Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

Кт = Бн/ Борт

бұнда: Бн – бөліген нақты учаскенің балы.

Құрамына әртүрлі алаптар кіретін учаске үшін төлемнің жалпы көлемі мына фopмyла арқылы табылады:

Ш = (П1 х Кт1 x Kci х К) + (П2 х Кт2 х Кс2 х К)....;   

бұнда:
Ш – төлемнің жалпы көлемі, теңге;

П1, П2 -    алынған алаптардың аудандары, га;

КТ1, КТ2 -    алаптардың сапасын ескеретін түзету коэффициенттері;

КС 1, КС 2    алаптардың суармалы жерлермен теңестіретін коэффициент;

К - 1 га жаңа жерлерді игеруге қажетті қаржылардың құны, теңге.

Бірінші кезекте мемлекет сонымен бipгe ауылшаруашылығы жоғалтатын кірісті есептеген жөн. Бұл кірістің көлемін анықтауға Семин Л.С., С.Б. Ляшенконың формуласын қолайлы деп санайды:

Ш = ДхНхАхК;

бұнда: Д-жылдық таза кipic, теңге/га;

Н - алынған учаскенің ауданы, га;

А – шығынды өтеу мерзімі, жыл;

К - жобалау мерзімде ауылшаруашылық өндірістің тиімділігінің коэффициенті.

Бұл бағытта С.А. Ткачук пен Я.Я. Маульдің де еңбектері танымал. Олардың пікірінше жер учаскелерін алуға мүдделі кәсіпорындар мен мекемелер осы жөнінде жер беруге құқығы бар жергілікті әкімшіліктерге алдын ала өтініш жолдауға тиісті. Бұнда объекті салуға белгіленген учаскенің пайдалану мерзімі, шамамен алғандағы ауданы мен орналасуы көрсетіліп негізделеді. Құжаттар әкімшіліктің қарауына табыс етіліс осы органмен бекітіледі. Осының негізінде жобалау - іздестіру жұмыстары қаржыландырылады және жүргізіледі.

Жоба бекітіліп, салынатын объект құрылыс жоспарына енгізілгеннен кейін мүдделі кәсіпорын, мекеме, ұйым жергілікті әкімшілікке алдын ала келісілген жерді сұрап  өтініш жолдайды. Жерді иелену немесе тұрақты пайдалану құқығы мемлекеттік актімен, ал уақытша пайдалану немесе арендалау құқығы шартпен куәландырылады.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы мынандай жағдайларда жүзеге асырылады деп саналады:

-  кәсіпорындар жобада көрсетілген мерзімде берілген жерлерді пайдалануға кіріскенде;

- белгіленген мерзімнің ішінде жобада қамтылған жердің пайдалануымен байланысты шаралар жүзеге асырылғанда.

Нег.: 1. [44-52];

Қос.:5 [23-32]

Бақылау сұрақтары:

1)   Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды анықтау қандай жүйелікте анықталады?

2)   Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес салмағын көрсет?

3)   Жерді қорғау жөніндегі шаралардың маңыздылығын ата.

4)   Ауылшаруашылық өндірістің шығындарын өтеу проблемасы жөнінде теорияларға кімдер үлесін қосты?

 

Дәріс№8. ЖЕРДІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Жерді  қорғау ұғымы және  оны жүзеге  асыру жөніндегі  шаруааралық жерге орналастырудың міндеттері;

1.   Жерді қорғаудың негізгі бағыттары;

2.   Рекультивация туралы ұғым;

3.   Жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және жерге орналастыру жерге  орналастыру жобаларын жүзеге асыру.

Жер-              кеңістікте және сапа жағынан шектелген табиғи зат, өндірістік ресурс. Оған бас заттарға сияқты бip қатар қасиеттер тән. Олардың ішінде: топырақ қыртысы, өсімдік жамылғысы, қойнауы, сулары және кеңестік қасиеттері. Бұлардың адамзат тіршілігі мен қоғамдык өндірісі үшін маңызы бағасыз. Сондықтан жердің бұл қасиеттерін үнемі арттырып отыру қоғамның ең күрделі міндеттерінің бipi. Бірақта аталған мәселені жүзеге асыру үшін қыруар қаржы қажетті, ал жерді қорғау жөніндегі шаралар зор көлемде шығындарды талап етеді. Сонда неден, қандай ic- әсep мен құбылыстардың жерді қорғау керек? Біріншіден, ысырапты жұмсау мен таратудан. Екіншіден, тиімсіз және ұтымсыз пайдаланудан. Үшіншіден, бү              лінуден, ластанудан және басқа жердің сапасына тepic әсер ететін құбылыстардан.

Жер мен айнала ортаны қорғау мәселесі жердің пайдалынуын ұйымдастыруымен өзара байланысты. Сондықтан ол жерге орналастырудың ең маңызды міндеттердің бipi болып табылады. Дұрыс жобалық шешімдердің қабылдануы тек осы екі меселе бip уақытта және өзара байланысты түрде қаралғанда ғана қамтамасыз етіледі. Ос              ы арада жерді және айнала ортаны қорғауға қатысты жерге орналстырудың мақсат -міндеттерін қаралық:

- ұтымды экологиялық тепе-теңдікке сай алаптардың құрамын қамтамасыз ету;

-          жердің өндірістік қасиеттерін арттыруға қолайлы жағдайларды жасау;

-          жердің  кеңестік қасиеттерін ескере отырып, жер пайдаланушылықтар мен олардың межелерін  дұрыс орналастыру;

-         территориялық айнала ортаға бейімделген реттілігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 169 бабы бойынша: «Жерді қорғау, оны ұтымды пайдалануға. Ауылшаруашылық айналымның негізсіз шығарып тастауды болғызбауға, зиянды антропогендік әсерлерден қорғауға, сондай-ақ топырақ құнарлығын, шабындықтардың, жайылымдардың және орман қоры жерінің өнімділігін қалпына келтіріп арттыруға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқықтық және басқа шаралар жүйесін қамтиды». Кодекстің осы бөлінің 176 статьясында республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін жер қорғау жөніндегі шаралар мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен, ал жер иеленушілер мен пайдаланушыларға берілген нақты жер учаскелерін жақсарту жөніндегі жұмыстар соларды қаржы есебінен жүзеге асырылады делінген.

Жердің               пайдалануы мен қорғалуы зор мемлекеттік және қоғамдық міндет болып табиғи мемлекеттік тарапынан бұны жергілікті әкімшіліктерің жерге орналастыру қызмет та              биғат қорғау органдары және арнайы уәкілдік берліген басқада органдар жүзеге асырады.

Өзгерістерді уақтылы анықтап, оларға баға беру, келеңсіз процестер зардаптарының алдын алу               мен оларды жою үшін жер қорының жайын кадағалап отыру жүйесі жер мониторингі деп аталады. Жер мониторингінің құрылымын, мазмұнын және жүзеге асырылуы тәртібін Министрлер кабинеті белгілейді.

Жалпы  алғанда жерді қорғау жөніндегі шаралар үш бағытта жүргізіледі. Олар: құқықтық экономикалық және техникалық. Егерде біріншілері жерді қорғау жөніндегі шаралардың құқықтық және экономикалық негіздерін қамтамсыз етсе, соңғысы ол шаралардың жүзеге асырылуының нақты жолдары мен әдістерін қарастырады.

-  қайтара жер пайдалану үшін төлем;

-          экологиялық тұрғыдан таза жер пайдалануды ынталандыру үшін төлем;

-          ауылшаруашылық өндірістің территориялық реттілігі бұзылғаны үшін төлем.

Әрине, басқа ұсыныстар да баршылық бірақта біздің ойымызша, осының өзі проблеманың шешілуін жеткілікті түрде қамтамасыз етуге тиісті.

Жалпы алғанда, экономикалық шаралардың түпкі мақсаты жерлердің ұтымды және тиімді пайдалануын ынталандыру.

Құқықтық және экономикалық бағыттағы шаралар жерді қорғау жөніндегі техникалық шаралар құқықтық және экономикалық алғы шарттарды жасайды. Нақты техникалық шаралар арқылы бүкіл жерді қорғау жөніндегі ic-әрекеттер жүзеге асырылады. Осы мақсатпен әртүрлі шаруааралық жобаларда мынандай бip қатар техникалық шаралар ескеріледі:

-          жаңа жерлер ауыл шаруашылық айналымға енгізілгенде экономикалық тепетеңдіктің бұзылмауы қамтамасыз етіледі;

-            жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың ұтымды орналасуы мен тиімді алаптың құрамы іздестіріледі;

-          жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың межелері эрозияға және басқа қолайсыз құбылыстарға қарсы бағытталған талаптарға сай жүргізіледі;

-          суармалы алқаптарды орналастырғанда олардың туздануы  және т.с.с. теріс ықпалдарға ұшырауы ескеріледі;

-          шаруашылық орталықтар және басқа өндірістік объектілер экологиялық талаптар ескеріле отырып орналастырылады;

-          тағы да басқа көптеген осылар тәріздес және осы  мақсаттағы ic-әрекеттер ескеріледі.

Бұл тек шаруааралық жерге орналастыруда қамтылатын шаралар.

Сонымен жалпы алғанда, жерді қорғау - бұл ұйымдастыру шаруашылық, құқықтық, экономикалық, техникалық және басқа жерді сақтап қалуға, қалпына келтіруге, утымды  пайдалануға, талан-тараждан қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

Жер әртүрлі ауыл шаруашылық емес мақстатарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабаты бүлінуі мүмкін. Бүлінген жер - адамның өндірістік ic- әрекетінің салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан, айнала ортаға ықпал тигізетін жер учаскелері.

Жер кодексінің 170 бабында «Жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар, соның ішінде арендаушылар топырақ құнарлығы, сондай-ақ жерің басқа да қасиеттерін қалпына келтіру мен арттыруды жүзеге асырады» делінген. Осымен қатар олар, бұл статья бойынша бүлінген жерлерді рекультивациялауға тиісті.

Рекультивация - бүлінген жерлдердің биологиялық өнімділігі мен халық шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік- техникалық, мелиоративтік, агоротехниаклық және т.с.с. шаралардың кешені. Сонымен қатар рекультивацияның міндеттеріне айнала ортаның халахуалын жақсарту да кіреді. Рекультивацияға карьерлер, олардың үзінділері және сондай көптеген жерлер жатады. Алғашқы қалпында келтірілген жер учаскелері ауыл шаруашылық алаптарға, ормандарға, су қоймаларына немесе демалыс зоналарына айналдырылуы мүмкін.  Ондай мақсаттарға жарамсыз жерлер әртүрлі құрылыс жүргізуге пайдаланылады.

Рекультивация жөніндегі жұмыстар екі кезекте жүргізіледі:
а) техникалық рекультивация;
е) биологиялық рекультивация.

Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезек жерді тегістеуді, керекті жағдайларда химиялық мелиорацияны жүргізуді, жол, гидротехникалық және басқа инфрақұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Биологиялық рекультивацияның міндеті жердің құнарлығын қалпына келтіру. Ол үшін әртүрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар жүргізіледі. Соңғы мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, шаруашылық өнімділігін қалпына келтіру.

Нег: 1. [44-52];

Қос: 5 [23-32]

Бақылау сұрақтары:

1.   Жерді қорғаудың негізгі бағыттары.

2.   Рекультивация туралы ұғым.

3.   Жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және жерге орналастыру, жерге  орналастыру жобаларын жүзеге асыру.

 

Дәріс №9. ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.

9.1 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру – жерге орналастырудың бір түрі. Оның жобалау объектісі – ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорынның иелігіндегі, пайдалануындағы немесе арендаға алған жері, оны территориялық ұйымдастыру.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру дегеніміз ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік территориялық ұйымдастыру шараларының жүйесі: жерді, адамдардың еңбегін, а/ш  техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін.

Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында мына мәселелер шешіледі:

1) Топырақтың құнарлығын сақтау және жақсарту.

2) Ауылшаруашылық алқаптарды неғұрлым жақсы пайдалану жыртылатын жерлерді неғұрлым интенсивті пайдалану.

3) Эрозияны тоқтату және оның болмауына әсер ету.

4) Суарылатын   жерлерде   топырақтың  тұздалмауына  ирригациялық эрозияның болмауына әсер ету.

5) Мәдени ландшафтарды қорғау және жаңадан құру.

6) Жерді пайдалануда бос қалған жерлердің болмауына және шаруашылықты ұйымдастырудың прогрессивтік, ғылыми негізделген жүйелерін еңгізу үшін ұйымдастыру территориялық жағдай жасау.

7) Адамдардың жұмыс істеуіне, дем алуына, тұрмысын жақсартуға жағдай жасау.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының мазмұны табиғи және экономикалық жағдайларға және шешілетін сұрақтарға байланысты әр түрлі болады. Оған қарамастан ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының келесі шартты құрамды бөліктерге бөлуге болады:

1.   Өндірістің бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру.

2.   Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық немесе басқа инженерлі ғимараттарды орналастыру.

3.   Ауылшаруашылық алқаптарды ұйымдастыру.

4.   Ауыспалы егіс жерлерін және олардың терреторияларын ұйымдастыру.

5.   Жеміс-жидек және жүзімдіктер терреториясын ұйымдастыру.

6.   Мал азықтық алқаптардың терреториясын орналастыру.

 

9.2 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымы.

Негізгі құрамдары. Элементтері.

              1.              Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру. Өндіріс бөлімшелерінің құрамын, санын және мөлшерін белгілеу.

Орналастыру:

-              шаруашылық орталықтарын;

-              өндіріс бөлімшелерінің жер массивтерін.

              2.              Ішкі шаруашылық жолдарын, су шаруашылық және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру.

Орналастыру:

-              ішкі шаруашылық жолдарын;

-              жалпы шаруашылық объектілері мен территориялық инженерлік;

Информация о работе Жерге орналастыру