Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:18, дипломная работа
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол¬дау¬ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра¬тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................7
1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.........15
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру - инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі...........................................25
2 “СТРОЙ КАПИТАЛ” АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.........................35
2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........35
2.2 “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау.............43
2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын бағалау............48
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................54
3.1 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуал және инвестициялық саясаттың жағдайы………………………………......................................................……...54
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру………..............62
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.................................................71
PV= Рк/ (1+r )e ;
NPV= Рк/ (1+r )e -С-С ;
Егер: NPV> 0, онда жобаны қабылдау керек
NPV<0, онда жобаны қабылдамау керек
NPV=0, жоба не пайдалы емес , не зиянды емес.
Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV соммалауға болады. Бұл өте ерекшке белгі, бұл критерияны басқалардан ерекшелейтін және оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қояды.
Инвестицияның табыстылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша алдыңғының жалғасы болып табылады. Табыстылық индексі PI мына формула бойынша есептелінеді.
PI=РК / ( 1+r)k/ИсИ ;
Егер :PI>1, жобаны қабылдау керек
PI<1, жобаны қабылдамау керек.
PI=1, жоба не табысты емес не зиянды емес.
Таза келтірілген эффектімен салыстырған да табыстылық индексі қатынасты көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.
Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі.
Инвестицияның табыстылық нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр. Сонымен қатар , жобаның NPV=0:
IRR=r, бұнда NPV=f(r)=0
Жоспарланған инвестицияның нәтижелігін талдауда бұл коэффициенттердің мәні мынада жатыр:IRR- берілген жобамен біріктірілетін шығындарды жоғары қатыста жіберу деңгейін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен банктің ссудасы арқылы қаржыландырылса , онда IRR-банктің пайыздық мөлшерлемесінің жіберілу деңгейінінің жоғарғы деңгейін көрсетеді, оның жоғарлауы жобаға кері әсер жасайды.
Инвестицияның нәтижелік коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгаритімін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы соммасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық құнының қома- қолдығын жіберсе RV, онда оны бағалау шығарылып тасталу керек.
ARR= PN/ ½ (IC-RV);
Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза табысын оның іс-әрекетіне авансталған (орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы сомасына бөлумен анықталады, авансталған капиталдың табыстылық коэффициентімен салыстырылыды.
Өтелу мерзімін есептеу алгаритімі (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған табыстарды бөлудің бір қалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақытылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция куммулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынандай болады.
PP=n Pk , мұнда Pk >IC
Инвестицияны өтелу мерзімінің көрсеткішін есептеу қажет. Сонымен қатар талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол куммулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшелейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынандай жағдайларда:
- кәсіпорын басшылары жобаның табысты емес, көбінесе өтімділік проблемасын шешумен айналысқанда ;
- инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты, сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелділігі де аз болады.
Меншік формалары мен қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы экономикадағы инвестиция тиімділігі үшін маңызды болып келеді.
Меншік формалары бойынша меншік құрылымы дегеніміз – олардың меншік формалары бойынша жалпы соммадағы ара қатынасы мен бөлінісі. Яғни, олар: мемлекетке, муниципалдық органдарға, жеке және заңды тұлғаларға, немесе аралас меншік формасына жатады. Жеке инвестициялардың олардың жалпы соммасындағы үлесінің өсуі оларды пайдалану деңгейіне және де республика экономикасына оң әсер етеді.
Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы дегеніміз – қаржыландыру көздерінің қимасындағы олардың ара қатынасы мен бөлінісі. Инвестицияның бұл құрылымының жетілдірілуі бюджеттен тыс қаражаттар үлесінің оңтайлы деңгейге дейін өсуінде тұжырымдалады. Жылдар бойынша өзгеріс серпіні негізінде оң және кері әсерлерден болған өзгерістерді ұсынып талдауға болады.
Кәсіпорындағы инвестицияларды пайдалану тиімділігі, оның қаржылық жағдайы кәсіпорындағы олардың құрылымына байланысты. Кәсіпорындағы инвестициялардың жалпы құрылымы деп – жалпы соммасындағы нақты және портфельді ара салмағын айтады. Оның жетілдірілуі портфельді және нақты инвестициялардан максимум қайырым алуда тұжырымдалады. Бұл ең тиімді жобаларға салынған инвестициялардың үлесі максимумға бағытталу керек екенін білдіреді. Қазіргі кезде кәсіпорын үшін қалай нақты, солай портфельді инвестицияларадың құрылымы маңызды болып келеді.
2 “Строй Капитал” АҚ экономикалық жағдайын жӘне инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы
“Строй Капитал” акционерлік қоғамы Алматы облысы бойынша юстициялық Басқармада 2003 жылдың 23 құркүйек айында тіркелді. Оның заңды түрде тіркелген мекен-жайы: Қапшағай қаласында орналасқан.
“Строй Капитал” АҚ-ң өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, өнімдерін шығару оны өткізу және де құрылыс жұмыстарын жүргізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрін орындайды:
құрылыс материалдарының өндірісі оларды дайындау;
құрылыс материалдарын бөлшектеп сату;
құрылыс материалдарының дайын тауар түрінде нарыққа шғару;
көтерме және бөлшек сауда;
сыртқы экономикалық қызмет;
құрылыс –монтаждау қызметтері
азық-түлік, халық тұтыну тауарлары, сатып алу, сақтау, өңдеу және сату;
автосервис, автожуу, ЖЖМ мен мұнай өнімдерін өткізу;
құрылыс, жөндеу-құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;
құрылыс материалдары мен құрылымдарды өндіріп, сату;
қоғамдық тамақтану жүйесін (жазғы алаңдар, барлар және т.б.) ұйымдастыру;
серіктестіктің ойын және шоу бизнес саласындағы қызметпен шұғылдануға құқы жоқ;
Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да әрекеттер;
Осы жылдар ішінде «Строй Капитал» АҚ бірнеше қайта құрылымдаудан өтті, бірақ өзінің профильдік темір-бетон бұйымдарын және металл- конструкторлық өнімдер өндіруде. «Строй Капитал» АҚ- ы негізгі үш цех бойынша қызметін жүзеге асырыды.
1. Темір –бетон өндірісінің цех;
2. Металл- конструкортық цех;
3. Ағаш бұйымдарының цехы
Кәсіпорын нарық жағыдайына икемделіп тұрақты жұмыс жасау салдарынан және өндірісі активтер айналымының жоғарлауына байланысты, алдағы кезеңде де компания өндірістік орындарын кеңейтіп көздеп отыр.
“Строй Капитал” АҚ-ң негізгі құрылымы:
Басқарушы – Бас Директор.
Атқарушы құрылым – Директордың орынбасары
Қызметтерді жүзеге асырушы құрылымда – Бас инженер, қаржы- экономика бөлімі, өндірістік бөлім, көлік шаруашылығы және есеп айырысу бөлімшесі енеді.
2- суреттен көргеніміздей атқарушы құрылым өз жұмысын бөлімдер арқылы жүзеге асырады. Әр бөлім өз ішінде жеке әрқайсының өзінің орны мен қызметтері белгіленген.
3- сурет- «Строй Капитал» АҚ-нің ұйымдастыпушылық құрылымы
Жоғарыда атап кеткен басқарудың жоғарғы және орта буындары және жұмысшылары - компанияның жалпы құрылымын құрайды. Айта кететін жайт, жоғарыда аталған құрылымның тармақтары мен буындары өзара байланысты және тәуелді болып келеді.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін, жұмыс нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек.
Нарық экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да кәсіпорынның жаңа өндірістік бағдарламасын жасағанда ерекше бір бағыт ұстануы қажет. Тиімді технологияны іске қосып, өндірісті жүзеге асырғанда кәсіпорынға жоғары табыс әкелетін, оның таңдалған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары алға шығады.
«Строй Капитал» ЖШС-нің өндірістік немесе өңдеу технологиясының құрамына мыналар кіреді – құрыш орамасын ұстап тұрушы құрылғы, құйманы тиеуге арналған үстелдер, жоғарғы және төменгі рулон беттерін кесуге арналған құрылғы, панель беттерін тегістеу құрылғылар, желімдеу станциялары, жылы минералдымақта салатын құрылғылар, аралық конвейерлер, панелді желімдеуге арналған құрылғылар, қалдықтарды шығарып тастау жүйесі, рулонды ұстап тұрушы комплекттер, автоматты түрде панелді реттеу кешендері, автоматты түрде панелдерді орау кешені жатады. Өнімі сапалық қасиетімен өндірісте және азаматтық құрылыста кең қолданыс тапты.
Технологиялық үрдістің сапасы оның жаңалық енгізу қабілеттілігімен сипатталады. Ол техника-технологиялық сипаттар жағынан сондай-ақ экономикалық көрсеткіштер жүйесі тұрғысынан бағаланады. Көп қолданып жүрген техника-экономикалық және функционалдық-құндық әдістерді талдау техника мен экономикалық көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Жоғарыда айтылып кеткендерге қарасақ, инновациялық әрекеттің маңызды кезеңі техникалық дәреже мен жаңалықтардың бір-бірімен байланысын және тәуелділігін қарастырады. Өйткені, сапа мәселесі және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін бөлек шешу мүмкін емес. Ол үшін кәсіпорынның техникалық дәрежесін көрсететін өзіндік құн, өндіріс шығындарын анықтайтын үлгілерді яғни, баламалы варианттарды таңдау керек. Кәсіпорындар саны, өнім көлемі мен маңыздылығына және негізгі өндіріс үрдісінің автоматтандыру деңгейіне байланысты құрылыс өндірісінде металл өнімдері аса маңызды рөл атқарады.
Ұйым құрылымы бөлімдердің өзара жақсы байланыста болуын, жауапкершілік пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты.
Кәсіпорындағы персоналдарды ұйымдастырудың мәліметтері 3 кестеде келтірілген. Кестеден 2007 жылы жалпы жұмыскерлер 19 адамға көбейсе, соның ішінде пайыздық мөлшерде жұмысшылар саны 73 % деңгейін көрсетеді. Өйткені кәсіпорын жұмысы жақсарып, өндірістік қуат ұлғайып, жаңа жұмыс орындары туындау салдарынан болып отыр.
3-кесте-“Строй Капитал” АҚ-ң жұмыскерлерінің ұйымдастырушылық құрылымы.
№ | Көрсеткіштер | 2006 | 2007 | ||
Адам саны | % | Адам саны | % | ||
1 | Басшылар | 4 | 6,4 | 6 | 7,4 |
2 | Мамандар | 2 | 9,7 | 7 | 8,6 |
3 | Қызметкерлер | 8 | 12,9 | 9 | 11 |
4 | Жұмысшылар | 44 | 71 | 59 | 73 |
5 | Барлығы | 62 | 100 | 81 | 100 |