Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:15, курсовая работа
Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.
КІРІСПЕ..................................................................................... 3
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ..........................................................
4
1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері.......................................................................................
4
1.2 Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы.....................................
12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..........................
16
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау ............................................
16
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау...........................................................................................
29
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................... 32
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... |
3 | |
1 |
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ....................... |
4 |
1.1 |
Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері..................... |
4 |
1.2 |
Банктің инвестициялық
саясаты және инвестициялық құралдарын
табыстылығын анықтауы...................... |
12 |
2 |
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ........................ |
16 |
2.1 |
«Альянс Банк» АҚ-ның
қызмет ету негіздерін және негізгі
қаржылық көрсеткіштерін талдау .............................. |
16 |
2.2 |
«Альянс банк» АҚ-ның
инвестициялық операцияларын |
29 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
31 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................... |
32 |
КІРІСПЕ
Қаржылық қатынастарға,
қаржы нарықтарына ерекше рөл
берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық
экономика күрделі әлеуметтік-
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.
Қор нарығы – бұл негізгі капиталға инвестицияларды, бірінші кезекте ұзақ мерзімді инвестицияларды білдіретін қаржы нарғының бөлігі. Қор нарығын кейде инвестициялық нарық немесе нарықтың бұл сегментінің негізгі макроэкономикалық функциясы, яғни инвестициялар қозғалысын қамтамасыз ету ерекше көрсетіледі.
Кез –келген елдің ұлттық заңнамасына, тарихи дәстүрлеріне байланысты қор нарығының қалыптасуында коммерциялық банктер әр түрлі рөлді иемденеді. Қор нарығындағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жүзеге асыру екінші деңгейлі банктер қызметінің бір нысаны болып табылады.
Әлемдік қаржы дағдарысы екінші деңгейлі банктер қызметіне елеулі кері әсерін тигізді. Банктердің жүзеге асыратын қызметтерін, соның ішінде қор нарығындағы инвестициялық қызметін дамыту және жетілдіру жолдарын белгілеу маңызды болып табылады.
Курстық жұмыс тақырыбы – «Инвестициялық процестегі банктердің ролін арттыру».
Курстық жұмыс мақсаты –коммерциялық банктердің инвестициялық процестегі қызметінің теориялық негіздерін зерттеу және коммерциялық банктің инвечстициялық қызметіне қаржылық талдау жасау.
Зерттеу объектісі «Альянс банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалы болып табылады. «Альянс банк» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы аумағында қаржы-несие саласында көп жылдардан бері қызмет көрсетіп келе жатқан банктердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері
Банк секторының инвестициялаудағы рөліне талдау жасау үшін негізгі түсініктермен анықталып алайық.
Инвестициялық процесс
ретінде инвестициялық қызметті
жүзеге асыру бойынша реттестірілген
кезеңдер, әрекеттер, тәртіптер мен
операциялар түсініледі. Инвестициялық
процестің нақты ағыны
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.
Инвестициялық процесте үш негізгі кезең қарастырылады:
Бірінші кезең (дайындық кезеңі) – инвестициялау туралы шешім қабылдау кезеңі. Оның шеңберінде бірінші фазада инвестициялау мақсаттары қалыптастырылады, екінші фазада инвестициялау бағыттары анықталады, ал үшінші кезеңде нақты объектіні таңдау, дайындық және инвестициялық келісім-шарт жасау жүзеге асырылады.
Екінші кезең – инвестицияларды жүзеге асыоу, оларды жүзеге асыру бойынша әртүрлі келісімдер жасау жолымен құқықтық нысанда орындалатын практикалық әрекеттер. Яғни осы кезең инвестициялардың өзін-өзі жабу мерзімімен сәйкес келеді.
Үшінші кезең (эксплуатациялық)
инвестициялық қызметтің
Банктердің инвестициялық процеске қатысуының негізгі бағыттары:
- банктердің қаражаттарды
инвестициялық мақсаттарға
- инвестициялық сипаттағы несиелер ұсыну;
- бағалы қағаздарға, пайларға, үлестік қатысуға салымдар (банк есебінен, сондай-ақ клиент тапсырмасы бойынша).
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздарды екі топқа бөлінеді: қор (акция,оюлигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель,чек,қоймалық, кепілдік куәліктер).
Осы орайда, коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операцияларына қатысты қор нарығы түсінігін ашып алған жөн.
Қор нарығы – бұл негізгі капиталға инвестицияларды, бірінші кезекте ұзақ мерзімді инвестицияларды білдіретін қаржы нарғының бөлігі. Қор нарығын кейде инвестициялық нарық немесе нарықтың бұл сегментінің негізгі макроэкономикалық функциясы, яғни инвестициялар қозғалысын қамтамасыз ету ерекше көрсетіледі.
Қор нарығы бағалы қағаздар нарығы және инвестициялар нарығынан (жылжмайтын мүлік, бағалы металдар, жинақтар және т.б.) тұрады. Сәйкесінше, бағалы қағаздар нарығы қор нарғының құрамдас бөлігі болып табылатындықтан, бағалы қағаздар нарығымен салыстырғанда қор нарығы күрделі болады. Сондықтан кейбір жеке экономистердің «қор нарығы және бағалы қағаздар нарығы түсініктері сәйкес келеді» деген тұжырымдар дұрыс емес деп айтуға болады. Осыны ескере отырып, ұсынылып отырған қаржы нарығының құрылымы бағалы қағаздар нарығын қор және ақша нарықтарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырады (1 сурет).
Сурет 1. Қаржы нарығы құрылымының сызбасы
Бағалы қағаздар нарығы қор нарығының негізгі бөлігі болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық категория ретінде бір жағынан бағалы қағаздарды шығару және олардың субъектілері арасындағы айналымы бойынша, екінші жағынан, өндірісті дамыту үшін эмитенттердің ақша қаражаттарын тартуы, ал инвесторлардың ақша қаражаттарының көлемін оларды бағалы қағаздарға салу арқылы көлемін ұлғайту бойынша экономикалық қатынастардың күрделі жүйесін білдіреді.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық қатынастардың күрделі жүйесін айқындай отырып, осыған сәйкес күрделі ішкі құрылымға еге болады.
Дәстүрлі түрде мыналарды бөліп көрсетуге болады: бірінші ретті және екінші ретті бағалы қағаздар нарығы; биржалық және биржадан тыс нарық; ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған (биржадан тыс нарық шеңберінде); дәстүрлі және компьютерлендірілген; кассалық және мерзімді. Бағалы қағаздар нарығының қайсыбір құрылымы болмасын осы құрылымның негізінде жатқан белгілі бір критерийлерге тәуелді болады.
Сурет 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
Қазақстан Республикасындағы мемлкеткеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей беруге болады (1 кесте).
Кесте 1
ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты
түрі |
Шығару мақсаты |
Орналастыру тәсілі |
Айналыс мерзімі |
Номинал құны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы |
Айналымдағы ақша массасын реттеу |
Аукцион/сату |
7 күннен 90күнге дейін |
100 тенге |
Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы |
Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау |
Ноталар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау |
35 күн |
100 АҚШ доллары |
Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар (АВМЕКАМ) |
Жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау |
Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау |
5 жыл |
100 АҚШ доллары |
Мемлекеттің арнайы қазыналық міндеттемесі (МЕАКАМ) |
Ұлттық банкке Үкіметтің қарызын Қайта рәсімдеу |
10 жыл |
1000 тенге | |
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық валюталық міндеттемесі (МЕКАВМ) |
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру |
Аукцион |
3,6,9 және 12 ай |
100 АҚШ доллары |
Мемлекеттің индексацияланатын қазыналық міндеттемесі (МЕИКАМ) |
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру |
Аукцион |
3 ай және одан жоғары |
1000 тенге |
Мемлекеттің орта мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕОКАМ) |
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру |
Аукцион |
2 және 3 жыл |
1000 тенге |
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕККАМ) |
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру |
Аукцион |
3,6,9 және 12 ай |
100 тенге |
Мемлекеттік ішкі зайымдық ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО) |
Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру |
Жазылу жолымен |
364 күн |
1000 тенге |
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолмақол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады. сонымен қатар активтердің бір бөлігін өтімді корпоротивтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады, ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Келтірілген сыныптамада корпоративті бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаз түрімен анықталатындығын көрсетіп отыр. Корпорациялардың акциялары және облигациялары корпоративті бағалы қағаздар нарығының объектісі болып табылады.
Акция – бұл акционерлік қоғам құрылған кезде, кәсіпорын немесе ұйым акционерлік қоғамға айналған екі немесе бірнеше акционерлік қоғамдар біріккен кезде, сонымен бірге жарғылық капиталды ұлғайту кезінде ақша қаражаттарын жинақтау үшін шығарылатын бағалы қағаз.
Жай акциялардың инвестициялық тартымдылығы келесілерді қамтиды:
Информация о работе Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері