Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:18, дипломная работа
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол¬дау¬ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра¬тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................7
1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.........15
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру - инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі...........................................25
2 “СТРОЙ КАПИТАЛ” АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.........................35
2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........35
2.2 “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау.............43
2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын бағалау............48
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................54
3.1 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуал және инвестициялық саясаттың жағдайы………………………………......................................................……...54
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру………..............62
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.................................................71
Абсалютті өтімділік коэффиценті.
Кабс = ақша қаражаты / ағымдағы міндеттемелер
Кабс 2006 = 1797 / 11968 = 0,15
Кабс 2007 = 2881 / 14621 = 0,18
Кәсіпорынның абсалютті өтімділігі 2007 жылы 0,03-ке өскен. Бұл мәннің ұсынылатын мәні 0,2 болғанымен, мөлшерін белгілеу көбіне дұрыс болмайды. Себебі әр кәсіпорын банктегі шоттары мен кассадағы ақша көлемін өз көзқарастарымен шектеледі.
Аралық өтеу коэффиценті:
Кар. өтеу = ағымдағы активтер - ТМЗ / ағымдағы міндеттемелер
Кар. өтеу 2006 = 21016-13868 / 11968 = 0,60
Кар. өтеу 2007 =23950- 9017 / 14621 = 1,02
Бұл мәннің төмендеуі “Строй Капитал” АҚ -нің ақша қаражаттарының түсуін қамтамасыз ететін дебиторлармен дұрыс жұмыс жасалмағандарын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жеткізушілермен есептесуге көмектесетіні белгілі. Нәтижесінде аралық өтеу коэффиценті 0,42 пунктке өсіп отыр. Кәсіпорын ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің арақатынасының тұрақтылығына үлкен мән беру қажет.
Ағымдғы өтімділік коэффиценті:
Кағымдылық = ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттемелер
Кағымдылық 2006 = 21016 / 11968 = 1,75
Кағымдылық 2007 = 23950 / 14621 = 1,64
Бұл көрсеткіштердің ұсынылатын мәні 2 ≥ 1 болғандықтан, 2-ден асуы кәсіпорынның өз қаржы-қаражаттарын тиімсіз пайдаланылатын көрсетеді . Тауарлы – материалдық запастарының үлесі жоғары кәсіпорын ТМЗ-ның есептік құны ағымдағы құнмен қаншалықты алшақтайтынын есептеу қажет. Ол дегеніміз кәсіпорында тауарды-материалдық запастар қандай әдістермен бағаланатынын анықтау. “Строй Капитал” АҚ -нің тауарлы-материалдық запастарды ЛИФО әдісімен, яғни кезең аяғында соңғы сатып алу бағасымен есептелуі мүмкін.
2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын талдау
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жауапты кезеңі инвестициялық жобаны экономикалық негіздеу болып табылады. Нарық экономика жүйесінде қызмет ететін субъектілердің ерекшілігі олардың мақсаттарының айырмашылығынан көрінеді. Жобаның қаржылық негіздеушісі белгілі бір табыстылық мөлшерімен оның қатысушыларын қанағаттандыру негізінде анықталады. Инвестициялық жобаның тиімділігін негіздеуде ең жоғары табыстылық, ең төменгі еңбек шығындары, өтелу уақыты, залалсыздық, өнім сапасы, нарықтағы үлесі сияқты тағы да басқа көрсеткіштер болуы мүмкін. Жобаны іске асыруда шығындарды дұрыс есептеу өте маңызжы сондай-ақ инфляция мен тәуекелділікті мөлшерін жете бақылау алға шығады.
Ұзақ мерзімдегі инвестиция салуда өнімнің өміршеңділігі есепке алынады. Дүние жүзінде инвестициялық жобалар оң сипаты болса да қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік әсері болуы қажет. Тиімділігін бағалауда көбіне өтелу мерзімін қамтамасыз етуде табыс және инвестициялық рентабельділігі қарастырылады.
“Строй Капитал” АҚ -нің қаржы көрсеткіштерінің құрамына:
Құрылыс алаңын дайындау, жобалық-зерттеу және жобалық-конструторлық жұмыстар, технологилық құрал-жабдықтар алу оны монтаждау сияқты бір кезеңдік шығындары;
Жобаны іске асыру кезеңіндегі ақша қаражаттарының түсу көлемі мен мерзімдері енген;
Негізгі эклномикалық көрсеткіштер;
Инвестициялық шығындар және қаржыландырудың жоспары;
Өндіру мен өткізудің бағдарламасы;
Жабдықтардың күтілуі мен жөнделуі;
Әкімшілік және үстеме шығындар;
Айналым капиталдың қажеттілігі;
Амортизациялық аударымдар;
Ақша қаражаттарының қозғалысы;
“Строй Капитал” АҚ -нің басшылығы 500000 мың теңге көлемінде жаңа технология желісін сатып алуды қарастырған. Осы жоба бойынша банктер 2 жылға 25 пайыздық мөлшерде, үшінші жылы 18,4, төртінші жылы 12,6, бесінші жылы 6,2 мөлшерінде кредит алу қажет. Сонымен бірге айналым құралдарын 100000 мың тенгеге өсіру керек. Бірінші жылы жұмысшылардың еңбең ақысы 20000 мың теңгеге қарастырылса, ол келесі жылдарға 100000 мың теңгеге көтеріледі. Жаңа өнімді өндіруге қажетті материалды сатып алу құны бірінші жылы 25000 мың теңге, ол келесі жылдарда шығындар жылында 25000 мың теңгеге өсіп отырады. Сондай-ақ басқа да шығындар жылына 10000 мың теңге көлемінде болатыны қарастырылды. 7- кестеде кәсіпорынның инвестицияны динамикалық бағалау әдістері келтірілген. Инвестициялаудың сомасын банкке қайтару екінші жылдан бірдей үлесте қайтару көзделген. Кәсіпорынның табыс салығы 30 пайызында есептелінген.
6- кесте- “Строй Капитал” АҚ -нің инвестициялық қызметі
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | ||||
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші | ||
Инвестициялық қызмет | ||||||
1 | Технологиялық желістің құны, мың теңге | 50000 | - | - | - | - |
2 | Айналым капиталынының өсімі, мың теңге | 10000 | - | - | - | - |
3 | Инвестицияның барлығы, мың теңге | 60000 | - | - | - | - |
“Строй Капитал” АҚ -нің мәліметтерінен.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіне барлығы 60000 мың теңге қаражат жұмсайтынын көреміз. Технологияны 50000 мың теңгеге алса, айналым капиталын 10000 мың теңгеге өсуі жоспарланған.
“Строй Капитал” АҚ -нің негізгі құралдарын жаңарту мақсатында кәсіпорын құрылтайшыларының шешімі бойынша жаңа өнім шығаруға шешім қабылдады. Басшылықтың шешімі бойынша жаңа технологины игеруді шешті. Бұл кестеден көптеген мағлұмат алуға болады. Соның ішінде жобалық таза табысты атап өтетін болсақ бірінші жылы 4550 мың теңгеден жоспарланған таза табыс бесінші жылы 22330 мың теңгеге дейін өсетінін көреміз. 17780 мың теңге өсіп, пайыздық көрсеткіште 490-ға бес жыл ішінде жоспарланып отыр. Бұл жоспарланған жоба әрине, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы әлеуметтік-экономикалық факторларына тікелей байланысты екені белгілі.
7- кесте-“Строй Капитал” АҚ -нің операциялық қызметі.
№ | Көрсеткіштер | 1-ші жылы | 2-ші жылы | 3-ші жылы | 4-ші жылы | 5-ші жылы |
1 | Өнімді өткізуден түсетін табыс, мың тг. | 75000 | 88000 | 102000 | 107000 | 105000 |
2 | Жұмысшылардың жылдық еңбек ақысы, мың тг. | 20000 | 21000 | 22000 | 23000 | 24000 |
3 | Шикізат, материалдар құны, мың тг. | 25000 | 27500 | 30000 | 32500 | 35000 |
4 | Тұрақты шығындар, мың тг. | 1000 | 1000 | 1000 | 1000 | 1000 |
5 | Амортизациялық аударымдар, мың тг. | 10000 | 10000 | 10000 | 10000 | 10000 |
6 | Кредит пайыздары бойынша, мың тг. | 12500 | 12500 | 9400 | 6300 | 3100 |
7 | Салық салынғанға дейінгі табыс, мың тг. | 6500 | 16000 | 29600 | 34200 | 31900 |
8 | Табыс салығы (30%), мың тг. | 1950 | 4800 | 8880 | 10260 | 9570 |
9 | Жобаланған таза табыс, мың.тг | 4550 | 11200 | 20720 | 23940 | 22330 |
10 | Операциялық қызметтен түсетін таза түсімдер, мың тг. | 14550 | 21200 | 30720 | 33940 | 32330 |
“Строй Капитал” АҚ -нің мәліметтерінен.
Соңғы бесінші жылы есептелінген нақты қаражаттарды “Строй Капитал” АҚ -нің деректері бойынша 32330 – 12500 = 1380 + 3275 = 4655 мың теңгені құраса, технологияның қалдық құны 3275 мың теңге болып отыр. Бұл қалдық құн пайдалану мерзімінен кейін, яғни бес жылда 10% құрауы мүмкін деген есептен шығады. Ал қалдық құн шығындары 5% есептелген. 5000*0,5=250 мың. Сонда операциялық табыс 5000-250=4750 мың теңге, бұдан алынатын кәсіпорын салығы кодекс бойынша 30%. 4750*0,30=1425 мың теңге. Таза қалдық немесе жою құны 500-1425 = 3575 мың теңге бойынша болып отыр. Бұл дегеніміз инвестиция әсері (эффектісі) 3575 мың теңгені құрайтынын көрсетеді. Жалпы “Строй Капитал” АҚ -нің инвестициялық жобасын талдау барысы кәсіпорынның инвестициялық қаржыландырудың несиелік немесе қарыздық кәсіпорын мүлкін кепілге беру саясаты басшылықтың үлкен жауапкершілікке баратындығын көрсетудегі әдіснамалық шараларды қолдануы мүмкін.
8- кесте- “Строй Капитал” АҚ -нің қаржылық қызметінің инвестициялық жобасы
№ | Көрсеткіштер | 1-ші жылы | 2-ші жылы | 3-ші жылы | 4-ші жылы | 5-ші жылы |
1 | Меншікті капитал,мың тг. | 10000 | - | - | - | - |
2 | Ұзақмерзімдіқарыздар, мың тг. | 50000 | - | - | - | - |
3 | Қарызды төлеу, мың тг. | - | -12500 | -12500 | -12500 | -12500 |
4 | Қаржылық қызмет сольдосы, мың тг. | 60000 | -12500 | -12500 | -12500 | -12500 |
5 | Нақты қаражаттар түсімі, мың тг. | -45450 | 21200 | 30720 | 33940 | 32330 |
6 | Нақты қаражаттардың сальдосы мың тг. | 14550 | 8700 | 18220 | 21440 | 19830 |
7 | Жинақталған нақты қаражаттар сальдосы,мың тг. | 14550 | 23250 | 41470 | 62910 | 41270 |
“Строй Капитал” АҚ -нің мәліметтерінен.
8- Кестенің нақты инвесторлардың зерделеп, қарастыратын позициясы. Нақты қаражаттар түсімі сәйкесінше алғашқы жылы теріс мән береді. Ал екінші жылдан бастап 21200 мың теңгеден жобаның бесінші жылы 32330 мың теңгеге өседі. Бұл 11130 мың теңге айырмашылығы. “Строй Капитал” АҚ -нің есебі бойынша жинақталған нақты қаражаттар 14550 мың теңгеден 41270 мың теңгесі, банк несиесін қайтаруға сатылып алынатын технологияның бір қалыпты амортизациялық жылдық аударымдыр сомасымен қоса есептелінген қаражатта пайыздық көрсеткіште бұл бап әр жылы 10000 мың теңгені құрайды. “Строй Капитал” АҚ -нің басшылығының есептік саясаты бойынша бұл технологияға, сондай-ақ еліміздің қазіргі экономикалық-тұтұнушылық қабілетін талдау жасай отыра, инвестицияның несиелік жүйесін таңдағандылығын көреміз.
9 - кесте- жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | ||||
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші | ||
1 | Инвестициялық қызметтің әсері (тиімділігі)мың тг. | -60000 | - | - | - | 3575 |
2 | Операциялық қызметтің әсері (тиімділігі) мың тг. | 14550 | 21200 | 30720 | 33940 | 32330 |