Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Оқушы Қ. “Мен алдыңғы  сабақтан М. Дулатов аудармамен шұғылданғанын  ұқтым. Ол Пушкиннің “Гүл” атты өлеңін сол қалпында құя салғандай  ауларған. Өлеңнің түпнұсқа интонациясы, әуен-сарыны еш бұзылмай берілген. Қазақшасын оқығанда бір жеңіл күрсінген  көңілге енесің. Ал, Пушкин өлеңінің әсері де сондай емес пе? Мен ақын басқа тілден аудармаға не үшін кірісді дегенде мынадай пікір айтар едім. Біріншіден, туған елі, халқы жайында басқалар не ойлап жүргенін білу. Мысалы, М. Лермонтовтың “Айтыс” (“Спор”) атты өлеңін аударғанда, кезінде орыстың кемеңгер ақыны осы өлеңді жазғанда азиялық дүниетаным құпиясын білуге құштар болса, оның Шығыс туралы қандай ойы бар екенін Міржақып та тезірек білгісі келген және қалың ұйқыда жатқан қазақты қайтсе де оятам деп жүрген М. Дулатовқа Лермонтовтай үлкен тірек қажет болғанға ұқсайды”.

Оқушы Е. “Мен өткен сабақтан араға алпыс жыл салып, ортамызға  қайта оралған аяулы арыстарымыздың бірі – Міржақып Дулатовтың арынды ақындығының, жорға жазушылығының  үстіне, айтулы ағартушы екенін ұқтым.  Оның бүкіл поэзия, прозаның пафосы – ел-жұртты ағарту, оянуға шақыру. Оның мұрасы.

Кеміткен жауыз –  надандық,

Надандықтан безелік, - деген  сияқты қараңғылыққа, білімсіздікке  қарсы үн көтерген жолдарға толы.

М. Дулатовтың айтулы ағартушы екеніне даусыз дәлел – оның негізгі мамандығының өзі – мұғалімдік, оқытушылық. Ол Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, “ауыл мұғалімі” деген атақ алған. Революцияға дейін Қызылжар, Зайсан, т.б. жерлерде бала оқытып, ұстаздық еткен. Ол құр мұғалім болып, барды оқып алып, балаларға қайталап қоюмен қанағаттанбаған. Ол – оқу жүйесін жетілдірудің жолдарын іздеуші, оқытудың жаңа әдістерін жасаушы, жаңа оқулықтар жазушы. Ол 1922 ж. “Есеп құралын”, 1924 ж. “Оқу құралын” шығарған. Ол бірінші кітабында бастауыш мектеп балаларын қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарына төселдіретін мәселе есептерді құрастырған. Ол мысал есептердің бәрін халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, оқушы балалардың өз өмірінде жиі пайдаланатын заттарға негізделген. Есеп мазмұндардың бұлайша әдет-дағдыға етене жақын құрылуы оларды қызығуға, құматра шығаруға жетелейді. Мысалы, “Екі құдықтың суы 7 үйір жылқыға жетеді. Бір құдықтың суына 5 үйір жылқы қанса, екінші құдықтың суы неше үйір жылқылық?” немесе: “Мен бір сан ойландым, оны 3 есе көбейттім де, 1-ді қостым. Мұнан шыққан санды қақ бөліп едім, 5 шықты. Мен қандай сан ойландым?”

Бір ғажабы ұстаз мысал  есептердің бәрін халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде, оқушы балалардың күнделікті өз өмірінде жиі пайдаланатын заттарға, әдеттегі іс-әдістеріне негізделген. Есеп мысалдарының бұлайша әдет-дағдыға етене жақын құрылуы, меніңше, оқушыларды қызығуға, құмарта шығаруға жетелейді деп ұғамын. Осындай оқулықтарды қазір неге шығармсқа. Оқушылар бұрынғы ұмыт болған қазақ сөздерін, атауларын естерінде сақтауға мүмкіншілік алған болар еді деп ойлаймын. Өз ойым толғанысымның соңында қазіргі жас мамандар, ұстаздар, осы Міржақып ағамыздай ізденімпаз болса екен деп тілеймін”.

Оқушы С. “Мен өткен сабақта  М. Дулатовтың үлкен ағартушы болғанына  көз жеткізетін мынадай айғақты  ұқтым. Міржақп шәкірттерін тек оқытып қана қоймай баспасөз бетінде ғылым, ілім жетістіктерін талмай насихаттап отырған.  1923 жылы “Қызыл Қазақстан” журналының 15-санында “Тай-Мінер” деген бүркеншік атпен “Тұрмыс, салт-сана, оқу”, 16-санында “Дін һәм ғылым”, 17, 18-сандарында “жаңа жазу ережелері” сияқты ғылыми мақалалар жариялаған. Автор бұл мақалаларында айналасындағы болмыс, құбылыстарды өзі түсініп білуде шәкірттеріне, халыққа ұғындыруға үлкен ойлылық, парасаттылық көрсеткен. Бұл кісінің ғылыми мақалаларынан мен бірнеше қымбат қасиетті, мазмұндық ерекшеліктерді ұқтым. Мысалы, ол сана дегеннің не екенін, белгілі бір халық санасының қалай қалыптасатынын былайша түсіндіреді. “Өмір тіршілік сипатына қарай, көрген-білген, ойға түйген нәрселердің әсері мен адамның ақылына тоқылып, миына сіңіп суреттеліп із қалдырған нәрселер сана болып табылады. Көшіп-қонып, күн көру тәсілі, басты байлығы мал өсіру, оны күтіп көбейту болған біздің қазақ халқының миына сана болып сіңіп қалғаны – мал семіз, күйлі бағылу керек. Бұл үшін жайлаудың оты, суы бірдей жұғым болуы тиіс.

Әрине, ойға-қырға малды  қуып жүргенде не бір қиыншылықтар кездеседі. Жұт болады, жау шабады, алыс-жұлыс заман туады. Сол қиыншылықтарды жеңіп, елді, малды аман алып қалу үшін ақыл керек. Осыдан келіп сана мен салтқа сіңетін нәрселер: ауылдың билігі ақсақалда, ақсақалдың ақылын алмаған ел – бетімен кеткен, бассыз, берекесіз ел, ол бірдемеге ұрынбақ. Үй-ішінің қожасы – еркек. Әйел, бала-шаға еркектің ыңғайымен, айтқанын істеуге міндетті. Баланың билігі әкесінде, әке сөзін тыңдамаған бала көргенсіз болады”, деп, сана дегеннің негізгі тұрмыста жатқанын айтқан. Міржақып Дулатовтың ғылыми мақалаларының тағы бір ерекшелігі – оларда өмірдегі болмыс құбылыстардың бір-бірімен өзара байланыста, бірлікте дамитыны, біріне-бірінің тәуелді болатыны қазақ өмірінен алынған нақты мысалдармен көрсетеді. Әр елдің салт-санасы өзінің кәсібімен де байланысты екенін ашады. Ол: “Салт-сананың әкес – кәсіп дейді. Көшпелі мал баққан елдің салт-санасы басқа да, егіншінікі өзінше, фабрика, завод иесі – байлардың салт-санасы бір түрлі. Сонда жұмыс істейтін жұмысшылардың салт-санасы екінші түрлі.

Міне, сондықтан да совет  өкіметінің мақсаты, - дейді М. Дулатұлы, біріншіден, елдің тұрмысын түзеп  кәсібін алға бастыру, екіншіден, оның салт-санасын ескіліктен, орнап қалған теріс ұғымдардан тазартып, ағартып шығару”. Мұнан кейін ағартушы салт-сананың тұрмысқа, кері әсері туралы айтады. Оны салыстырмалы түрде әсерлі етіп былай түсіндіреді: “Әкенің де әкесі, баланың да баласы болады. Жерге көмген тарының дәнінен сабағы өсіп шығады. Ол өсе келе гүлденіп, басына дән бітеді... Оны тағы жерге көмсек, онан тағы да сабағы шығады. Тарының сабағын туғызған дән,  бірақ өсе келе сабақтың өзінен де дән шығады. Елдің салт-санасы туғызатын кәсібі өзгеріп алға басса, онан елдің салт-санасы да өзгереді. Салт-сана өзгеріп ілгері басқанда, тарының сабағы сықылды өзін туғызған кәсіптің өзгеріп, ілгері басуына да себеп болады. Кәсіп салт-сананың себебі, салт-сана кәсіптің салдары екені рас. Бірақ өсе келе салдардың өзі қайта соғып, бұрынғы себепке себеп болып шығады” дейді.

Болмыс құбылыстарды осылайша диалектикалық бірлікте, өзара  байланыста алып қарайды. Салт-сана, мінез-құлықты  қалыптастырудағы қоршаған ортаның  да әсері зор екенін атап көрсетеді.

Маған өткен сабақтың әсері мол болды. Міржақып шығармашылығы менің жаныма жаңа рух, жаңа білім қосты. Мен бұл сабақтан кезінде үстем тап өкілдерінің М. Дулатұлынан қорқып, көзін құртуға асық болу себебін ұқтым”.

Оқушы Б. “М. Дулатұлы мұғалім, оқытушы деген мамандықтың беделін  көтеруге күш салған. Бала оқыту бейшаралық емес, зор абырой, игі де ізгі іс дейді. Біз бұл сабақтардан М. Дулатұлының патша заманында қараңғылықта қалғанына қабырғасы қайысқанын, жас ұрпақ қамын жеп, ойлы оқулықтар жасағанын, ел-жұртының көзін ашып, еңсесін көтеру жолында күш-қуат, қабілетін аямаған айтулы ағартушы, ірі ақын екенін білдік. Өз басым ол  кісінің итөзімділініне қайран қалдым. Халқыңның адал ұлы болғың келсе – М. Дулатұлындай бол демекпін құрбыларыма”.

 

5-сабақ

Сайыс сабақ

Танымдық мақсаты: М. Дулатұлы шығармашылығы бойынша оқушылардың алған білімдерін бекітіп, пысықтай түсу.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ізденуге, ойды саралай білуге үйрету.

Дамытушлық мақсаты: оқушылардвың сабақтағы белсенділігін арттыру.

Сабақтың жабдығы: бірнеше  бөлікке бөлінген айналмалы барабан, сұрақтар, рет саны,  эмблемалар.

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап  арқылы пікірталастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ойынды жүргізу тәртібі: Оқушылар күні бұрын топтарға бөлініп, әрбір топ өздеріне ат таңдап, басшыларын сайлап қояды және өздеріне эмблема даярлап, өңірлеріне қадап алады.

Топ басшысы барабанды  айналдырады. Көрсеткіш таяқша қай  бөлікке келіп тоқтаса, сол конверттегі  сұрақ ашылып, соған жауап беруге дайындалады. Дайындалуға 1 минөт уақыт  беріледі. Барабанда музыкалық үзіліс деген де бөлік бар. Егер барабан көрсеткіші осы бөлікке келіп тоқтаса, сол топ оқушылары не халық әндерін, не терме, не қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындайды. “Сайыс ұпайлары” көрсеткішінде әр топтың жинаған ұпайлары көрсетіледі.

Конвертке салынатын  сұрақтарды мынадай үлгіде жасадым:

1-сұрақ. М. Дулатұлының  өмірі жайлы не білесің?

2-сұрақ. М. Дулатұлының  жинағына қандай өлеңдері кірген? Өзіңе ұнаған бір өлеңін жатқа  айт.

3-сұрақ. “Оян, қазақ!”  үшін неге қудаланды?

4-сұрақ. “Азамат”  жинағы қашан шықты? Оған қандай  шығармалары енді? Өзің қалаған  бір өлеңіне талдау жаса.

5-сұрақ. “Бақытсыз  Жамал” – қазақ романдарының  алғашқы қарлығашы дегенді қалай  ұғасың?

6-сұрақ. “Бақытсыз  Жамал” романының негізгі тақырыбы  мен идеясы?

7-сұрақ. Міржақып Дулатұлы - ұлағатты ұстаз.

8-сұрақ. М. Дулатұлы  неліктен аудармамен шұғылданған?  Кімдердің шығармаларын аударды?

9-сұрақ. М. Дулатұлы  өз шығармашылығын қандай бүркеншік  атпен шығарған?

11-сұрақ. М. Дулатұлы  саған ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады? “М. Дулатұлы шығармашылығының маған әсері” деген тақырыпта шағын шығарма жаз.

1-сұрақ. М. Дулатұлының  қандай ғылыми еңбектерін білесің,  онда қандай мәселелер сөз  болады?

ІІІ. Топ басшылар сайысы. Сайыстың барысында жеңімпаз топ  анықталмай, екі жақ бірдей ұпай жинаса, қосымша дайындалған сұрақтар бойынша жарысады.

ІУ. Сабақ қорытындысын шығару. Оқушылардың білімі жеке-жеке бағаланып, ұпайлар қосындысы нәтижесінде  жеңімпаз команда анықталады.

У. Оқушылар білімін бағалау. Сабаққа белсене қатысып, жақсы жауабымен көзге түскен оқушыларға тиісті баға қойылады.

УІ. Үйге тапсырма: “Бар екен таудан аққан таза бұлақ” деген  тақырыпта (М. Дулатұлы шығармасы бойынша)  шығарма жазып келу.

 

 

 

 




Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері