Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа
Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.
1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26
2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60
Шоқан Уәлиханов халықтың дамуы мен өсуіне білім мен бостандық қажет деп, білім мен адамгершіліктің үйлесімділігіне көңіл бөлген. Тек шынайы білім ғана өмірді және материалдық байлықты бағалауды үйретеді.
Ы. Алтынсарин адамгершілікті және интеллектілік тән қабілеті ретінде, кәсіптік-педагогикалық қызметтің башсы сапасы деп анықтайды. Халқы туралы, өзінің өмірдегі орны туралы тебіреністер – қазақ даласының бірінші педагогының педагогикалық көзқарастарының қайнар көзі. “Біздің үйлесімізге, әліміз келгенше, қараңғы ортаға жарық сәулесін шашып, жаңалықтар енгізу тиді. Халқымыз өзіне рухани азық талап етеді, білім нәрімен сусындағысы келеді. Білімді адамдарға қарсы теріс пиғылдармен кездескенде көңілің ортайып-ақ қалады”. Педагогты ой-пікірімен, қызметіне өшпес із қалдырған халықтың тәрбиесі мен білімінің жағдайы, терең, шын ниетімен толғандырды. Өзінің міндетін беріліп атқару бүгінгі замандастарымызға үлгі-өнеге болатындай.
ХІХ-ХХ ғғ. өз позицияларын қиын саяси жағдайда қорғап отырған қазақ педагогикалық интеллигенциясы білім, оқыту, адамгершілікті ең алғаш боп бекіткен.
“Рухани азық дегеніміз не?” – деп қояды С. Торайғыров. Ол адамзаттың арына қызмет ететін, оның адамгаршілігн арттыратын азық, - деп жауап береді. Бұл идеяны М. Әуезов адам рухани әсемдікке, гармонияға ие болмай, өмірдің шын мәнін түсіне алмайды деп жалғастырады. Шындыққа тек ғылым жеткізеді. Ғылымды адам игілігіне пайдалану үшін терең сана қажет. Тек сананың арқасында адам бақытын табады.
Әбикей Сатпаев “мұғалім өз атын, өзіне деген құрметті сақтай білу керек. Өзінің еңбегінің түпкі мақсатына жетуде қателеспей, бар қиындықты жеңе білсе ғана, өзінің еңбегінің жемісін көре алады” – деген.
“Халықты өз әке-шешеңдей сүй. Адамдарға қызмет етуді ең негізгі міндетіңе айналдыр, өз ісіңе бар тәніңмен беріл. Халыққа көмектес, оны жігерлендір, күш-қуат бер. Халық арасында білім тарат, достық пен келісімнің ұрықтарын сеп”, - деп М. Кашимов мұғалімдерге үндеу тастады. Ол ұрықтар өзінің өнімін беретініне еш күмән жоқ, өйткені қазақ халқының салтында тек ата-анаға ғана емес, жалпы адамға деген сый, құрмет тәрбиленеді.
Балалардың, жастардың рухани-адамгершілік қалыптасуы, оларды өз бетінше өмір сүруге дайындау – қоғам және мемлекет дамуының бүгінгі және кешегі құрылымдық негізі болып табылады. Қазіргі жағдайда нормативтік педагогика өзінің мәнін жоғалтып отырғанда, оның орнына тәрбие үрдісін қарым-қатынасты қалыптастыратын үрдіс ретінде анықтайтын таңдау педагогикасы келеді. Бұл педагогиканың аясында мұғалімнің рөлі күшейіп, ол тек білім беруші ған емес, мемлекетке, халыққа, мәдениетке, бейбітшлікке қатынасты қалыптастырушы ретінде қарастырылады. Сондықтан тәрбие нәтижесі өптеген жағдайда мұғалімнің рухани байлығына, көрегендігіне, қазіргі жағдайда алдына қойған мақсатты жүзеге асыра алуына байланысты. Ұзақ жылдар ұмыт болып барып, педагогикада табиғатпен үйлесімділік және мәдени үйлесімділік принциптері лайықты толық құқықты статусқа ие болды. Оларды жүзеге асыру қажеттілігі мемлекеттің білім беру, тәрбиелеу саясатын анықтайтын құжаттарында анық көрсетілген.
1995 жылы қабылданған “Білім
беру жүйесіндегі мемлекеттік
саясат концепциясында” білім
беруді реформалаудың стратегиялық
бағдары болып “инновациялық,
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен “Мектеп және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы” біздің дәуірдің ерекшелігі болып технократизм, рухсыздық, өмірдің қалыптылығының бұзылуы, қалыпты дағдылардың, адамгершілік бағыттылықтардың күйреуі, әлеуметтік, экологиялық апаттар мүмкіндіктері аталды.
Тәрбие жүйесін түбегейлі өзгерту қажеттілігі халықтың тәрбиесінің, мәдениеттілігінің, руханияттылығының деңгейіне байланысты проблемалардың шиеленісуінен туындайды. Жеке адамға даган қатынасты, адамның болмысын өзгертіп, оның қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру қажет. Тұжырымдама әлеуметтік педагогикалық проблемаларды шешудің алғашқы бағыттаушысы болды. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің негізгі бағытары халықтың мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің ықпалының, көп мәдениеттің өзара байланысуының, ұлттық және аймақтық ерекшеліктердің негізінде жетілуі тиіс.
Қазақтың мәдениеті бүкіл ХХ ғасырды толық қамтиды. Бұл–қазіргі заманғы мәденитін рухани негіздерінің қалыптасу дәуірі.
Абайдан басталған тың сарын ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасын тапты. Қазақ мәдениетін ХХ ғасырда әрі үмітпен, әрі тұңілумен қарсы алды.Дүниежүзілік техникалық прогресс Азия орталықтарына да жете бастады. Ұлттық идея темір жолдағы халықты толғандырып, оны азаматтық үшін күресуге ұмтылдырды.
ХХ ғасыр адамзат ақыл-ойының самғау кезеңі болды. Адамның ой-өрісі орасан зор өзгерістерге ұшырады. Ғылым мен техниканың жетістіктері адамзат өміріне көптеген пайдасын тигізді. Онда халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталды.
Тарих ауағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70жыл) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес үкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді.
Шексіз Сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз мүддесінде халқының ғасырлық мұрасына қашанда күш қуат алып отырды.
ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі - «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады. /Қазақстаннан болған социал демократтарға бір ауыз сөз айтамын/ Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқының қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында Қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен тоқыраудың себебін Дулатов бодандықтан көреді.
Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған мариналдық көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады».
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі-Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт азаттық қозғалыстың жетекшісі. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтермен бірге, қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы тұңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосының фальклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы-1899 жылы, Түркістан ведомыстыларында жарияланған. «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты аталған аңызда мұсылмандықтың дін мен ежелгі тәңірлік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілір мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пенделіктен жоғары қою, тағы басқа мәселелер талқыланды.
Қазақстанның рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі-Шәкәрім Құдайбердіұлы, оның шығармашылығының негізгі тақырыбы-мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі, ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб-парсы, орыс, шағатай тілдерін өздігінен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша бұл азаматтық өтеудің басты шарты, туған елдің бүкіл тарихи және мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүние-таным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Табиғат, Күн ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
2. Міржақып
Дулатұлының тәлімдік
ХХ ғасырдың басындағы мұсылман мектептерінде оқулықтың, оқу-әдістемелік құралдардың жоқшылығын көріп, бағдарламасыз, оқулықсыз, қолына не түссе соны оқытып жатқан кезде, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов сынды қазақтың біртуар зиялы азаматтарының тыңнан жол салып, ұлт мектептеріне арнап жаңа оқулықтар жазуы, елін, жерін, ұлтын сүйер азаматтың ғана қолынан келетін ерлік деп бағалауға болады. Ол кезде оқулық жазу қиынның қиыны еді. Біріншіден, ана тілінде бүгінгідей қалыптасқан ғылыми терминдер, екіншіден, үлгі-өнеге алар іс-тәжірибе, үшіншіден, кітап шығаратын полиграфиялық жағынан жетілген баспаханасы жоқ болатын.
Соған қарамастан, оқу-ағарту ісінің ауыр жүгін көтеруге бел байлап, жоғарыда аттары аталған асыл ағаларымыздың 1910-1920 жылдар аралығында ана тілі, тарих, есеп, жаратылыстану, педагогика, психология пәндерінен тұңғыш оқулықтар жазуы педагогика, әдістеме ғылымдарының іргетасын қалауға белсене ат салысқан аса зор еңбек еді.
М. Дулатұлының аса көрнекті де көлемді еңбегі – бастауыш мектептің екі жылдығына арналып жазылған, Орынбордағы “Ғ. Ғ. Хусаинов шеркасының” паровой баспаханасынан шыққан “Қирағат” атты оқу құралы.
Кітап автордың мұғалімдерге арнап жазған алғы сөзімен басталады. Алғы сөзде қазақ даласында екі түрлі (орысша, мұсылманша) оқыту тәртібіне талдау жасайды да, ескі мұсілманша хадим оқуының кемшіліктеріне тоқталады. Ескі араб әрпімен жазылған кітаптарды мұсылман мектептерінде шәкірттердің түсінбей, құрғақ жаттауы салдарынан 5-6 жыл оқыса да хат танымай қалатыны айтылады. Автор ХХ ғасыр басында Қазан, Уфа қалаларынан төте “жәдид” оқуымен оқып шыққан қазақтың мұғалім жастарына төте оқудың әдіс-тәсіл ерекшелігін түсіндіре, талдай келе, қазақ тілін татар, башқұрт тілдерімен шұбарламай оқытуға, тіл тазалығы үшін күреске шақырады. Ол кездегі оқыған мұғалім жастар не орыс мектебінде, немесе татар мектептерінде 7-8 жыл оқып келіп, сабақты түсіндіргенде орысша немесе татарша, башқұртша сөздермен араластырып, “тіл шұбарлап” оқытуды әдет қылып алған еді. М. Дулатұлы қазақтың оқыған жастарының ана тілін қадірлеуіне үндей келе, оған қолдарында таза қазақша жазылған оқу құралдарының болмауы да себеп болғанын ескертіп, міне, сіздер керек еткен қазақ тіліндегі оқу кітаптарының бірі осы біз ұсынып отырған “Қирағат кітабы” дейді.
Автор өзі ұсынып отырған жаңа оқу кітабын қалай оқыту жайын сөз етеді. “Сіздер татар мектептерінде арабша оқып білім алғанмен сол алған білімді балаға қалай үйрету жайын үйренген жоқсыңдар. Өзі білу мен өзгеге білдіру екі басқа. Балаларды оқыту - өз алдына бір ғылым. Ол ғылым – педагогика деп аталып, оқытудың әдістемелік мәселесін сөз етеді. М. Дулатұлының бұл пікірі орыстың ұлы педагогы Л.Н. Толстойдың “Өзің білгенді өзгеге білдіру үлкен талант, дарынды, көп ізденуді қажет ететін ғылым” деген ой-пікірімен астарласып жатқанын байқаймыз. Одан әрі автор оқулықтың неге “Қирағат кітабы” аталуына тоқталып, “қирағат” деген сөз – баяндап оқыту деген мағынаны білдіретінін, оқу кітабын мақамдап, дауыстап оқуға, оқыған әңгіменің мазмұнын талдап баяндату арқылы оқушының жадында білімнің тұрақты сақталуын қамтамасыз ету керектігіне тоқталады. “Қирағаттың” мақсатын түсінбеген адам мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды, балаларды оқыған нәрсесін бір-біріне ұқсастырып айтып беруге, оқығанды мағынасымен толық жадында сақтауға үйрету керек”, - деп балаға оқыту әдіс-тәсілдерін меңгертудің маңызын сөз етеді.
Одан әрі автор бастауыш сынып балаларының үлкендердей оқыған кітабына сын көзімен қарауға ақыл-ойының өсу дәрежесі сай келмегендіктен, мазмұнына онша мән бермей, сыдыртып оқып шығуды әдетке айналдыратынын, сондықтан әр оқылған әңгіменің мазмұнына, тәлімдік мәніне баса көңіл бөлудің қажеттілігін айтады. Осылай баяндап, талдап оқыту “балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін анық үйретіп, одан балалар тиісті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалардың бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп-медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тірілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады” деп, бастауыш мектепте ұлт балаларын ана тілінде оқытып, ұлттық тілдің мәйегінен нәр алып шығуына аса зор мән берудің керектігін айта келіп, ана тілінің келешекте адамның бойында ұлттық-патриоттық сезімнің берік орын алуына ықпал ететінін баяндайды. Балаға жас кезінде бастауыш білімді ана тілінде берудің маңызы жайында чехтың ұлы педагогі Я.А. Каменский, орыстың атақты педагогі К.Д. Ушинский, қазақтың тұңғыш педагог-ғалымы Ы. Алтынсарин де әлденеше рет айтқан болатын. М. Дулатұлы өзіне бұрынғы өткен батыс, орыс, шығыс педагогтерінің ой-пікірлерімен терең таныс болғанын байқаймыз.
М. Дулатұлы баланың кітапты көп оқуы мақсат емес, ең негізгісі – оқыған кітаптарын еске сақтап, өнеге, білімнен ғибрат алуында депп, білім мен тәрбиенің егіз екеніне зор мән береді. Автор бұрынғы тәртіпсіз оқытатын заманда бір кітаптан екінші кітапқа түсіру, неғұрлым көп кітап оқыту таңсық еді. Бірақ балалардың жадында керекті білім қалмаушы еді. Қазақ мұғалімдері тәртіппен оқытқанда ғана мектептің бағдарламасы болады. Балалар бөлімге бөлінеді, сабақты сағатқа айырады, пәндерді белгілі бағдарламамен, сынып бойынша жүйелеп оқытуды талап етеді. Бастауыш сыныпта жүйелеп, түсіндіріп, талдап оқытудың үлгісі ретінде “Қирағат” кітабындағы “Оқымысты бала” деген әңгімені оқушылардың белсене қатысуымен сұрақ-жауап, әңгіме әдісін қолдана отырып қалай оқытуға болады дегенді нақты мысалмен сөз етеді. Әңгімені талдау үстінде балалардың менменшіл, өтірікші, жалқау болмауына ерекше мән береді. Әңгіменің мазмұнын жергілікті жердің өмірімен қалай байланыстыру керектігі де дістемелік тұрғыда қарастырылған. М. Дулатұлының ана тілін оқытудағы ұсынып отырған сұрақ-жауап, әңгіме әдісімен балаға білімді де, тәрбиені де меңгертуі күні бүгінге дейін ғылыми-әдістемелік мәнін жоймаған, бастауыш сыныптарда оқытудың басты әдісі болып саналады.
Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері