Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Дулатұлы қанат байлаған мына бір тіркестерге назар аударып  қаралық: “Білімді мыңды, білекті бірді  жығар”, “Іс істе, татулықпен басыңды қос. Пайда жоқ құр шулаған ерегісте”, “Жақсымен өткен мәжіліс, бір сағаты бейне жыл”, “Жеті өлім жоқ, біреуден құтылу жоқ”, “Ағайын барды күндеп көре алмайды, жоқ болса жомарттық қып бере алмайды”, “Тұрғанда бойда қуат жүрген жақсы, Аяғың бір күн қылдан кетер тайып”, “Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ. Отырма бір орында құр мұңайып”, “Шығады асыл тастан, өнер жастан, Тәрбие тәуір болса әуел бастан”.

Міржақыптың кеңес-насихатының  қоғамдық маңызы әлі де зор. Өйткені  оның бәрі халық, ел қамын ойлаудан туған. Айталық, жігітке мінезің тал жібектей майда болсын деп ақыл қосқанда, - бұл тек сол жастың өз басының жақсы болуын тілегендіктен ғана тумаған. Халыққа қызмет етем деген кісіде әңгеселік, өр кеуделік, тікелік, қаттылық болмау керек. Өнер-білім таудай болса да, халқыңа қызмет етпесе, пайдасы шамалы.

 

Пайдасыз ғылымда жоқ  ешбір опа,

Ішуге ащы судай жарамайтын.

Болғайсың таудан аққан  тәтті бұлақ

Ыстықта шөлдегендер  жабылатын.

Қосылған мұқтаждарға  жәрдем беріп,

Халықтың өзіне аудар  махаббатын.

Қадірің дос жаранға  болсын сондай

Сыртыңнан көрмегенде сағынатын.

 

Азамат ақынның қуғун-сүргін көре бастаған кездегі көңіл-күйі де өлең кестесіне өрілген. Ол налу дегенді  білмейді, жүнжімейді, қапаланбайды. “Ғазиз басым құтыла алмай жаладан, жаудың қолы босамай  тұр жағадан” деп “Мұң” атты өлеңінде ауыр халін аңғартқанымен, салмақ көңілінде сәуле бар оқушыға түседі. “Қайтер едің?” деген сұрақ қойып, жауабын іздеуге шақырады.

Ақын аздап болса  да махаббат тақырыбын қозғайды. Ақын жаны нәзік. Өз сырын шым-шымдап қана ашады. Ғашығының сырт көркіне сүйсіне қарайды. Ендігі тағдырым сенде деп, сүйген сұлуына наз айтады. Оның “Жоғалған қыз”, “Сұлу қызға” өлеңдерінен нақ осындай романтикалық сарын аңғарылады.

Міржақып  поэзиясында  алғаш рет мейірбандық, ізгілік тақырыбына арна жасаған ақын. Бүгіндер қазақ арасында анаға арналған әндерден әсем ән бірен-саран. Олардың кейбіреуін бүкіл халық боп айтатынын да білеміз. Ал осы ақбұлақ сезім бастауы Дулатұлының “Шешенің балаларын сүюі” атты өлеңінен басталатынын атап айтуымыз керек.

Өлеңнің тәрбиелік мәніне зор маңыз беретін Міржақып  қазақ өмірінің көлеңкелі тұстарына  да сәуле түсіріп отырған. “Газет-журнал”  өлеңі реклама сияқты тіпті оларға жазылу үшін қанша тиын-тебен төлеуі керек екенін де жазады. Сөйтіп үгітін айта келе, есіне әлдебір керенаулар түседі, оларға оқыстан сұрақ қояды. “Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей, Жатасың ішің пысып үйде неғып?” – деп дүрсе қоя береді. Міржақыптың ұры атынан шығарған өлеңі де бар. “Хибстағы ұрының мінәжаты” деп аталады. Өз “кәсібінен” көрген қорлығын жіпке тізе келе, ұры тәубесіне келеді. Автор нақтылы реалистік картиналар арқылы айтайын дегенін әдемі жеткізе білген.

 

ХХ ғасырдың басынан  орта шеніне дейін Орта Азияда жарық  көрген газет, журнал, кітап және оқулықтардың тізімін Эдуард Олуорт деген Америка ғалымы 1971 жылы Колумбия университеті баспасынан шыққан кітабында іздеген жұртшылыққа ұсынғанды.

Сол Эдуард Олуорт құрастырып, редакцияланған “Орта Азия орыс билеген  ғасырда” (Нью-Йорк, 1967) деген жинаққа  Америка ғалымы Эллен Кариер Данкостың “Ұлттық сана сезімнің оянуы”, “Әлеуметтік және саяси реформа”,  “Патша империясының құлауы” деген еңбектері енгізілген. Сонда кейінгі ақталған арыстарымыз туралы бірсыпыра деректер, пікірлер жазған. Оның айтуынша, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы Батыс Европа, орыс мәдениетінен нәрленіп, саналы азаматтар болып қалыптасқан, кейін патшалық езгіге қарсы шығып, халқына теңдік, бостандық іздеген. Осы мақсаттағы олардың саяси көзқарастарына әдеби творчествосына  1904-1905 жылдары орыс-жапон соғысы, 1905-1907 жылдары 1-орыс революциясы зор әсер еткен. Бұл тарихи оқиғалар жалпы ұлттық әдебиетке жаңа сарын, тың мазмұн әкелген.  Бірте-бірте өз идеяларын жеткізу үшін олар  “Қазақ”  газетін шығарған. Ол Түркия, Үндістан, Ауғанстан елдеріне  дейін жеткен, шығарушыларын Батыс,  Шығыс  елдеріне  кең  танымал  еткен.

Америка ғалымы  1917  жылы  наурызда  Алашорданың  ұйымдастырылғанын,   мамырда  Москва  оның  конгресі  болғанын,  ұлттық  автономия  талап  еткенін  жазады.  Бірақ  онда  алашордашылардың  алдына  қойған  проблемаларын  шеше  алмағанын, кейін  қазанда  өткен  мұсылмандар  конгресіне  қазақтардың  қатыспағанын  ескертеді.

Бұл  жинаққа  Эдуард  Олуорттың  өзінің  сана  мен  зердедегі,  әдеби қозғалыстағы  өзгерістер, әдеби орталықтар  туралы  екі  еңбегі  енгізілген.  Онда  автор  Міржақып  Дулатұлының  әлеуметтік, әдеби  қызметі  жөнінде  көптеген  орынды  пікірлер  айтқан.  Оның  бағалауынша,  Міржақып – новеллист,  ақын,  журналист,  Ахмет  Байтұрсынұлының  ең  жақын  серігі,  көмекшісі.  Автор  Міржақыптың  Торғай  уезінде  туғанын,  алғаш  ауыл  мектебінде  молдадан  оқып,  кейін  Торғайдағы  орыс-қазақ  училищесін  бітіргенін,  1907  жылы  Петербургте  “Серке”  газетін  шығарып, онда  алғашқы  өлеңдерін  жариялағанын  айтады.

Эдуард  Олуорт  Орта  Азия  Қазақстан  республикасынан  шыққан  ірі  мәдениет,  қоғам  қайраткерлері  қатарында  Міржақыпты  айтады.  Қазақ,  өзбек,  тәжік  үлкен  ел  болса  да,  ондай  қайраткерлердің  өте  аз  болғанын  ескертеді.  Ояну  дәуірінде  қазақ жастарының  да  санасы,  ар-намысы  оянып,  Міржақыптай жас лидер берді деп халқымызға  жылы  ілтифат білдіреді.

Америка  ғалымы  Міржақып  Дулатұлының  бүкіл  творчествосынан  да  хабардар  “Оян,  қазақ!”  жинағы  екі  рет  басылып,  кәмпескеленді. “Қазақта”  істеп  жүргенінде, 1913  жылы  Орынборда  “Азамат”  жинағын  шығарды.  “Қазақ   жері”  өлеңінде  “Оян,  қазақтағы”  идеясын  дамыта  жырлады.  1910  жылы  “Бақытсыз  Жамал”  романын  берді.  Бұл  қазақ  әйелдерінің  революцияға  дейінгі  ауыр  өмірін,  теңсіздігін  көрсететін  қазақ  әдебиетіндегі  тұңғыш  роман  еді  дейді.  Онда  бақытсыз  қазақ  әйелінің  тіршілігі  бейнесі  шыншыл  тұрғыда,  нанымды  суреттелді  деп  бағалады.

Сөйтіп  Міржақып  Дулатұлының  Батыс,  Шығыс  мәдениеті  өкілдеріне  ерте  танылғаны,  олардың  бірсыпырасымен  достық  қарым-қатынаста  болғаны  нақты  дәлелденіп,  шетелдік  дерек,  документтермен тағы  да  расталып  отыр.  “Бақытсыз  Жамалдың”  әдебиетіміздегі  тұңғыш,  реалистік  роман  екенін,  Міржақыптың  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  жастарынан  шыққан  реформатор,  жетекші-лидер  болғанын  өзімізден  бұрын  американдықтар  айтып,  бағалап,  мойындап  қойған  болып,  шықты.  Елді  ер,  ерді  ел  танытады  деген  осы.

 

                                          ***

 

Мәдениеттілік- әдептіліктің, имандылықтың, ізеттіліктің көрінісі.  Ұлттық  мәдениетті  қастерлеу  -  мәдениеттілік  белгісі.  Әдеп  сақтау,  әдеппен  сөйлеу,  көргенділік  белгісі,  жан  тазалығы,  тән  тазалығы  -  мәдениеттілік  болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Отансүйгіштік,  Отанға  деген  махаббат - өте  терең  мағыналы  ұғым.  Қандай  болмасын  халық  экономикасы,  ғылымы  мен  техникасы,  мәдениеті  мен  әдебиеті  дамуға  бет  алған  кезде  өз  тамырын  терең  зерттей  бастайды.  Бүгінгі  таңда,  Қазақ  елі - өз  егемендігін  алған,  дүние  жүзінің  озық  елдерімен  тең  иық  тірестірем  деп  келешекке  кең  құлаш  сермей  бастаған  ел.  Міне,  осы  жағдайда  “Қазақ  елі  қандай  ел?”  деген  сұрақтың  туындауы  орынды.  Оның  жауабын  пайымдар  болсақ,  біз  өз  бойындағы  елім-жерім  деген  қасиетті  негізінде  халықтың  шынайы  құрмет-сүйіспеншілігіне  бөленген  қазақтың  асыл  тұлғалардың  әрқайсысының  өмірін,  жүрек  тынысын  сезінер  болсаңыз  олардың  халық  үшін  өмір  сүру  бақытына  ие  болғанына  көзіңіз  жетеді.  Демек,  “Отан  сүю”  сезімі – халқыңның  келешегі  үшін  күресумен  ол  үшін  аянбай  еңбек  етумен  етене  қабысып  жататын  сезім.

 

ХХ ғасырдың  басында  қазақ  халқының  саяси-әлеуметтік өміріндегі  дерттің  бірі  жер  мәселесі  болды.  Патша  өкіметі  ішкі  Ресейден  көшіп  келген  қарашекпеділерге  қазақ  даласындағы  шұрайлы  жерлерді  бөліп,  жергілікті  халыққа тау  мен  тасты,  шөлді  аймақтарды  қалдырды. Көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысқан  елдердің  экономикалық  жағдайына  көп  нұқсан  келді.

“Мың жеті жүз отыз  бір санасында

Біз кірдік Россейдің  панасына!

Өнерсіз бостығымыз көрінген соң,

Қызықпас кім қазақтың даласына.

Жылын да мың сегіз  жүж алпыс сегіз

Қазыналық деді жердің әммесі де.

Таралып жылдан-жылға жер сорымыз

Мұжықтың кетті  бәрі  қаласына...”

Осылайша  халықтың  кемшілігін  сынап,  оқу-білімге  үндеген,  бірлікке,  еңбек  етуге  шақырған  автор  идеясы  жандарм  басқармасы  тарапынан  қылмыс  деп  саналып,  жауапқа  тартылады.  Сөйтіп  “Оян,  қазақтың”  шығуы  халық  арасында  авторына  зор  бедел  әперсе,  бір  жағынан  патша  өкіметінің  қуғынына  салады.

Патша  өкіметі  Міржақыптың  соңына  қанша  түсіп,  тінту  жүргізгенмен  “Оян,  қазақтың”  мың  данасы  сақталып  қалады.   Ақпан  төңкерісінен соң оқушысына қайта жол тартқан өлең  жинағы  тағы  бір игілікті  істің қолғанаты болды.

“Оқушыларға  мағлұм  “Оян,  қазақ”  атты  өлең  кітабымды  ескі  хүкімет  шам  көріп,  “қазақ  оянып  кетеді”  деп  қорқып,  1911  жылы  мені  сотқа  береді, сол себепті жыл жарымнан  артық абақтыға  жатып шықтым.  “Оян,  қазақ”  халық арасына тарамасын деп,  хүкімет хүкім салды. ...азаттық таңы  атты,  ескі  хүкімет мүрдем  кетті,  шағымшы “бауырларымыздың” да  көзі  жоғалды.

Жауыз  хүкіметтің  былтырғы  25-інші  июнь  жарлығы  тақырыпты  қазақ  халқы  қан  жылады,  бәрімізден  артығырақ  қырғыз  бауырларымыз  қырғынға  ұшырады.  Күні  бүгінге  шейін  сол  қырғыз  бауырларымызбен  көп  ел  Қытай  жерінде  босқындықта,  ашаршылықты,  қырғында:  жас  балаларын  бір  шелек  бидайға,  бір  тоятын  тамаққа  сатып,  қатын-қыздарын  бір  қойдың  пұлына  айырбастап,  естиярлары  мойындарына  дорба  салып  тіленші  болып  кеткендігі  мағлұм  болып  тұр.

Сондықтан  сақтаулы  мың  дана  “Оян, қазақтың”  ақшасын  әлгі  босқында  жүрген  жетім-жесірлердің  пайдасына  бағыштадым,  бұрынғы  хақы  20  тиын  еді,  енді  пұлы  мұндай  қайырлы  іске  жұмсалатын  болған  соң,  алушыларға  бағасы  50  тиын  болсын  деп  мөлшерледім.

...Бұл  бишара  бауырларымызды  ескеу,  өлімнен-қырғыннан  құтқару – алаш  азаматының  адамшылық  борышы!” – деп жазды. (“Қазақ”, 1917,  №233, 11 июнь)

Алты  жарым  ай  түрме  қарасын  көріп,  бір  жыл  Петропавловскіге  саяси  көзқарасы  үшін  жер  аударылған  Дулатұлы  мұнда  да  уақытын  босқа  босқа  өткізбей  ізденумен  болды.  Осы  жылдары  қазақ  әдебиеті  тарихында  тұңғыш  рет  роман  жанрының  басы  саналатын  “Бақытсыз  Жамал”  жазылып,  1910  жылы  Қазанда  жеке  кітап  болып  шығады. Авторына  атақ-даңқ  әкелген,  қазақ  әйелінің  әлеуметтік  теңсіздігін суреттеген  бұл шығарма да  бірнеше мәртебе басылып,  халық арасына кең тарады.

 

Сан-салалы  ғылымнан  хабары  бар,  табиғат  берген  дарынды  ол  қазақты  толғантқан  мәселенің  бәріне  қаламымен  үн  қосып,  тынымсыз  еңбектенеді.  Бірақ  қайда  барса  да  “салпаң  құлақтың”  назарына  іліккен  ол  енді  ізін  жасырып,  жазғандарына  бүркеншік  атпен  қол  қоймасқа  амалы  қалмады.  Оның  “Айқапқа”  жарияланған  “Хан  Абылай”,  “Қапастағы  ұрының  мінәжаты”,  “Жазу  тәртібі”, т.б. мақала,  өлеңдеріне  Азамат  Алашұлы  деп  қол  қойған.

1913жылы  Орынборға   келген  Міржақып  Дулатұлы  бұрыннан  пікірлес  Ахмет  Байтұрсынұлымен   бірігіп,  таза  қазақ  емлесімен,  “Қазақ”  атты  бейресми  газет   шығаруды  қолға  алады.  “Қазақ”  газеті  өзінің  бірінші  санынан  бастап  иесі  қазақтың  үлкен-кішісі  сүйіп  оқитын  рухани  қажетіне  айналды.  Екі  жыл  бұры  шыққан  “Айқап”  журналының  тиражы  2  мың  данадан  аспаса,  “Қазақты”  алушылар  саны  1913  жылдың  өзінде  үш  мыңнан  асып  түсті. Жыл санап оқушысы көбейген  үстіне  көбейіп,  “Қазақтың”  тиражы  сегіз мыңға жетеді.  Таралу  аймағы  сахараны  былай  қойғанда,  Ресейге  қараған  мұсылман  дідес,  түркі  тілдес  халықтарды,  одан  әрі  шекара  асып  шетелдерге  де кең таралады.

ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  халқының  саяси-әлеуметтік,  қоғамдық-мәдени  өмірінің  айнасы  саналатын  мерзімді  басылым,  энциклопедиялық  жан-жақтылығы,  танымдық  мәнінің  тереңдігінен  ерекшелігінен.

“Қазақ”  газетінің  соңғы  саны шығып тоқтаған  1918  жылдың  қазан айына дейінгі мерзімі аралығанда  Ахмет Байтұрсынұлы  сияқты  Міржақып  Дулатұлының да  жүздеген  көсемсөз  үлгілері,  өлең-жырлары,  сын мақалалары  үзбей жарияланып  тұрды.  Әр  санында екіден,  үштен материалы  шығып  отырған  ол  лажсыз  әдеби  бүркеншік  атты  қолданған.  Міржақыптың  жазғандары  алуан  түрлі  тақырыпты  қамтиды.  Және  не  туралы  жазса  да  айтайын  деген  мәселесін  тереңнен  қозғап,  соған  байланысты  біраз  нәрседен  хабар  бере,  көздеген  пікіріне  шүбә  келтірмей  нандыра  дәлелдейді.  Оның  “Қазақта”  жарияланған  “Сот  ісі” (1913  жыл),  “Қай  жерде  қалай” (1913  жыл), “Земство  не  нәрсе?” (1913-1914  жылдар), “3-ші  июнь  законы  һәм  қазақ” (1914  жыл),  т.б.  бірсыпыра  мақалаларына  аббревиатура  әдісі  арқылы  “М. Д.”  деп  қол  қойса,  “Бел құда” (1915 жыл),  “Алашқа” (1915 жыл)  және  көптеген  көсемсөздеріне  “Мадияр”  арғыннан  тарайтын  өз  ру  атын  псевдонимі  орнына  қолданады.

“Қазақ” – халқының  күн  шуағындай  жарық  сәуле  шашқан,  рухани  қуат,  жылу  ұялатқан  баспасөз,  айрықша  газет  десек  артық  айтпағандық  емес.  Газет  өз  алдына  қойған  міндетті  абыроймен  атқарды. 

“Азамат” – Міржақып  Дулатұлының  бүркеншік  аты.  Символдық  мәні  бар  бұл  атаудың  екінші  бір  астары – патшалық  отаршылдық  езгіден  азат  етуге  ұмтылған,  тәуелсіздікке  үндеген  ақынның  ұстанған  жолындағы  халқының  азаттық  парызын  түсінуін  меңзейді.

 

Шығармашылық  еңбегімен  бірге  Міржақып  тұңғыш  Орынборда  ашылған  Қазақ  институтында  мұғалім  де  болды.  Алғашқы  қазақша  жазылған  оқулықтың  авторы.  Оның  “Оқу  құралы”,  “Есеп  құралы”  кітаптары  алды  сегіз  реттен  басылып,  талай  буынның  көзін  ашуға  жарады.  “Қазақ  тарихы”  атты  еңбек  жазғандығы  жөнінен  де  хабарымыз  бар.  “Институтта  екінші  кемшілік  қазақ  тілінде  басылып  шыққан  кітаптардың  жоқтығы,  оқытушылар  өздері  қолмен  жазып  алып  оқытады.  Дегенмен, жазушылар  Қ.К. Білім  ордасымен  шарт  жазысып,  қазақ  тілінде  кітаптар  жазып  жатыр,  қазір  де  Е. Омаровтың  физикасы  жартылай  басылып  шықты.  Тағы  да  басылатын  кітаптар:  Міржақыптың  “Қазақ  тарихы”,  Ахметтің  “Әдебиет  тарихы”,  Мурзиннің  “Химиясы”,  бұл  кітаптың  бәрі  де  екінші  жылға  шейін  әзір  болмақ” (“Еңбекші қазақ”, 1924 жыл).

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері