Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:18, дипломная работа
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол¬дау¬ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра¬тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................7
1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.........15
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру - инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі...........................................25
2 “СТРОЙ КАПИТАЛ” АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.........................35
2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........35
2.2 “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау.............43
2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын бағалау............48
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................54
3.1 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуал және инвестициялық саясаттың жағдайы………………………………......................................................……...54
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру………..............62
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.................................................71
Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанда тікелей шетел инвестицияларының иелерімен алынған, табысты шетелге шығарудың бірден өсуі қауіпті болды. Тікелей шетел инвестицияларының табыстарын шетелге шығару серпіні туралы келесі кесте мәліметтері айтады.
10-кесте - Тікелей шетел инвестициялары мен 2002-2007 жылдары ҚР –ның тікелей инвесторларының табыстарын шетелге шығару серпіні
| өлшем бірлігі | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
Тікелей шетел инвестициялары | АҚШ млн.долл. | 1468,0 | 1278,2 | 2860,6 | 2157,1 | 2188,1 |
Шетелге реинвестицияланатын табыс | АҚШ млн.долл. | 329,6 | 934,3 | 1056,5 | 926,6 | 1015 |
Тікелей инвестицияға реинвестицияланатын табыстың үлесі | % | 22,5 | 73,1 | 36,9 | 43,0 | 46,0 |
ҚР Статистика Агентігінің деректері
2002-2006 жылдары шетелге шығарылған, Қазақстанда тікелей шетел инвестициялар иелерімен алынған, табыстарының көлемі 2002 жылы 329,6 млн. АҚШ долларынан 2006 жылы 1015млн. АҚШ долларына дейін көбейгенін кесте мәліметтерінен көре аламыз. Бұл, жаңа тікелей инвестициялар соммасына шетелге реинвестицияланатын табыстар үлесі 2006 жылы 46 % жеткенін айтады. Жасалған септер бойынша, жыл сайын тікелей шетел инвестицияларының ҚР–на тартылған әр 100 АҚШ долларынан шетел фирмаларының табыстары формасында 45 % қайтып шетелге кетеді. Сонда, шетелден ҚР–на инвестицияланған әр доллардың табыстылығы жылдық 45 % құрайды. Шетел фирмаларының туған елдерінде ол 7-9 есе аз бола тұрып. Сонда, біздің мемлекетке бос қаражаттарды шетел активтеріне емес, отандық экономиканы дамытуға салу керек еді.
11-кесте. Инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы.
Көсеткіштер | 2006 ж. млн. теңге | Инвестициялардың жалпы көлемiндегi үлесi, %-бен | |
2005 ж. | 2006 ж. | ||
Кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша барлығы | 1193113 | 100,0 | 100,0 |
Соның iшiнде: Мемлекеттiк | 134944 | 11,3 | 14,5 |
Жеке | 754336 | 63,2 | 84,3 |
Басқа мемлекеттер, олардың заңды ұйымдары мен азаматтары мен халықаралық ұйымдар | 303833 | 25,5 | 31,2 |
ҚР Статистика Агенттігінің деректері
Негiзгi капиталға инвестициялардың негiзгi көлемiн жеке меншiк нысандағы кәсiпорындар мен ұйымдар (84,3%), сондай-ақ басқа мемлекеттердiң Қазақстан аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер (31,2%) игерген. 2007 жылы 1193 млрд. тенге негiзгi капиталға инвестициялардан өнеркәсiптiң дамуына 812,5 млрд.теңге (68%) бағытталды. Басымдық салалар – мұнай өндiру және табиғи газ (53%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (16%), көлiк және байланыс (11%) және өңдеу өнеркәсiбi (8%) Сондықтан Қазақстан Республикасында iске қосылған инвестициялау объектiлерi мыналар болды: 49 мұнай скважиналары; 450 мың тонна құрамында алтын бар руданы өңдеу комплексi; 24 магаваттық турбиналы электростанция; жалпы ұзындығы 1356 км. құрайтын магистралды газөткiзгiштер; аэропорт.
Сонымен қатар, салықтық заң шетел инвестицияларын тартудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ал басқаша, оның жетілгендігінен тек өндірістік тиімділік ғана емес, елге инвестицияларды тарту мәні де байланысты. Республиканың мұнай өндіру кешенін дамытудың инвестициялық стратегиясын жүзеге асыру Қазақстан секторындағы Касспий теңізінің кен орындары меңгеруді қарастыратындақтан да, бұл өте маңызды. Бұл ары қарай, өндірісті бөлу туралы келісімді жүзеге асыруын жорамалдау.
Экономикалық тұтқаларды пайдалану ұйымдастырушылық сипаттағы шаралармен толтырылуы керек. ҚР мен оның аймақтарының инвестициялық мүмкіншіліктері туралы берілетін ақпараттың көлемі мен сапасы еліміздің экономикасына капитал салымдары туралы инвесторлардың шешім қабылдауына үлкен әсер етеді. Осыған орай, инвестициялық мүмкіншіліктердің призентациясы бойынша жасалып жатқан жұмыстарында индустриалды–инновациялық сектор салаларын дамытуға ерекше көңіл аударылуы керек. Перспективті жобаларды іздеу бойынша әлеуетті инвесторларға және жеке инвесторды қызықтыра алатын, инвестициялық жобаларды әзірлеу мен идентификациялау бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсететін, аймақтардағы ақпаратты–консультативтік орталықтарды құру бойынша жұмыс ұйымдастырылуы керек.
Ақпараттық–презентациялық шараларды жүзеге асырудан басқа инвесторлармен тиімді диалог жүргізуге көшу керек, әсіресе, трансұлттық компаниялармен, индустриалды–инновациялық дамудың ірі инвесициялық жобаларды бірігіп жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, басымды өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекетпен шаралар қабылдауға бағытталған:
- акционерлер құқығын қорғауды күшейтуге және корпоративті басқарудың тиімділігін жоғарылату;
- тіркеудің жеңілдетілген жүйесін енгізуге;
- қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына кәсіпорындардың өтуін тездетуге;
Индустралды–инновациялық даму айналасында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялар көзі – республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, сонымен қатар, мемлекет басқаруындағы кәсіпорындардар (дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары, ұлттық коипаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) қаржылары болады.
Басымды бюджеттік инвестициялар арасында, индустриалды-инновациялық даму үшін интеллектуалды және инфрақұрылымды негіз құратын салалар қалу керек. Яғни, бюджетті инвестициялар, жоғары технологиялық өндірістердің қалыптасуының маңызды қосымша шарты болатын және аймақтардағы іскерлік және инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасайтын, қажетті басымды және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталуы қажет.
Индустриалды–инновациялық секторлар салаларына бюджеттік инвестициялардың бағытталуы – негізгі қызметі несие капиталының ішкі және сыртқы нарығында қаражаттарды, сонымен қатар, экономиканың басымды салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін институционалды инвесторлар қаражаттарын тарту болып табылатын – дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Әр өндірістің әлеуетін анықтаған соң, инвестициялық саясат өз күшін Қазақстан экономикасының шикізат секторының кішірек участігіне тоқтату керек. Тек осы жағдайда ғана, өндіруші сектормен бірге ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық экономиканың негізін құра алатын, бірнеше жаңа қуатты салалардың пайда болуы мүмкін. 2015 жылға дейінгі инндустриалды–инновациялық даму программасында ғылымды дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары нақты белгіленген: оның стратегиялық әлеуметтік–экономикалық артықшылықтарының бірі ретінде анықталуы; ғылыми сиымды, ресурс сақтаушы және экологиялы таза өндірістердің өңдеуге бағытталған зерттеулерін дамыту; ғылыми жетістіктердің іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ететін; механизмдер мен ынталар жүйесін құру; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны тұрақтандыру. Бұл мақсаттарға жету үшін ғылым саласында сапалы адамдық капитал қажет. Сондықтан, мемлекет саясаты кадрлық потенциалды сақтау және дамыту, жоғары біліктілігі бар мамандарды дайындау және аттестациялау, оларды әлемдегі ең жақсы ғылыми орталықтарда оқыту, жас талантты ғалымдарды қолдау сияқты бағыттарды өзіне қосады.
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру
Жеке инвестициялық ресурстардың шектелу жағдайында, республикада тиімді экономиканы құруға бағытталған, құрылымды – инвестициялық саясатты жүзеге асыру, сусындар шығарушы салаларының жаңа кен орындарын, көлікті, өңдеуші және машина жасау өндірісін енгізу жолымен өндіруді кеңейту үшін ірі отандық және шетел капитал салымдарын талап етеді.
“Строй Капитал” АҚ -нің алға қойған мақсаттары нақты жобаларды жүзеге асырудың мәні келесілерден тұру керек:
өнеркәсіптермен және банктермен қызығушылықтарын біріктіру, осы негізде өнеркәсіптік – қаржылық топтарды құру;
үйлесімдірек іс-әрекеттерге алып келетін, көлденең және тікелей салааралық байланыстарды дамыту;
алдыңғы қатарлы компаниялармен экономикалық қатынастармен байланыстарды ары қарай тереңдету;
саланы жоғары мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету, өңдеудің, маркетингтің, менеджменттің жаңа әдістерімен иемдену;
республиканың алдыңғы қатарлы банктарымен консорциумды құру.
“Строй Капитал” АҚ -нің инвестициялық стратегиясының негізгі мақсаттары:
- құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру және тиімді бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастыру;
- жоғары ресурс жинақтаушы және ғылыми сиымды технологияларды енгізу негізінде өндірісті модернизациялау;
- нарық инфрақұрылымын және институционалды қайта жаңаруларды дамыту;
- аймақтардың және ұлттық экономиканың ахуалын жақсарту мақсатында заң шығаруды жетілдіру;
- тікелей және жанама мемлекеттік әсер ету әдістерін қолдануымен инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа нарықтық әдістерін енгізу;
- аймақтардағы белсенді инвестициялық саясатты жүргізу;
- аймақтық инвестициялық саясатты қалыптастыру, тиімді салықты-бюджеттік саясатты қалыптастыру;
Дүниежүзілік тәжірибеде ең көп тараған және қазақстандық жағдайлар үшін жарамды белсенді инвестициялық стратегияны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық формасы – инвестициялық бағдарламаларын дайындау болып табылады.
Осыған орай, “Строй Капитал” АҚ -нің бағдарламалары салааралық, салалық және аймақтық мағынадағы бөлімшелерін өзіне қосады, белгілі бір уақыттық мерзімге және инвестиция көздеріне байланысуында және соңында, мемлекет қатысуымен барлық инвестициялық объектілерді және жобаларды біріктіреді.
Отандық экономистердің болжамдық бағалаулары бойынша, мемлекетпен кепілді мемлекеттің бюджет қаражаттары, несиелер мен қарыздар келешекте мемлекет бюджетінің жалпы деңгейінен 20 % –дан аспайды. Бірақ, оларды бөлу және пайдаланудың ұйымдастырушылық формаларын сапалы өзгерту қажет.
“Строй Капитал” АҚ -нде, біріншіден, мақсатты бағдарламалар мен тек конкурстық негізде қатаң сәйкестікте инвестициялық қаражаттарды бөлуге өту керек. Екіншіден, коммерциялық емес сипаттағы және өздерінің қаржы көздері жоқ, әлеуметтік мәндегі объектілер үшін қайтарымсыз қаржыландыруды сақтау. Үшіншіден, қайтарымсыз қаржыландыру және жеңілдікті несиелеу формасындағы инвестицияларға бағытталатын бақылауды күшейту. Төртіншіден, тікелей бюжеттік қаржыландыруды – инвестициялық жобаларды бірлескен мемлекетті-бюджеттік қаржыландыру тәжірибесін кеңейту, сонымен қатар, жеке ұлттық және шетел капиталын тартумен; мемлекеттік кепілдіктер мен инвестицияларды сақтандыру арқылы жанама қолдау, мамандандырылған инвестициялық банктер, қорлар құруда қатысу және тағы басқалар арқылы жүзеге асырылады.