Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Халық пайдасын көздесе  осылайша,

Ісімізге, әлбетте, берер  өнер.

 

Дүниелік оқуға, ағарту ісін дамытуға шақырғанда, ақын қалың  көпшілікті үркітіп алмайтын дегендей, діни оқуды қатар атайды. Ақиреттік пайда үшін мүсылманша оқып, дінді танысаң, орысша оқып, орыс тілін үйреніп, өмірлік қажеттеріңе қол жеткіз, сонда жеріңді, малыңды сақтайсың, басқалардан қорлық көрмейсің дейді.

“Өнермен хасіл болған нәрселер” деген өлеңінде ол өркениет жолымен ілгерілеп кеткен елдердің мәнді де сәнді өмірін қызықтыра, еліктіре баяндап, соған жетуге шақырады. “Өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға”, “Жігіттер” тәрізді шығармалардағы ағартушылық идеяларын М. Дулатұлы “Шәкірттерге”, “Мешіт, медресе хақында”, “Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта”, “Қазақ халқына діни бір уағыз”  деген өлеңдеріне өзіндік бір жаңаша педагогикалық ұстаныммен ұштастырады. Медреселер мен ауыл мектептерінде діни оқумен бірге ғылыми пәндерді, орыс тілін қатар оқытатын тәртіп енгізілсін деген пікірді ұсынады.

“Сайлау хақында”, “Жесір даулары хақында” атты өлеңдерде  патшаның оталау саясаты шенеледі, әйел теңдігінің ұраны көтеріледі.

Үлкен проза саласындағы  туған әдебиетімізді тырнақалдысы “Бақытсыз Жамалды” автордың роман  деп атауы әбден орынды. Бұл тарам-тарам желілері бар, оқиғалы сюжетке құрылған, жанр талаптарына әбден сай келетін күрделі шығарма. Негізгі идеясы әйел теңдігі; қазақ болмысындағы қалың мал, әмеңгерлік сияқты кеселдерге үзілді-кесілді қарсы бағытталған. Онда малға сатылып, зорлықпен теңсіз некеге көндірілген Жамал атты жас қыздың сүйген жігітіне қосыла алмай зар шегіп, көп азап көріп, ақырында жауыз қаскөйлер зауалынан қайғылы қазаға ұшырау тарихы баяндалады.

Бұл шығарма қазақ  әдебиетінде осы тақырыпта өзінен кейін пайда болған “Қалың мал”, “Шұғаның белгісі”, “Қамар сұлу” сияқты бірталай сүйекті шығармаларға ізашар болып, жол салғандығымен бағалы екенін айрықша атап өткен жөн.

“Азамат” атты екінші өлең жинағы көлем жағынан шағындау болғанымен, автордың ақындық өнерге бұрынғыдан едәуір төселе түскенін аңғартады. “Оян, қазақтағы” ашық үгіт, нақыл-насихат, тәптіштеп ұғындыру сарыны енді сыршыл сезімге, терең ойға қарай көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өріске қарай бет алғаны байқалады. “Таза бұлақ”, “Шағым”, “Мұң”, “Арманым”, “Сырым”, “Қажыған көңіл”, “Қиял”, “Таң” сияқты өлеңдері нәзік лирикаға сұранып-ақ тұр. Осы тақырыптардың көркемдік шешімі де көңілге қонымды, автордың ақындық мәдениеті мықтап жоғарылай түскен.

Ақын өзінің өмірлік  мұратына әрдайым адал. Қай өлеңінде де ол жай ғана жеке бастың мүддесін күйттеп, сезім жетегіне ілесіп кете бермейді. Азаматтық ар үні, әлеуметтік әуен басым түсіп жатады. Соған мысал ретінде “Мұң” деген өлеңі алайық. Алғаш қарағанда жеке бастың жабырқаңқы кезі суреттелер деп ойлайсың. Ал шындығында өлең өрісі әріге мегзейді.

 

Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда,

Жетермісің тілегіңе жалғанда?

Қан тамшылап тұрса да, көзден жас ағып,

“Сенікі жөн” деп құлаққа  ілген жан бар ма?!

 

Елең етер намысқа  қызып жігіт аз,

Бұл не ғажап жұрт керең  боп қалған ба?

Мен не болсам – болайын  саған садақа,

Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба!

 

Жоқ, тіпті де жеке бастың мұңы емес! Қайта, керісінше, ел мұңын, халық мүддесін өз басының жеке қасіретіндей жүрекке тым жақын  қабылдағандықтан, қатты қиналған тебіренісі естіледі.

Дулатұлы ақындығының  алтын жалауындай, туған елі үшін бүкіл өмірін құрбан етуге сәт  сайын дайын тұрған күрескердің  бейнесіндей болып ел аузында  жатталып қалған “Шағым” атты өлеңіндегі қанатты шумақтарға үңілейікші:

 

Мен біткен ойпаң жерге  аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш.

 

Тамшылап көзден аққан  бұл суық жас,

Балқытып қашан ерітер жүректі тас?!

Қаламнан жылап аққан  қара бояу,

Жазылып қағазға, сен, жұртқа қыл паш.

 

Жүректен қашан шығар қадалған оқ,

Жандырған жанды нахақ  сөнер ме шоқ?!

Қажыған қам көңілді  бір көтерер

Жанымда жаны ашитын адам да жоқ.

 

Осы жолдардағы ақын бойын  кернеген кекпен, оның ішінде жанартаудай  буырқанған қалың қайратпен іштей  жалғасып, үндесіп жатқан “Арманым” атты өлең жолдары былай өріледі:

 

Зор арманым – жиһанды  жүрмін кезе алмай,

Не бар, не жоқ –  дүние халін сезе алмай.

Зейінім ауыр, қолым қысқа, жолым тар,

Іздеген мұрат қолға  тиіп тез алмай.

 

Көзім көріп, айтуға тілім  бата алмай,

Ішім қайнап, тағы да шыдап жата алмай,

Мендей міскін бар  ма екен хақтың құлында

Керексіз болған еңбегі еткен ақы алмай...

 

Аяусыз жаным, мен бір  құрбан ылағың,

Болса алуға қаным  себеп мұрадың,

Болайын сүйінші,жұлдызы  жанып бақыттың,

Сен көркейді деп естісе құлағым!

 

Өзінің әлеуметтік мұратына, саяси мақсатын, туған халқының бақытына соншалықты таусыла берілген жауынгер ақын дарынында бұл сияқты арынды асқақ екпінмен бірге жүрек пернесін дір еткізер нәзік сезімге толы жұмсақ лиризм де табылады. “Сұлу қызға” деген бір ғана өлеңнің өзі осыған айғақ.

Сұлу қыз, қалың елден  сені таптым,

Көрдім де тамашаңа белден баттым.

Майысқан алтын айдар  еркесісің

Оянған ұйқысынан табиғаттың...

 

Жалынын басатұғын жалғыз өзің,

Сөнбестей жүрегіме бір  от жақтың.

Болмағы мұрат хасіл  және өзіңнен

Өзіне сырттан балап  жүрген заттың...

 

Сұлуым, қазым де сен, төрем де сен,

Мұңымды қайта айналып  саған шақтым...

 

Ақын Міржақып Дулатұлын  тегеурінді жыр мектебінің кейбір тағылымдары  осындай.

Міржақыптың бұдан ғасырға  жуық уақыт бұрын жазылған “Айрылу” атты өлеңі бар. Соның алғашқы үш шумағында былай депті:

 

Еріксіз айырғанда менен  сені,

Тағдырдың қайтпақшы  екен қанша кегі?

Мінезін құбылмалы, рақымсыз

Басқасы  көрсетуден бар  ма тегі?

 

Тасытып жүрек қанын, көздің жасын,

Сағынтып зарықтырсын, аямасын.

Ләззат қайғымыздан алар қанша, 

Жалғыз-ақ біздің тілек  – соны аңғарсын.

 

Жылама, жасыңды сүрт көзден, достым,

Басқадан бір мен  үшін безген достым.

Себебі айырылудың емес бізден

Екенін жауыз жазмыш сезген достым...

 

Тағдырдың болашақ талқысын ақын жүрегімен анық сезінген қайсар жанның бүгінгі үрпақпен араздасқан ақтық сөзіндей естіледі бұл өлең. Сондықтан да арманда кеткен арыс азаматтың рухы бүгінгі ұрпағына бек бақылдықта болар деп сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау.

 

Ұлы  ағартушылар  қоғамның  бірлігін  қамтамасыз  ететін  іс  әрекеттерді  жақсы  түсінген.  Олардың  басқа  адамдардан  ерекшелігі  болашақты,  қазіргіні,  өткенді  түсініп,  тарихи  жағдайларды  еске  түсіріп,  болашақ  үшін  алаңдауында.  Өз  миссиясын  түсініп,  ғасырлар  бойы  сақтап,  халық  мұғалімі  образын  қалыптастырған  әл-Фараби  әділеттілікке  деген  сүйіспеншілікке,  зұлымдыққа  деген өшпенділікке  негізделген дінге,  халыққа қызмет  ету кодексін  құрған.  Дінге қызмет  етуде қорқыныш  пен үрей  болмау  керек.  Осындай ой  Аронұлы Сүйінбай  шығармашылығында  да  орын  алады:  “Халықтың қалаулысы өзінің  жылуымен  өзгені  де  жылытады”.

ХІХ  ғасырдың  20-30  жылдары  Қазақстанда  этнопедагогикалық  ой-пікірдің  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  қазақтың  ағартушы  педагогтары  А. Байтұрсынұлының, Ж. Аймауытовтың,  М. Жұмабаевтың, М. Дулатұлының, Х. Досмұхамедовтың  еңбектерінде  қазақтың  ұлттық  мектебін  жасау  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беру  және  оған  болашақ  мұғалімдерді  дайындау  мәселелері  нақты  қойылып,  оларды  шешу  жолдары  көрсетілген.

Еліміздің  Президенті  Н.Ә. Назарбаев  1999  жылдың  15  желтоқсанында  “Еліміздің  жаңа  ғасырдағы  тұрақтылығы  мен  қауіпсіздігі”  атты  халыққа  Жолдауында  “Жиырмасыншы  ғасырдың  бас  жағында  біздің  сан  ғасырлық  тарихымызда  тұңғыш  рет  халықты  әлемдік  айдынға  алып  шығуға  нақты  мүмкіндіктер  туды.    Ол  мүмкіндікті тудырғандар         “Алаштың”     ардақты      азаматтары”, -  деп     А. Байтұрсынұлының,         Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатұлының, Х. Досмұхамедовтың тарихта алатын  орнына  әділ  баға  берді.  Сол азаматтар ұстаздық  етуде және  тәлім-тәрбиелік  еңбектер  жазуда  өз  ұлтының  салт-санасын  үңіле  зерттеп,  сан  ғасырлық  тарихы  бар  ата-бабаларының  халықтық  педагогикасы  мен  психологиясына  терең  ғылыми  талдау  жасады.  Сөйтіп  олар  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  әдеп-ғұрып,  салт-дәстүр  мен тәлімдік  мұраларын жас ұрпаққа ұлттық  тәрбие  беруде  пайдалану доларын көрсетті.  Сол мақсатта  олар  қазақ мектептерінің оқушылары,  мұғалімдері және  болашақ мұғалімдерге  арнап оқулықтар,  оқу құралдар  және  әдеби  шығармалар  жазды.

Енді  сол  қазақ  ағартушы-педагогтарының  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беру  және  оған  болашақ  мұғалімдерді  дайындау  туралы  ой-пікірлеріне  тоқталып,  Ахмет Байтұрсыновтың  бүкіл  өмір  жолындағы  басты  идеясы  қазақ  халқының  ұлттық  санасын  ояту,  тұрмыс-жағдайын  жақсарту,  ол  үшін  халықты  жаппай  сауаттандыру,  оқыту  керек  екенін  айтып,  өзінің  ұлттық  идеясын  насихаттайды. Ол  “барлық  саналы  өмірін  қазақ  қоғамында  білім-ғылымның  дамуына  мектеп,  ағартушылық  ісінің  жанданып  кемелденуіне  бағыштады.  Ол  ауыл мектебінде,  семинарияда  бала  оқытты,  оқу-тәрбие  жұмысын  жетілдіру  саласында  көп  ізденді”,  - дейді  профессор  С. Қалиев.

А. Байтұрсынұлы  “Мектеп  керектері”  деген  мақаласында  “...ең  әуелі  мектепке  керегі – білімді,  педагогика,  методикадан  хабардар  оқыта  білетін  мұғалім.  Екінші,  оқыту  ісіне  керек  құралдар  қолайлы  һәм  сайлы  болуы.  Құралсыз  іс  істелмейді  һәм  құралдар  қандай  болса,  істеген  іс  те  сондай  болмақшы.  Үшінші,  мектепке  керегі  белгіленген  программа.  Әр  іс  көңілдегідей  болып  шығуы  үшін  оның  үлгілі  я  мерзімді  өлшеуі  болуы  керек.  Үлгісіз  я  өлшеусіз  істелген  іс-солпы  я  артық, я кем  шықпақшы...” – деп  оқытудың  дидактикалық  принциптерін  тұңғыш  ғылыми  тұрғыда  нақтылы  белгілеп  берді.

М. Жұмабаевтың  “Педагогика”  атты  еңбегі – қазақ  топырағында  тұңғыш  жарық  көрген  нағыз  ұлттық  педагогика  оқулығы. Ол  мектеп  мұғалімдері  мен  педагогтік  оқу  орындарының  тыңдаушыларына  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  даярлау  мақсатында  жазылған  дүние.  Оқулықты  ол  “Алты  алаштың  баласы  бас қосса,  қадірлі  орын  мұғалімдікі,” – деп,  соған  арнаған.

Ж.  Аймауытовтың  “Тәрбие  жетекші”  атты  оқу  құралында  оқу  мен  оқыту  ұғымдарына  қатысты  ереже-шарттар,  мектептегі  шешуші  тұлға – мұғалімнің  орны  мен  беделі,  оның  әдіс-тәсілдері  кең  көлемде  сөз  болады.  Әсіресе,  әрбір  мұғалім  бойында  өз  ісіне, еңбегі  мен  мамандығына  деген  жоғары  жауапкершілік  пен  терең  сезім,  өтілген  және  жаңа  тақырып  арасындағы   байланыстың болуы,  оқушы  қабілеті  мен  зейінін  жаңа  сабаққа  аударып,  қызықты  тәжіибе  салыстыруға  бару,  көрнекілікке  соны  дерекке  назар  аудару  талап  етіледі.  Ең  негізгісі,  мұғалімге  оқушылар  сеніп  тапсырылған  соң  одан  адамдық  қасиеттер,  ізгілік  иірімдері,  маңыздысы – білім  нәрінің  сыр-сипаттары  талап  етіледі.

Қазақ  топырағында  тәрбиеші  ұстаз,  мұғалімдік  өнер  жөніндегі  небір  жүрек  тебірентерлік  тың  ойлар,  аталы  сөздер  де  Алтынсарин  аузынан  бірінші  естілген  еді.  Ыбырай  да  орыс  елінің  педагог-ғұламалары  сияқты  мұғалімнің  оқу-тәрбие  процесіндегі  рөліне  айрықша  маңыз  береді,  сөйтіп  мектеп  ісінің  сан-саласындағы  жетістіктерді  мұғалімнің  білімі  мен  іскерлігіне,  беделі  мен  өз  жұмысын  сүйе  білуіне  байланысты  деп  дұрыс  түсінді.  “Халық  мектептері  үшін  ең  керектісі – оқытушы,  тамаша  жақсы  педагогика  құралдары  да,  ең  жақсы  үкімет  бұйрықтары  да,  әбден  мұқият  түрде  жүргізілетін  инспектор  бақылауы  да  оқытушыға  тең  келе  алмайды...  Қазақ  мектептерінің  келешегі,  көбінесе,  істің  қазіргі  басталуына  байланысты,  сондықтан  да  мен  қазір  жақсы  оқытушыны  дүниедегі  заттың  бәрінен де  қымбат  көремін” – деп  жазды  ол.  Оның  бұл  айтқандары  Добролюбов,  Чернышевский,  Ушинскийлердің  мұғалім  жайында  айтқан  ойларымен  тамаша  үндесін  жатыр.  Ал,  орыс  зиялыларының  қай-қайсысы  да  мұғалімнің  оқу-тәрбие  процесінде  қаншама  рөл  атқаратынын жеріне  жеткізіп  айтқан.

Сондай-ақ  осы  ғасыр  басындағы  зиялы  қауымның  педагогикалық  көзқарастарының  негізгі  идеясы – дамыта  оқыту,  ұстаз  шеберлігін  шыңдау  мәселелері  болғанына  да  назар  аударғанымыз  жөн.

ХІХ  ғасырда  Қазақстанда  интеллигенция  қалыптасты. Олардың  қызметі  ағартушылықпен  ғана  шектелмей,  білім  беруге  де  бағытталған.  Ұлы  Абай  “кітапқа  қызығатын  адам  тән  тазалығын  ойлап,  сонан  кейін  өзін  халыққа  қызмет  етуге  арнау  керек”, - деп  айтып  кеткен.  Адам  өмірінде  ең  маңыздысы – тән  сапалары,  адамды  жетелейтін  оның  мейірімді  жүрегі  мен  таза  жаны,  сонда  оның  еңбегі  де  жанып, берекеге  кенеледі.  Отыз  екінші  сөзінде  Абай  шындыққа  көзің  жетсе,  одан  өлім  алдында да бас  тартпа  дейді.  Шәкәрім Құдайбердіұлы  айтуы  бойынша,  адам  өз  жанының  құпияларын  шешпей,  риясыз  бола  алмайды.  Рухани  қызығушылығы  мол  адам  біреуге  қиянат  жасамайды.  Адал,  саналы  адам  зұлымдық,  эгоизм,  мақтаншақтық,  зорлық  атаулыға  қарсы  болады.  Таза  жүрек,  дал еңбек,  парасатты ой  адамдардың  өмірін  нұрландырып,  адамның өзін  де  жетілдіреді.  Бұл қасиеттер адамның бойында орын  алмаса,  адамзат тынышықта өмір  сүре  алмайды.

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері