Жерге орналастырудың принципетрі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 13:32, доклад

Описание работы

Жерге орналастырудың түріне, түр тармағына және формасына қарамастан оның қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге негізделеді.
Принциптер деп белгіленген шараларды жүзеге асыру басшылығына алынатын аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда, осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер аталады. Жерге орналастыру принциптерін екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы: жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтіндеріне және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндеріне.

Работа содержит 1 файл

93 бет.doc

— 23.00 Кб (Скачать)

Жерге орналастырудың принципетрі.

 

   Жерге орналастырудың түріне, түр тармағына және формасына қарамастан оның қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге негізделеді.

   Принциптер деп белгіленген  шараларды жүзеге асыру басшылығына  алынатын аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда, осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер аталады. Жерге орналастыру принциптерін екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы: жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтіндеріне және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндеріне.

   Біріншілеріне, яғни жалпы  принциптерге мыналарды жатқызуға  болады:

-қоғамдық, сонымен бірге ауылшаруашылық  өндірістің жоғары тиімділігі  мен тұрақты рентабельділіктігін қамтамасыз ету;

-ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс  жағдайларын үздіксіз жақсартып  оытру;

-заңдар мен басқа нормативтік  актілерді қатал ескеріп отыру;

-қабылданған шешімдерді озатты  ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге  негіздеу;

-күрделі қаржылардың барынша  үнемделуін және жылдам өтелуін  қамтамасыз ету.

 

   Екіншілеріне- жеке принциптерге, мынадайларын жатқызуға болады:

-ҚР Конституциясы мен жер  заңдарына сәйкес жер қатынастарын  жетілдіру;

-бүкіл халық шаруашылығының  мүдделіктерін жан-жақты ескере отырып, ауылшаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;

-жерді халық дәулеті және  аса маңызды өндіріс құралы  мен табиғат ресурсы ретінде  жоғары тиімділікпен пайдалану  және қорғау;

-жерге иелік ету мен шаруашылық  жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз ету;

-жер иеленушіліктер мен жер  пайдаланушылықтардың , олардың межелері  мен аудандарының, ішкішаруашылық  территория реттілігінің тұрақтылығын, өндіргіш күштері мен өндірістік  қатынастарының дамуымен себептелген  ықтимал өзгерістерді мұқият дәлелдеу.


Информация о работе Жерге орналастырудың принципетрі