Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Автор осы кіріспесінде балаларды оқыту кезінде олардың толық жауап беруін, бір бала жауап беріптұрғанда басқалардың кітаптағы мәтіннен көз алмай, дұрыс яки теріс оығанына зер салып отыруын, кітапты оқып болған соң балалардан ұққандарын сұрап, баяндату, сөйтіп бала бойына аңғарымпаздық қабілеттер мен есте сақтау дағдыларын сіңіру жолдарын қарастырған. Білімді тиянақты да терең меңгертуге баланың аңғарымпаздығы, ойдың өткірлігі үлкен рөл атқаратынына М. Дулатұлы ерекше көңіл бөлген.

Ол  балаларды мәнерлеп оқуға үйретудің  жолдарын да ашып көрсеткен. “Көркем, мәтінді анық, айқын оқу, ыңырсымай, сөзді орынсыз созбай, салмақты, асықпай, кісі қалай сөйлесе солай оқуы керек” дейді.

Кітап Ы. Алтынсариннің “Кел, балалар, оқылық!”  атты өлеңімен ашылған.

“Бөрік” атты әңгімеде баланың үлкендерге ұқсап  бағатынын тілге тиек етеді. “Мектепке” деген өлеңде баланың ұйқышыл болмауын, сабақтан кешікпеуін ескертсе, “Жазғы кеш” өлеңінде табиғатты, түнгі туған ай мен ошақтағы отты сүйсіне сөз етеді, “Мектептен” деген өлеңде қысқы аязда тоңып,  қарны ашып, сабақтан қайтып келе жатқан баланы өзінің Майлыаяқ деген итінің құйрығын бұлғап, алдынан шығып, еркелеп қарсы алуы, балаға деген үй хайуанатының аянышты әсер-сезімі суреттеледі.

“Шешенің  балаларын сүюі” деген өлеңде түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін  беріп асырап өсірген баласының жалқау болмай, тентек олмай, “адамдықты ақтайтұғын адам бол” деп аялайтын ананың ақ тілегін білдіреді.

“Оқу” атты әңгімеде Жүніс деген баланың  оқуға ынталы болып, жақсы оқып, кейін  оқымысты азамат болуы марапатталады. Кітапта Балқожа бидің оқудағы баласы Ыбырайға “жақсы оқы” деп ақыл айтып жазған өлең хаты берілген.

Крыловтың А. Байтұрсынов аударған “Аққу, шортан һәм шаян” атты мысал  өлеңі, “Арыстан мен түлкі”, “Екі әтеш”  әңгімелері – балаларды бірлікке, достыққа, татулыққа шақыратын шығармалар.

Ы. Алтынсариннің Крыловтан аударған “Егіннің басы” атты мысал өлеңі  құр кеуде көтерген тәкаппарлықты, “Түлкі мен құмырша” мысалында  түлкінің өз қулығы ажалына себеп  болып суға кетуі, “Аяңыздар жетімді” деген өлеңі жетім баланың  ауыр халін мүсіркеп, оған аяушылық білдіруді уағыздайды.

Сондай-ақ, “Алдар көсе шайтанды да алдапты” атты әңгімеде адамның ақыл-парасаты шайтанды да алдауға жететіні, “Кісі  мен көлеңке” атты мысал өлеңде, бірде өз көлеңкесін өзі қуып, бірде  одан қашып әлек болатын әңгүдік, атаққұмар, даңғой, қорқақ адамды сықақ етеді де, мысалдың қорытындысы ретінде ақын:

Кейбіреу, қыдыр дарып, қараса бақ,

Бейне бір осы айтылған көлеңке  нақ.

Қайрылмай қарағанда бақ-дәулетке,

Артынан қуалайды қайтарып ап, -

деп құбылмалы адам мінезін сықақ  етеді. “Үй хайуанаттары”, “Түлкі мен қасқыр”, “Тышқанның ақылы” атты мысалдарды оқи отырып, балалар аңқаулық пен айлакерлік, момындық пен достықтың, әке-шеше ақылын тыңдамаудың пайда-зиянын ажырата алатын болады. “Бере білген – бөле де білер” деген әңгімеде хан мен ханымға, екі ұлы мен екі қызына және өзіне бір қазды “тең бөліп” берген ақылды мұжықты дәріптеу арқылы оқушыларды тапқырлыққа тәрбиелеуді көздеген. Ал “Оқымысты бала” деген әңгімесінде қаладан 2-3 жыл оқып келіп, тырнауыштың атын “ұмытып” қалған, еңбек сүймес жалқау жігіттің дөрекі мінезі сөз болады. Осы арқылы автор “Оқыдым деп кеуде керме, ана тіліңді ұмытпа”, “Асқан адам маңдайына тас тигенде өкінеді. Бірақ онда кеш болады” деген ойды мегзеп отыр.

М. Дулатұлы “Қирағат кітабы” атты бастауыш басқыш балаларына арнап жазған оқу құралында педагогика ғылымының атасы, дидактиканың авторы Я.А. Коменскийдің оқулыққа қойылатын: оқулықтың тілінің таза, мазмұнының түсінікті де жеңіл; білім берумен бірге тәрбие беруді де бірдей қарастыратын; нақтлықан абстрактілі ойлауға; жақыннан алысқа; белгіліден белгісізге; нақты ойлаудан логикалық-абстрактілік жүйелеп ойлауға біртіндеп үйретуді көздейтін дидактиканың 7 түрлі талбын тегіс сақтауға тырысқан.

Өкінішке қарай, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы сынды 1920-1930 жылдардағы педагог-ғалымдарымыздың оқулық жазудағы осы ұстанымдары кейінгі жылдары оқулық жазушы авторлар тарапынан дұрыс сақталмағандықтан, бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың жиі-жиі сынға ұшырауы, балалардың мүмкіндігін ескермегендіктен, жыл аралата қайта-қайта жаңартылып жазылуы әдетке айналып келеді.

Ал енді М. Дулатұлының сол кезде  бірнеше рет басылып шыққан “Есеп  құралы” кітабын парақтап отырсаңыз, төрт түрлі ерекшелігімен көзге  түседі. Біріншіден, орыс, татар, мешер (башқұрт), т.б. мәдениеті өркендеген елдердің оқулығына қарап отырып, тыңнан тілімізге жүзге тарта математикалық жаңа терминдер енгізген. Мәселен: қосынды, қосылғыш, ондық сандар, бірлік сандар, теңге, тиын, шақырым, қарыс, сүйем, екі белгілі сандарды көбейту, көбейткіш, көбейтінді, есе артық, есе кем, бөлу, бөлгіш, бөлінді, пұт, қадақ, баспа табақ, мыңның ішіндегі сандардың жазылуы, таңба, алу, көбейту кестесі, сағат, минут, секунд, алыпсатар, еңбекақы, азайтынды, қалдық сан, т.б.

Екінші, кітапқа енген есептердің бәрі қазақ ауылының өмірінен алынған. Мысалы: “Біздің үйде үш құлынды бие бар еді. Биыл құдамыздан қосымша екі құлынды бие алдық. Біздің үйдің желісінде неше құлын байлаулы?” деген мысал есепті оқи отырып, бала бие, құлын, құда, желі, т.б. деген қазақ аулының күнделікті өмірінде кездесетін сөздерді жиі қолданғанын байқаймыз. Автор сол арқылы 7 жасар баланы қазақ ауылының тұрмысымен таныстыруды көздеп отыр.

Үшіншіден, есеп кітабындағы алынған  есептер баланың түсінігіне жеңіл, сөйлемдері қысқа, ұғымды.

Төртіншіден және, ең бастысы, автор алған қай есеп болсын тәрбиелік, тлімдік мәні ескеріле құрылған. Мысалы: денсаулықты сақтау, үй жұмысын қалай орындау, денені, киімді таза күтіп ұстау, адал еңбекпен мал табу, “егіннің ебін, сауданың тегін білу”, оқулықты, кітапты күтіп ұстау, т.б. оқушы ғибрат аларлық әңгіме немесе мысал есептер берілген...

Өткеннен сабақ алмаған өнер де, білім де алға басып өркендемек емес.

Олай болса, Ахаң, Жақаң, Мағжан, Халел, Жүсіпбек сынды біртуар асыл азаматтардың педагогикалық еңбектерін қалың  оқырман қауымға, оның ішінде, әсіресе бала тәрбиелеуші мұғалімдер мен педагог-ғалымдарға қайтадан басып, ұсыну ұлылардың аруағы алдында тағзым етер игі іс деп білеміз.

Ұлттық ерекшеліктеріміз бен халықтық салт санамызды ескере отырып жасалған оқулықтың бірі – 1921 жылы Ташкентте жарық көрген “Есеп құралы”. Бұл оқулықтың алғашқы нұсқасы 1914 жылы Орынборда басылған. “Есеп құралында” төрт амал – қосу, алу, көбейту, бөлуге қатысты оқушы ойына оралымды, көкейіне қонымды мысалдар, жаттығу есептер, күнделікті өмір материалдары молынан кездеседі.

Бұл оқулықтағы: “Біздің  үйде 6 ат бар еді, құдамыздан тағы бір  ат алдық. Біздің үйдің аты нешеу  болды?”, “Ахметжанның үйі соғымға 5 қой, 1 сиыр сойды. Ахметжанның үйі  соғымға неше мал сойды?”, “Мерген 2 қаз атып алып еді. Біреуін ақсақалқа байлады. Мергеннің өзінде неше қаз қалды?” деген секілді есептер баланы тек есеп шығаруға ғана үйретіп қоймайды, оны дәстүр тануға (“құдамыздан тағы бір ат алдық”), халқымыздың тұрмысын тануға (“соғымға сиыр сойды”), жол-жоралғыларын білуге (“біреуін ақсақалға байлады”) үйретеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу.

 

Халқының бар керегіне жарай білген Міржақып Дулатұлының ұлт руханиятына қатысты тұжырымы, жалпы алғанда, төмендегіге саяды.

      • әдебиет пен мәдениет – елдің жаны, ендеше жаны әзіз, рухы мықты жұрттың руханияты да әзіз һәм мықты;
      • көркем сөзді өрістету мен тағылымды етуде тұлғаның орны айрықша;
      • биік дәрежелі руханияттың тууына еркінді (күй), біліммен суарылған зеректік керек.

Міржақып серпінді ағартушылық  реңкі анық ХХ ғасырдың басындағы  ой-сана ағымын осы білігімен толықтырды. Оның қайраткерлік және қаламгерлік  мұрасы – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі деуге толық негіз бар.

Міржақып Дулатұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің оқа-ағарту  мәселесіне байланысты идеяларын жалғастырып, ол да А. Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие істерін ғылыми тұрғыдан қарастырды. “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің  әсерлі, күшті, сенімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан баяндап оқытқанда, балғын жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңіп, ана тілін анық үйретіп, керекті мағлұмат алып шығады” деп жазады ол. Ал “Қош келдің, наурыз” мақаласында зерттеуші наурыз наурыз мерекесінің мәнін ашады. “Бұл күні жыл сайын қуанышпен қарсы алып, ойнап-күліп өткізу үшін, қазақ елі ерінбей еңбек сіңіріп, мезгілін өткізбей егін егіп, пішін шауып, күнілгері қамыңды же. Сонда ғана былтырғы, бұрнағы жылдардай қан жыламай, алдағы наурызды да шын мейрам, шын шаттықпен өткізесің” деп дәстүрлі мерекенің еңбексүйгіштікке ынталандыратынын ұқтырады.

Оның ұлттық тәрбиеге шамшырақтай болған балаларға арналған әңгімелері “Бөрік”, “Нұрмаш пен  Дүйсен”, “Оқымысты бала”, “Күлмеңіздер кәріге”, т.б. балаларды еңбексүйгіштікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді.

Туған халқы үшін бар  өмірін арнаған Міржақып Дулатұлы елу  жасқа толуы қарсаңында оқыста опат болып арманда кетті. Ол ұлттық мәдениет үшін, жас ұрпақтың өнегелі болашағы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, мәңгі мұрат іздеген азамат еді. Қайтсем елімді жұрт қатарына қосам деп шарқ ұрды. Өлең де жазды. “Оян, қазақ!” деп, “Отырықты бол” деп очерк те жазды, “Білім ал” деп оқулық та шығарды. Бір сөзбен айтқанда, Міржақып бүкіл азаматтық қызметін өз халқының бақытты болашағына арнады.

Ақын 1924 жылы Орынбор  қаласынан “Оқу құралы” (бастауыш мектептепте екінші жыл оқылатұғын қирағат кітабы)атты лұғат бастырды. Осы кітаптың бірінші беті Ахмет  Байтұсыновтың өрелі сөзімен ашылыпты.

Міржақып Дулатұлы әдебиеттің барлық жанрына қалам тартып, роман  да, пьеса да жазған, поэма да толғаған. Оның әсіресе “Бүркіт кегі” атты туындысы өзінің жазылу формасымен де, тақырыбының сонылығымен де, кейіпкерлердің болмысының ашылуымен де жаңа, тың дүние. Ақынның бұл поэмасы “Шолпан” журналының 1923 жылы №6 санында басылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Ұлылардың мұраты да, мұрасы да, атақ-даңқы да, мерейтойы да-кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап, ұрпақ өседі. 
Н.Назарбаев

                                                     ***

 

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты  жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа  жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

  Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік  меңгерген Міржақып орыстың озық  ойлы азаматтарының еңбектерімен  танысуы арқасында замана тозаңын  суырып, дүниені дүр сілкіндірер  дауылды күндердің тақап келе  жатқанын өзгелерден бұрын сезеді. 

Кең даласында алаңсыз  өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер  басты, Өткізбей қараңғыда бекер  жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.

Ерте оянып, ерте есейген  өр мінезді Міржақып қашанда күрес  шебінің алдында болды. Жалынды  сөзімен де, тыныдырымды ісімен де, жеке басының жүріс тұрысымен де ол өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, оларды халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді. Оның публицистикалық толғауларынан шағын өлеңдеріне дейін, «Бақытсыз Жамал» романынан газет журналдардағы шағын мақаласына дейін халық мүддесіне арналды. Сонымен бірге ол Ахмет ағасы секілді жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді, халықтың пайдалы әдет ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды. Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік міндетті қосарлап көтеруі де Міржақыптың халқын беріле сүйетіндігінің айғағы еді. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған Жақаң: «Ем таба алмай дертіңе мен ертеден, Сол бір қайғың өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, Еңсең неге түсті мұнша, елім ай» деп, дүниеден арманда кетті.

 

Халқымыздың біртуар  азаматтары Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерін оқып үйрену жас ұрпақ тәрбиесіне қомақты үлес қосатыны өз алдына бір  төбе. Олар Шығыс пен батыс мәдениетін байланыстыратын алтын көпір  іспеттес, ұлтымыздың мәдениетін орыс мәдениетімен толықтырды. Ал ХХ ғасырдың басында Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт сынды тарландарымыздың қатарында Міржақып Дулатұлы да тәлім-тәрбие саласында елеулі еңбектерімен қазақ даласына елеулі еңбектерімен қазақ даласына тың еуропалық мәдениеттің жаңа сарынын әкелді. Оның шығармаларының негізгі діңгегі ретінде ұстанған ұлттық тәрбиеден бастау алған педагогикалық, психологиялық тұжырымдары қазіргі біз өмір сүріп отырған заман талабына өзіндік үн қосуы бізді еріксіз таңдай қақтырады.

 

Ақын жастарға, оқығандарға, кедейлерге, халықтың басқа да топтарына білген мәслихатын айтады, қиянаттан құтылып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман туар ма?-деп армандайтын (“Өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға”, “Таршылық халқымыз хақында аз мінәжат”). Сонымен қатар бұл өлеңдерде қазақ ішін мерездей жайлаған ала ауыздық, пайдалы іске біреу бастап шықса, көре алмай жан-жаққа тартуы мінелген.

Міржақып жалпы қазақ  арасын әлеуметтік тап, топқа жіктеп айтуға төселген. Солардың бәрі де халықтың мына мүшкіл халі үшін жауапты ол үстем таптың да жазасын береді.

Бай, мырза, халық білген ұлығымыз

Пайдасыз жемісі жоқ  қу ағаштай, - дейді.

“Насихат ғұмұмия” атты ұзақ өлеңінде ол ғибрат өлең жазуын өзінше  түсіндіреді. Қасыңнан ұран салып шауып  өткенде шын жүйрік болсаң кермедегі жарап тұрған арғымақтай желікпей қалмассың, - дейді. Ақын адамгершілік ар-инабатқа жетектейтін көп кеңес айтады.

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері