Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Міржақып  Дулатұлының  “Қазақ,  қырғыздың  ата-тегі  туралы”  деген  тарихи-этимологиялық  зерттеу  мақаласы  (“Шолпан”, 1923 жыл,  №6, 7, 8)  “Қазақ  тарихы”  кітабын  жазу  алдындағы  дайындығы  болар  деген  жорамал  ойға  оралды.

1924  жылы  Міржақып  Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш  жиылысында  қатысып,  халық-ағарту  мәселелеріне  байланысты  бірнеше рет баяндама  жасайды.

1926-1928  жылдары  Міржақып  Дулатұлы  “Еңбекші  Қазақ”,  “Ауыл   тілі”  газеттерінде  әдеби  хатшы  болып  қызмет  жасайды.  Бұл  жылдар – оның  шығармашылығындағы  жемісті  із  қалдырған  өнімді  еңбек  жылдары.  “Еңбекші  қазақта”  оның  қаламынан  туған  “баспасөзіміз  не  күйде?”,  “Хош  келдің,  Наурыз!”,  “Қазақ-қырғыз  тарихы  туралы”,  “Баспасөз  үмесі”  сияқты  көптеген  мақалалары  жарияланды.

Міржақып  Дулатұлының  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениетіне  қосқан  салиқалы,  салмақты  үлесін  кезінде  беделді  басылымдардың  бәрі  де  жазды.  Мысалы,  “Энциклопедический  словарь  русского  библиографического  института  Гранат” (Том  41,  часть Х,  изд.  7,  Москва),  “Литературная  энциклопедия”  (Ответственный  редактор  А.В.  Луначарский. Издательство  коммунистической  Академии,  1930,  том  третий,  стр.  591-592),  “БСЭ”  (Гл.  ред. О.В.  Шмидт. Том 23,  1931,  стр.  590).  Ол  жөнінде А. Смайлович (“Литература турецких  народов”,  “Литература Востока”,  вып.  І,  ІІ,  1919,  стр.  48).  Г.  Потанин,  А. Байтұрсынұлы,  С.  Сәдуақасов,  М.  Әуезов  т. Б.  Жоғары  бағалап,  пікір   білдірді.

Қазақтың  тұңғыш  романының  авторы,  әйгілі  ақын,   жалынды  публицист,  шебер  аудармашы,  библиограф,  тарихшы,  ұстаз,  мәдениет  және  қоғам  қайраткері  Міржақып  Дулатұлының  есімі  ағарып,  халқына  алпыс  жылдан  соң  қайта  оралды.  Оның  шығармашылығын  жан-жақты зерттеу – бүгінгі ұрпақтың  азаматтық борышы.

 

Қазіргі  кезде,  педагогика  ғылымы  саласы  бойынша  ХХ  ғасырдың  басындағы  тәлімдік  мұралары   негізінде  бүгінгі  жас  ұрпақты  жан-жақты  тәрбиелеуге  аса  мән  беріп  отыр.  Міржақып  Дулатұлы  мұраларындағы  тәлім-тәрбие  мәселелерін  мазмұнына  қарай  төмендегі  бағыттар  бойынша  жіктеп,  жан-жақты  пайдалануға  тырыстық.  Ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптардың  өзіндік  ерекшеліктерін  ұрпақ  тәрбиесіне  пайдалану  жолдары  Міржақып  Дулатұлының  мақала-зерттеулерінен,  әсіресе  бастауыш  мектеп  оқушыларына  арнап  жазылған  “Есеп  құралынан”  айқындалады.  Міржақып  Дулатұлы  мұраларын  жоғары,  арнаулы  оқу  орындарының,  мектептің  оқу-тәрбие  үрдісіне  ендіру  бүгінгі  өмір  талабының  бірі  болып  отыр.

Міржақып  Дулатұлы  бойындағы  кісілік  қасиет  арқылы  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Міржақып  Дулатұлы  мұраларындағы  ұлттық  дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар  негізінде  туған  елге,  жерге,  тіліне,  Отанға  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастыру.  Міржақып  Дулатұлы  педагогикалық  мұраларының  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  айқындау  және  оның  идеяларын  бүгінгі  мектептің  оқу  тәрбие  үрдісіне  ендіру.

Міржақып  Дулатұлы  тәлімдік  мұралары

Ұлттық  педагогика  және  Міржақып  Дулатұлы

Міржақып  Дулатұлы – ағартушы

Міржақып  Дулатұлы  және  ұлттық  математика  ғылымының  дамуы.

Алғашқы  ұлттық  романның  негізін  салушы

Міржақып  Дулатұлының  ұлттық  журналистиканың  негізін  салушы

Міржақып  Дулатұлы – тұңғыш  библиограф

Міржақып  Дулатұлы – аудармашы.

 

Ұлтына  “Оян,  қазақ!”   деп  ұран  салған  қайраткер, ақын,  жазушы,  ғалым-педагог  Міржақып  Дулатұлы  Ыбырай  Алтынсариннің  ағартушылық  идеялары  тамыры  жая  бастаған  құнарлы  топырақта  дүниеге  келген.  Торғайдағы  екі  жылдық  орыс-қазақ мектебінде  бес  жыл  (1897-1902)  оқып,  білім  алады.  Ерте  жетім  қалған,  екі  жаста  шешеден,  он  екі  жаста  әкеден  айрылған  Міржақыптың  бұдан  кейінгісінің  бәрі  өз  талпынысымен  тапқан  олжасы.

Ауыл  мектептерінде  мұғалімдікпен өткен алты-жеті  жыл ішінде  оң  мен солын танып,  өмір  күресі,  тірлік  тартысына түсіп,  ұлт қамы  үшін  ширығып,  соны  сүрлеу  іздеген Міржақып  алдындағы ақыл-ой  ағалары Әлихан  Бөкейхан,  Ахмет Байтұрсынұлыларды тауып,  олармен  пікірлес,ниеттес  болды.

Міржақыптың  математика  жөніндегі  еңбегі  1921 жылы  Ташкентте  “Есеп  құралы”  деген  атпен  басылып  шығады.  Ол  кітаптың  алғашқы  нұсқасы  1914  жылы  Орынборда  шыққан  болатын.  Қазақ  тіліндегі  тұңғыш  математика  құралы  есептер  мен  мысалдар  жинағы  түрінде  дайындалған.  Бірінші  кітапқа  400  есеп,  128  мысал,  ал  екінші  кітапқа  350  есеп,  240  мысал  енгізілген.  Құралда  оқушылардың  есеп  құрастыруына  да  мән  берген.  Әр  түрлі  мысалдар  беріліп,  соған орай  оқушыға есеп  құрастыру ұсынылады.  Сондай-ақ,  ауызша  есептеуге байланысы тапсырмалар да  көптеп  кездеседі.

Міржақып  Дулатұлының  “Есеп  құралы”  арифметикалық  дайындық  курсы  материалдарын  қамтиды.  “Есеп  құралында”  мұғалімге  қажетті әдістемелік нұсқаулар берілген.

    1. Мұғалім  балаларға  10-нан  бастап  100-ге  дейін  ондықтарды  жатқа  санатады:  10, 20, 30, деп,  онан  кейін  сол  сандарды  жаздырып  үйретеді.  Балалардан  20-да  неше  ондық,  неше  бірлік,  қырықта,  елуде неше  ондық,  неше  бірлік  бар екені сұралады.
    2. Мұғалім  балаларға  асық,  қалам,  қарындаш,  кескен  ши  секілді  нәрселерді  беріп,  санатуы  керек.  “Есеп  құралында”  жас  балаларға  есепе  үйретуде  көрнекңлңк  әдісі  басшылыққа  алынған  және  қажет  болғанда  ережелер  де  беріп  отырған.  Ережелер,  әсіресе,  ауызша  және  жазбаша  есептеу  тәсілдерін  баяндауда  жас  балаға  ұғынықты  тілмен  беріледі.  Кітаптың  жаңа  басылымында  бүкіл  үнді  цифрлары  араб  цифрларымен  алмастырылған.  Бұл  оқулықтың  жетістігі.  Сол  кезде  қазақ  мектебінің  сұранысы  мен  қазақ  баласының  ұлттық,  психологиялық  және  т. б.  Ерекшеліктері  жан-жақты  ескерілген  толық  мағынадағы  төл  оқулық.
    3. Жоғары  математикалық  білімі  болмағанымен  және  математиканы  оқытудың  әдістемелік мәселелеріне  арналған  арнайы  еңбек жазбағанымен  Міржақып  Дулатұлы  Қазақстанда бастауыш  мектеп  математика  оқыту әдістемесі  ғылымының негізін салушылардың  бірі  деп кесіп айтуға  болады.

“Қирағат”  оқулығы  өзінің  құрылысы  жағынан  бастауыш  сынып  оқушыларына  жеңіл,  түсінікті  тілде,  табиғатпен  байланысты  әңгімелерден  жылдың  төрт  мезгілі,  ол  кездегі  жан-жануарлар  мен  құстар  өміріндегі  ерекшеліктер,  ел  өмірі,  тұрмыс-тіршілігі,  т. б. Тұрады.  Мұнда  биология,  экология,  салт-дәстүрден  хабар  беру  көзделген. Екінші  бөлімде  балаларды  талаптылыққа,  еңбек  етуге,  адамгершілікке  баулитын  ғибратты,  әңгімелер  топтап  берілген.  Мысалы,  “Оқымысты  бала”  деген  әңгімеде  қаладан  оқып  келген баланың ауылға  келген  соң еріншектік  жасап,  тырнауыштың сабын басып,  оны маңдайына соғып алып  “тырнауышты аяқ астына  тастаған  қандай  ақымақ  екен” деп ашулануын сықақ етеді.  “Қонақ  кәде” атты  әңгімеде  қазақтың  әдет-ғұрпын  сөз етсе,  “Күлмеңіздер  кәріге” әңгімесінде әке тілін алмай,  өлшемі  шал-кемпірді  мазақтайтын әдепсіз балалардың  қылығы  айтылады.

Бұдан  нешеме  жыл  бұрын  айтылған  Міржақып  ойлары  бүгінгі  таңда  да  өз  маңызын  жоймақ  емес.  Міржақып  Дулатұлы  еңбектері  көбінесе  саяси, тарихи,  әдеби  жағынан  ұшан-теңіз еңбектері  әлі  де  өз  зерттеушісін  күтуде.  Әдебиеттің  барлық  жанрында  бірдей  қалам  тартқан  қаламгер,  қоғамдық-әлеуметтік  іске  жанын  салып  араласқан  қайраткер  Міржақып  Дулатұлы  өмірлік  мақсатының  биік  нысанасы,  тапжылмас  темірқазығы – бір  күндік  даңқ,  өтпелі  дәулет,  баянсыз  шен  емес,  туған  халқының  бостандығы  болғандығы  күмәнсіз.

 

Міржақып  Дулатұлы  қазақ  халқының  ұлы  ағартушы  ғалымы  Ыбырай  Алтынсарин  ғұмыр  кешкен  топырақта  туып   өсіп,  өз  жерлесі  Ахмет  Байтұрсынұлы  тәрізді  Ыбырайдың  ағартушылық  дәстүрін  мұрат  тұтты.

Қазақ  халқын  қатты  толқытқан  1904-05 жылғы  орыс-жапон  соғысы  мен  1905  жылғы  алғашқы  орыс  революциясы  қара  шекпендері  қазақ  жеріне  жаппай  жер  аударта  бастаған  1907  жылғы  Столыпин  реакциясы  халықтың  үнжұрғысын  түсіріп,  көңіліне  күдік  ұялаты  бастады.

Тұманға  кірді  қалың  біздің  қазақ,

Арты  жар,  алды  тұйық  бұл  не  ғажап.

Адасқан  ағайынға  басшы  болып

Ішінде  жол  көрсетер  адам  аз-ақ,

-деп,   Міржақып  жазғандай   қазақ  айқын  мақсатсыз   әрі-сәрі  күйге  түсті. Мұндай  қысыл-таяң жағдайға  тірелудің   үлкен  себебін  ақын  халықтың  қараңғылығынан  табады.

Осындай  тығырыққа  тірелген  сәтте  ақынның  зиялы  қауымға  қояр  талабы  да,  сенімі  де  айқын.

Бас  қосып  киргизский  интеллигент

Біздерге  халықтың  қамын  ойлау  міндет.

Тығырықтан  бірден  бір  шығар  жол – жас  буынды  оқытып,  көзін  ашу  деп  түсініп,  ақын  қауымды  нақты  іске  шақыра  отырып, оған  өзі  бас  болып  кіріседі.  1902  жылдан  бастап  мұғалімдік  қызметін  атқара  бастаған  Міржақып  сол  кездің  өзінде  қазақ  балаларына  арналған  оқу  құралының  тапшылығына  көз  жеткізе  бастайды.  Ыбырайдың  “Хрестоматиясы”  және  сондай  бірен-саран еңбектер  ол  күнде табылмас  дүниедей  болғалы қашан.

Сондықтан  да  ол  осы  тапшылықтың  орнын  толтыру  үшін  1911  жылы  “Қирағат”  кітабын  шығарады.  Бұл  жинаққа  халық  ауыз  әдебиеті  үлгңлерімен  қоса  Абайдың,  Ыбырайдың  шығармаларын,  ішінара  “Жаз”,  “Жазғы  кеш”,  “Шілде”,  “Күз”,  “Қыс”,  “Қоян”,  “Қасқыр  қысты  қалай  өткізеді”,  “Бұғы”,  “Піл”,  “Кит”,  “Үй  хайуандары”,  “Бөрік”,  “Күлкі  сөз”,  “Оқу”,  “Нұрмаш  пен  дүйсен”,  “Оқымысты  бала”,  “Шалдың  үш  баласы”,  “Қонақ  кәде”,  “Ешкімге  жауыздық  қылма”,  “Байлық”  сияқты  өз  әңгімелерін  де  енгізеді.  Әсіресе  “Айқұлақ”,  “Дүмпілдек”,  “Марламқаш”  сияқты  балалар  ойындарын  енгізуі  қызғылықты-ақ.

Міржақып  қазақ  педагогикасында  алғаш  рет  қазақ  оқушыларының  гигиенасы  мен  әдеп,  мінез-құлықтары  жөніндегі  шарттарды  жазды.  “Қирағат”  кітабындағы  “Денсаулық  жайынан”  атты  тарау  жоғарыдағы  мәселелерге  арналған  Міржақыптың  бүкіл  ағартушылық  қызметі  оның  өзін  ғұмыр  бойынша  қатаң  бақылауда  ұстаған  патшалық  өктемдікке  қарсы  жұмсалды.  1911  жылы  маусымның  6-сы  күні  Семей  қаласында  Міржақыпты  тұтқындаған  кезде  көптеген  кітаптарымен  бірге  оның  “тәртіп  етіп  жүрген  қазақ  балалары  үшін  2-қирағат  кітабы”  да  (“Айқап”,  1911, №6).   Полиция кітаптың  бүкіл басылымын қолжазбасымен қоса  жойып жіберген.  Патша өкіметінің  қатаң қысым салуына қарамастан,  тәркіленген ол  1914  жылғы басылымдағы “Мұғалімдерге”  деген алғы  сөзінде Міржақып  былай деп  жазады:  “Сүйікті  қазақ мұғалімдері!  Міне,  сол кездер  керексінген қазақ тіліндегі оқу кітаптарының бірі  осы кітап.  Кемшілігі болса,  көрсеткендеріңізге  шын көңілімнен  рахмет  айтамын.

...Оқудан  мақсат  жалғыз  құрғақ  білім  үйрету  емес,  біліммен  бірге жақсы тәрбиені  қоса  беру.  Тәрбие  беру  үшін  қирағат кітабын оқытқанда құр қарасын ғана  оқытпай,  жоғарыда  айтқанымыз  секілді ішкі  мағынасын да  түсіндіруі  тиіс.  Баяндап оқытудың  мәнісін тәжірибесіз жас мұғалімдер  қирағат оқытудан  мақсат  харфін  танып,  көрмей  оқып  кету  деп біледі.  Сондықтан 8-9  ай  оқитын  қирағат кітабын 3-4  айда  оқып  бітіріп қарап отырады...

Тәжірибесіз  мұғалімдерді  жоғарыда  айтқан  қателерден  сақтау  үшін  кітаптың  басынан  түскеннен  баяндап  оқытудың  мәнісі  қалай  болатынын  мұғалім  болып  бір  сабақты  оқытып  көрсетелік...”  дей  келе  Міржақып  сабақ  берудің  көрнекті  үлгісін  келтіреді.  Сабақ  берудің  мұндай  үлгісі  мен  әдіс-тәсілі  туралы  жазу  қазақ  педагогикасындағы  жаңа,  тырнақалды  қадам  еді.  Міржақып  өз  ұстазы  Ыбырай  дәстүрін  осылайша  жемісті  жалғастыра  білді.

Міржақып  өзінің  әдістемелік  нұсқауларында  бастауыш  кластағы  білім  беру  жүйесінің   ерекшеліктерін  аша  келіп,  миссионерлердің,  ұлы  державалық  шовинистердің  неден  аса  сақтанғандығын  да  батыл  ашып  көрсетіп,  болашақ  мәңгүрттіктің    өрісін  байқай  білген: “Бастауыш  мектепте  алған  тәрбиенің  әсерлі,  күшті,  сіңімді  болуы,  қай  халықтың  мектебінде  болса  да оқу кітаптары ана тілімен,  өз  ұлтының тұрмысынан  һәм табиғаттан  жазылып,  баяндап оқытудың  асыл  мақсұтына мүафиқ  үйретуден,  осылай  біліп,  баяндап оқытқанда,  балқыған  жас баланың ойына,  қанына,  сүйегіне  ұлт рухы  сіңісіп,  ана тілін  анық  үйреніп  керекті  мағлұмат  алып  шығады.  Мұндай  балалар  бастауыш  мектепті  бітіргеннен  кейін  қай  жұрттың мектеп  медресесінде  оқыса  да,  қай  жұрттың арасында  жүрсе  де,  сүйгеніне  сіңген  ұлт  рухы  болып  қалады...”.  Бұған  кейбір  қазақ зиялыларының  ғұмыры  толық дәлел боларлық.  Мәселен,  үлкен қоғам қайраткерлерінің  өмірлеріне  көз жіберсек,  қай жерде жүрмесін  (Санжар  Асфандиярұлы – Австро-Венгрияда,  Тұрар Рысқұлұлы – Монғолияда,  Нәзір Төреқұлұлы – Мысырда,  Мұстафа  Шоқай – Парижде,  Міржақып  болса, Соловецк  лагерінде)  олардыңөз  тілі  мен  мәдениетін  терең  білудің  арқасында  ғана  ел  сүйіспеншілігіне  бөленіп,  елдің  маңдай  алды  азаматтары  болғандарын  аңғарамыз.

Міржақып  Дулатұлы – тұңғыш  қазақ  математигі.  Ол  алғашқылардың  бірі  болып  қазақ  шәкірттеріне  “Есеп  құралы”  атты  оқулық  жазды.  Осы  кітап  жөнінде  қазақтың  әйгілі  ғалымы  Ахмет  Байтұрсынұлы  “Қазақ”  газетінің  1914  жылғы  80-санында  былай  баға  берген  болатын:  “Бұл  күнге  шейін  қазақ  тілінде  әліппе,  қирағат  кітаптары  болса  да,  есеп  кітабы  жоқ  еді.  Қазақша  шыққан  ең  бірінші  есеп  құралы  осы. ...Кітап  ең  соңғы  жаңа  тәртіппен  шығарылып,  таза  қазақ  тілінде  қазақ  емлесімен  басылған,  мысалдары  да  қазақ тұрмысынан  алынған”.

Міржақыптың  ислам  дінінің  белгілі  дәрежеде  халықты  ағартушылық  бағытқа  жетектейтін  негіз  бар  деп  есептейді.  Бұл  мәселеге  орай  профессор  К.Бейсембиев  былай  деп  жазады: “Міржақып  Дулатұлы – “жер  мен  дін  мәселесін  шешу”- халықтың  оянудың  алғышарттарының  бірі  деп  есептейді,  көшпенділер  арасына  мешіт  салдырып  медресе  ашуға  шақырды,  мұсылмандық  шарттарын  беріп  ұстанып  жастар  санасына  дін  рухын  сіңіруді  көздеді.  Ол байларды  мешіт  пен медресе ашуға жәрдем  беруге,  мұсылман  дінін берік тұтып,  әр  ауылда  бір-бір молда ұстап,  неке  қию,  ажырау,  мұрагерлік,  балаға  ат  қою,  жаназа  шығаруға  дейінгі салттардың  барлығын  соларға өткіздіруге үндейді.  Дулатұлы  Қазақстандағы  діни  басқарманың  бүкіл  иерархиялық  системасының  программасын  жасады”. Ғалымның  дәл айтқанымен  бұл  мәселе  тереңірек  зерттеп, Міржақып  әрекетін  кеңірек  түсінуді  қажет  етеді.

Бұл  орайда  мынаны  баса  айтқан  жөн.  Міржақып  “мұсылмандық  шарттарың  берік  ұстанып,  жастар  санасына  дін  рухын  сіңіруді”  басты  мақсаты  деп  есептеумен  қоса,  ол  көшпенділер  арасында  оқу  білімнің  тарағанын  құптады.  Ғасырлар  бойы  дамып  келе  жатқан  христиан  дінінің  әрекетінен  қазақтың  қалпын  сақтап  қалатын ислам діні  деп ойлады.  Ал,  жалпы дін мен ғылымның  мәселесіне  келгенде  ол  ғылым жағын жақтады – ғылымның  жақсылығын  айтты,  діннің  кемшілігіне халықтың  назарын аударды.  “Діни қараңғылық  қара  түн мысалында болса, - деп жазды ол, - ғылым жарық күн мысалында.  Түн мен күн табиғат заңы  бойынша “жанаса бір біріне  жақын жүрсе”  дін мен ғылым еш  уақыт жанаса  алмайды.

...Ғылым табиғаттың  күштерін, жаратылыстану   мінездерін  тапа-тал  түстің  жарығында  тәжірибелеп  шегіп  адам  баласының  көзін,  көңілін  аша  берген ... дін  ғылыммен    қайшыласып  әр  уақытта, әр  жерде  адам  баласының  айналдырып  бағына  кедергі  болған  нәрсе.  Дін  адам  баласына,  адам  қоғамдарына  хатта  жеке  адамға  аяқ-қолына  тұсау,  басна  томаға,  көзіне  шел  болады...” (“Дін  һәм  ғылым” – “Қызыл  қазақстан”, 1923, №6).

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері