Жерг озин ози баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 00:02, реферат

Описание работы

Қазіргі заманда басқару қызметі қоғам дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, және ол өндіріс, қоғамдық процесстер, экономика, территорияның әлеуметтік сферасын басқарады. Басқару қызметі әрдайым жаңа даму кезеңдеріне ұшырап отырады. Өйткені аймақтарды және мемлекетті басқару жыл сайын жаңа дамуға негізделеді, шарлуашылық байланыстардың ауырлауы, тұтынушылардың тұтыну көлемі ұлғайды. Осы негізде ҚР экономикасын көтеру бағыттарының бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану болып есептеледі.

Работа содержит 1 файл

МАҚСАТЫ.docx

— 34.77 Кб (Скачать)

    МАҚСАТЫ:  Қазіргі заманда басқару қызметі  қоғам дамуының ең маңызды  факторы болып есептеледі. Басқару  қызметі әрдайым жаңа даму  кезеңдеріне ұшырап отырады. Өйткені  аймақтарды және мемлекетті басқару  жыл сайын жаңа дамуға негізделеді,  шарлуашылық байланыстардың ауырлауы, тұтынушылардың тұтыну көлемі  ұлғайды. Осы негізде ҚР экономикасын  көтеру бағыттарының бірі жергілікті  өзін-өзі басқаруды қолдану болып  есептеледі.

   Біздің  жұмысымыздың зерттеу обьектісі  шетелдегі жергілікті өзін-өзі  басқарудың құрылымы, даму бағыты және оны ҚР қолдану. Шетел мемлекеттерінің басқару жүйелерін сараптай отырып, студенттерге шет елдердегі жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде түсінік беру.

I. Шетелдегі  жергілікті өзін-өзі басқарудың  қалыптасу тарихы және өкілеттілігі.

1.1. Шетелдегі  жергілікті өзін-өзі басқарудың  тарихи қалыптасуы .

  Әрбір  саланың ғылыми дамуы әрдайым  өзгеріп отыруы үздіксіз процесс,  ол қазіргі мен болашақтың  өткен тарихпен өте тығыз байланысты  екенін еске түсіреді. Жергілікті  өзін-өзі басқаруныңда өз тарихы  бар. Көптеген оқулықтарда   жергілікті өзін-өзі басқару XVIII ғасырда пайда болды деген  деректер кездеседі. Бірақ оның  даму тарихы өте тереңде жатыр,  сондықтан оған тоқталып кетсек. Жергілікті өзін-өзі басқару XVI ғасырда пайда бола бастады. 

   1555 жылы IV Иванның жарлығымен жергілікті  органдар ұйымдастыру, құру басталды. Жергілікті органдар биліктің  қадағалауымен өз қызметтерін  атқарды. Бұл орган қызметіне  жергілікті жер старосталары, жер  иелері жіне осындаңы жақсы  деген адамдар тартылды. Олардың  билігі жергілікті жердегі барлық  қызметті жүзеге асырды: полициялық, қаржылық, экономикалық және соттық  билікті атқарды .

   XVII ғасырда  жергілікті өзін-өзі басқару бюрократизацияға  ұшырады: жергілікті билікке бұйрықтық  жүйе орнатылды. Оны әскерилер  атқарды, бірақ олар жергілікті жердің пайда тауып отырған саласын басқаруды өздеріне қалдырды.

   I Петр  кезінде жергілікті органдарға  қаржылық және экономикалық қызметті  атқаруға берілді, ал әскерилерге  полициялық қызметті басқаруды  қалдырды. 1699 жылы Мәскеуде бурмистрлік  палата құрылды, ол органдардың  сайлауы арқылы жүзеге асырылды. I Петр басқарған кезеңде жүргізіген  реформалар мемлекеттің жергілікті  өзін-өзі басқаруға араласуына  негізделді , бірақ бұл реформалар  жергілікті басқару органдарына  белгілі бір тәуелсіздік берді.

  Революцияға  дейін әкімшілік бөлумен жергілікті  басқарудың ең жоғарғы билігі  губерния болды, ол XVIII ғасырда  бекітілді. Губерниялар округ  пен уездерге бөлінді. Әкімшілік-территориялық  бөлудің ең төменгі бірлігі  болыстар болды. Осылардың барлығы  муниципалдық құрылым болып есептелді. 1929-1930 жылдары губерниялар жойылды  .

  Ұлыбританияда  жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің  англосаксондық моделі қолданнылады, ол XVIII ғасырдың басында құрастырылған.  Бұл моделдің ерекшелігі, үкіметтің  лауазымды тұлғалары жергілікті  өзін-өзі басқару органдарын әрдайым  қадағалап отырады .    

  Франция.  Жергілікті өзін-өзі басқаруды  ұйымдастыру негізгі принциптері  Францияда XVII ғасырдың аяғы мен  XIX басында енгізілді. Ол англосаксондық  моделге сүйене отырып құрастырылған.  Францияның жергілікті өзін-өзі  басқару негізгі атқарушы органдары  болып коммунналар есетеледі  .       

                 1.2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігі .

  Конститутцияға сәйкес әр муниципалдық құрылым жарғы қабылдауы  керек. Жарғыны муниципалдық құрылым өзі жасайды. Жарғы қабылданып, жарияланған соң ғана өз күшіне енеді:

- Муниципалдық құрылымның атауы,  құрамы, территорияның шекаралары, символдары.

-Муниципалдық  құрылым шешетін жергілікті деңгейдегі  мәселелер.

-Жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге халықтың тікелей араласуының кепілдіктері, реті, формалары болады.

-Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  құрылымы .

-Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының өкілеттіліктері және  оның мерзімдері.

-Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының нормативті-құқықтық  актілерінің 
түрлері, оларды қабылдау реті және күшіне енуі.

-Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  жауапкершіліктерінің түрлері және негіздері .

-Муниципалдық қызметті ұйымдастыру реті мен жағдайы .

-Жергілікті өзін-өзі басқаруды  жүзеге асырудың экономикалық  және қаржылық негіздері, муниципалдық  меншікті пайдаланудың, иемденудің  жалпы реті .

-Жергілікті өзін-өзі басқаруды  ұйымдастыру мәселелері .

Муниципалдық құрылымның жарғысы  қаланың немесе ауылдың өмірінің негізгі заңы болып табылады. Муниципалдық құрылымдар өз қызметтерін үйлестіру  үшін одақ түрінде бірлестіктер құруға құқылы. Жергілікті өзін-өзі басқару  өкілеттіліктері жергілікті деңгейдегі мэселелерді өз еркімен шешудің  шекараларын көрсетеді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы  сол органдардың міндеттері мен  құқықтарын анықтайды. Жергілікті өзін-өзі  басқару өкілеттіліктерін анықтауға  құқықтық нормалармен Қазақстан  Республикасының конститутциясы негіз  болады.

Қазақстан Республикасының конститутциясында  жергілікті өзін-өзі басқару органдарына  төмендегі әрекеттерді жүзеге асыруға  құқық беремін делінеді:

1.Муниципалдық   құрылым   жарғысында   қарастырылған   муниципалдық 
құрылымның қарамағына қатысты міндетті ережелерді қабылдауға;

2.Муниципалдық  құрылымның даму бағдарламасын,  жоспарын қабылдауға, 
олардың орындалғаны жөнінде есепті бекітуге;

3.Жергілікті  салымдармен салықтарды белгілеуге;

4.Муниципалдық  меншікті басқаруға;

5.Муниципалдық  құрылымның жарғысында қарастырған  жергілікті өзін-өзі 
басқару органдарының қызметін бақылауға.

Мунципалдық қызмет - жергілікті өзін-өзі басқару тәуелді, тәуелсіз институттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті бюджеттен қаржыландырады.Муниципалдық қызметтің негізгі міндеттері:

1.Муниципалдық   құрылым   территориясындағы   азаматтардың   еркіндігінқамтамасыз ету;

2.Жергілікті деңгейдегі мәселелерді халықтың өз еркімен шешуін қамтамасыз ету;

3.Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  өкілеттіліктері шегінде шешімдерді  дайындауды, қабылдауды, орындауды  және бақылауды қамтамасыз ету;

4.Муниципалдық  құрылымның құқығын, заңды мүдделерін  қорғау. 
   Заңға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары муниципалдық кұрылым халқы алдында, мемлекет алдында, жергілікті жэне заңды тұлғалар алдында жауапты. Қазақстан Республикасының конститутциясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына меншік иесінің барлық құқықтарын бекітеді:

1. Иемдену, пайдалану және осы меншікті басқаруда олардың тәуелсіздігіне кепілдік беру, жергілікті өзін-өзі басқару органдары муниципалдық меншікке байланысты төмендегі өкілеттіліктерге ие:

-Миниципалдық меншік құрамына кіретін мүлікке қатысты меншік иесінің құқығы бар (жергілікті бюджетті қаржыландыру, бюджеттен тыс қорлар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігі, жер және табиғи ресурстар, кәсіпорын мен ұйымдар, тұрғын үй қоры, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени, спорт және т.б. мекемелер);

-Муниципалдық меншік объектілерін уақытша немесе біржола пайдалануға жеке және заңды тұлғаға пайдалануға беруге, жалға беруге келісімшарттар жасауға, келісімшарттарда пайдалану шарттарын анықтауға құқылы;

-Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  өкілеттіліктері муниципалдық меншікті  жекешелендіру шарттарымен ретін  анықтай алады;

-Сыртқы  экономикалық іс-әрекетті жүзеге  асыруға құқылы.

-Әлемдік  тәжірбиесі көрсеткендей жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  қаржы саласындағы маңызды өкілеттілігі, бюджетті қалыптастыру болып  табылады.

  Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  өкілеттіліктері жергілікті бюджетті  бекітіп, оның орындалуын қадағалайды.Салық  салу мен жинаудың жалпы принциптері  Қазақстан Республикасының конститутциясына  сәйкес негізделеді. Жергілікті  өзін-өзі басқару органдары банктерден  қысқа мерзімді несиелер алуға  немесе беруге құқылы.

  Жұмыс пен қамту саласында көптеген өкілеттіктерге ие. «ҚР жұмыспен қамтамасыз ету» заңына сәйкес мемлекет азаматтарын жұмыс пен қамту саласында төмендегілерге кепілдік береді: кез-келген формадан сақтау және мамандық, жұмысқа тұруда барлығына бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтың және әлеуметтік қорғауға және жұмысты таңдауға араласуға кепілдік береді.

       II. Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың заманға сай тәжірибесі.

2.1. Ресейдегі   жергілікті өзін-өзі басқарудың  пайда болуы және дамуы.

    Қазіргі  кездегі нарықтық экономика дамуы  жергіліктіөзін-өзі басқаруа негізделген,  ол Ресей Федерациясының конститутциясына  және Еуропа Хартиясына сүйене  отырып жергілікті мәселелерді  шешеді. Ең басты мақсаты жергілікті  өзін-өзі басқаруды демократияландыруды  дамыту, елдің заңды мемлекетке  айналуына жағдай жасау, жергілікті  өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін  құру болып есептеледі. Жергілікті  өзін-өзі басқару мемлекетті басқаруда  ең тиімді болып есептеледі. Ол  адамдардың құқығы мен бостандығын  қорғауға, аймақтық және жалпы  мемлекеттің мәселелерін шешуге  тиімді.

    Еуропа  Кеңесі аясында, 1996 жылы Ресей  Федерациясы осы кеңеске мүше  болды, және субардинация ұстанымын  енгізілді – ол жалпы ұйымдастырушы  билік пен басқарудың принципі. Оның негізгі мақсаты қоғам және оны құраушы топтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына мемлекет тек осы топтың белгілі бір шеше алмайтын мәселелеріне аралсуына негізделеді. Осы принцип еуропалық хартияның жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңында орын алды. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерді шешуде саяси деңгейде неғұрлым азаматтарға жақындатылған түрде қарастырады.

    Ресей  Федерациясының конститутциясында  халық өз билігін тікелей мемлекеттік  органдармен немесе жергілікті  өзін-өзі басқарудың органдары  арқылы жүзеге асырады делінген. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  органдарының өкілетілігіне Ресей  Федерация- сының конститутциясында  кепілдік берілген. Ол конститутцияның  3-12 баптары аралығында қарастырылған.  Жергілікті өзін-өзі басқарудың  өзінің өкілеттілігі шегінде  тәуелсіз қызмет етуге құқылы, және жергілікті өзін-өзі басқарудың  өкілетті органдары мемлекеттік  билік жүйесіне кірмейді. Конститутцияның  130 бабына сәйкес жергілікті өзін-өзі  басқарудың өкілетті органдары   референдум,  жиналыс, сайлау арқылы  жүзеге асырылады. 

    Жергілікті  жердегі мәселелерді жоғарғы  биліктің қатысуысыз сол жерде  шешкен тиімді. Жергілікті өзін-өзі  басқару принциптері Еуропа Хартиясында  маңызды орын алып заңмен бекітілді.  Жергілікті өзін-өзі басқару принциптеріне  мыналар жатады:

  1. Жергілікті жердегі мәселелерді халықпен қарым-қатынас жасай отырып шешу.
  2. Жергілікті өзін-өзі дұрыс ұйымдастыру, мемлекеттік билік жүйесімен қарым-қатынас жасай отырып, бір мақсатты алға қою, билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың қызметін (функцияларын) анықтау.
  3. Жергілікті өзін-өзі басқару територияларының материалдық және қаржылық ресурстарын ескере отырып, олардың алға қойған мақсаты мен өкілеттілігн айқындау.
  4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және осында қызмет жасайтын лауазымды тұлғалардың халық алдындағы жауапкершілігі.
  5. Жергілікті өзін-өзі басқару територияларын ұйымдастырудың алуан түрлілігі.
  6. Азаматтардың құқығы мен бостандығының принциптерінің қатаң сақталуы.
  7. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның заңға сәйкес қызмет жасауын  қамтамасыз ету.
  8. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің ашық жариялануы (ақпарттық қамтамасыз ету).
  9. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің біліктілігі мен бірлігі.
  10. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметіне мемлекет тарапынан берілетін кепілдік.
  11. Жергілікті өзін-өзі басқару құрлымын құруға , және басқару процесіне осы териториядағы халықтың араласуы.
  12. Әділеттілік.
  13. Халықтың тұтынушылық қабілетін қанағаттандыру.

   Осы  айтылғандардың барлығы « Ресей  Федерациясының жалпы жергілікті  өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру  прициптері туралы заңында »  көрсетілген , және бірнеше ұйымдартыру  формаларымен бекітілген.

   Ұйымдастыру  формаларының бірінші тобына: жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесін демократияландыру  жатады. Ол  жергілікті өзін-өзі  басқару територияларындағы (қала , аудан , ауыл) азаматтардың, халықтың  немесе жекелеген қоғамдық ұйымдардың  билікке араласуына кепілдік  беру. Оларға: референдум, халықтық  жиналыс, сайлау тағы басқа  жатады .

   Ұйымдастыру  формаларының екінші тобын   жергілікті өзін-өзі басқарудағы  сайланатын және тағы басқа  оргндар құрайды, олар муниципалдық  териториялардағы әр күн сайын  қызметін атқарады.

Информация о работе Жерг озин ози баскару