мамандыққа сәйкес болуы тиіс;

-              мал азығын қамтамасыз етуді;

-              өнімді тасымалдауға және сақтауға аз шығын шығуды қамтамасыз етуі;

-              өндірістің өнімділігін көтеруге;

-              а/ш алқаптардың ішкі территориясын ұйымдастыруға ыңғайлы жағдай жасау.

 

12.2 Алқаптарды ұйымдастырудың әдістемесі жайында түсінік, оның шешетін мәселелері және мазмұны.

Өндірісте   пайдалануына және табиғи қасиеттеріне байланысты жер пайдаланымдар әртүрлі пайдаланым алқаптарына бөлінеді.

Пайдаланым алқаптары дегеніміз әрдайым белгілі бір өндірістік және басқа қажеттілікке пайдаланылатын, табиғи, тарихи қалыптасқан ерекшеліктері бар, немесе кейін пайда болған қасиеттері бар жер массивтері.

Әр жер алқабы өсетін өсімдіктерімен, олардың сапасымен, суланғандығымен, жер беті бедерінің элементтеріне орналасуымен, өндірісте пайдалану ерекшеліктерімен бөлектенеді (айырықшаланады).

Қазіргі классификация бойынша әрдайым ауылшаруашылықтық өндірісінде қолданылатын ауылшаруашылықтық алқаптарға егістік, шабындық жайылым, тыңайтылған жер, көпжылдық өсімдіктер жатады.

Ауылшаруашылық  алқаптар бойынша ГОСТ бекітілген (мемлекеттік стандарт Мем.СТ)

Ауылшаруашылық алқаптардың құрамы табиғи – климаттық жағдайға өте тығыз байланыста. Жылдық орташа жауын-шашынның мөлшері 100мм аспайтын жерлерде жыртылған жер 10-13%.

Дәнді-дақыл өсіруге ығалдылығы жеткілі солтүстік аудандардың жерінің құрамында 72% - жыртылған жер.

Қалыптасқан ауылшаруашылық алқаптардың құрамы шаруашылықтардың мамандығына әсерін тигізеді.

Егістік үлесі 70-80% солтүстікте дәнді-дақыл өсіретін шаруашылықтар көп, ал мал өсіретін шаруашылықтарда мал азықтың алқаптардың үлесі өте жоғары.

ҚР егістіктің үлесі 15.8% қана көпжылдық өсімдіктер 0.1 млн. га алып жатыр.

Тыңайтылған жердің үлесі егістіктен шығарылған жерлердің мөлшеріне өсті.

Жобаның бұл құрам бөлігінің негізгі міндеті жерді жоғарғы тиімділікте пайдалануға және қорғауға жағдай жасау үшін алқаптардың тиімді ара қатынасын және орналасуын белгілеу.

Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшу - трансформация деп аталады. Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру және а/ш алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.

ҚР өкіметінің №1262 шешімі (14 қазан 1996ж.) бойынша трансформация жасау үшін жер пайдаланушының өтініші немесе жергілікті атқару органының инициативасы болу керек.

Ауылшаруашылық жерлері екі қүрамдас бөліктен тұрады:

1.              Ауылшаруашылықы жерлері.

2.              Ауылшаруашылық алқаптарына жатпайтын жерлер.

Ауылшаруашылықына жүйелі түрде ауылшаруашылық өнімін алу үшін қолданылатын алқаптарды ауылшаруашылық алқаптары дейміз. Оларқа: жыртылқан жер, көпжылдық көшеттер, шабындық, жайылым, тыңайқан жерлер жатады.

Егістік алқаптар – ең қымбат өнімді алқаптар. Ондай жерлерге құнарлылығы жоғары жүйелі түрде ауылшаруашылық мәдени дақылдарын егетін жерледі жатқызамыз. Соның ішінде пар жатады.

Көп жылдық екпе ақаштар – ол жерлерде ағаш, көшеттер, көпжылдық өсімдіктер өседі. Мұнда жеміс-жидек өсіріп, өнім алады. Сол сияқты дәрі-дәрмек дақылдары өсіріледі.

Ауылшаруашылық алқабына орман және бұталарды жатпайды.

Тыңайқан жер – жер учаскесі, бұрын жыртылған жер ретінде пайдаланған және бір жылдан артық уақытта ауылшаруашылық дақылдары егілмеген болса немесе пар астында пайдаланса, оны тыңайқан жер деп атаймыз.

Шабындық – жер учаскелері жақсы көгалданған, жақсы суарылқан, ылғалданған, қолдан суаруға келетін жерлер жатады. Ол жерден өсімдікті жүйелі түрде алып отыруға болатын пішендеме және т.б. мал азығын дайындауқа болады.

Жайылым – жүйелі түрде мал жаюқа болатын жерді алады. Табиғи түрде ол еңіс жерлерде, ылғалданған далалы, жартылай қалуы, аз қүнарлы, тұзданқан тасты жерлер болады.

Ауыл шаруашылықына жатпайтын жер алқаптарын шартты түрде 2-ге бөледі.

1. Ауыл шаруашылықын кеңейту резересі болып табылады. Оларқа: көшеттер, батпақтар, қатты және өте қатты тұздалған жерлер, құмдар т.б. жатады.

2. Ауыл шаруашылықының 2-ші тобына қүрылыс орындары, су, жол, қорқаушы көшеттер, басқа жерлер.

Бүрынқы ауыл шаруашыллық айналымына, қазіргі ауыл шаруашылық жарамсыз жерлер жатады. Ауыл шаруашылық алқаптары барлық жер қорының 27 процентін қорқайды. Оның ішінде бақалысы егістік, көпжылдық екпе ақаштар 10 процент.

Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшуі трансформация деп аталады.

Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру және ауыл шаруашылық алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.

Өндірістік мақсаты жерді пайдаланудың қарқындылығын арттыру, топырақ қүнарлығын арттыру, ең жоғарғы өнім алу.

Алқаптарды трансформациялаудың негізгі талаптары болып мыналар табылады:

- ауыл шаруашылық алқаптарының ауданын көбейту;

- ауыл шаруашылық алқаптарын пайдалану қарқындылығын анықтау;

- жыртылқан жер немесе басқа жоғарғы өнімді алқаптарының ауданын үлкейту;

- ұсақ контурлы учаскелерді тарату немесе жою және конфигурациясын жақсарту;

- инженерлік жол және ішкі шаруашылық құрлыстар сонымен қатар эрозияқа қарсы және табиғат қорқау шаралары бойынша учаскелерді белгілеу.

Ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту учаскелерді бір алқаптан екінші алқапқа ауыстыру үшін мелиоративтік немесе мәдени техникалық шараларды жүргізу арқылы олардың физико-химиялық жақдайын жақсарту және топырақ қабатын басқада қасиеттерін, жердің кеңістік қасиеттерін осының арқасында осың пайдалануын интенсивтік жоқарылату.

Осындай жобалардың ең басты процесі ауыл шаруашылық емес және ауыл шаруашылық алқаптарын трансформациялау, әсіресе жоқары өнімді максимальды көбейту мақсатымен жасалынады.

Мәдени-техникалық шараларқа мыналар жатады:

- мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту;

- ауыл шаруашылық алқаптарының өнімділігін жоғарылататын әртүрлі шараларды қолдану;

- орманды ақаш көшеттері және түбіртіктерді жою;

- ор, каналдарды көму, ойыс жерлерді тегістеу;

- үйінділерді жазу.

Мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту дегеніміз – бұл аз өнімді алқаптарқа жасанды дақылдар мен айырбастап егу. Бұл үшін жерді жыртып, мәдени-техникалық шараларды жүргізіп, көпжылдық шөпті егу.

Жеңіл жақсарту – бұл мал азықтық алқаптарды жер бетінде бақалы мал азықтық шөптері сақталмақанда мәдени-техникалық шараларды жүргізу барысында орындалады.

Нег.: 4. [72-79]

Бақылау сұрақтары:

5)      Жер пайдаланудың кемістіктері жайында айтып беріңіз.

6)      Жер пайдаланудың кемістіктері қалай түзетіледі?

7)      Шаруа шаруашылығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?

8)      Кемістіктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?

 

Дәріс№13. АУЫСПАЛЫ ЕГІС ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.

13.1 Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру

Егін егудің ғасырлар бойы жиналған тәжірибесіне және ғылыми ұсыныстарға сәйкес ережелері бар. Сол маңызды  ережелердің бірі белгілі танапта ұдайы бір дақылды екпеу. Бұлай еге беруді монокультура деп атайды. Ол зиянды, өйткені әрбір өсімдіктің топырақтан алатын және қалдыратын химиялық заттары өзгермегендіктен, топырақтың құнарлығы осы өсімдік үшін жылдан жылға нашарлай береді. Демек, бұл егістің түсімділігін төмендетіп жібереді. Олай болдырмас үшін әр танапта егілетін өсімдік жыл сайын, ал кейбір жағдайда 2-3 жылда өзгертіліп тұрады. Бұл өзгерістің ретін әр өсімдіктің топырақтың химиялық құрамыннан алатын және онда қалдыратын заттарын ескере отырып жасайды. Әрбір келесі егілетін дақыл бұрынғы егілген дақылдың топырақта қалдырып кеткен қолайлы химиялық заттарын пайдалана алуы керек. Танапта бірнеше жылдың ішінде егілетін өсімдіктердің бірінен соң бірінің ауысу ретін агрономдар осы талапқа сәйкестендіреді. Сонымен, белгілі бір танапта егілетін өсімдіктердің түрлерінің жыл сайын өзгеріп отыруын, ауыспалы егіс деп атайды.

Ауыспалы егістің аты танаптың санына және басты дақылдың түріне байланысты болады. Мысалы, егер ауыспалы егістің құрамындағы дақылдардың басым көпшілігі астық өсімдіктері, ал танаптарының саны бесеу болса бұл бес танапты астықты ауыспалы егіс деп аталады.

Ауыспалы егіс үнемі жоғары түсім алу, топырақтың құнарлығын сақтау және жақсартып отыру мақсатында колданылады. Ол егін шаруашылығы жүйесінің арқауы болып есептеледі. Ауыспалы егістің түріне сәйкес барлық ұйымдастырулық-экономикалық шаралар белгіленеді. Сондықтан, ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдарын, адам  күшін  ұтымды пайдалану, яғни осы саладағы өндірістің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті жағдай болып есептеледі.

Информация о работе Жерге орналастыру