Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

 

Әртүрлі типті және зонада орналасқан шаруашылықтар үшін бөлімшелердің саны 3-5 болуы ұсынылады.

Таблицада көрсетілген  бөлімшелердің мөлшері тек қана мысал ретінде берілген.

Әр нақтылы табиғи және экономикалық жағдайға байланысты өндіріс бөлімшелерінің мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.

Бөлімшелердің мөлшерін, санын анықтағанда онымен қатар бөлімшелердің айнала-сатып мамандығы да белгіленеді. Ол шаруашылықтың өндірісінің типтері байланысты болады. Егер шаруашылықта табиғи жайылым және жақсартылған мал азықтың алқаптар көп болса, мал қоралар, олардың баланстық құны жоғары, өздегі сиымды болса, квалификациялы кадрлар болса, су болса мал өсіруге болады. Мысалы қой, жас ірі қара мал, жылқы. Ал шошқаны өсіру үшін оған көп концентратты жем керек, сондықтан бұл жағдайда а/ш алқаптарының құрамында жыртылған жер көп болуы керек.

Шөлді далада көбінесе қой өсіріледі. Қой шаруашылықтарының жерлерінде  аз болады. Өйткені қой көбінесе жайылымда болады.

Геоботаникалық зерттеу жүргізіле отырып, жайылымның өнімділігі анықталады, жаздың қыстық орындары белгіленеді. Әр бөлімшенің жерлерінің шегарасы, қойшылардың бригадаларының орталықтары анықталады.

 

10.2 Өндіріс бөлімшелерін және оның орталықтары шаруашылық жер массивінде орналастыру

Өндіріс бөлімшелерін орналастыруды жобалау жұмыстарын жүргізгендегі қойылатын ең басты талап:

- өндіріс бөлімшесінің жеріндегі ауыл шаруашылық алқаптардың құрамы, ара қатынасы жоба бойынша есепке алынған уақытта белгіленген бөлімшедегі еңбек ресурстарының мөлшері, бөлімшенің мамандығына және салалар ара қатынасына, белгіленген мал басын азықпен қамтамасыз етуге сәйкес болуы керек;

-          бөлімшенің жер массиві біртұтас, конфигурациясы дұрыс;

-          шаруашылық орталықтары мен негізгі ауылшаруашылық алқаптарның арасы жақын болуы керек.

Табиғи және мал азықтың ауыспалы егістіктерден алынатын мал азығының балансын құра отырып жобалаушының өндіріс бөлімшелері арасында әртүрлі өнімділі ауылшаруашылық алқаптардың дұрыс бөлгенін анықтауға және тексеруге болады.

Әр бөлімшеге, оның шаруашылық орталығына жақын жатқан жерлер берілуі тиіс.

Шаруашылық орталықтары оның жерінің ортаңғы кезінде орналасуы керек. Егер шаруашылық орталығы оның жерінің ортаңғы кезіне орналаспаса, транспорттың тасымал шығыны көбейеді, ал көліктік шығын өнімнің өзіндік құнын жоғарылытады.

Шаруашылық бөлімшелерінің жерлерінің сапасы әртүрлі болса, топырақтардың бонитет баллына байланысты әр бөлімшеге оның жерінің сапасына қарай әртүрлі өсімдік өнімділігін әртүрлі жобалау керек.

Ыңғайына қарай жерлерінің шегаралары табиғи (өзен, жыра) және жасанды (жол, канал) ғимараттар арқылы өткені дұрыс. Жер бөлігі өзен немесе жол кесіп өтсе ол ыңғайсыздыққа әкеледі: Жерді өңдеу, суару қиындалады. Егістіктің жері тұтас және үлкен болғаны жақсы, ең кіші дегенде ауыспалы егістіктің бір танабы орналасатындай болғаны жақсы.

Ашық далалы жерлерде, ірі жыртылған массивтерде өндіріс бөлімшелерінің шегаралары түзу сызық ретінде, ыңғайына қарай бір-біріне параллель және перпендикуляр жүргізіледі. Өйткені тікбұрышты,  төртбұрышты кейін танаптарға, шаруашылық учаскелеріне бөлгенде, олар дұрыс конфигурациясы, механикалық өңдеуге  ыңғайлы болады.

Рельефтің күрделі жерлерінде шаруашылық бөлімшелерінің шегаралары суайырық (водораздел), тольвег, жыралар арқылы жүргізіледі.

Шаруашылық  бөлімшелерінің саны, олардың орталықтарының мөлшері, орналасуы жобалау жолында бірнеше вариантта жасалады да, олардың ішінен ең тиімді деген вариант таңдалып алынады. Варианттарды салыстыру бір, жоба бойынша алынған, уақытқа жасалады.

Жобалау ең бір тиімді деген вариантты қараудан басталады.

Көбінесе бұл қазіргі кезде қалыптасқан территориялық ұйымдасу. Бұл варианттың өндірістік, инженерлік-құрылыстық қоғамдық және экологиялық талаптарға сәйкестігі анықталады. Қазіргі кезде қалыптасқан және жаңадан жобаланған варианттар технико-экономикалық, экологиялық көрсеткішкер арқылы бір-бірімен салыстырылады.

Бұл жобалау мәселесін шешуге көбінесе келтірілген (приведенные затраты) шығындар қолданылады келтірілген шығындар бір уақыттың және әр жылдық шығындардан тұрады тұрғын үй. Бір уақытта шығын, мәдени-тұрмыстық өндірістік үйлер мен ғимараттарды, инженерлік-коммуникациялық ғимараттарды жол салу бағасынан тұрады, ал әр жылдық-транспорттық, әкімшілік - басқару, тұрғын және өндірістік зоналарды инженерлік ғимараттарды пайдалану (эксплуатация), амортизациялық шығындардан тұрады.

Варианттарды салыстырғанда малды айдау радиустары аралықтары, суару жағдайлары жақсы болуы керек. Малдың қырылу, арықтау, өнімділігін азайтуға шалдыратын жағдайларды болдырмауға варианттар қабылданады. Кейде шаруашылық орталықтары ретінде далалық стан, жаздық лагерлер орналастырылды. Жаңадан құрылыс жүргізу тек қана өндіріске байласнысты болмайды, қазіргі кезде бар өндіріс ғимараттарын түгел пайдалануға да байланысты. Жағдайға қарай жаңа құрылыс жүргізгенше, бұрыңғы құрылыста толық, тиімді пайдаланған  жөн.

Бір уақыттағы шығынды есептеу үшін:

1.              жаңа құрылысты жүргізу құны;

2.              қазіргі кездегі бар ғимараттардың қалдық құны;

3.              физиқалық және моральдық тозуы анықталады. Бұл көрсеткіштерді «Шаруашылықтың негізгі фондын» бағалау материалдарынан алуға болады. Бір жылдық шығынын көбінесе ұлғайтатын көрсеткіш – көліктік шығындар. Көліктік шығындарға жататындар:

1. Шаруашылық ішіндегі тасымалдау (даладан шаруашылық орталықтарына және кері);

2. А/ш машиналарын және құралдарын айдау және тасымалдау;

3. Жұмысшыларды жұмыс орнына және кері тасу;

4. Шаруашылық басшылары мен мамандарды тасу;

5. Малды бір жерден екінші жерге айдау;

6. Өнімді шаруашылықтан тыс тасымалдау.

Көліктік шығынның мөлшері негізгі екі көрсеткішке байланысты: 1. тасу аралығына;

2. жүк айналымының мөлшеріне.

Жүк айналымының мөлшері а/ш өсімдіктерінің өнімділігіне және егіс алқаптарының ара қатынасына байланысты болады.

Транспорттық шығынын мөлшерін негізгі екі көрсеткішке байланысты болады; тасу аралығы және жүк айналымының мөлшері, жүк айналымы - ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігіне, егіс аймақтарының ара қатынасына байланысты болады.

Жүк айналымы: жүктің тасымалдау мөлшері 1 т. груздың тарифтың тасымалдау бағасына көбейтіледі. Транспорттық шығынды табу үшін жүктің тасымалдау мөлшерін оның 1 тоннасын белгілі аралыққа, км. тасымалдау тарифтық бағасына көбейтеді.

Нег.: 1. [64-72], 2. [77-84].

Қос.: 2. [77-84].

Бақылау сұрақтары:

5)   Өндіріс бөлімшелерін орналастыруды жобалау жұмыстарын жүргізгендегі қойылатын ең басты талаптарды атаңыз.

6)   Қандай жағдайларда шаруашылық орталықтарының оның жер массивінің ортаңғы кезінде орналасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі?

7)   Орталық мекендерді орналастыру қалай жүргізіледі?

 

№11 Дәріс. ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖОЛДАРДЫ, СУ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ИНЖЕНЕРЛІК ҒИМАРАТТАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ.

11.1 Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілері.

Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілеріне мыналар жатады:

-              ішкі шаруашылықтық жолдар;

-              мелиоративтік құрылыстың объектілері (суландыру, кептіру) және олардың негізгі ғимараттары (тоған, су қоймасы, лимандар, магистралдық каналдар, коллекторлар, басқа негізгі су өткізуші және қоршау жүйелері (проводящая и ограждающая сеть);

-              суландыру және сумен қамтамасыздандыру объектілері;

-              негізгі орман мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы күресу объектілері, орман көшеттері, гидротехникалық ғимараттар.

Жобаның бұл бөлігіне а/ш алқаптарын ұйымдастыруда және орналастыруда өте үлкен әсерін тигізетін, ең басты және құрылысына өте көп қаражат кететін, территорияны жабдықтандырудың негізгі объектілері кіреді.

Бұндай объектілерді орналастыру жобаның басқа бөліктерімен үйлестіріле, қабылданған жоба шешімдерін тексере отырып, жүргізіледі.

Территорияда орналасуына байланысты бұл объектілер ұзын және аудандық болып бөліледі. Олардың пайдалану мақсаты, алып жатқан жері, орналасу жағдайы, орналасуына қойылатын талаптар, салуға және пайдалануға шығатын қаражаттардың мөлшерлері әртүрлі болады.

Территорияны инженерлік жабдықтандыруда келесі негізгі талаптар қойылады:

1. Бұл объектілердің орналасуы жұмыс жүргізуге ыңғайлы болуы және жердің пайдалануын жақсартуы керек.

2. Өндіріске жақсы территориялық жағдай жасау үшін және жерді тиімді пайдалану үшін. Оларды өзара және жобаның басқа бөліктерімен және элементтерімен үйлестіре орналастыру.

3. Территорияны жабдықтандыру обһектілеріне ең тиімсіз а/ш пайдаланылмайтын, өнімсіз жерлерде берілуі керек) қажеттілігіне сәйкес неғұрлым аз берілуі керек.

4. Объектілерді орналастыруда техникалық және табиғатты қорғау талаптарын орындау қажет.

5. Құрылысқа және салынған ғимараттарды пайдалануға кететін қаржылар неғұрлым аз болулары керек.

Жоғарыда айтылған территорияны инженерлік жабдықтау объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар әрқашанда барлығы орындалуы мүмкін емес. Сондықтан жобалауда әр жағдайда осы талаптардың  ең алдымен орындау қажет.

Территорияны жабдықтандыру объектілерін жобалағанда оларды басқа іргелес орналасқан шаруашылықтарға жасалған болжам схемалармен жобалардың ұсыныстарымен келістіре отырып жасанулары керек.

Дайындық жұмыстарында керекті деректер түгел жиналып, зерттеліп бір-бірімен үйлестіре отырып пайдаланулары керек.

 

11.2 Негізгі ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыру

Автомобиль жолдары 5 категорияға бөлінеді. СНиП П-Д-5-72 бойынша шаруашылықтық территориясында:

1.              кіру жолдары ІV категорияға жатады,

2.              тұрақты ішкі шаруашылық жолдар – V категорияға жатады.

Ішкі шаруашылық жолдарды 4 негізгі топқа бөледі:

1)              бас ішкі шаруашылықтық жолдар;

2)              кіру жолдары;

3)              негізгі дала жолдары;

4)              ауылшаруашылық елді мекендік жолдар мен кіру жолдары.

І топ – шаруашылық орталықтарын бөлімше орталықтарымен, бөлімше орталықтарын өзара, шаруашылық орталығын басқа елді мекендермен, ортақ пайдаланылатын автом. Және темір жолдармен.

ІІ топ – бөлімше орталықтарын және басқа елді мекендерді мал қоралармен көмекші цехтармен; өнімді дайындау, сақтау алғаш өндеу пунктілерімен, тыңайтқыш, улы-химикаттарды сақтау орындарымен, құрылыс карьерларымен.

ІІІ топ – барлық елді мекендерді, фермаларды ауылшаруашылықтық алқаптармен, өндіріс учаскелерімен, дала қостарымен және т.б.

ІV топ – елді мекенді жоспарлау жобасында белгіленген жолдар.

Ішкі шаруашылықтық жолдар торын орналастыруда келесі мәселелер шешіледі: жолдардың бағыттарын анықтау, категориясын, жол жамылғысының типін анықтау, жол трассаларын және оларға орналасатын ғимараттардың орнын белгілеу. Сосын жолды салу бағасы және кезегі белгіленіп, экономикалық тиімділігі анықталады.

Ауыл шаруашылықтық кәсіпорының территориясындағы жолдар торы келесі қажеттіліктерді қамтамасыз етулері керек:

1) тиімді және ыңғайлы көліктік қатынасты, жыл бойы, уақытымен, төменгі өзіндік құнымен тасымалдау жұмыстарын орындауды;

2) транспорттық жұмыстарды жақсы ұйымдастыру арқылы а/ш өндірістің тиімділігін арттырып, шығынын азайту;

3) жүк тасымалдауды, жүксіз қатынасты бір жүйеге келтіріп, мәдени-тұрмыстық және басқа қоғамдық талаптарды қамтамасыз ету;

4) Территорияны әрі қарай ұйымдастыруда, жерді тиімді пайдалануда, қоршаған ортан қорғауда ыңғайлы жағдайлар жасауды;

5) жол құрылысына және пайдалануына неғұрлым аз шығын шығару.

 

11.3 Жобалау әдістемесі.

Ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыруды жобалау аудандық жерге орналастыру схемасын, оның ішінде жолдар жүйесінің орналасуы жайында шешімдерді негізге ала отырып жасалады және осы жобадағы белгіленген өндіріс бөлімшелерінің және шаруашылық орталықтарының орналасуына байланысты жасалады. Және басқа, жоғарғы категориядағы ортақ жолдардың құрылыс жүргізу және реконструкциялау жобалары есепке алына отырып ішкі шаруашылық жолдар жобаланады.

Жобаның бұл құрам бөлігінде ең негізгі мәселе - ішкі шаруашылық жолдардың бағыттарын анықтау. Ол үшін жүк айналу пунктілері анықталады (грузооборотные пункты по значимости). Олар маңыздығына қарай 4 топқа бөлінеді:

І топ – әкімшілік ауданының орталығы, темір жол станциясы, өнімді өңдейтін пунктілер, мәдени орталықтар.

ІІ топ – а/ш-тық және жергілікті өндіріс ксәіпорындары, ірі елді мекендер.

Информация о работе Жерге орналастыру