Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

1924 жылы Орынборда  екі жылдық “Қирағат кітабы”,  Қызылордада “Есеп құралының”  жаңа басылымы жарық көреді (кейін  бұл кітан үш-төрт жыл бойы  жылма-жыл қайта басылып тұрған).

Ал енді осыған әрдайым  қапталдасып отырған журналистік, аудармашылық қызметті қоссақ, тынымсыз еңбекпен өткен, қаракетшіл қажыр иесінің  өмірін көзге айқын елестетеміз. Мәселен, бір ғана 1925 жылдың өзінде Міржақып В.И. Лениннің “Жаңа үнем саясаты”, “1905жыл төңкерісі”, Г. Зиновьевтің “Ресейлік коммунистік партияның тарихы” атты еңбектерін аударып, Орынбор мен Қызылордада бастырып шығарады. Соңғы кезеңде жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін әзірлеп бастырады.

Бұлардың сыртында дүркінді баспасөзде ұдайы жарияланып тұрған әңгіме, очерк, фельетондары өз алдына. Әсіресе “Еңбекші қазақта” істеген кезінде Дулатұлы қаламынан қорытылып шыққан жанрлық материалдар тіл шеберлігі, стиль мінсіздігі жағынан көп-көп қазақ журналистерінің жас буынына өзіндік бір мектеп болды десек артық айтқандық емес.

Міне, осындай шығармашылық кемел шағында, республикадағы мәдениет революциясы ісіне белсене ат салысып жүрген кезінде Міржақып Дулатұлы Сталин, Голощекин озбырлығының қармағына ілінді. Баяғы өткен оқиғалардың жаңғырығы қайта қоздырылып, 1928 жылдың желтоқсанында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша әуелі ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақтыға қамау жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қазанның 5-і күні, елу жасқа толуына бірер ай қалғанда, Ақтеңіз-Балтық каналының бойындағы Сосновец станциясында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Сөйтіп, есіл ер жалған жаланың жазалы мерзімін өтей алмай, азап-бейнетпен дүниеден өтті.

М. Дулатұлын қылмысты ісін жан-жақты тексере келіп, Қазақ  ССР-інің Прокуроры 1988 жылғы 27 қазан  күні тиісінше наразылық білдірді де, республика Жоғарғы сотының коллегиясы сол жылғы 4 қараша күні қылмыс құрамы болмағандықтан, марқұмды біржола ақтады.

Қоғамдық, творчестволық  қызметі күрделі ХХ ғасырдың бас  кезінде тұс келетін қазақ  интеллигенциясының демократиялық  атануға қай тұрғыдан болмасын толық  құқығы бола тұра, қайта құру кезеңіне дейін тіпті оларға тарих көшінен  алатын өздеріне тиесілі орнын беру емес, реті келсе халық жадынан біржола сызып тастауға тырысқан күштер де болды. Олар белгілі дәрежеде өз дегеніне жетті де...

Сол қазақ демократиялық  интеллигенциясының Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов  сияқты көрнекті өкілдерімен бірге  алдыңғы шоғырын құрайтын қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатұлы.

Ұлттық интеллигенцияның алғашқы буынының халық тарихында  алатын орнын анықтау енді ғана қолға  алынған шаруа. Қазақ қоғамдық ойына  Абайдың соңын ала келген Ахмет, Міржақыптар Әбдірахманмен замандас, “жаңа жылдың басшысы – қоғамдық қайғы-қасіретке бой алдырудан халықтың құлдық халінің өзгермесін терең түсінген, түсініп саналы іс-әрекетке бет бұрған ұрпақ болатын. Өз буынының бұл тарихи міндетін терең ұғынған Міржақып:

 

Ия алла! Талапкердің  бақытын аш,

Ақ жүрек пайдалы іспен атағын шаш,

Ұлтына қараңғыда қамаулы  өткен

Жарқырап жарық сәуле  болғандай бас.

Айнымай тұтқан жолың  болсын мынау:

Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау,

Тайсалмай дұрыстыққа жанды  қисаң,

Борышы адамдықтың сонда  тұр ау! – 

 

деп, замандастарына іздеген жоғын көрсеткендей сыңай танытқан. Тура осы ойды онымен жарыса Мағжан да айтқан болатын:

 

Жол ұзақ, жақын үшін жаннан көштім,

Бауырдың халін көріп  бейнет кештім,

Құшақта, сүй, күй, жыла қайраттандыр,

Жан жарым, ұзақ ауыр жолға  түстім.

 

Анығырақ айтқанда бұл үндес, сабақтас ойлар Міржақып пен Мағжанның аузымен айтылған сол буынның халқы алдында берген антындай ұғылатын руханикүйі болатын.

Рухани күй демекші  ХХ ғасырдың бас кезіндегі қайшылыққа толы күрделі қазақ қоғамында  қалыптасқан әлеуметтік-рухани ахуалды өз творчествосында терең және толық бере алған талант ретінде Міржақыптың орны ерекше. Ол қандай күрделі тақырыпқа барса да және қандай жанрда жазса да сол тарихи кезеңдегі қазақ шындығын терең меңгеріп, оның ең өзекті мәселелерін жанынан өткізіп отырып жазды. Сондай күрделі мәселелердің бірі қазақ даласында орыс шаруаларының жаппай көшіп келіп қоныстануы, соған байланысты өлкеде саяси жағдайдың шиеленісе түсуі болды. Осы тақырыпқа арналған “Қоныстану және қазақтар” деген мақаласында Міржақып бұл процестің себеп-салдарын талдап, қоныс аударған орыс шаруаларына “Неге келдің деп өкпелеуге болмайды. Басы артық жерге ақ сүйектер мен байлар ие болып, қатын баланың күн көруі қиынға айналып, бұзауын арқандап бағатын болса, пәлен жерде жақсы жер бар деп қуса, мұжық  сияқты қазақ та аумас па еді”, - дей келіп, соңында “көршілер тату болса екі жағына пайдалы. Мұны өкімет те, жұрт та ескеретін жұмыс”(“Қазақ”, №30) деп көрсетеді.

Міржақып Дулатұлының азамат, жазушы, қайраткер ретінде қалыптасуы, талант қуатының толық ашылуы “Қазақ” редакциясындағы қызметіне тұс келеді. Оның себебі де бартын. Тарихта орын алған фактіні объективті жазылған ғылыми шындық қана аша алуы мүмкін. Олай болса тұңғыш орыс револциясының тікелей ықпалымен азаттық қозғалыстың жаңа сатысына көтерілген қазақ қоғамының он үшінші жылдан бастап рухани бағыт беруші орталығына айналған “Қазақ” газеті екені де рас. Газет сол тарихи кезеңдегі қазақ қазақ елінің ең алдымен, әрине, қазақ интеллигенциясының есею мектебі болды десек асыра айтқандыққа жатпайды. “Қазақ” қараңғыда жатқан қазақты оқытуға, үйренуге, көндіруге тырысқанымен, бірақ өзі негізгі сабақты алдымен халықтан алып, халықпен бірге адасып, бірге есейгені де шындық. Сол қазақ елінің көш бастаушысы болуға тер төккен, ұлттық “Қазақ” газетінің басылымның басында тұрған үштің бірі Міржақып Дулатұлы еді.

Міржақып газетке келгенге дейін де саяси, әдеби жұмысын  үлкен қуатпен, жігермен бастап үлгірген, оны көзі ашық қазақ баласына танытып, “көзі ашық” патша жандармериясының назарына іліктірген “Оян, қазақты” жазған, сол үшін де патша абақтысының есігін ашып, тұз-дәмін татқан жігіт ағасы болса да, редакцияда А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов сияқты саяси күресте біраз белден асқан, ысылған танымал қайраткерлерімен қызметтес болуы оған көп тәжірибе, сенім беріп, байыта түскен-ді.

Сол кездегі қазақ  саяси өмірінің, қоғамдық ойының ең белсенді өкілдерінің ұлттық басылым  редакциясында тоғысуы кездейсоққа  жатпаса керек. Оларды мұнда тоғыстырған, әрине, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ  жерінде қалыптасқан саяси және әлеуметтік ахуал, соның нәтижесінде ұлттық мүдделердің  бұрын болмаған дәрежеге көтерілуі болды. Творчестволық мүмкіншіліктері кең бұл үшеуінің мұнда тоғысуы оларға сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ең өзекті мәселелерін  белсенді публицистика тілімен бүкіл қоғам алдына қойып, оларды қоғам болып шешу жолдарын қарастыруға мүмкіншілік тудырған еді. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл қазақ қоғамы үшін жаңа рухани құбылыс болатын. Бірақ бұл мәселеге байлансты тарихи шындық мұнымен шектелмесе керек. Біздің түсінігімізше, ең негізгі шындық сол - Әлихан, Ахмет және  Міржақып үшін газет те, творчестволық еңбек те түпкілікті мақсат жолындағы құрал ғана болатын. Олардың газет бетінде жарияланған көлемді дүниелерінен бастап, кішкене хабарларына дейін сол негізгі мүддеге, қызметке қойылды. Ортағасырлық мешеу феодалдық тәртіптер үстемдік құрған қазақ қоғамын ояту және өзгерту жолындағы бұл айтулы еңбек оларды 1917 жылға дейін азаттық қозғалыстың бағыт беруші рухани басшыларына айналдырғаны да рас еді.

Осы айтылған ойға байланысты мынадай өзекті мәселелерді аттап өту қиын. Ғасырлар бойы крепосниктік әскери-феодалдық империяның отары болып келген Қазақстан жағдайында ат төбеліндей демократиялық интеллигенция өкілдері саяси праволық тұрғыдан да, адамгершілік тұрғыдан да негізгі екі мәселенні көтеріп, сол үшін халықты күреске үндеді. Олар, біріншіден, көп ұлтты Россия шеңберінде ұлтты-мемлекеттік суверенділікке қол жеткізу және екіншіден, патшалық әкімшіліктің феодалдық меншігіне айналған қазақ жерлерін қайтару еді. Бұл мәселелерді қойып, шешуде демократиялық интеллигенция ұсынған құралдар олардың еркінен тыс табиғаты жағынан буржуазиялық-демократиялық сипатта болатын және сол кезеңдегң Қазақстан жағдайында бұл даусыз революциялық қадам еді. Бірақ орталық аудандардағы пролетарлық революциялық қозғалыстың өрлеп шет аймақтарды да қамту жағдайында тек ұлттық шеңберде ғана өзін-өзі ақтай алатын бұл жолдың бүкілроссиялық және революциялық перспектива тұрғысынан алғанда әлеуметтік шектілігі де айқын болатын. Міржақып және оның идеялық серіктері өмір сүрген уақыттың күрделі қайшылығы да, трагедиялық сипаты да осында еді.

Міне сондықтан да Ә. Бөкейхнов, А. Байтұрсынов, М. Дулатұлы және басқа сол кезеңдегі қазақ  интеллигенттері қол қойған саяси  документерге бүгінгі биіктен емес, сол тарихи кезеңдегі қазақ шындығы конекстінде қарау ғана оларды марксистік методология тұрғысынан түсінуге және түсіндіруге жол ашары анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Енді Міржақыптың  әдеби мұрасы жөнінде біраз  сөз.

 

Ақынның революциядан сегіз  жыл бұрын шыққан алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған өлеңдерінің негізгі мазмұны “Оян, қазақ!” деген атынан-ақ көрініп тұр. Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық беташарға түгел сыйғызылған:

 

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һараб  боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

 

Патшаның отарлау саясаты, халықтың өнер-білімнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйінің күйзелісі, тағы-тағы неше түрлі қасірет атаулы осы  төрт жолға толық сыйғызылған.

Жинақтың қара сөзбен жазылған шағын кіріспесінен кейінгі  “Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі  халі” деген өлеңінде халықтың басындағы  ауыр жағдайды айта келіп, оның тағдырын ойлап толғану, оның елдік мүддесіне  қызмет ету - әрбір саналы азаматтың  ең бірінші борышы екенін ақын былай деп түйіндейді:

 

Адасып қараңғыда сорлы  қазақ,

Ай тумай, күні һәм  шықпай, тұр таң атпай?

Сөндірмей жанған өртті  көрген адам

Қалайша тұру мүмкін жанға  батпай?!

 

Содан кейінгі “Қазақ халқының бұрынғы мағишаты”, “Қазақ жерлері” сияқты өлеңдерінде ақын халқымыздың әрегіректе өз бетімен емін-еркін көшіп-қонып жүрген заманын еске алады, оның елдік салтын, жақсы дәстүрлерін жырға қосады.

Бірақ ол өткеннің бәрі жақсы  еді деп жоқтамайды, сол заман  қайта келсе екен деп көксемейді. Оны халқымыздың басынан өтіп кеткен бір тарихи кезең деп қарайды да, қазіргі тұрмыстың, бүгінгі күннің қам-қарекетін бірінші орынға қояды. Өткен тарихты ғибрат, тағылым ретінде ғана ұсынады.

 

Қанекей, осы айтқанның  бірі бар ма,

Айтылса сөздің кәміл  хақиқаты?

Бұл күнде бұларды ойлап қайғыда жүр

Бар болған данышпандар  парасаты.

Оқыған пайда берер  жастарымыз

Һәр істен болса егер мағлұматы.

 

Дәріптеу былай тұрсын, қайта өткен заманның келе-келе аза  бастаған көлеңкелі жақтарын сыншыл көзбен, сарапшыл оймен таразыға салып, бүгінгі мүшкіл халіміздің бір себебін сол кездегі бейқамдық пен берекесіздіктен іздейді.

 

Сол кезде біздің қазақ  ала болған,

Көлденең дұшпандары және болған.

Күштісі нашарларын шауып  алып,

Бұрынғыдай болмаған, пәле болған.

Ел шауып кісі өлтірсе  батыр деген,

Батырлар пақырлардың  хақын жеген.

Біз мұндай бұл уақытта  болар ма едік,

Істесе халық пайдасын ғақылменен?

 

Бір кезде өз еркімен  Ресейге қосылып, соның құрамындағы  әр түрлі ұлыс-ұлттармен бірге  ел қатарлы тіршілік етерміз деген  халық үмітінің анықталмағанын, патшалықтың отарлау саясаты бұратана атанған бұқараның арқасынан аяздай қысып бара жатқанын шерлі жүректен запыран төгіп айтқан ақын зары осынау қараңғы қапастан құтылудың бірден-бір жолы – бірлік пен ынтымақта, болашақты ойлаған саналы іс-әрекетте, өнер-білімге ұмтылған өршіл талапта екенін қайта-қайта ұғындырған жан айқайы “Таршылық халіміз хақында аз мінәжат”, “Насихат ғұмұмия” атты ұзақ өлеңдердің негізгі арқауы болған.

Бірі жеті бөлімнен тұратын (небәрі 53 шумақ), енді бірі жиырма жеті бөлімнен тұратын (140 шумақ) осы екі өлеңді автордың негізгі ақындық кредосы, азаматтық платформасы баяндалған поэзиялық монологтар деп бағалауға болар еді.

 

Жас орнына көзімізден қан  кетіп,

Қолымыздан ата мирас  заң кетіп...

Аяқ асты болып қазақ  қалды ғой,

Құр әншейін рухы қалып, жан кетіп...

Кім жазалы өзімізден  көрмесек,

Төбемізге шығардық қой  дәріптеп.

 

Немесе:

 

Күн көреміз қайда  барып, алашым,

Білгіштерің хал мүшкілін қарасын.

Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң

Әркім жейді біздің қазақ  баласын.

Аз емеспіз, алты миллион халықпыз,

Алхамдилла, надандыққа ғарықпыз.

Жайымыз жоқ одан басқа  мақтанар.

Сахарада дикарь болып  қалыппыз.

 

Немесе:

 

Бір айтпадым, көп айттым, керек өнер,

Бұл айтқанға халықта  көп пе көнер.

Бұл заманда көз салсаң бір мінез бар,

Дұрыс сөзге табылмас кісі сенер,-

 

деп көңілі жүдеп, құлазып  келе жатып, ақын өз көкірегінде қайтадан үміт отын тұтатады, ел ішінен көңілі ояу, сезімі сергек ұлдар, ұландар, ерлер  шығатынына сенеді, соларға үміт артады.

 

Мыңнан біреу шыққанда басшы болып,

Жүзден біреу шықса  екен соңына ерер.

Әр тайпадан бір білген болып тұрса,

Сонда жұртқа шүбәсіз  үлгі берер,

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері