Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:18, дипломная работа
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол¬дау¬ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра¬тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................7
1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.........15
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру - инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі...........................................25
2 “СТРОЙ КАПИТАЛ” АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.........................35
2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........35
2.2 “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау.............43
2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын бағалау............48
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................54
3.1 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуал және инвестициялық саясаттың жағдайы………………………………......................................................……...54
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру………..............62
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.................................................71
Кәсіпорын мәліметттері негізінде есептелінген
Кәсіпорын жекеменшік нысанында бола жұмыскерлердің орташа жалақысының жылдан жылға өсуіне куә болып отырмыз. Шаруашылық субъектілердің экономикалық қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметтің жоспары жасалады, өндірістің даму қорлары анықталып, кәсіпорын бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтері нәтижесін бағалауға болды. Бұл – кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тартымдылығына үлкен септігін тигізуі мүмкін.
“Строй Капитал” АҚ-ң жұмысшылардың еңбек ету өнімділігін кәсіпорын басшылығы еңбекақы төлеу мәселесін екі тұрғыдан қарастырады. Жұмысшылардың жұмыс істеу қабілетіне байланысты негізгі және қосымша жалақысын төлейді, сондай-ақ жұмысшыларына тікелей сыйақыларды беріп тұрады. Кәсіпорынның басқару құрылымы, сондай-ақ мамандар мен жұмысшылар жоғары білікті кәсіпқой мамандармен қамтылған. Есепті жылы персоналдар саны 19 адамға көбейгендігіне қарап отырып, өндірілген өнім көлемі да артқан. 2006 жылға қарағанда 2007 жылы өнімді өткізуден түсім 5746 мың теңгеге артқан. Кәсіпорында жұмыскерлерді ынталандыру жоғары деңгейде. Еңбек ақыны ұйымдастыру Қазақстсан Республикасының қазіргі “Еңбек кодексіне” және ҚР салық Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвесторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні белгілі.
“Строй Капитал” АҚ-ң техника-экономикалық жағдайы қанағаттандырарлық.
Өткізілген өнімнен түскен табыс :
Әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болды және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл - өнім өткізу жұмысшының әсері оның цехтарының, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде көрінеді, талдау кезеңі 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 91981 мың тг. болып, пайыз түрінде 106,6% артты. Бұл жалпы Қазақстан тұрғындарының төлем қабілеттілігін және кәсіпорын тауарларына сұраныстың бар екендігін аңғарады.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны:
Бұл кәсіпорынның басқару есебі қалай жүргізіліп жатқанын аңғартатын көрсеткіш. Басқару есебінде шығындар мәселесі бірінші орында болғандықтан, өндірістегі шығындарды есептеу, қаржылық жұмыс, нақты субъектідегі басқару, ұйымдастыру мәселесі тікелей осы деңгейді көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны 2007 жылы 4613 мың тенгеге өскенін көрміз. Бұл бұйымдарды өңдеу мәселесін кәсіпорын деңгейінде атқаруға бағытталған шешімнің көрсеткіші.
Жалпы табыс:
Жалпы табыс кәсіпорынның нақты нәтижелігін көрсетеді. Ол 2007 жылы 1133 мың теңгеге, яғни 104,4 пайызға өсті.
4. көрсеткіш бойынша кезең шығындары:
Бұл көптеген кәсіпорындардың шығыстар бөлігіндегі қомақты үлестерді алатын бөлігі. “Строй Капитал” АҚ-ң кезең шығындарын басқару аппаратың үнемдеуін және оңтайлы шешімдер қабылдауынан болуы мүмкін. Мәселен 2007 жылы жалпы табыс 1,04 есеге өскенімен, кезең шығындарын басқару мүмкінділігі басқармаға тәуелсіз болады. Кезең шығындары көптеген бухгалтерлік сатыларды қосатындықтан, жалпы- бағаның барлық салаларда өсіуі 2007 жылы кәсіпорындардың тиімділігін сонымен қоса кезең шығындарын 2340 мың тенгеге өсірді.
5. көрсеткіш бойынша негізгі қызметтен түскен табыс:
2007 жылы негізгі қызметтен түскен табыс 1207 мың тг. төмендеді. Бұл – кәсіпорынның инвестициялық және экономикалық тартымдылығын, содай-ақ басқару есебін қайта қарастыруды талап етеді.
6. көрсеткіш бойынша негізгі емес қызметтен түскен табыс:
Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2007 жылы 526 мың тг. артып отыр.
7. көрсеткіш бойынша салық салғанға дейінгі табыс:
Бұл көрсеткіш табыстың 2006 жылмен салыстырғанда 681 мыңға төмендегенін көрсетуде.
8. көрсеткіш бойынша таза табыс:
Таза табыс көрсеткіші 361 мың тг. төмендеуде. Осының салдарынан кәсіпорын инвестиция тарту мәселесін мәселесін алға шығаруда. Ол – мәселе талданып бағаланады.
9. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың тізімдік саны:
Жұмысшылардың тізімдік саны сәйкесінше 19 адамға артып отыр.
10. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры:
Еңбек ақы қоры Қазақстан Республикасының Заң, нормативті актілері, сондай-ақ тұтыну себетіне сәйкес 1,5 есеге өсті.
11. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы:
Жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы инфляция деңгейі және кәсіпорынның ынталындыру шеңбері есебінен орташа 8022 тенгеге өскенін көреміз.
12. көрсеткіш бойынша негізгі қордың жылдық орташа құны:
Негізгі қордың орташа жылдық өсімі біріншіден, негізгі қорларды қайта бағалау есебінен, (нақты бағамен) екіншіден, құрылтайшылардың негізгі қор есебінен жарналарын көбейтулерінен және негізгі қорларды реконструкциялау және тағы басқа көздерден 12492 мың тенгеге өсті.
13. көрсеткіш бойынша қор қайтарымдылығы:
Қор қайтарымдылығы кері көрсеткіш, сондықтан әрбір негізгі құралдардың бір теңгесіне 2007 жылы 1,3 тенгеге өнім өндірілгенін көрсетеді.
14. көрсеткіш бойынша кор сыймдылығы:
Қор сыймдылығы 2007 жылы өндірілген өнімнің 1 теңгесіне 0,8 теңге өндірістік негізгі құралдар келгенін көрсетеді.
15. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың қормен қарулануы:
Бұл - әрбір жұмысшыға қанша өндірістік негізгі қордың деңгейін көрсетеді. 2007 жылы 1 жұмысшы 2006 жылға қарағанда 70 мың теңгеге төмендеген. Осының салдары кәсіпорынға шығындар статьясын көбейтіп отырғанын көреміз.
16. көрсеткіш бойынша өнімнің 1 теңгесіне кететін шығыны:
Кәсіпорынды шығындар есебін жақсы білетін мамандар қарастырмайынша, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары мүмкінге ие болмайды. 2006 жылы өнімнің 1 теңгесіне 0,92 тг. болса 2007 жылы 0,94 тг. болып отыр. Бұл дегеніміз - әрбір теңгеге 2007 жылы 0,02 теңге артық жұмсауды көрсетеді.
“Строй Капитал” АҚ-ң башылығының алға қойған міндеттері бойынша - сырттан инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға тарту мәселесі бірнеше көрсеткіштер мен анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде шығындарды басқару стратегиясы инвестордың алғы шарттары болатыны анық.
2.2 “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау
Нарық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнге ие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.
Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер мен басқа да инвесторлардың алдында өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып саналады.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:
Ішкі және сыртқы ортаға байланысты;
Маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;
Қарапайым (жәй) және күрделі;
Тұрақты және уақытша;
Кәсіпорындағы ішкі факторлар өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесі болжап білу болып табылады.
Инвестициялық тартымдылықтың маңызды факторларының бірі – кәсіпорындағы қаражат құрамы және құрылымы. Инвестициялық бағыт, оны ұйымдастыру мен басқару стратегиясы және қысқа мерзімді болжаулардың дұрыс таңдалынып алынуы.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына қарыздық міндеттемелер нарығының үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан да “Строй Капитал” АҚ-ң активтерінің қорлану көздерін талдау негізінде оларды бағалау қажет. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының бар екендігін көрсетеді.
Тәуелсіздік коэффиценттің мәні – кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражаттарын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Батыс экономистері тәуелсіздік коэфицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздрінің тұрақты құрылымын сақтау мүмкіндік береді. Ивесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды бақылайды. Себебі, осы жағдайларды кәсіпорынның қоржындық пайын иемденуге болады деп есептейді.
Тәуелсіздік коэффиценттін мешікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықталады.
Ктәуелсіздік =Мк/Бв
КТ (2006 ж) = 28233 / 80387 = 0,35
КТ (2007 ж) = 29681 / 95813 = 0,30
Бұл деректерден, кәсіпорынның меншікті капиталының шоғырлануы 0,05 позицияға төмендегенін аңғартады. Дегенмен, кәсіпорын инвестиция тартуға мүмкіншілігі бар бар екенін көрсетеді.
5-кесте-“Строй Капитал” АҚ -нің капиталының құрамы және құрылымы.
Көрсеткіштер | 2006 | 2007 | Өзгерістер | |||
мың тг. | % | мың тг. | % | +/- | % | |
Баланс валютасы соның ішінде: Меншікті капитал Қарыз капитал | 80387
28233 52154 | 100
35,1 64,9 | 95813
29681 66132 | 100
30,9 69,1 | 15426
1448 13987 | 119,1
105,1 126,8 |
Тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы коэффиценті | Х | 1,8 | Х | 2,2 | 0,4 | 122,2 |
Тәуелсіздік коэффиценті | Х | 0,35 | Х | 0,30 | -0,05 | 85,7 |
Тартылған капиталдың шоғырлануы коэффиценті | Х | 0,35 | Х | 0,31 | -0,04 | 88,5 |
Меншікті капиталдың табыстылық коэффиценті | Х | 0,2 | Х | 0,18 | -0,04 | 90 |
Қаржыландыру коэффиценті | Х | 0,54 | Х | 0,44 | -0,1 | 81 |
“Строй Капитал” АҚ-ң мәліметтері негізінде жасалынды.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және кәсіпорынның атағына үлкен мән берілетін нарықтық экономкасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэфицентіне жоғары талап қойылмайды. Мәселен, Ұлыбританияда оны 0,2 дейін темендетуге дейін болады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіші меншікті капиталға тартылған капиталдың қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті капиталдың қатынасының коэфиценті:
Кт / м = Тк / Мк ;
Тк – тартылған капитал
Мк – меншікті капитал
Кқ / ш 2006 = 52154 / 28233 = 1,8
Кқ / ш 2007 = 66132 / 29681 = 2,2
Бұл коэффиццент кәсіпорынның меншікті қаражаттарының әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражаттарын тартқанын көрсетеді. Қарастырылып отырған кәсіпорында әрбір меншікті қаражатқа 2007 жылы 1 теңге 80 тиын келетін көрсетіп отыр. Демек, кәсіпорынға қарыз қаражаттарын пайдалануын жақсартуға көңіл бөлуі керек. Тәжірибеде Кқ / ш < 1 теңге . Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынға қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкінділігі айтылдған, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті капитал қатынасының коэффиценті салалық ерекшіліктерге, кәсіпорынның шарушылық қызметінің сипатына және айналым қаражаттарының айналу жылдамдылығына да байланысты болады. Материалдық айналым капиталының айналымдылығының жоғарғы көрсеткіштері және дебиторлық борыштардың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффиценттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестілігіне ешқандай әсерін тигізбейді.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын тартылған капиталға меншікті капиталдың қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффиценті болып табылады.
Кқ = Мк / Тк ;
Мк – меншікті капитал
Тк – тартылған капитал
Кқ 2004 = 28233/ 52154 = 0,54
Кқ 2006 = 29681/ 66132 = 0,44
Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді кіріседі. Қаржыландыру коэффиценті < 1 болатын жағдай (кәсіпорынның меншікті капитал бөлігі қарыз қаражаттармен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің кауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындататын көрсетеді. “Строй Капитал” АҚ -нің бұл көрсеткіші 2006 жылы 0,1 пунке төмендеген, сондықтан кәсіпорын басшылығы осы бағытта белсенді жұмыс жасау керекігі алға шығады.
Әдетте кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, өтімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізеді. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелер мен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіп пен топталады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді: абсалютті өтімділік коэффиценті, аралық өтеу коэффиценті, ағымдағы өтімділік коэффиценті. “Строй Капитал” АҚ -нің өтімділігін талдау барысы: