Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.

Алқаптық ауыспалы егіс деп жердің жартысынан көбіне астық, техникалық өсімдіктер немесе азық-түлік өндіруге керекті дақылдар егілетін түрін айтады.

Мал азықтық ауыспалы егістің жерінің жартысынан артығына малға азық боларлық дақылдар егіледі.

Арнайы ауыспалы егіске көбінесе арнайы агротехника қолданылатын  дақылдар және топырақты су мен желдің әсерінен қорғау әсерін тигізетін өсімдіктер егіледі.

Осы аталған ауыспалы егістің үш типінің әрқайсысы өзінің құрамындағы дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.

Әрбір өндірістік бригадаға бір, кейде екі ауыспалы егіс бекітіп беріледі. Бригаданың құрамындағы звеноларға белгілі бір немесе бірнеше дақылдарды өсіру тапсырылуы мџмкін.

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты жаңадан құрылып, жұмыс істеп жатқан шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы кооперативтері және шағын кәсіпорындар да осы звенолар сияқты ауыспалы егістің белгілі бір дақылдарын өсіруге бейімделуіне болады. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, егін шаруашылығымен шұғылданған шағын кәсіпорындар ауыспалы егістің ұсақ түрлерін қолдана алады.

Мал азықтық ауыспалы егістің орналасуына және құрамына байланысты келесі түрлері болады: ферма және лагерь қасындағы және шабындықты- жайылымды. Біріншісін мал фермалары мен жаздық лагерлердің төңірегінде орналасады. Онда негізінен шырынды азық беретін және тасымалдауға қолайсыз дақылдар егіледі. Екіншісін шабындық пен жайылымдардың негізінде және оларды ұтымды пайдалану мақсатында ұйымдастырады. Арнайы ауыспалы егістер өздеріне тән агротехникалық шараларды қажет ететін көкөніс, күріш, темекі сияқты дақылдарды өсіруге арналады. Оның ерекше түріне топыраққа тиетін су мен желдің зиянды әсеріне қарсы қолданатын ауыспалы егістер жатады. Осы мақсатта топырақты көп араластыра беруді қажет етпейтін астық пен мал азықтық дақылдар түрлері егіледі.

Шаруашылықта ауыспалы егістің бірнеше түрі қолданылады. Әрбір бөлімше, ферма, бригада ауыспалы егістің өз жағдайларына сәйкес келетін түрін алдын ала жобалап, талқылап, бекіткен соң оны үнемі қолданып отырады.

Ауыспалы егісті жобалауда шаруашылықтың келешекте даму жолы, алдындағы міндеттері есепке алынады. Сонымен қатар егістіктің ең тиімді түрін және құрамынын жоспарлау қажет. Бұл өте жауапты және күрделі мәселе. Оны қателеспей шешу үшін мамандар әрбір облыс аймақтарына арналған егін шаруашылығы жүйесі жүргізу ұсыныстарын қолданулары қажет.

Егістің құрамына қойылатын негізгі талап – әрбір гектардан мүмкіндігінше аз шығынан көп түсім алу. Сондықтан ауыспалы егісті жобалағанда тек дақылдың түрі мен көлемін ғана ескеріп қоймай, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін қолдану, шығымдылығы артық сорттарды пайдалану, қолданылатын барлық технологияны жетілдіріп отыруды ойластырған жөн.

Ауыспалы егістің неғұрлым ұтымды түрін таңдап алу үшін оның әр түріне ұйымдастырулық–экономикалық тұрғыдан баға беріледі.

Ұйымдастырулық тұрғыдан қарағанда ауыспалы егіс шаруашылықтың өнідірістік бағытына, оның алдына қойған мақсатына сәйкес болуы керек. Сонымен бірге ауыспалы егіс шаруашылықтағы адам күшін, материалдық-техникалық қорларды толық пайдалануды, агротехника талаптарын толық сақтауды қамтамасыз етуі қажет.

Егістің құрамынын және ауыспалы егістің пайдалылығын анықтайтын маңызды тәсілдің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарын экономикалық тұғыдан бағалау. Экономикалық бағалауда келесі көрсеткіштер қолданылады: 1 гектар егістен алынған түсім және оның құны, еңбек өнімділігі, 1 ц өнімнің өзіндік құны, 1 гектар егістен алынған таза табыс және тиімділік денгейі.

Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту үшін жасалады. Ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру өсімдіктердің өнімділіктерін топырақтың құнарлылығын көтереді, танаптарда арам шөптердің және әртүрлі аурулардың дамылуын тоқтатады. Ауыспалы егістер игерілген шаруашылықтарда астық егістерінің өнімділігі 3-4 ц/га биік, ал ауа райы ыңғайсыз жағдайларда одан да жоғары болады.

Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау дегеніміз олардың жобалау жұмыстары жүргізілетін шаруашылыққа сәйкестілі типін, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен пардың кезектесу схемасын белгілеу.

Ауыспалы егіс жүйелері мына талаптарға сай болуы керек:

а) жалпы және тауарлық өнімдердің мөлшерлерін, нарықтың  сұранысын қамтамасыз етуі;

б) әр жер учаскесінің табиғи қасиеттеріне байланысты пайдалануы, ал онда өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктерінің, олардың биологиялық ерекшеліктеріне және экологиялық төзімділіктеріне сәйкес таңдалынылып алынуы;

в) эрозияға қарсы күресуді және топырақ құнарлылығын әрқашан орнына келтіруді, жоғарылатуды;

г) еңбек ресурсын, ауылшаруашылық техникасын, транспортты және басқа механизмдерді толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді.

Ауыспалы егіс типтері: алқаптық, мал азықтық, арнайы болып бөлінеді. Ауыспалы егістің 50 % дәнді дақылды астық өсімдіктері болатын болса – ауыспалы егіс алқаптық болады. Бұл тип келесі түрлерге бөлінеді: парлы-астықтылы, парлы–астықтылы-отамалы.

Мал азықтық ауыспалы егісінің 50  немесе одан да жоғары % үлесі мал азығы өсімдіктері болуы керек. Мал азықтық ауыспалы егіс: ферма қасындағы, лагерь қасындағы, шабындықты-жайылымды болып бөлінеді.

Арнайы ауыспалы егіс күтімі жоғары, өзгеше, өсіру жолдары ерекше өсімдіктер үшін ұйымдастырылады (мысалы: темекі, көкөніс, дәрі-дәрмектік өсімдіктер).

Алқаптық және мал азықтық ауыспалы егістер топырақ қорғаушы болуы мүмкін. Олардың ерекшеліктері: құрамында көпжылдық шөп көп болады, көпжылдық шөп бір жылдық шөппен жолақтанып егіледі және басқа эрозияға қарсы шаралар қолданылады. Топырақ қорғаушы мал азықтық ауыспалы егіс шабындықты – жайылымды болады.

Топырақ қорғау ауыспалы егістігінің екі түрі бар: бір жылдық немесе көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарын пармен жолақтай орналастыру және шабындықты-жайымлымды: онда танаптың бір бөлігінде көпжылдық шөп, ал екінші бөлігінде - біржылдық ауылшаруашылық дақылы өсіріледі. Бұл ауыспалы егістер су және жел эрозиясы дамыған жерлерде ұйымдастырылады.

Ауыспалы егіс типін және түрін таңдау мына көрсеткіштерге байланысты болады:

1. шаруашылықтың немесе оның бөлімшелерінің мамандығына;

2. малды бағу және азықтандыру (бір жерде күту немесе жайылымда жайып бағу) тәсілдеріне;

3. мал басының бір жерде шоғырлану тығыздығына;

4. ауылшаруашылық алқаптарының құрамына және сапасына;

5. шаруашылық орталықтарының  орналасуына;

6. эрозияға шалынған жерлердің бар болуына және оның эрозиялық қауіптілігінің дәрежесіне;

7. егістік массивтерінің конфигурацияларына және аймақтық орналасуларына;

8. нарық талаптарына.

Ауыспалы егістіктің ауданы шаруашылықтың энергетикалық, машина-тракторлық жабдықтандырылуына, жұмысшыларының санына байланысты болады. Шаруа қожалықтары егістікті игеруде бірігіп техниканы пайдалану, өнімдерді өңдеу, маркетинг жүргізу үшін кооперативтерге бірігулері тиімді болады.

Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту, ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру, өсімдіктердің өнімділіктерін, топырақтың экономикалық құнарлылығын көтеру үшін, танаптарда арам шөптердің тарамауына және әртүрлі аурулардың дамымауына жағдай жасау үшін жүргізіледі.

Ауыспалы егіс игерілген шаруашылықтарда  дәнді дақылды егістіктердің өнімділігі 3-4 ц-га жоғары болады, ал ауа-райы ыңғайсыз жағдайда одан да жоғары болады.

Ауыспалы егістіктердің жүйелерін жоблау дегеніміз олардың типін, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен пордың кезектесу схемасын белгілеу.

Ауыспалы егістіктер жүйесі мына талаптарға сай болуы керек:

а) Жалпы және тауарлық өнімнің мөлшері нарықтың сұранысын қамтамасыз етуі керек.

б) Әр жер учаскесі табиғи қасиетіне байланысты пайдалану керек, ауылшаруашылық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне экологиялық төзімділігіне байланысты таңдап алынуы керек.

в) Эрозиямен күресу және топырақ құнарлылығын әрқашан орнына келтіріп, жоғарлату үшін.

г) Еңбек ресурсын, ауылшаруашылық техникасын, транспортты жобалау, механизмдерді толық және тиімді пайдалануға.

Ауыспалы егістіктер типтері: алқаптық, мал азықтың, арнайы болып бөлінеді. Ауыспалы егістікте 50%-ті астықтық өсімдіктер. Бұл тип келесі түрлерге бөлінеді: парлы-астықтық, парлы-астықты-пропашные.

Мал азықтың ауыспалы егістің 50% мен жоғарысы мал азығы өсімдіктері болуы керек. Мал азықтың ауыспалы егістік: ферма қасындағы, лагерь қасындағы шабындық-жайылым ауыспалы егістігі болып бөлінеді.

Арнайы ауыспалы егіс күтімі жоғары, өзгеше, өсіру жолдары ерекше өсімдіктер үшін ұйымдастырылады (мысалы: темекі, овощтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер).

Алқаптық және мал азықтың ауыспалы егістік топырақ қорғаушы болуы мүмкін. Олардың ерекшеліктері: көпжылдық шөп көп болады, көпжылдық шөп бір жылдық шөппен жолақталынып егіледі және басқа эрозияға қарсы шаралар қолданылады. Мал азықтық ауыспалы егіс топырақ қорғаушы болғанда ол шабындық – жайылым а/е болады.

Ауыспалы егіс типін және түрін таңдау мына көрсеткіштерге байланысты болады:

1. Шаруашылықтық немесе оның бөлімшесінің мамандығына.

2. Малды бағу және азықтандыру тәсілдеріне (стойловое).

3. Мал бастың бір жерде шоғарлану тығыздығы.

4. Ауылшаруашылық алқаптарының құрамы және сапасы.

5. Шаруашылық орталықтарының орналасуы.

6. Эрозия тараған жерлердің барлығы және оның эрозиялық қауіптілігінің дәрежесі.

7. Ж/ж массивтерінің алқаптық орналасуы, олардың конфигурациясы.

8. Реформалық өзгерістерге байланысты.

Ауыспалы егістіктің ауданы жұмысшылардың санына, машино-тракторлардың санына, энергиямен қамтамасыздығына байланысты болады. Шаруа қожалықтары егістіктерді игеруге, техниканы пайдалануға, өнімді өңдеуге, маркетингте кооперативтерге бірігулеріне болады.

 

13.2 Ауыспалы егістікті жобалау кезегі

Белгіленген жалпы және тауарлық өнімнің, мал басының, мал азығының мөлшеріне байланысты егістіктің ауданы есептелінеді.

Шаруашылықтың жалпы экономикалық көрсеткіштеріне, таңдалып алынған агротехникалық, малдың жайылуына, қыстық бағылуына жұмыстың перспективалық үйымдастыруына, энергетикалық қамтамасыздығына, алдыңғы жерге орналастыру жұмыстарындағы жер пайдалану шегараларын сақтап қалу жолдарына байланысты зерттене отырып, ауыспалы егіс массивінің танабының мөлшері, типі, түрі белгіленеді.

Ауыспалы егістіктің түрі типтік ауыспалы егістіктерден зонаға  байланысты таңдап алынады. Зоналық ұсыныстарға байланысты таңдалады.

Ауыспалы егістіктің массивтері экономикалық бағалау және топырақ бонитировкалау баллына байланысты біріңғай болулары керек. Ауыспалы егістіктің миссивтері компактілі, ыңғайына қарай ұзындығы ықшам, табиғи жағдайы біркелкі болуы керек. Ауыспалы егістіктің құрамына кіретін дақылдардың өсуіне жарамды болуы керек. Ауыспалы егіс массиві біртұтас немесе бірнеше жақын, ыңғайлы орналасқан жер бөліктерінде орналасуы мүмкін. Кейде үлкен бір жер массивінің бөлігі ретінде орналасады, шегаралары  иреклектенбей, танаптарға бөлуге ыңғайлы болуы керек.

Топырақ қорғау ауыспалы егістігінің екі түрі бар: бір жылдық немесе көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарын пормен жолақтаса орналастыру және шабынды – жайымлымдық онда танаптың бір бөлігінде көпжылдық шөп, ал екінші бөлігінде біржылдық ауылшаруашылық дақылы орналасқан. Бұл ауыспалы егістіктер су және жел эрозиясы басқан жерлерде ұйымдастырылады.

Мал азықтық ауыспалы егістер неғұрлым малдың тұратын жеріне жақын болса транспорттық шығын азайды, сондықтан олар ферма қасындағы, лагерь қасындағы және шабындық-жайылымдық болып бөлінеді. Ферма қасындағы ауыспалы егістер көбінесе қыстық (сочных) азықтыққа ауылшаруашылық өсімдіктері отырғызылады. Лагерь қасындағы жаздық жасыл шөпті өсіру үшін. Шабындықтық-жайылымдық – шөп өсіруге ұйымдастырылады.

Арнайы ауыспалы егістерде топыраққа рельефке, су режиміне жоғары талап  және өсіру технологиясы қиыу, ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі мысалы көкөніс, темекі, дәрі- дәрмектік өсімдіктері көкөніс елді мекенге жақын отырғызылады.

Алқаптық ауыспалы егістерді жобалауға мына факторлар әсер етеді: топырақ жағдайы, елді  мекендердің орналасуы жыртылған жер массивінің мөлшері, дақылдардың түрлері, шаруашылық кішкентай болса 1 ауыспалы егіс ұйымдастырған жөн. Ал үлкен массивтердің топырағы біркелкі болмаса, бірнеше ауыспалы егіс орналастырылады. Егер ж/ж массиві созылған ұзын, ал елді мекен бір шетінде орналаса, бұндай жерде 2 ауыспалы егіс, біріншіліінде – еңбекті көп талғайтып ауыспалы егіс, ал екіншісінде бидай немесе басқа өсімдіктер.

Ауыспалы егіс схемасын таңдағанда нарық сұраныста, танаптардың жағдайына, топырақтың өсетін өсімдікке жарамдылығына байланысты шешіледі.

Ауыспалы егістерге кірмейтін учаскелер. Бұл учаскелерде дақылдар уақыт бойынша ғана кезектеседі немесе дақылдың бір-ақ түрі жыл сайын отырғызылады. Мысалы: мал фермасына жақын жерлерде жүгері, шөп өсіру; жайылым немесе басқа массивтерде орналасқан, топырақ жағдайымен немесе басқа көрсеткіштерімен өзгеше, кішкене егістік алқаптарында ауыспалы егіске кірмейтін егіс егу.

Информация о работе Жерге орналастыру