Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

1907 жылы Петербургте  шыққан “Серке” газетіне Міржақыптың  “Жастарға” деген өлеңінің басылу  сырында да осындай сабақтастық  қисын бар еді. Ал осы газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санында Дулатұлы қаламынан туған “Біздің мақсатымыз” атты басмақала бар екен. Газеттің шықпай жатып тұншықтырылуына басты бір себеп те осы мақала болса керек. [4.   15-16 ]

 

Өйткені осыдан екі жыл  кейін жарық көрген “Оян, қазақ!” атты өлеңдер жинағы конфескеленіп, автор патшалықтың әкімшілігі тарапынан саяси қуғынға ұшыраған кезде, жандарм қызметкерлерінің тағатын негізгі кінәсының өзі – сол Петербургте тұтқындалған газет мақаласының идеяларын әрі қарай уағыздағандығы деп көрсетілген.

Демек, айтылмыш мақаланы сол кездегі қазақ қауымында  қалыптасын келе жатқан қоғамдық ой-пікірдің, қазақ даласында анық бой көрсеткен  әлеуметтік қозғалыстың көрінісі деп  жоруға болатын еді. Патшалық әкімшіліктің зәресі кетіп үріккені де сондықтан болатын.

Міржақып Петербург  сапарынан елге белсенді қайраткер, саяси күрескер ғана емес, сонымен  бірге шабытты ақын да болып оралады.

Сонау мектептегі шәкірт кезінде әредік ойына оралып кететін  ұйқасты ырғақтарға қаншама мән  бермей жүрсе де, ол өз бойындағы дарын нышанына мүлде басқаша қарайтын болады. Енді ол бүтіндей шабытқа беріледі. Ойына түйген жайларды, айналасындағы ел-жұртына айтар сөзін ол дереу өлең жолдарына өріп, қағазға түсіре бастайды.

Сөйтіп, біріне-бірін  жалғастыра, жеделдете жазып, әр түрлі тақырыптар төңірегінде ой толғаған тебіреністері бірер жылдың ішінде әжептәуір жинақ болып тізіледі. Болашақ кітабының арқалайтын әлеуметтік жүгін айқын түсінген ақын дереу Уфа қаласындағы “Шарқ” баспасынан “Оян, қазақ!” деген атпен 1909 жылы бастырып шығарады. [5.   15-16 ]

 

Дәл сол жылы қазақ  халқының өз тілінде, оның болашақтағы  бүкіл интеллектуалдық қабілетінің  жаршысындай, көркемдік ойлау мүмкіндіктерінің алғашқы қарлығаштарындай болып  үш бірдей өлең кітабының баспа жүзінде  жарық көруі – рухани, мәдени өміріміздің болашағы үшін тарихи оқиға болып еді.

Олардың біріншісі – 1909 жылы Петербургтен Тұрағұл мен  Кәкітай бастырып шығарған Абай өлеңдерінің  алғашқы жинағы. Екіншісі – Крылов швғармаларының жедел аударып, тағы сол Петербургтен бастырып шығарған Ахмет Байтұрсыновтың “Қырық мысалы”. Үшіншісі - өзіміз сөз қылып отырған Міржақып Дуларұлының “Оян, қазағы!”. [5.   15-16 ]

 

Шөліркеген адамның  таңдайын жібіткен бір жұтым сусынның қадірі қандай болса, туған халқының рухани өміріндегі бұл үш жинақтың да маңызы дәл сондай еді. Сондықтан, алдыңғы екеуі сияқты “Оян, қазақ!” та қолдан-қолға, ауыздан-ауызға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның атақ-даңқын өте алыс қияндарға алын кетті. Ізін суытпай оны екінші рет бастыруға тура келді.

Бірақ бұл кітап жас авторға халық арасындағы абырой-беделмен бірге патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргінді ала келеді. Мұғалім жігіт тергеу орындарының бақылауына алынады. Ақыры, ол туған жерден тайғақтап, өзі көрген Омбы жаққа, Ақмола облысындағы Қызылжар қаласына қарай жылыстап кетеді. Осының артынша “Оян, қазақ!” та конфескеленеді.

Қызылжарға барғаннан  кейін бақылауда жүрген Міржақыптың  ресми орындарда белсене жұмыс  істеуіне мүмкіндігі болмайды. Сот  кеңесінде там-тұмдап тілмаштық  қызмет атқарады. Жеке адамдарға жалданып, мұғалімдік қызметін жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінде сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алса керек.

Революция толқыны күшпен басылып, ел ішін реакцияның қара түтіні қайта торлаған кезде, әрбір қадамы санаулы болған саяси сенімсіз жігіт басқа қоғамдық қаректке бара алмай, көбінесе шығармашылыққа шоғырланады. Тынымсыз ізденіс үстінде тың сонарларға ұмтылып, соныға қалам сілтейді. Поэзияда қаламы төселіп қалған автор енді жаңа бір шабытпен проза саласында, күрделі жанрда күш сынап көрмек болады. Ол дереу роман жазуға кіріседі. Айтқандай-ақ, шығарма тез жазылады да, дәл сол 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан “Бақытсыз Жамал” деген атпен басылып шығады. [6.   15-16 ]

 

Қазақ әдебиеті тарихындағы  тұңғыш роман дүниеге осылай келеді. Бұл шығарма қазақ топырағанда алғашқы өлең жинағынан да тосын жаңалық болып көрінеді. Халықтың өз өмірінен алынып, өз тілінде қара сөзбен жазылған бұл сияқты оқиғалы шығарма бұрын болған емес-ті. Сондықтан да оның оқырман қауымға тигізген әсері тіпті ересен болады.

Бұл кезде Міржақып өз шығармашылығын өлең мен проза жанрында қатар дамытады. Әр жерде шығатын  қазақ басылымдарына, әсіресе “Айқап”  журналына үзбей жазып тұрады. Сонымен бірге қағілез жігіт  қазақ даласындағы әлеуметтік өмірден  де қол үзбей, жіті құлақ түріп, халық тұрмысының жай-жапсарын қадағалап отырады.

Әр өлкедегі ел тұрмысын өз көзімен көріп-білгісі келеді. Осындай ниетпен қалың қазақ  ауылдарын аралап, Семей облысына қарай сапарға шығады. Бірақ бұл  кезде патшалық тыңшыларының қалт еткізбес аңдуына алынған еркін ойлы азамат Семей қаласына келген бойда-ақ полицияның тырнағына ілінеді. Осының алдында ғана саяси айыппен қамауға алынып, сотсыз, тергеусіз сегіз ай абақтыда отырған Ахмет ағасының артынша бұл кісі де Семей түрмесінде табаны күректей бір жарым жыл отырады.

Бұл кезде атақ-даңқы  ел ішінде қаншалықты мәшһүр болса, патшаның әкімшілік орындарына соншалықты құбыжық  көрінген Міржақыптың атын атап, баспа  жүзінде хабар берудің өзі  әжептәуір айыпты іске айналады. Мәселен, Міржақып Семейде қамауға алыныпты деген хабар жариялағаны үшін “Айқап” журналына 300 сом, “Уақыт” газетіне 100 сом айып салынады.

Бірақ соған да болмастан, “Айқап” журналының кейінгі бір  санында: “Идарымызға келген соңғы  хабарға қарағанда, Міржақып 2 мың  сом залог салып азат етілген екен”,- деген тағы бір жаңалық айтылады. Ресми түрде қатаң тыйым салынумен де санаспай, осындай хабарлар беріліп жатқанына қарап, сол тұста Міржақыптың ел ішіндегі әлеумет өмірінде үлкен тұлғаға айналғанын, оның жеке басындағы әрбір оқиғаның әжептәуір қоғамдық мәні болғанын аңғарамыз.

Сонымен, не керек, абақтыдан  шыққан бойда Міржақып тағы сол ел шетінен жер аударылған Ахаңның  ізімен Орынборға қарай беттейді.

Арада біраз жыл өтіп, ел өмірінде, халық тұрмысында күрделі  өзгерістердің куәсі болған, өз бастарынан да талай оқиғаларды кешкен аға мен іні, ұстаз бен шәкірт, ал одан да гөрі дұрысырағы – ортақ мұрат жолында бас байлаған жанкешті екі дос арасында айтылар сыр да, талқыға салар кеп те көп еді.

Солардың ішіндегі ең түйіндісі, алыстағы мақсатқа жетудің бірден-бір жемісті жолы – ел санасын оята беру екн. Екпіні қайтып, бәсеңсіп қалған жұртшылық қозғалысына қайтадан дем салу екен. Және де оны шама келгенше әкімшілік орындарынан тәуелсіз етіп, көтерілер мәселе шеңберінің неғұрлым кең де еркін болғанын қарастырған жөн екен. Ендеше дереу осы істің қамына кірісу керек.

Қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық  бағыттағы тұңғыш биресми басылымы-айтулы “Қазақ” газетін шығару жөнінде  Байтұрсынов пен Дулатовтың бірлескен  қызметі осылай басталады.

Өздерінен бұрынғы там-тұм тәжірибенің кем-кетігін қалай ескеріп, жемісті дәстүрін қалай дамыту керек, негізгі ауыртпалықты кімдердің күшімен көтеру керек, әсіресе қаражат жағынан қалай қамтамасыз ету керек; ұшы-қиыры жоқ, қажет кезінде жедел хабарласа қоятын қатынас-байланысы жоқ кең сахарада шашырап жатқан салбөксе мырзалар мен сараң байларды бұл іске қалай құлшындыру керек – міне, осы сияқты бір-бірімен тіркесіп, тізбектеліп жатқан сансыз көп мәселелерді шешу арқылы ғана жүзеге аса алатын газет жұмысының бұл кісілердің алдында тұрған қияметей қиыншылықтары осындай еді.

Бірақ тәуекелі берік болған соң  адам қандай істің де тауқыметіне  көнсе керек. Қажымас қайрат пен  тапажылмас табандылықтың арқасында 1913 жылдың 2 ақпаны күні Каримов-Хусаиновтар  баспаханасынан аты кейін аңызға айналып кеткен “Қазақ” газетінің бірінші саны жарық көреді. Алғашында 3 мың дана болып басылған газеттің тиражы бір жылдың ішінде 8 мыңға жетеді.

Әдепкіде баспахана  жалдап, ақыға шығарылған газет төрт-бес  жылда өзіндік баспаханасы, қағаз  қоры, айналым қаржысы, шағын кітапханасы, тағы басқа керек-жарағы бар әжептәуір кеңселі мекеме дәрежесіне жетеді. Қазір Қазақстанның ол шеті мен бұл шетіне үзбей хабар алып тұратын кәдімгідей тілшілер желісі тартылады.

“Қазақ” газетін жаздырып алу жергілікті байлардың, болыс-билердің, хат танитын барша қазақтың беделін, кісілігін, мәдениетін дәрежесін анықтайтын нысанды мәселесіне айналады.

Ұзақ жылдар бойы жөнсіз тыйым салнып, туған халқының рухани өміріндегі орны мен ролі мүлде сызылып  тасталған осы газеттің бұқараны оқуға, өнер-білімге, ілгергі елдердің үлгісіне шақырумен қатар, патша әкімшілігінің отарлау саясатын да батыл әшкерлеп отырған анық демократияшылдық бағыты бүгінгі күннің биігінен қарағанда да өте мәнді көрінеді.

Міне, осындай келелі іске газеттің бас редакторы Байтұрсыновпен бірге қазігі ұғым бойынша оның орынбасары, редакцияның жауапты хатшысы сияқты міндеттерді қоса атқарған сенімді серігі Дулатұлы қосқан те ұшан-теңіз болған.

“Оян, қазақтан” бергі  кезеңде жазылған өлеңдерін 1913 жылы Орынборда “Азамат” деген атпен жинақ етіп шығарып, 1914 жылы “Бақытсыз Жамалды” Қазанда қайтадан бастырып, 1915 жылы “Терме” атты жинақ пен “Оян, қазақтағы” өлеңдерін Орынборда тағы бір жаңғыртып, өзінің ақын-жазушылық тұғырын әбден нығайтып алған Міржақып осы жылдары журналистік, публицистік дарынын да мейлінше аша түседі.

М. Дулатұлы қаламынан  туған осындай татымды мақалалар  ішінде әлеуметік өмір, экономика, мәдениет, әдебиет, тарих, дін мәселелерінен  бастап, тіпті сол кездегі халықаралық  жағдайға дейін қамтыған, солар жайынан оқырманға өте бағалы танымдық деректер берген материалдар ерекше назар аудартады.

Мәселен, 1914 жылғы 23 маусымда шыққан 67-санында “Абай” атты мақаланы Міржақып ұлы ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына орайластырып жазған. Онда автор Абайды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп атап, туған әдебиетіміздің болашақ дамуындағы оның орны мен маңызын тап басып айтқаны біз үшін өте көп нәрсені аңғартады.

Газеттің 1913 жылғы 6 сәуірдегі  санында М. Дулатұлын Ғабдолла Тоқайдың қайтыс болуына байланысты тебіреніп жазған мақаласы, 1915 жылғы 31 қазандағы санында этнограф, фольклорист Әбубәкір Диваев туралы қызықты деректер келтірілген зерттеу материалы жарияланған.

Ал енді қазақтың  ішкі өміріндегі зорлық-зомбылық, әділетсіздік, парақорлық, жікшілдік сияқты жағымсыз көріністерді сынаған материалдардан 1915 жылғы 15 наурыздағы (№ 112) “Дауқұмар”, 1917 жылғы 19 мамырдағы (№230), “Жүзі қаралар” атты өткір фельетондарды атауға болар еді.

Газет бетіндегі Міржақып көтерген мәселелердің ішіндегі ең бір  сүбелісі де, әкімшілік орындарының көзқарасы тұрғысынан алғанда ең шетіні де – отарлау мәселесі, қазақ жеріне қоныстандырылған шаруалар мен жергілікті халықтың арасындағы қарым-қатынас жайы.

Бұл екі тақырыптың екеуі  де әрдайым патшалық ресми орындар  тарапынан қатты наразылық, кейде тікелей қудалау шаралаын туғызып отырды. Газетке талай-талай айыптар салынды. Соның көпшілігінде Міржақыптың күш салуымен жағдай реттеліп, апаттан шығудың жолы табылып отырған.

“Қазақ” газеті 1913 жылдың бас кезінен 1918 жылдың көктеміне  дейін шығып тұрды. Алғашында айқын ағартушылық, дәйекті демократияшылдық бағытта болған бұл басылым ақпан революциясынан кейін жалпы Алаш қозғалысымен бірге Уақытша үкімет саясатының шылауында болып, қазан төңкерісінің идеяларын бірден қабылдай қойған жоқ. Сондықтан азамат соғысының ауыспақ кезінде ол өзінің өмірін тоқтатуға мәжбүр болды.

Кейінірек, Кеңес өкіметі  өзінің жағына шыққан Алаш қайраткерлеріне  кешірім жасаған кезде, Дулатұлы жаңа құрылысқа қызмет етушілер жағында  болды. Әрине, Міржақып сияқты “дініне берік” қайсар адамның күрт өзгеріп, өзі ұстанған өждан борышынан аттап кетуі оңай болмаса керек. Оның ішкі дүниесінде ешқандай тебіреніс болмады десек, шынайы күрескер адам психологиясын әділ бағаламаған болар едік.

Бірақ Кеңес жағына шыққаннан  кейін, сол топтағы басқа да көп қайраткерлер сияқты, Дулатұлы да социализм құрылысына қызмет етуден жалтарған жоқ.

Жаңағыдай күрт өзгерістен кейін аз-кем тыныс алып, ес жиған  Міржақып 1920 жылы Ташкентке келеді. Сол кездегі Түркістан республикасының  органы – “Ақ жол” газетінде жауапты қызметке орналасады. Бірақ ол жерде кешегі Алаш көсемдерінің бірі ретінде көзтүрткі бола бастады ма екен, кім білсін, көп тұрақтамай қыр елін басып кері қайтады да, Семейге қарай бет алады. 1921 жылы сонда облыстық сотта судья болып істейді де, 1922 жылы қамауға алынады.

Сөйтіп бұдан 11 жыл  бұрын патшалық тұсында жыл жарым  отырған Семейдің түрмесіне тағы түседі. Бірақ, бір тәуірі, бұл жолы көп отырмай, өзімен бірге ұсталған Әлихан Бөкейханов екеуі Орынборға  жөнелтіледі. Онда барғаннан кейін екеуі де қамаудан босатылады.

Сонан соң Міржақып Орынбордағы  қазақтың халыққа білім беру институтына (КИНО) оқытушы болып орналасып, мұнда 1922 жылдан 1926 жылға дейін істейді. Ұстаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі осы төрт жылы, одан соң  Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім бастығы, “Еңбекші Қазақта” редактордың стилистика жөніндегі көмекшісі болып істеген кездері Міржақыптың қарбыта қалам сілтеп, өндірте жұмыс істеген аса бір жемісті жылдары болады.

Атап айтқанда, 1922 жылы ол екі бөлімнен тұратын “Есеп құралын” өңдеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. Сол жылы Орынборда “Балқия” атты төрт перделі пьеса жазады. Сол кездегі республика астанасында қазақтың ұлттық театрының негізін құраған көркем өнерпаздар үйірмесінде қойылып, зор табысқа ие болған бұл шығарманы қазақ кеңес театрының алғашқы репертуарлық бастауларының бірі десе де болғандай еді.

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері