Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.
Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
“Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.
Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

Содержание

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7
Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32
2.1. М. Дулатұлының мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабағында және сыныптан тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде пайдалану. ......................................................................................................32
2.2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер жинақталған “Міржақып Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама жасалып, арнаулы факультативтік сабақ өткізу..........................................................37
2.3. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39
ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51
Қосымша ................................................................................................60

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

 

КІРІСПЕ

 

1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері............................................................................................................7

    1.         Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).............................................................................................7
    2.         М. Дулатұлының тәлімдік мұраларына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама беру...............................................................................................20
    3.         ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ойлардың даму тарихына талдау жасап, сол кезде өмір сүрген зиялы қауымның педагогикалық мұраларындағы идеяларды талдау..............................................................26

 

2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық құндылықтарды мектептің оқу-тәрбие үрдісінде эксперимент-тәжірибе жүргізу..................................................................32

2.1.   М. Дулатұлының мұраларындағы  мәдени-ағартушылық құндылықтарды  пән сабағында және сыныптан  тыс уақыттағы іс-шараларды өткізуде  пайдалану. ......................................................................................................32

2.2.       М. Дулатұлының  тәлімдік мұраларындағы педагогикалық  ой-пікірлер жинақталған “Міржақып  Дулатұлы мұрасы” атты бағдарлама  жасалып, арнаулы факультативтік  сабақ өткізу..........................................................37

2.3.   Эксперименттік-тәжірибелік  жұмыстар арқылы тұлға мәдениетін  қалыптастырудың нәтижесін қорытындылау.............................................39

ҚОРЫТЫНДЫ. ...........................................................................................44

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................51

Қосымша ................................................................................................60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Көкейтестілігі: Біз зерттеуімізге негіз қылып алып отырған ХХ ғасырдың басындағы тарихи тағылымдар арқылы оқушылардың бойында мәдени құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне арналған ғылыми зерттеу жұмысы.

Міржақып Дулатұлы мұраларының  қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, математика және тағы басқа ғылым салаларының дамуына қосқан үлесі орасан зор.

Міржақып Дулатов еңбектеріне  арналған іздену жұмыстары көп. Мысалы: Жапонның ғалымы Томихико Уямо Токио  университетінің ғылыми кеңесінде  “Оян, қазақ!” кітабы туралы диссетация қорғаған.

Алайда, Міржақып Дулатұлының тәлім-тәрбие нысаны тұрғысынан арнайы терең зерттеу жасалған емес. Бұл оның мұрасын бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жөніндегі қарама-қайшылықты көрсетеді.

Зерттеудің  мақсаты: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасына ғылыми-теориялық тұрғыда сипаттама бере отырып, оның еңбектеріндегі мәдени құндылықтарды тұлға мәдениетін қалыптастыруға пайдалану.

Зерттеу пәні: Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасы арқылы тұлға мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

    1. Міржақып Дулатұлы қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау;
    2. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды айқындау;
    3. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени құндылықтарды жүйелей отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

    1. М. Дулатұлының қоғам қайраткері және ағартушы-педагог ретінде қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға сипаттама беру;
    2. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени-ағартушылық идеяларды анықтау;
    3. М. Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы құндылықтарды айқындап, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін әзірлеу.

Зерттеудің әдістері: тарихи-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, қорыту, М. Дулатұлының мұралары негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу, арнайы факультатив сабақтар өткізу.

Зерттеудің  практикалық мәнділігі:

    1. Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады;
    2. “Міржақып Дулатұлының мұрасы” атты арнаулы факультатив сабақтың жоспары жасалып, өткізілді.

Зерттеу көздері: ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен және одан кейінгі Қазақстан, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғаламдық тәлімдік ғылыми зерттеу еңбектері; Міржақып Дулатұлының өзінің еңбектері.

 

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.   Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері

 

1.1. Міржақып Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды анықтау (зерттеу).

 

 

Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келді.

Әкесі Дулат әжептәуір  ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне  жетерліктей дөңгелек қана шаруасы  бар, тауфихты адам болса керек. Балаларының  үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне  бейімдеп үлгерген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен алғашында ауыл молдасына береді.

Бірақ Міржақыптың өз айтуынша, екі жыл азап шеккеннен  басқа ештеңе ала алмағаннан кейін, әкесі оны молдадан шығарып алып, ауылдық мектепте орысша оқытатын Мұқан  Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.

“Менің алғаш білімге  көзімді ашқан сол кісі еді”, - дейтін Міржақыптың тағы бір сөзі оның өнер-білім жолындағы ұзақ жылдар бойы жемісті ізденістерінің бастауы  дәл сол Торғайдың өз топырағында  жатқанын аңғартса керек. [1.   15-16 ]

Міне, осы тұста алғысқа толы аса бір тебіреністі сезіммен еске алып,арнайы айтар бір жәйт - өзі халықтың шын жанашыр қамқоры болып туғандықтан, өте алыс болашақтарды ойлап, жанкештілікпен атқарған алып қызметінің арқасында мәңгілік маңызы бар іс тындырған. Сөйтіп жаңағы Торғай топырағының құнарына мәуелі білім ұрығын сеуіп кеткен Ыбырай атамыздың – ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мектебі бұл кезде іргесін әжептәуір бекітіп, еңсесін көтеріп, айналаға игі ықпалын тигізіп тұр еді.

Демек, жаңағы Мұқан мұғалім  де, одан кейінгі Ахмет Байтұрсынов, Асқар Дулатұлы да мың сегіз жүз сексенінші жылдары шаңырақ көтерген сол Ыбырай мектебінің – егер ресми атымен атасақ, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлектері еді. Сол сиқырлы дүниенің есігі енді ағаларының ізін басып келген шәкірт бала Міржақыптың алдынын ашылып еді. [2.   15-16 ]

 

Сөйтіп, екі жасында  шешеден, он екі жасында әкеден жетім  қалған жас өспірімнің бұдан былайғы  тәрбие қамқорлығы Асқар ағасының мойынында  қалады. 1897 жылы ол Торғай қаласындағы  жаңағы екі кластық орыс-қазақ мектебінде түседі де, бес жыл оқып, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шығады.

Содан алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.

Әлі шәкірт жасындағы  ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған белсенді әлеуметтік, саяси, шығармашылық қызметі, міне, осы кездерден басталады. Міржақып туралы сөз қозғағанда біздің де жітірек ойланып, оның өмір жолына үңіле қарайтын тұсымыз осы.

Бұл қай кез еді? Уақыт  жағынан алсақ, талай халықтардың  үстінен сұрапыл дауылдарды соқтырып өткен ХХ ғасырдың басы. Ал қазақ қауымының хал-жағдайына орайластыра ой жіберсек, бұл кезең даланың денесіне жан бітіп, қимылға келе бастаған кезі.

Әлеуметтік-саяси жағынан  алғанда, бұл кезең патшалықтың  қазақ даласында отаршылдықты күрт күшейтіп, шаруашылық жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге тізесін батыра түскен жылдар еді. Өткен ғасырдың аяқ кезіндегі атышулы Столыпин заңынан кейін қауымнан босатылған орыс шаруалары жаппай қазақ өлкесіне көшіріліп, патша әкімшілігінің зорлығымен жергілікті халықтың оты-суы мол, ең шұрайлы жерлері жаңа қоныстанушылырға тартып әперілген.

Бұл жағдай сол кезде  көздері ашылып, ұлттық сана-сезімдері  оянып, туған халқының қамын ойлай  бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қағаберіс қалып, марғау жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Сол қапастан құтылудың ең бірінші қамы – ілгергі елдердің қатарына қосылып, өнер-білімге тартылу деп білген олар өздерінен бұрын өткен ағартушы ағаларының дәстүрін жалғастырып, қалың бұқара арасында осы бағытта насихат жұмысын өрістетті.

Алғашында осындай таза ағартушылық сарында туындап, кейін  саяси сипат ала бастаған бұл  қозғалыс ғасырдың бас кезінде патшалықтың  саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің  әртүрлі ұлттық аймақтарына, әсіресе біздің түркі тілдес ағайындардың арасында ұлт-азаттық, либералдық-демократиялық сарындағы сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсете бастаған.

Міне, осындай тарихи ахуалда ел ішінде  жас ұрпаққа  білім ұрығын сеуіп жүрген Міржақып сияқты көңілі сергек, көкірегі ояу жас мұғалім халықтың тағдырына байланысты саяси-әлеуметтік мәселелерден оқшауланып самарқау қала алмағаны, әрине, заңды еді.

Қалың қазақты ортадан  шығып, айналасы 4-5 жылдың ішінде уездік мектептен дүниелік пәндердің негізі жөнінде жалпылама ғана мағлұмат алып шыққан жас жігіттің болашақта үлкен білімдар болып шығуы үшін және заманның аяқ алысын аңғарып, соған қарай қарекет жасайтын қайраткер болып қалыптасуы үшін, өзгені былай қойғанда, мынадай екі қасиет қажет сияқты болып көрінеді.

Біріншісі – мектептен  алған білімдік-танымдық мағлұматтарды  өздігінен оқу арқылы жүйеге келтіріп жетілдіру және екіншісі сол білгенін ел өмірімен салыстырып, оның тілек-талабына бағындыра білу, соған орайластыра  іс-қимыл жасауға бейімделу.

Жасы жиырмаға толмаған балаң жігіттің бойында осы екі  қасиеттің екеуі де бар еді. Оның үстіне, іздену кезінде түйгенін де, күн сайын көзі көре жүріп, өзгеге айтқысы келген әсерін де жұрт көңіліне қонымды өлең шумақтарымен жеткізе  алатын, табиғаттың бағалы сыйындай ақындық дарын да жігіт бойынан белгі бере бастап еді.

Қысқасы өрелі ой мен  өршіл талап өз бойынан сәтті  ұштастық тапқан жайсаң жас алыс қияндарды  аңсаған алғыр қырандай өмірден  кең өріс іздеді, үлкен мақсаттар  мен асыл мұраттар жолында құлаш сермейтін даңғылға қарай асықты.

Ол кезде Міржақып осынау тың сонарда алдынан із салып кеткен Ахмет ағасының есімін де еміс-еміс естіп жүретін. Өйткені  жақсының аты әрбір қыр асқан  сайын өсіп, зорайып отыратын қазақ  даласында осы өңірдің өз түлегі, кешегі Байтұрсынның ұрпағы Ахметтің сонау Қостанай-Омбы жақта дүбірлеткен атақ-даңқы Торғай табанында да жаңғырығып жатпауы мүмкін емес еді.

Ынтық көңілге соны нысана етті ме, әлде қалың өмірдің қайнаған ортасын аңсады ма, қалай болғанда да Міржақып 1904 жылы алыс та ұзақ сапарға аттанып, сол кезде Арқадағы қазақ оқығандарының бас қосатын бір орталығы – Омбы қаласына тартады.

Бұл, жаңағы айтқанымыздай, Россиядағы буржуазиялық-демократиялық  бірінші революцяның қарсаңында ел іші дүрлігіп, қоғамдық қозғалыс қазандай қайнап, бұрқырап тұрған шақ болатын.

Соның дүмпуімен қазақ  даласында да жұртшылық пікірі ел тағдырына байланысты ірі-ірі әлеуметтік мәселелер деңгейіне көтеріліп, жалпы көпшіліктің санасына орныға бастаған.

Кемеңгер ұстаз бен  зейінді шәкірттің бірін-бірі іштей ұғысуы ма, әлде ұзақ жорықтарда қол бастаған хас батыр мен қатерлі жолға бас байлаған қаһарман ұланның семсер үстінде серттесуі ме, - қалай болғанда да бұдан былайғы бүкіл өмірлерін бір мақсаттың тәуекеліне тігіп, артық демдері біткенше жұп жазбай өткен екі есіл ердің алғаш рет жүздесіп кездескен жері–осы Омбы қаласы болып еді.

Олардың бір-бірімен табысуы, түсінісу, сырласу сұхбаттарының  қай мазмұнда, қай бағытта өткенін  анық білмесек те, нәтижесінің қандай болғанын дәлелдейтін дерек дәл  сол жолы Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға беттейді. Осында әуелі астыртын жұмыстан басталып, кейін жария сипат алған революциялық жұмысқа белсене араласады.

Қарқаралыға алғаш келгенде уездік мектептің мұғалімдігінен бастап, ал жаз ішінде қалалық училищенің жетекші ұстазына айналған Ахан бұл кезде бүкіл қыр еліне әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалған болатын.

Міржақып Дулатұлының  шығармашылық мұрасы жөніндегі Қазақстан  Компартиясы Орталық Комитеті комиссиясының  қорытындысында келтірілген: “1905 жылғы революциялық оқиғалар тұсында ол Қарқаралыда шеруге қатысқандар қатарында болады” деген мағлұматты да біз осы тұрғыдан түсінеміз. [3.   15-16 ]

 

Осындай қызу қимылмен көзге  түскен жиырмадағы жас жігіт осы  сапарында қазақ конституциялық-демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.

Кеше ғана Торғай топырағынан  аттанған ауыл мұғалімінің әлеуметтік-саяси  көзқарасының қалыптасуында, ой-өрісінің кеңейіп, ішкі сенімдерінің беки түсуінде бұл сапардың шешуші маңызы болғаны, әрине, түсінікті. Саяси күрескерліктің Омбы мен Қарқаралыда Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсянов мектебінен алған алғашқы сабақтарын Міржақып астанаға барғанда одан әрі кеңейтіп, пысықтай түседі. Сол замандағы ұлттық, демократиялық қозғалыстың басқа да бірсыпыра қайраткерлерімен жүздесіп танысады. Өзін де танытып қайтады.

Информация о работе Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларының ғылыми-теориялық негіздері