Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:18, дипломная работа
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жол¬дау¬ында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра¬тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................7
1.1 Инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.......................................................................................................................7
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.........15
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру - инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі...........................................25
2 “СТРОЙ КАПИТАЛ” АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.........................35
2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........35
2.2 “Строй Капитал” АҚ-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау.............43
2.3 “Строй Капитал” АҚ-ң инвестициялық тартымдылығын бағалау............48
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................54
3.1 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуал және инвестициялық саясаттың жағдайы………………………………......................................................……...54
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру………..............62
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.................................................71
1-кесте-Кәсіпорынның меншікті каржыландыру көздерiн топтастыру.
Қаржы ресурстары | Кәсiпорындағы инвестициялау көзi |
1.Амортизациялық қаржы бөлiнулер (негiзгi қорлар мен материалды емес активтерге салынған тозу қаржылары) 2.Жалпы табыс 2.1Тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзуден түскен табыс (кәсiпкерлiк табыс). 2.2.Басқа да өткiзулерден түскен табыс. 2.3.Өткiзуден тыс нәтижелердiң (табыстар) сальдосы. 3. Резервтiк қор 4. Сақтандыру резервтерi 5. Басқалар | өткiзуден түскен түсiм (өзiндiк құн)
өткiзуден түскен табыс
басқа да өткiзулерден түскен табыс өткiзуден тыс табыстар
Таза табыс |
Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады.
Кәсiпорында инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық қаржы бөлiнулер жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары қалыптасады.
Табыстан төленетiн салықтар мен басқа да төлемдер төленгеннен кейiн кәсiпорында таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн өндiрiстiк және әлеуметтiк сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн.
2-кесте- Кәсіпорынның қарыздық, тартылған, бюджеттік және бюджеттік емес каржыландыру көздерiн топтастыру.
Қаржы ресурстары | Кәсiпорындағы инвестициялау көзi |
1. Қарыздық қаражаттар. 1.1. Банк несиесi 1.2. Басқа да қаржылық институттардың несиелерi 1.3. Бюджеттiк несие 1.4. Коммерциялық несие 1.6. Басқалары | Несие берушiлердiң қорлары |
2. Тартылған қаражаттар. 2.1. Ағымадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары. 2.2. Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар. 2.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың табыстық және басқа да жарналары. 2.4. Сақтандыру төлемдерi. 2.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi 2.6. Басқалары |
Сәйкес инвесторлардың қорлары
|
3. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер. | Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары |
4. Бюджеттiк емес қорлардан түскен тұсiмдер. | Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары |
Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет беретiн кәсiпкерлiк қызмет салаларын несиелеуге тырысады.
Инвестициялаудың бағыттарының бiрi ретiнде лизингi айтуға болады. Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз. Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды/22/.
Бюджеттiк қаржы бөлiністері – бұл бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары. Қазақстан Республикасының бюджетiнен қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк орталықтандырылған капиталды салымдарды қаржыландыру, ол- объектiлер құрылыс жұмыстарының бекiтiлген тiзiмiне және мемлекеттiк қажеттiлiгi бар объектiлер қатарына енгiзiлсе ғана жүргiзiледi.
Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.
Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.
Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын жасау үшiн бiрнешесе альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай жиi болады.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.
Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң маңызын нарықтық экономиканың iшкi тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей отырып, экономикалық саясаттың Кейсиандық теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық өндiрiс факторларын жеткiлiксiз қолдану және тұрғындардың жұмыспен толық қатылмау салдарынан туындайтын ресурстарға сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен көрсетiледi. Сондықтан Кейнс бойынша макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаты төлеуге араласуы көмегiмен қол жеткiзетiн толық жұмыс бастылық болып табылады. Осылардың құн өсiмiн қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде жалпы iшкi өнiм динамикасына әсер етедi.
Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер) деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы дңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы – пайыз мөлшерi – инвестиция – жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi.
Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк) өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.
Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек дамушы елдерде ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған елдер де қолданады. Мысалы, 80-iншi жылдардың бiрiншi жартысында АІШ төлем балансының жеткiлiксiздiлiгiн қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге, әсiресе Батыс Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi күрделенген жағдай экономикалық әдебиеттерде “өсiм ақы соғысы” деп атала бастады.
Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. өсiм ақыны төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi.
Инвестициялаудың шекті тиімділігі екі маңызды факторға тәуелді:
өндіріс шығындарының өсу қарқыны;
өндірісті монополиялау деңгейі;
“Бояу жағу” қағидасы. Бұл қағида инвестициялау тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялау жұмыс істеу сияқты: шешім қабылдау еркіндігі оларды жүзеге асыру кезінде жәймен көбейетін еркінсіздікке алмасады.
Кәсіпорынның қандай станок сатып алу керек , оны жалға беру немесе өзіне өндіру керек пе, осы операцияға қанша, қай мерзімге және неше пайызға несие алу керек шешімдерін еркін қабылдай алады. Бірақ, осы үрдістерді жүзеге асырғаннан кейін артқа шегіну қиынға түседі. Бұл станокты бірнеше жылдар бойы (өтелу үшін) пайдалану керек, несие бойынша пайыздарын төлеу керек және тағы сол сияқты. Бірақта, инестициялық жоба күшіне енген соң әрекет еркіндігі шектеулі болады.
Инвестициялық шешім жүзеге асқаннан бастап еркіндік нольге теңеседі деуге болмайды. Сатып алынған станоктар немесе акцияларды қайта сатуға, дезинвестициялап, олардан құтылуға болады. Бірақ, ол үшін төлеу керек: уақытпен, басқарушылық қызметкерлердің күшімен, серіктестермен байланыстардың бұзылуымен. Капитал жұмсалымының көптігіне, іскерлік серіктестіктердің атақтығына орай қателіктерді жөндеу үшін төлемдері көбейіп отырады. Осыған орай, инвестициялық жоба жүзеге аспай тұрып, оның тиімділігін алдын - ала есептеп алу керек.
Күрделі қаржы жұмсалым тиімділігін материалдық және ақшалай бағалаудың ұштастырылу қағидасы. Тімділікті бағалаудың үш қағидасы бар:
шығын мен шығарылымның салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек құнды және ақшалай талдау. Инвестициялаудың дүниежүзілік тәжірибесі тиімділікті тек ақшалай бағалауға сүйену жеткіліксіз екенін көрсетеді – мұндай тәсіл инфляция жағдайында тиімсіз.
тиімділіктің ақшалай және техникалық критерилерін ұштастыру арқылы. Себебі, инестициялық жобадағы кепілдікке алынған (жобаға салынған) технологияның өзіне де байланысты. Технология өндірістік қуаттарды енгізудің айрықшалықты суретін тапсырады және инвестициялық мақаттарды жүзеге асыру тәртібіне әсер етеді.
тиімділікті бағалаудың техникалық тәсілі, ол бизнесті нарықтық (құндық) бағалауды ескермейді, осыған орай, ол көп қолданылмайды.
Биімделу шығындарының қағидасы. Биімделу шығындары – бұл жаңа инвестициялық ортаға үйренуімен байланысты барлық шығындары. Олар, жаңа жабдық қондырылған, бірақ оны өзгерген коньюнктура бойынша қайта баптау (переналадить) кезіндегі өндірісті қайта ұйымдастыру және кадрларды қайта дайындаудан жоғалған шығарылым ретінде өлшенеді. Жаңа инвестициялау туралы шешім, оны іске асыру алдында және өтемділік аралығында әрдайым уақытты артта қалуы болады. Бірден үйреніп кету мүмкін емес. Кез – келген биімделудің өз шығындары болады: жаңа ақпарат, жаңа технология, кадрларды қайта дайындауға қаражат және тағы да басқа керек.
Ағымдағы табыстылықтың тез арада азаюы үйрену үшін төлем болып отыр. Тіпті акция мен облигацияның өздерін де, бағамы төмендеген кезде, тез арада тиімді қайта сату мүмкін емес. Уақыттың өтуі капиталдың құлдырауын, оның табыстылығының төмендеуін білдіреді. Ал, өндірістік инвестициялаудың биімделу шығындары бұдан да көп. Мысалы, қол еңбегін машиналыға алмастыру орынды. Бұл әйгілі биімделу шығындарын (тікелей және жанама) қажет етеді. Соның ішінде: кадрларды қайта дайындау; ескі жабдықты сатып жаңасын орналастыру; қысқарту нәтижесінде жұмыссыз қалған жұмысшылар мен қызметшілерге өтемақыларын төлеу; өз күшін сақтайтын ескі келісімшарттар бойынша тұрақсыздық төлемдері және т.б. Кәсіпорын жаңа өнімін сататын бағасына биімделу шығындарын да қосу керек. Бұл баға өндіріс үшін шикізат, материалдар, технологиялар ұсынысының бағасынан қаншалықты асса, соншалықты бұл вариант капитал жұмсалымына артықшылықты. Өнімге деген сұраныстың көп болуы, кәсіпорын өзіне рұқсат ете алатын биімделу шығындарының көп болуына әсер етеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан қаншалықты көп әрі ұзақ болса, биімделу шығындарына қарамастан соншалықты инвестициялау тиімдірек болады.