Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3-5 бет.

І тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты.
1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы................................................6-9 бет.
1.2.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.......................................................................................................10-15 бет.

IІ тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері.
2.1.Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.....................................................................16-21 бет.
2.2.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары..........................................................................................22-25 бет.

ІІІ тарау.. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.
3.1.Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері......................................................................26-30 бет.
3.2.Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері...............................................................................31-32 бет.
Қорытынды.............................................................................................33-34 бет.
Қосымшалар.............................................................................................35-36 бет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38 бет.

Работа содержит 1 файл

жулдыз курстық жумыс.docx

— 79.02 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі

 

    

 

 

 

 

 

 

 

Атырау-2012 жыл.

 

                                                     Жоспар

 

Кіріспе...........................................................................................................3-5 бет.

 

І тарау. Коммерциялық банктердің  инвестициялық  қызметінің сипаты.

1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы................................................6-9 бет.

1.2.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.......................................................................................................10-15 бет.

 

  IІ тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері.

2.1.Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.....................................................................16-21 бет.

2.2.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары..........................................................................................22-25 бет.

 

ІІІ тарау.. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.

3.1.Банктердің  бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері......................................................................26-30 бет.

3.2.Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері...............................................................................31-32 бет.

 Қорытынды.............................................................................................33-34 бет.

Қосымшалар.............................................................................................35-36 бет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

                                                        Кіріспе

 

     Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.

     Қазақстан экономикасының  өсуі сыртқы факторлардың ықпалымен шартталады.  Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  07.02.2008 ж. “ Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты ” атты жолдауында : “ ... мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өсіп келе жатқанын ескере отырып ішкі инвестициялық ресурстарды белсендіру, банктердің инвестициялық қызметті дамыту ”,- деп берілген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда мемлекет экономикасына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, банктерде инвестициялық қызметті ұйымдастырып, оны дамыту бойынша барлық жағдайлар жасалды. Тікелей шетелдік инвестиция ( ТШИ ) тұрғын басына шаққандағы көлемі бойынша Қазақстан Достастық елдері арасынан ғана емес, сонымен қатар транзитті экономикасы бар мемлекеттердің ішінен озып келе жатыр. Алайда Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту және екінші дәрежелі банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл бірқатар факторлармен шартталады.                             Біріншіден, экономикалық жүйенің трансформациялану кезеңі ішкі инвестициялық ресурстардың пайдалануының күрт төмендеуімен сипатталады, ал бұл өз кезегінде республика ұйымдары мен кәсіпорындарына ұлттық экономиканы дамытуға бағытталған инвестициялық қызметпен  айналысуларына мүмкіндік берген жоқ. Екіншіден, дүние жүзі нарығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін экономиканың өңдеуші секторына инвестициялар деңгейі жеткіліксіз болып отыр.

   Зерттеу мақсаты мен міндеттері.  Коммерциялық банктерде инвестициялық қызметінің төменгі деңгейде болуының себебі олардың шектеулігі және инвесторлар ( шетелдік және отандық ) мүдделерінің экономиканың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі болып табылады. Жеке шаруашылық субъектілері бос қаржы қаражатын иеленгенімен, оны ағымдағы шығындарын өтеуге жұмсайды, ал коммерциялық банктер нақты өндірісті инвестициялауға әлі құлшыныс таныта қойған жоқ. Үшіншіден, көптеген мемлекеттердегі инвестициялық белсенділік пен экономикалық өсу шетел капиталының қатысуымен қолдау тауып отыр. Алайда, тәжірибенің көрсетуінше, шетел инвесторлары үшін, ең алдымен, дәстүрлі шикізатты салалар, әсіресе, мұнай газ және металлургия өнеркәсіптерінің  игеруші салалары тартымды. Ал байланыс, көлік, ауыл шаруашылығы, машина құрылысы кешеніне ТШИ көлемі азырақ келеді.  

Инвестиция бағыттарының приоритеттерін анықтау, әсіресе экономиканың өңдеуші саласына, бүгінгі таңда  өзекті мәселелердің бірі болып отыр деп санауға болады. Ондағы инвестициялық  белсенділіктің жандануы мен капитал  салымдарының тиімділігін жоғарылату керек. Жаңа инвестициялық саясат нарықтық қатынастардың жетілу кезеңіне сәйкес келетін кеңейтілген ұдайы өндіріс  парадигмасына жетудің шешуші механизмі  болып табылады, бұл Президент  Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстанның бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағытталған экономикасын қалыптастырудың  түбегейлі міндеттерін іске асыруға  септігін тигізеді.

      «Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі» тақырыбындағы курстық жұмысты орындаудағы міндеттері келесідей :

Құнды қағаздардың жалпы  экономикадағы қызмет етуі мен орнын  анықтау;

Бүгінде жас буын алдында  жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни құнды  қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру;

Мемлекеттік бағалы қағаздарды жан-жақты талдап, олардың еліміздің  ұлттық экономикасындағы айналыстағы  барысын талдау;

Коммерциялық банктердің құнды қағаздар нарығында қызмет ету механизмін талдау;

Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен  оларды құру жолдарын талдау;

Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен  операциялар есебін құрастыру болып  табылады.

      Зерттеу нысаны мен мән мағынасын суреттеу.  Мемлекет экономикасындағы инвестициялық қызметті белсендірудің маңызды шарасы Қазақстан Республикасының 2003-2015  ж.ж. өнеркәсіптік-инновациялық даму стратегиясымен белгіленген. Стратегия экономиканы диверсификациялау мен модернизациялау негізінде, шикізаттық бағыттан арылу, өңдеуші секторының болашағы бар бағыттарын анықтау, нақты сектордағы инвестициялық қызметтің тартымды жағдайларын қалыптастыру негізінде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегияны іске асыру мемлекетімізге қосылған құны жоғары тауарлар мен қызмет көрсетудің әлемдік нарығында табысты бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.

      В.Д.Камаев инвестициялаудың мәнін, табиғатын зерттеп, инвестициялауды тауар мен қызметті өндіру және оларды тұтынуға жеткізу үшін пайдаланылатын өндіріс процесі мен өндіріс қаражаттарын жинақтау процесі ретінде анықтайды.

      Инвестициялау мәселелерінің әдістемелік аспектілеріне экономика теориясы классиктерінің көптеген еңбектері арналған. Жинақталу, экономикалық өсу мен инвестиция мәселелері, сонымен қатар, оларды реттеу механизмдерін қалыптастыру Дж.Кейнс, Дж.Р.Хикс,Ж.Б.Сэй, А.Маршалл, А.Пигу, К.Маркс, П.Самуэльсон, М.Фридмен, Ф.Хайек және экономикалық ойдың басқа классиктерінің еңбектерінде қарастырылған.

      Институционалды инвестициялау саласында портфельдік менеджмент мәселелеріне негізделетін қазіргі инвестициялау теориялары американдық теорияшылар мен тәжірибешілермен терең қарастырылған. Құнды қағаздардың оңтайлы портфелін құру үлгісін ұсынғандарға Г.Марковиц, У.Шарп, Дж.Тобин, Дж.Линтнер, Ф.Блек, М.Шоулз атаулы ғалымдарды жатқыза аламыз. Инвестициялық тартымдылық мәселелерін шешуде институционализм теориясын ұстанушы Т.Веблен, У.Митчел, Р.Коуз, Д.Бьюкенен сынды зерттеушілер еңбек сіңірген болатын.

      Инвестициялық қызмет заңдылықтары мен инвестициялық ресурстарды экономикада тиімді пайдалануды зерттеуге таяу шетел экономист мамандары Л.Абалкин, А.Васильева, А.Добрынин, П.Завлин, А.Кондратьев, А.Кноль, А.Крутик, Ю.Матькина, В.Миловидов, Ю.Никифоров, Е.Никольский, М.Попов, А.Смирнов және т.б. үлес қосты.

   Дерек көздері мен әдебиеттерге жалпы талдау. Инвестициялау теориясы мен тәжірибесі бойынша қазақстандық зерттеуші мамандардың ірі еңбектеріне А.Т.Ашимбаева, С.А.Аханов, Айменов А.Т., Р.А.Алшанов, А.Абишев, А.Алимбаев, Ж.Аубакирова, У.Баймуратов, Ф.Днишев, В.Додонов, О.Егоров, М.Исаева, К.Кажымурат, М.Кенжегузин, А.Кошанов, А.Кравцов, Н.Мамыров, Т.Мухамбетов, Н.Нурланова, К.Окаев, М.Оспанов, О.Сабден, Есиркепов Т.А., М.Спанов, П.Пасеченко, А.М.Смагулов, Б.Хусаинов, Б.Чумаченко және т.б. ғалымдардың туындыларын жатқызуға болады.

          Авторлық жаңашылдық пен шығармашылық дербестікті көрсету.   Қазақстан экономикасын инвестициялаудың жеке аспектілері қарастырылған бірқатар ғылыми зерттеулерде атап кету керек. Мысалы, Ф.Днишев экономиканы модернизациялау көзі ретінде инновациялық факторға баса назар аударған. Сонымен қатар, іске асырылуындағы инвестициялау механизмін жасап Нұрланованың аймақтық аспектіні қамти отырып, Қазақстанның инвестициялық стратегиясын негіздеу мәселесіне шығаруға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Коммерциялық  банктердің  инвестициялық қызметінің  сипаты

1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы

 

    Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

     Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде  оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени  тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын  шығындар күрделі салымдарды  жүзеге асырады.

     Инвестиция деп нәтижесінде пайда (табыс) немесе әлеуметтік тиімді құрылатын кәсіпорын құруға, негізгі қорларды жаңалауға, кеңейтуге, істегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық жабдықтауға , жылжымайтын мүлік сатып алуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар, акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет. Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және  басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

     Инвестициялық қызмет бұл–инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы. Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

      Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

 

   Инвеcтицияны жүзеге  асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке  қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,  саудагерлерге және  ойыншыларға  бөлінеді.

     Инвестор - бұл капиталды салған  кезде, көбіне басқа біреудің  ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы  делдал.

    Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.

  Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға  дайын адам.

  Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке  баруға дайын адам.

     Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық- саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

   Сыртқы экономикалық  қызметтің  маңызды аспектісі  - шетел инвесторларының  қатысуы  және республика экономикасын  тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін   тарту. Бұл қаражаттар ұлттық  шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің  басым міндеттерін шешу, рынокты   тұтыну тауарларымен молайту   және экспорттық әлуетті кеңейту   үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы  тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз  ету үшін алтын-валюта резервтері  жасалған, олар сонымен бірге   ұлттық валютаны да қамтамасыз  етеді. Кредиттерді қамтамсыз   етудің басқа нысаны экспорттық  тауарлардың қорлары болып табылады.

   Бөлінген инвестициялар  және оны іс жүзінде игерудегі  қызметтер жиынтығы инвестициялық  қызметті білдіреді. Мемлекет  экономикасына инвестицияны салу, пайда алу және тиімді пайдаға  жету мақсатындағы тәжірибелік  әрекеттер инвестициялық қызметпен  түсіндіріледі. 

     Ал жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік , өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі