Инвестициялық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:18, дипломная работа

Описание работы

Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол¬дау¬ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра¬тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................7
1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.........15
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру - инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі...........................................25
2 “СТРОЙ КАПИТАЛ” АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.........................35
2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........35
2.2 “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау.............43
2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын бағалау............48
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................54
3.1 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуал және инвестициялық саясаттың жағдайы………………………………......................................................……...54
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру………..............62
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.................................................71

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық қызмет.doc

— 402.50 Кб (Скачать)

     Мультипликатор (көбейткіш) қағидасы. Мультипликатор қағидасы салалардың байланысуына сүйенеді. Бұл айтарлықтай автомобильге деген сұраныстың өсуі технологиялық ілеспе тауарларының: металл, пластмасса, резина және тағы да басқаларының өсімін туғызады. Мультипликатор, салалар арасындағы нақты бар байланысын тұлғалайды және осы байланыстарды санды түрде сипаттайды.

     Мультипликатор алдын ала нақты ықпалдың уақыты мен экономикалық қуатын білуге, осы ақпаратты тиімді пайдалануға: тиімсіз инвестициялауды тоқтату және коньюнктураны оза отырып, уақытылы жаңа бизнеспен айналасуға мүмкіндік береді. Осындай уақытылы әрекет акцияларды қайта сату және өндірісті қайта профильдеу формасында жүзеге асуы мүмкін.

     Мультипликатор әсері саладан – сұраныс пен табыстылық қуат көзін (генератор) жоюына байланысты әлсіреп, өседі. Сонымен қатар, мультипликатор әсері уақытылы да өшеді. Кейін басқа сала алға шығуы мүмкін, мұнда, қайтадан инвестициялау стратегиясын түзету керек. Q – қағида – бұл қор биржасындағы активті бағалаумен оның нақты қалпына келтіру құны аралығындағы тәуелділігін анықтау. Бұл тәуелділік көрсеткіші – Q – қатынас:

Q=материалдық активтердің ұдайы өндірісін биржалық бағалау / осы активтердің орнын басудың ағымдағы шығындары

     Егер, бөлшек бірден жоғары болса, онда инвестициялау тиімді. Қанша көп болса, сонша тиімді.

     Инвестициялау тиімділігі сұраныс бағасы мен ұсыныс баға ара қатынасына бекітіледі. Бүкіл кәсіпорынды сатып алуды инвестициялағанда былай анықтаймыз

Q=бүкіл фирманың биржалық бағасы / оның материалды бөлігінің орнын толтыру шығындары

     Бұл қағиданың қолданылуына қарағанда, оны мемлекеттік реттеу деңгейі көбірек.

    Тәжірибе көрсеткендей,  Q – қағида келесі салаларда қолданысқа жақсы. Олар: көлік, автомобиль жасау, түсті металлургия, резинотехникалық өнеркәсіп, пластмасса өндірісі, бірақ ол мемлекетпен реттелетін салаларда қолданылады: мұнай шығару, газ саласы және тағы да басқа.

 

1.3 Инвестициялық    жобаларды    тиімді     ұйымдастыру -  инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі

      Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар сызулар, түсіндермелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның аңыктайтын смета табылады.

      Жоба – бұл техникалық материалдар (сызба, есептер, жаңа құрылған гимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.

      Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.

      Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.

      Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны өткізуден алатын табыс қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жүмыстың аякталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аякталуы – қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.

      Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.

      Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.

      Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:

-         нвестицияға дейінгі- бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін

-         ивестиция кезеңі- келісім- шарт жасау кезеңі

-         өндірістік- кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.

      Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші кезеңдер ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, талдау т.б ) салаларына кіреді.

      Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады. Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зертеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.

      Жобаның алғашкы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес- жоспарын құру. Бірақ, уакытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.

      Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:

-         жобалық кәсіпорынды таңдау;

-         жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;

-         жобалық және құрлыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;

-         деталдық жоспарлау және спцификация;

-         құрлыстық орындардын сызбасы.

      Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қыска мерзімді зайымдар аңыкталады.

      Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрлымын құрлыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді.

      Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады:

-         жоба алдындағы;

-         нақты жобалау.

Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.

Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді:бастапқы және соңғы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы аңықталады.

    Өндірістің техника-ұйымдастырушылық дәрежесінің көтерілуі соның ішінде: еңбек,еңбек құралдары және еңбек заттары деңгейінде көрінеді. Міне осындай экономикалық көрсеткіштер, еңбекті іске асырумен бірге техника мен технологияның тиімділіктерінің дәрежесін көтереді. Жоғарыдағы көрсеткіштер (еңбек өнімділігі,қорқайтарымдылық,материалсыйымдылық) интенсификацияның жеке көрсеткіштері деп аталады. Оларды талдау технико-ұйымдастырушылық дәреженің факторымен шығару керек. Жеке көрсеткіштерге байланысты жалпылау да қолданылады.

              Барлық жалпы көрсеткіштер жиынның технкалық және ұйымдастырушылық тиімділігін сипаттайтын, келесі топтарды қарастыруға болады:

   Еңбек өнімділігінің, еңбекақы қоры жоғарылауы;

   Материал қайтарымдылығының өсуі (материалдар шығынын азайту);

   Негізгі қор қайтарымдылығын көтеру;

   Айналым коэффициентінің артуы;

   Өнім көлемін жоғарылату;

   Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;

   Қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсеткіштерін жоғарылату;

    Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.

    Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда. 

Тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынандай бөлімдерді өзіне енгізеді:

-         түсіндірмелі хат;

-         техника-экономикалық бөлім;

-         бас жоспар;

-         енбек күші;

-         құрлыстық бөлім;

-         өндірісті баскару жүйесі;

-         сметалық құжаттар.

      Инвестициялық жобаның әр жұмысының кезенінде оның құндық бағасы аңықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және олардың нақты денгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық мүмкіншілікті зертеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның мөлшері 25-40% аралығында болу керек.

      Инвестициялық процестін әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі, табыстылығы аңыкталады.Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық талдау  жоспарланады.                        

      Кәсіпорындар барлық инвестициялық ұсыныстарды «жинағанда» оларды бағалау жэне ранжирлеу процесі басталды. Сонымен қатар инвестицияның нәтижелік көрсеткішін есептейтін жобаның бизнес жоспары кұрылады, олар өз кезегінде, банк және басқа да кредиторларға ұсынылатын техника-экономикалық жағдайда жүзеге асырылады.

     Барлық өркенниетті мемлекеттерде неғұрлым болашағы бар кәсіпорындар өз қызметтерін кеңейте келе, міндетті түрде инвестиция тартуға есік ашады. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларын тиімді де тартымды түрде ұсыну арқылы инвестиция тарту тәжірибесі кеңінен қолданалынады. Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады. Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады. Барлық кәсіпорындар инвестициялық қарекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.

   Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды     үш түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қарекеттің көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның  жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.

     Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.

  Қаржылық мененджмент тәжірибесі инвестициялық қызметтерді бағалаудың келесі әдістерін атап көрсетеді.

Капитал мен табысты дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.

   Табысты дисконтау- капитал салу мерзіміне байланысты табыс әкелу. Дисконтау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі формула аңықталынады:

К=К*(1+n),

К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың салымдарының мөлшері.

К- салынған капиталдын  мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің  позизиясы.

n-дисконтау коэфициенті (яғни табыстылық нормасы немесе пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.

Д=К (1+n)-К,

Д- косымша табыс, тенге.

  Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты дисконтау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі жағдайларды басшылыққа алады.

    Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден,анықталған минимум мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар соммасына салуды жіберу.

Таза табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестиция алғысы келетін немесе инвестициялай алатынын жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы, мынандай болжам жасалынады:

инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1,P2,.............Pn көлемінде.

(NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді: 

Информация о работе Инвестициялық қызмет