Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Ар-ұят – халқымыз  “малым – жанымның  садағасы,  жаным – арымның садағасы” деп арды  жаннан  да  қымбат  есептейді.

Ұят – адамгершілікті  сақтай  білудің,  имандылықтың  жотасы.  Ұят  нышандары  сәбилік  шақтан  қалыптаса  бастайды.  Бұл  жан  толғаныстар  арқылы  бет-бейнеден,  инабатты  іс-әрекеттерден  байқалады.  “Қазаннан  қақпақ  кетсе,  иттен  ұят  кетеді”  деп  халық  ұятсыздықтың  негізі  қанағатсыздық,  ұрлау,  ұрлық,  мақтаншақтық,  өтірік  айту,  адамгершілік  қалыпты  бұзу  деп   есептейді.

Мейірімділік  пен  ізгілік – егіз  қозыдай осы екі қасиет  басқаларға  (әке-шеше,  ағайын-туыс, танысқа көңіл бөлу)  олардың сеніміне  ие  болуды  айналадағылармен  өзара дұрыс қарым-қатынас жасау,  адамға  эмоциялық  жағынан  тиімді,  кісінің  шат-шадымнан  тіршілігі  үшін  маңызды.

“Мейірімділік” – деп  жазды  К. Бови, -мылқаулар  сөйлей  алатын,  кереңдер  ести  алатын  тіл”.  Үйде  де,  түзде  де  кісіге  ізгілік, имандылықпен  қара,  оның  қамын  ойлау, оған  мейірімділік  пен меймандылық білдірген жанашырлық  пен қамқорлық жасай білу  кісіліктің  ұнамды  мінездің  кірінісі.  Халқымыздың сан ғасырлар  тарихында бүкіл өмірін  халық бақыты  үшін  сарп  еткен біртуар перзенттер  аз  болмаған.  Әл-Фараби,  Асанқайғы,  Сырым  батыр,  Махамбет, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы  және  де   Міржақып  Дулатұлы.

Адалдық  пен  шыншылдық  -  адал  адам  шынайы  да,  шыншыл  адам.  Адалдық өздің таным мен сенімге ұштасуы,  оның  іс-әрекетке  дұрыс көзбен  қарау,  инабатты,  тіршілікке  тиянақты  болу  деген  сөз.  Адалдық   пен  шыншылдық бар жерде әділет, кішіпейілділік, қайырымдылық  пен қарапайымдылық та еріп жүреді, бұлар  кісінің  ат пен абыройына  дақ  түсірмейді.

Достық – адамды  асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне көмектеседі. Оның  маңызды белгісі – берік әрі терең эмоциялық жақындық. Ол – адамның бір-біріне  сөз жүйесінде де,  іс  жүзінде де  адал  және  шынайы  болу, өзара терең мүдделік, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.

Қазір біздің елімізде оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге ерекше мән  берілуде. Қазақ тілі мен әдебиет пәні жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.

Әр сабақ – адам бойындағы  асқақ арман, берік сенім, әсемдік  пен сұлулыққа құштарлық тәрізді  ең мөлдір сезімдермен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Ана тілі мен әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге, бүкіл халқын сүюге дейін жетелейді. Әр сабақты, бөлінген 45 минутты тиімді пайдалану ісі мұғалімнен ерекше  шығармашылық жұмысты, зерделі еңбекті талап етеді. Қазіргі таңда мұғалімдер басшылыққа алатын озат тәжірибелер де, әдістемелік еңбектер де баршылық. Сабақ өтудің әдістемесі, әдіс-тәсілдерді түрлі жағдайға байланысты қалай сұрыптап пайдалану керек, ол қайткенде тиімді, нәтижелі болады? Міне, бұл мәселелер, шыннда да, ойлануды қажет етеді. Тәжірибе көрсетіп жүргендей кейде бір сабақтың өзінде әрқандай әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз, көрнекілікке, қосымша материалдарға ерекше көңіл бөлеміз, бірақ кейде өз ойлағанымыздай нәтижеге жете бермейміз. Дәлірек айтқанда, өзіміз “жаттап алған” әдіс-тәсілімізден ауытқымаймыз. Қай класс, қай тақырып болмасын сол жаттанды соқпағымызбен кете береміз. Мұндай сабақтар бүгінгі талап деңгейінен шыға бермейді. Осы мәселені ескере отырып, өз іс-тәжірибемізді ортаға салғанды жөн көрдім.

Біз әдебиет сабағының күре тамыры – көркем текспен жұмыс деп  есептейміз. Бұл пәннің ерекшелігі сол – ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер ету керек. Әдебиет пәнінің мұғалімі сабақта белсенді түсіндіруші, белсенді хабаршысы емес, ол ең алдымен өзінің алдында адам, азамат отырғанын, олардың өз сезімі, өз ой-пікірі бар екенін сезінуін керек. Сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы дәрежесіне қатыстыруға тырысамын. Олар – пікір айтушылар, өз пікірін қорғаушылар, көркем шығармаға деген көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сондықтан оларды сабаққа үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін. Оқу формасында топтық жұмыстың тиімділігіне көп назар аудардық. Мұндай жұмыс оқушыларды дербес, шығармашылық жұмыстарда іздене білуге тәрбиелейді.  Көпшілік ортасында пікір айтып, бірігіп қорытынды шығару сияқты ұжымдыққа тәрбиелеудегі маңызына көңіл бөлдік. Әр топ мүшелерінің ішінде қабілеті “төмен” оқушылар бар екенін ескеріп, оларға берілген тапсырмаларға, үнемі қосымша көмекші карточка нұсқаулар, көмекші карточкалар беріп отырамын. Бұл жерде біз нашар үлгерушілерге үнемі назар аударып, оларды орташаға жеткізуді ойладық.

Енді халқымды қайтсем ғылым  мен мәдениетке, ең бастысы бостандыққа  жеткізем деп бүкіл саналы өмірін туған елдің болашағана арнаған, сол жолда басынан талай тар  жол, тайғақ кешуді өткізген аяулы азамат, жазушы, ағартушы, публицист, қоғам қайраткері М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқытуда әр сабақты қалай өткізіп жүргенімді ортаға салып отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

        1-сабақ.

Сабақ тақырыбы: “Халқын оятқан қаламгер”.

Сабақ мақсаты: Жазушының биік тұлғасы, бүкіл саналы өмірін туған елдің  болашағына арнаған, туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып  білу.

Тәрбиелік мақсаты: М. Дулатовтың өмірі  мен шығармашылығы түсіндіру  барысында оқушылардың туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Дамытушылық мақсаты: Ынта қойып тыңдау, ойға түю машықтарын қалыптастыру.

Сабақтың жабдығы: М. Дулатов шығармашылығына  арналған 7 блоктан тұратын буклет.

Сабақта пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шериздан Елеукенов “Жаңа жолдан”. Алматы “Жазушы” 1989 ж.
  2. “Оян, қазақ” жинағы.
  3. “Жалын” журналы №5, 1989 ж.
  4. “Қазақстан мұғалімі” газеті, 3-қараша 1983 ж.

 

                              Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың эпиграфы етіп Жүсіп Баласағұнның мына сөзінен бастадым.

Күлге айналсын мейлі, дүние әсте сөнбейді,

Ол туралы жақсы сөз, жақсы лепес  өлмейді.

Төмендегі хронологиялық таблица  М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы  бойынша түзілді.

Түсінік беру осы жүйемен жүргізілді.

Мерзімі

        Болған оқиғалар

1885 ж. 25-қараша

М. Дулатов Торғай уезінің Сарықопа деген жерінде туған. Әкесі Дулат  өз заманында оқыған, сауатты адам. Етік тігіп, ер-тұрман жасаған өнерлі жан болған. Шешесі Дәмеш – Қараман  байдың қызы. Талайлар сөз салып, қолы жетпеген қас сұлудың өзі. Заманында өлең айтып, домбыра тартқан, ақылды ел анасы болған жан.

1889 жыл.

Міржақып 2 жасында анасынан айрылды.

1879 жыл.

Міржақып 12 жасқа толғанда әкесі  етік тігіп отырып қолына кірген біздің зардабынан қағынды ауруына ұшырап қайтыс болады.

1897-1902 жж.

Міржақып Торғайдағы 2 кластық орыс-қазақ  училищесіне түсіп, ауыл мұғалімі деген  атақ алып шығады.

1902-1909 жж.

Мұғалім болып бала оқытады. Міржақыпты жатса да, тұрса да халқының, ұлтының  болашағы толғантады. Сахарада көшіп-қонып мал бағып, қыс күйлі, жаз жайлы болудан басқа тілегі жоқ, бейқам жатқан қараңғы еліне қарлығаштың қанатындай су сеуіп, көңіліне сәуле шашуды мұрат тұтады.

1906 жыл.

“Жүрегі – айна, көңілі – ояу” балаң ақын “Оян, қазақты” Петербургте жалт етіп жоқ болған “Серке” газетінде бастырып үлгереді.

1909 жыл.

Қазан қаласында Міржақып есімін күллі  қазаққа танытқан “Оян, қазақ” жинағы шықты. Патша үкіметі бұл жинақты  жақтырмады.

1910 жыл.

Қуғын-сүргінге ұшырап, Қызылжарға кетті. “Бақытсыз Жамал” романын жазды.

1911 жыл.

Қызылжардан Семейге келеді. Сонда  ұсталып, жыл жарымнан артық абақтыға жатып шығады.

1913 жыл.

Орынбор қаласына келіп, А. Байтұрсыновпен бірге “Қазақ” газетін шығарады. “Азамат” жинағы жарық көреді.

1924 жыл.

Міржақып Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш жиналысында халық-ағарту мәселелеріне байланысты баяндама жасады.

1926-1928 жж.

М. Дулатов “Еңбекші қазақ”, “Ауыл  тілі” газеттерінде әдеби хатшы  болып қызмет істейді.

1928 ж. Аяғында

М. Дулатовты “Кеңестік құрылысқа қарсы жасырын әрекет етті” деген жала жауып ОГПУ тұтқынға алады. Ату жазасына кесілген Міржақыпты 10 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырып, Соловецк лагеріне (Колыма) айдайды.

1935 жыл.

М. Дулатов лагерьдің лазаретінде  қайтыс болады.


 

Енді, екінші  “Бар екен таудан аққан таза бұлақ” эпиграфымен “Оян, қазақ!” жинағы 1909 жылы Қазан қаласында басылып, көпшілік ортасына тез тарап, халықтардың өтініші бойынша келесі жылы Уфа қаласында 2-рет баспа жүзін көреді.

Көзіңді аш, оян  қазақ, көтер басты!

Өткізбей қараңғыда бекер жасты,

Жер кетті, дін  нашарлап, хал қараң боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты, - деп басталатын 4 жол эпиграф кітаптың идеялық көтерген жүгінен түсінік бере отырып, күреске шақырған Төңкерісшіл рухтағы ұран болып естіледі.

Қазағым, көрмегенің әлі алдыңда,

Боларсың көне берсең мұнан жаман

Барында аяқ-қолың қимылдап қал,

Бір күнде тыпырлауға келмес шамаң, - дей келіп мәдениетті елдердегі ғылым мен техниканың қол жеткізген табыстарын мысалға  алады.

Біз дағы ғылым білсек өйтпес пе едік?

Ілгері озғандарғ жетпес пе едік?

Дін, дүниеміз таршылықтан  азат болып,

Өнерлі халық атанып кетпес пе едік?

“Оян, қазақ” болыстық сайлаудың  елді аздырып барымта алып, мал  шашып, ағайынды алауыз ететінін өткір  тілмен шенейді.

Шыққалы болыс сайлау қырық жыл өтті.

Сол сайлау байқасаңыз түпке жетті.

Бай болып, мырза атанып мал біткендер,

Таласып болыстыққа ақша төкті...

ХХ ғасырдың басындағы  қазақ халқының саяси әлеуметтік өміріндегі дерттің бірі жер мәселесі болды. Патша өкіметі ішкі Ресейден көшіп келген қарашекпенділерге қазақ даласындағы шұрайлы жерлерді бөліп жергілікті халыққа тау мен тасты, шөлді аймақтарды қалдырды. Көшпелі мал шаруашлығымен айналысқан елдің экономикалық жағдайына көп нұқсан келді.

Мың жеті жүз отыз бір  санасында

Біз кірдік Ресейдің панасына

Өнерсіз бостығымыз көрінген соң

Қызықпас кім қазақтың даласына.

Жылында мың сегіз  жүз алпыс сегіз

Қазналық деді жердің әммесі де,

Тоналып жылдан жылға  жер сорымыз

Мұжықтың кетті бәрі қаласына.

Осылайша халықтың кемшілігін сынап, оқу-білімге үндеген, бірлікке, еңбек етуге шақырған автор идеясы жандарм басқармасы тарапынан қылмыс деп саналып, жауапқа тартылады. Сөйтіп, “Оян, қазақтың” шығуы халық арасында авторына зор бедел әперсе, бір жағынан патша үкіметінің қуғынына салды. Патша үкіметі Міржақыптың соңына қанша түсіп, тінту жүргізгенмен “Оян, қазақтың” мың данасы сақталып қалды. М. Дулатовтың “Қазақ” газетінің 1917 ж. №233 11-маусымындағы санынан өзі жазған естелігін оқып бердім. Ол былай:

“Оқушыларға мағлұм “Оян, қазақ” атты өлең кітабымды ескі хүкімет  шам көріп, “қазақ оянып кетеді” деп қорқып, 1911 жылы мені сотқа берді, сол себепті жыл жарымнан артық абақтыға жатып шықтым. “Оян, қазақ” халық арасына тарамасын деп, хүкмет хүкім салды...азаттық таңы атты, ескі хүкмет мүлдем кетті, шағымшы “бауырларымыздың” да көзі жоғалды.

Жауыз хүкіметтің былтырғы 25-июнь жарлығында қазақ халқы қан  жылады, бәрімізден артығырақ қырғыз бауырларымыз қырғынға ұшырады. Күні бүгінге  шейін сол қырғыз бауырларымыз бен  көп ел Қытай жерінде бостандықта, ашаршылықта, қырғында: жас балаларын бір шелек бидайға, бір тоятын тамаққа сатып, қатын-қыздарын бір қойдың пұлына айырбастап, естиярлары мойындарына дорба салып, тіленші болып кеткендігі мағлұм болып тұр. Сондықтан сақтаулы мың дана “Оян, қазақтың” ақшасын әлгі босқында жүрген жетім-жесірлердің пайдасына бағыштадым, бұрынғы хақы 20 тиын еді, енді пұлы мұндай қайырлы іске жұмсалатын болған соң, алушыларға бағасы 50 тиын болсын деп мөлшерледім. Бұл бишара бауырларымызды ескеру, өлімнен, қырғыннан құтқару – алаш азаматының адамшылық борышы!” – деп жазды.

Осылай келесі блоктарды  да түсіндірдім.

ІІІ. Өз бетімен  жұмыс.

Оқушылар хронологиялық  таблицаны жасайды.

ІУ. Жаңа сабақты бекіту.

Алты оқушы, алдарындағы 6 блок бойынша өз ұққандарын айтады.

У. Оқушылар білімін бағалау.

УІ. Үйге тапсырма:

Сабақтың соңында осы блоктар бойынша тапсырма беремін. М. Дулатов шығармашылығы бойынша ең негізгі, ең маңызды мәселелер айналасында ойларын қорытындылап келуді тапсырдым.

 

2-сабақ.

(Практикалық сабақ)

Сабақты үй тапсырмасын  тексеруден бастадық. Өткен сабақтың қорытынды біліміне М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ең негізгі мәселелерді оқушылар жақсы меңгергендіктен үйге берілген тапсырмаларды ғана тексеруді қажет деп таптым.

Оқушы Б. “Қазақтың тұңғыш романының авторы, әйгілі ақын, жалынды  публицист, шебер аудармашы, ұлағатты ұстаз туралы толғансам” атты пікір-толғауын былай жазыпты:

“Өткен сабақ мені қатты толқытты, қатты ойлантты. Осы сабақтан кейін менің көз  алдымда Міржақып Дулатов елестегендей. Міржақыптың әйгілі ақын, қазақ халқының адал ұлы, тамаша аудармашы, ұлағатты ұстаз, әрі ғалым, әрі публицист екенін ұқтым. Оның жүрегі қазақ халқым деп соққанын, қараңғы еліне қарлығаштың қанатындай су сеуіп, көңіліне сәуле шашуды армандағанын ұқтым. Қазаққа “көзіңді аш, оян” деп ұран салуынан халықты күреске шақырған рухын ұқтым. Мен бұл сабақтан биік адамгершілікті, тамаша интернационалист, отты патриотты, қазақ халқының тамаша ұлын білдім. Оның өз халқына деген сүйіспеншілігіне сүйсініп, оған құмарттым. Менің алдымнан бұрын белгісіз жаңа кен көзі табылғандай”.

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері