Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа
Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.
1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26
2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60
Бұл жерде Міржақыптың ескі қадімшеден гөрі, жаңа жадит жағында болғандығын да ескерген да ескерген жөн. Оған Ресей құрамындағы түрік халықтарына жаңа ағартушылық бағыттағы жадит қозғалысын насихаттайтын, “Тәржіман” газетін шығарушы, ұлы түрік ағартушысы Ысмаил Гаспралының ілімі ерекше әсер етті.
Міржақып өзінің “Оян,қазақ!” кітабында молданың оқуын қатаң сынға ала отырып, Қазақстанда тұңғыш рет медреседегі жаңа оқудың әдістемесін ұсынды:
Медресеге сайлансын екі молла,
Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша.
Педагогия тәртібімен оқытса олар,
Қазағым, кетер енді сонда алға.
Озат ағартушылық қозғалыс ретінде жадитше оқу мәселесін Міржақып өзінің “Бақытсыз Жамал” романында да қозғайды. Романның бас қаһарманы Жамал әкесі Сәрсенбай мен ауыл молдасының қатаң тиым салуына қарамастан, усул жадит тәртібімен оқып, өз ортасындағы көзі ашық адам қатарына қосылып, ауылдың мақтанышына айналады.
Міржақып өзінің педагогикалық қызметінде ана тіліне зор мән береді. Оның пікірінше ана тілін, дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін берік сақтаған халық шын мәнінде білім мен мәдениетке қол жеткізбек.
1911 жылы “Шора” атты татар журналында қазақ тіліне байланысты үлкен пікірталас өрістеді. Біраз татар тіліне көшу керек деп айтты. Пікірталасқа алғаш үн қосқандардың бірі Міржақып болды. Тіл мен әдебиет жөніндегі бұл пікірталас бірнеше жылға созылды. Ол өзінің “Қазақ тілі хақында” (“Шора”, 1911, №16) атты мақаласында қазақ тілі мен әдебиеті де, татар тілі мен әдебиеті сияқты түркі мәдениетінің гүлденген бір бұтағы ретінде өмір сүруге мүмкіндігі бар екенін дәлелдеп берді.
1914 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсынұлының “Әліппесі”, Міржақып Дулатұлының “Есеп құралы” кітаптарының басылып шығуы қазақ үшін үлкен оқиға болды. Бұл жылдары Міржақып “Жазу тәртібі” (“Айқап”, 1912, №8), “Тіл құралы” (“Қазақ”, 1915, №93) сияқты өзекті мәселелерге арналған мақалалар жазады. “Эсперанто тілі” (эсперанто – халықаралық тіл)(“Айқап”, 1913, №9) атты мақаласында ол жастарға былай дейді: “Оқыған һәм оқып жүрген, білімге дарынды қазақ жастарының “Эсперанто” тілі хақында хабарсыздарына түсіндіріп, бұл секілді керекті тілдің үйренулеріне мәслихат береміз...” Дәл осы жылдары Міржақып қазақ әдебиетінде тұңғыш әдебиеттер портреттер сериясын жасайды. Оның Хазірет сұлтан (Ахмет Иассауи), Абай, Шоқан, Ысмаил Гаспралы, Лев Толстой, Ақмолла, Ғабдолла Тоқай, Иманғали Арабаев, Григорий Потанин, Әбубәкір Диваев, отыншы Әлжанов туралы мақалалар осының дәлелі. Қазақ театры сынының алғашқы қарлығашы болған “Манап драмасы”, “Асанаби драмасы”, “Надандық құрбаны”, “Біржан Сара” сияқты пьесаларға рецензиялар жазады. Кейіннен Әзірбайжан классигі, қоғам қайраткері Нариман Нариманұлының шығармашылық өмірбаянын жазады. Жүсіпбек Аймауытұлының “Шернияз”, “Қанапия-Шарбану” атты пьесаларына газет-журнал беттеріне рецензия жариялайды.
Міржақып, тек теоретик-педагог қана емес, тамаша практик те болды. Ол ұзақ жылдар бойы әйгілі “Ғалия” медресесімен тығыз байланыста болды. “Садақ” (1917) қолжазба журналының бірінші санында ауыл мұғалімдеріне мынандай хабар жарияланды: “Мұғалімдер курсіне төмендегі кітаптар І-Ғалия Зейнел Иманжановта сатыла бастады:
Керек қылушылар тезірек алып қалуы керек...”
Аталған кітаптардың үшеуі – “Қирағат” кітабы, “Есеп құралы”, “Азамат” – Міржақып Дулатұлынікі.
Міржақып “Ғалия” медресесінде болып, оқушылармен кездесіп, қазақ әдебиеті мен тарихы жөніндегі дәріс оқып тұрды. Қазақ зиялыларын дайындаудың үлкен үлкен орталығының бірі болған “Ғалия” медресесіне 1916 жылы қаражаттың тапшылығынан жабылу қаупі төнеді. Осыған орай жазған мақаласында Міржақып былай дейді: “Медресе Ғалия ноғайдікі болса да, қазаққа бөтендігі жоқ. 10 жылдан бері қанша қазақ баласы кірсе де, есігі ашық болған. Мұнан кейін де иншалла жатырқайын емес. Сондықтан пайдасына ортақ болып отырып, шығынына жоламауымыз – зор кемшілік, үлкен ұят. Медресе Ғалия секілді медресенің жоғын білеміз,даяр медресеге жәрдем ету өз алдына ашқаннан мың мәрте жеңіл.
Көзі ашық азаматтар! Хайыр ихсаны көсілмеген байлар! Медресе Ғалиядан оқып шыққан жігіттер! Мынау медресе ғалияға хал-қадерімізше жәрдем ету, білмейтіндерге түсіндіріп, медресенің күшеюіне қам қылу сіздерге зор борыш. Қазақтан бір тиын көмек болмаса да, медресе Ғалия қазақ баласын қумас, бірақ өзіміздің елдігімізге таңба болар!” (“Қазақ”, 1916, №193)
Осы жылы татар шәкірттері мен қазақ әдебиетінің келешегі жөнінде тағы да пікірталас өрістеді. Медресенің сол кездегі мұғалімі, татардың көрнекі ағартушысы Ғалымжан Ибрагимов ашық талқылауды ұсынып, өзі баяндама жасап, өз тұжырымын айтады: “Қазақ әдебиеті өмірде бар нәрсе,-дейді ол. – Оны жоққа шығаруға болмайды. Бүкіл қазақ сахарасында әдеби азық болып келген өлең-жырлар біздің қазіргі ақындарымыздан әлдеқайда бұрын өмір сүрген. Кең даланы өз үндерімен жаңғыртқан Ибраһим Құнанбаевтар, сондай-ақ Сералин және Дулатовтар. “Қазақстан”, “Қазақ”, “Айқаптар” қазақ мектептеріне кіріп тамыр жая бастаған “Оқу құралдары” – жалпы, қазақ тілінде бас көтерген әдебиетті қазір жоққа шығару немесе мойындамау мүмкін емес”. (“Ан”, 1916, 5-сан. 88-б.) Татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимов аузынан бұл жоғары баға қазақ әдебиетінің күллі түркі тектес халықтар әдебиетінде ерекше орын алатындығының тағы бір көрінісі болды.
Міржақып “Қазақ” газеті бас редакторының орынбасары, жауапты хатшысы бола жүріп педагогика ғылымына да зор көңіл бөлді. Бұл жылдары оның қаламынан: “Шәкірттер жайынан” (1913, №22), “Ақтөбе гимназиясы хақында” (1913, №35), “Оқушыларға жәрдем қоғамы” (1913, №37), “Мектеп медреселер мәселесі” (1913, №44), “Өнер мектебі” (1914, №41), “Торғайда мұсылманша оқу” (1915, №14) сияқты халықты өнер білімге жетелейтін тамаша мақалаларын жариялай бастады.
1917 жылы “Алаш” партиясының бірінші съезінде ол Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесінің дамуы жөнінде баяндама жасайды, қазақ мектептері мен оқу орындарының оқу бағдарламасы жөнінде өз жобасын ұсынады.
Кеңес өкіметі жылдарында ол Қазақ оқу-ағарту институтында дәріс оқиды, газет редакцияларында жұмыс атқарып оқу-ағарту халық комиссариаты ғылыми кеңесінің мүшесі болады. Кез келген жиындарда қазақ тілі мен педагогикасы жөнінде сөз сөйлейді.
Міржақып түрлі оқу орындарында оқып жүрген өрімдей қазақ қыздары мен ұлдарын көріп жүрегі жаралы қуанады:
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
...Күнің туды қарыштап қал
Қалма қапы қарағым.
Бәйгі атындай жарыс сап қал,
Жасымасын талабың...
Ол 1926-28 жылдары қазақ кітаптарының екі бөлімнен тұратын тұңғыш библиографиялық кітапнамалық көрсетішін де бастырып шығарады. Шығарып отырған мақсатын ол көрсеткіштің алғысөзінде ашады: “Қазақ даласының ұшы қиыры жоқ кеңдігі, елінің шаруашылығы, қатынас жолдарының нашарлығы, қалалы жерлерде қазақтың аздығы, бәрінде бірдей кітап дүкендерінің бола бермеуі бұл күнге дейін қазақша шыққан кітаптардың ел арасында дұрыс тарауына улкен кедергі болып келеді. Оның үстіне елдің көбі қандай кітаптар басылып жатқанын, олардың мазмұнын, бәсін, қайдан аларын, қалай алдырарын біле алмай келеді. Осы жағынан елге жөн сілтеп жеңілдік келтіру ниетімен біз осы “көрсеткішті” шығарып отырмыз...”
Денсаулық сақтау мекемесінің өтінішімен ол “Чума қандай ауру” – деген кітап жазады. Оның қажырлы ағартушылық еңбегі жөнінде 1925 жылы Орынборда шыққан “Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектері” атты кітапта былай делінген: “Міржақып Дулатұлы – публицист-энциклопедист. Ол қазақ тілінде үш бөлімнен тұратын есеп құралын, ана тілінде қазақтардың тарихын жазған”.
Міржақып тек публицист-энциклопедист қана емес, ұланғайыр ілім негіздерін меңгерген ғалым-энциклопедист те болатын.
Міржақып Соловецк лагерінде, Ақ теңіз каналында айдауда жүрген кезде де өзінің ағартушылық жолын тастаған жоқ. Соловецкіде ол түрік-орыс тілінің сөздігін құрастырған. Сөздік айдауда жүрген түркі тектес халықтар өкілдеріне үлкен көмек болды. Оның фельдшерлік мамандығы да бар еді, сонысымен науқастарға да мол жәрдемін тигізді.
Міржақып қамшының сабындай қысқа ғана ғұмыр кешсе де: “Білдіру білмегенге білгенімді, өзімнің деп білемін зор міндетім” – деп өзі айтқандай мақсатты да мағыналы, өрелі де өнегелі өмір сүре отырып, артына ағартушы-педагог ретінде мол энциклопедиялық мұра қалдырды. Оны тереңдей зерттеудің күні енді ғана туып отыр. Бұл орайда жас ұрпаққа артылар үміт жүгі де мол-ақ.
“Мәдениетті адам” деп айта салу оңай екен де, ал ол туралы ой толғау оңай шаруа емес екен. Шын мәнінде мәдениетті адам деп кімді айтамыз?
“Мәдениетті адам” деген ұғымның шарттары көп.
Қазіргі адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктер ғылым мен техниканың жетімдігі нәтижесінде іске асып отырған адамзат қоғамының ХХІ ғасырға аяқ басар шағында оқымаған адамды мәдениетті адам деуге болмайды.
Сондықтан ең әуелі мәдениетті адам деп – оқыған арнайы білімі бар адамды айта аласың. Білімі бар адамды мәдениетті адам деп тану үшін оның тек дипломы болуы жеткіліксіз. Ол өз мамандығын жақсы білетін, өз кәсібінің шебері болуы тиіс. Ол өз ісімен, білімімен, кісіптік шеберлігімен ұжымына мәдениетті адам болудың бір шартын орындай аладыжәне өз білімі арқылы ұжымда өзіне бедел жинайды.
Екінші, біліміне сай ақыл-парасаты болуы тиіс. Сонда онымен ұжым мүшелері санасып тұрады.
Үшінші, білімі мен ақылына сай биязы мінезі болғаны жөн.
Қанша білімді болғанымен мінезі шадыр, кеудесіне нан піскен менмен немесе жағымсыз, жалтақ болса, оны мәдениетті адам деп айта алмаймыз.
Ұлы Абай: “Мінез – ақылдың сауаты” дейді. Яғни, білім мен ақылды ұстап тұратын, оған мән-мағына беретін ұстамды, байсалды әрі жайдары мінез адамды көріктендірмек.
Төртіншіден, тіл мәдениеті – мәдениетті адам болудың басты шартының бірі. Халқымыз “Өнер алды – қызыл тіл” деп бекер айтпаса керек. Ана тілінде таза да мәнерлі, мағыналы, жүйелі сөйлейтін, өз ойын ортаға сай ғылыми тілде немесе қарапайым халық тілінде немесе әзіл-қалжыңмен ойын өрнектей білетін шартына сай адам деп білеміз.
Мәдениеттіліктің шегі немесе бір қалыбы болмайды. Ол адамның отбасы, ошақ қасында алған тәлім-тәрбиесі арқылы адамның бойына сіңіп, жоғары оқу орнына алған білімі мен өскен ортасы арқылы одан әрі жетіледі. Ал адам өз алдына отау тігіп, жұмысқа орналасқанда, оның мәдени деңгейі қалыптасады.
Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде: “Қашан баланың ғылым-білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды, оның адам болғанына үш түрлі нәрсе себеп болады; бірінші жақсы ата-ана, екінші жақсы ұстаз, үшінші жақсы құрбы-құрдас”,-дейді.
Яғни, жақсы ата-ананың тәрбиесін алған, жақсы ұстаздың өнегесін көрген, жақсы досы бар адам мәдениетті адам болып қалыптасады.
Бесіншіден, тәрбиелі, көргенді өнегелі болуы керек. Бұл қасиет адамға ана сүтімен, ұядан даритын қасиет.
Бір адамның бойында зиялылық, тектілік болады, ол осы қасиетін қандай жағдайда да сақтайды. Ал енді бір адамдар қолына билік тисе шітірейіп, биліктен кетсе сүмірейіп, біраздан соң қарабайыр қалпына түседі.
Кісілік – қазақ ұжымына адамгершілік ұжымымен астарлас келетін моральдық атаулардың бірегейі – кісілік ұғымы. Кісілік - өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеттер мен мінез-құлқының азаматтық ар-ұжданы. Халқымыз: “Адам болар баланың кісіменен ісі бар, Адам болмас баланың кісіменен несі бар”,-деп тәрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға “жарлы болсаң да арлы бол” деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, көңіліне қарау кісіліктің нағыз белгісі.
Отансүйгіштік - әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін арнаған. Мәселен, Мұхтар Әуезоа: “Отан – анам, Отаным сенен аяр жаным жоқ” десе, В.А. Сухомлинский: “Отан - өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмыта көрме” дейді. “Ең зор ізгі ерліктері Отанға деген сүйіспеншілік туғызған” дейді Ж.Ж. Руссо.
Мақсаткерлік – бұл адамның өзінің мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. “Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара” депті орыс жазушысы И.С. Тургенев. “Адамдарды алдына қойған мақсатымен бағалау” деген белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай. Мақсаткер адам ылғи да жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілмеу үшін күреседі.
Ақылдылық – бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. “Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық” деген Ж. Баласағұн. Қазақ мақал-мәтелдерінде де “Ақылдан кісі озбайды”, “Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді”, “Ақылды айттырмай біледі” деп ерекше мән берген.
Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның әке-шеше, үй-іші, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.
Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып түсіну, сондай-ақ, осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады.
Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері