Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.
КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3
1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18
1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18
1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22
2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39
2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39
2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46
ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..
Дегенмен, Ресей Цин империясына - Құлжаны орыс әскерлері уақытша иеленеді, Қытай талап еткен кез келген уақытта кері қайтарылады - деген пікірін мәлімдейді. Өйткені, Ресей Құлжаны басып алып иеленгенімен, оны өз иелігіне біржолата қалдыруды жоспарлай алмады.
Ресейдегі бірқатар ірі буржуазиялық топ өкілдері мен билеуші өкілдер арасында да отаршылдық пиғылды қоздырып, Ілені Ресейдің иелігінде мүлдем қалдыруды ұсынушылар табылғанымен, Орыс үкіметі Қытайдың әскери күш-қуатын жинақтап, Шыңжаңдағы билігін қалпына келтіру әрекетін бастайтына көз жеткізді, сондықтан, «айдаһар елімен» арадағы қатынасты алдын ала бұзуға жол бергісі келмеді. Дегенмен, Қытайдың қазіргі қиыншылық жағдайын да өз пайдасы тұрғысынан пайдаланып қалуды көздеген Ресей өкіметі Ілені уақытша иелене тұрып, Шыңжаңдағы жағдайға Қытай өзі ие болатындай кезең туса, өзінің шекаралық аймақтарының қауіпсіздігіне анық көз жеткізетіндей болғанда Ілені қайтарып беріп, оны ұстап түрғаны үшін цин үкіметінен орыс саудасы үшін Батыс Қытайда жаңа сауда жолдарын ашуды, Ілені ұстап тұруға кеткен шығынның толық өтемін алуды, шекаралық мәселелердегі «кейбір кемшіліктерді» Ресей пайдасына орай шешу сияқты меселелерді талап етуді көздеді.
Ілені басып алу Ресейдің Орталық Азиядағы отаршылдық иеліктерін кеңейтуде өте маңызды мәнге ие болды. Іле облысы стратегиялық жағынан бүкіл Шыңжаңға үстемдік ететін жағдайы бар, әрі Пекинге апаратын көне керуен жолы да осы жерден өтетін, сонымен қатар Батыс Қытайдың ең табиғи байлығы мол аймағы еді. Сол кезде-ақ Іленің қойнауы көмірге, кен орындарына, мұнайға бай екендігі белгілі болатын. Іле өзенінің аңғары астық өсіруге қолайлы болғандықтан ол аймақтың халқын астықпен қамтамасыз ететін. Ол сонымен қатар, тауар өткізу рыногы ретінде де қызықтыратын өлке болды.
Пекин патша өкіметінің бұл басқыншылық әрекетіне наразылық білдіріп, орыс әскерлерінің кері әкетілуін, Іле цзяньцзюнінің қалпына келтірілуін талап етеді. Ілені ұстап тұруға, сол кездегі жағдайда, қытай әскерінің мүмкіндігі жоқ болса да, Іленің цзяньцзюні Жун Құлжаны тез арада Қытайға қайтаруды талап етеді. Бірақ Цин империясының бұл сөзіне Ресей ол кезде құлақ асқан жоқ. 1872 жылы Сергиопольде Жун орыс өкілі генерал-майор Богусловскиймен кездесіп, цин үкіметінің талабын жеткізгенде, орыс үкіметінің Құлжаны Қытайға қазір қайтармайтындығын, оны қытай әскерлерінің Якуб-бектің басқыншылығынан қорғай алмайтындығын алға тартады [27, 444 б.].
Ілені басып алған соң, Орыс екіметі Әбіл-оғлының үкіметін жойып, басшыларын биліктен кетірді. Тараншылықтардан билікті ғана алып қоймай, орыс басшылары олардың ие болып қалған жерлерін де тартып алып, өз билігіне көшірді. Тараншылықтарға өте қатал талаптар қойып, оларға аса ауыр салықтар мен міндеткерліктер жүктеп, қанауға ұшыратты. Мұсылман халықтарға деген патша өкіметінің дұшпандық саясаты бұл жерде барынша айқын көрінеді. Іледегі мұсылман халықтардың арасында патша өкіметінің жазалау шаралары оған деген дұшпандық көзқарасты да тудырмай қойған жоқ. Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың тәуелсіздік жолындағы көтерілісін барынша аяусыз жазалау арқылы орыс патшасы өзінің мұсылман бодандарына да ескерту жасағандай қимыл көрсетті.
Ілені басып алған соң, орыс үкіметі оны билеуді Жетісу облысының әскери губернаторы Г.А.Колпаковскийге беріп, оның басқармасы жанынан Құлжа істері жөніндегі арнаулы Канцелярия құрды. Осы мекемеде бүкіл Іле аймағы бойынша әскери, саяси, экономикалық т.б. мәселелер жөніндегі мәліметтер жинақталды. Іледегі орыс билеушілеріне аймақтағы қираған шаруашылық пен сауда мәселелері мен жергілікті халықтың ұлтаралық даулы мәселелері мен түрлі тұрмыстық мәселелерін шешіп отыру және аймақтың жағдайын қалпына келтіру жұмыстары оңайға соққан жоқ.
Патша өкіметінің аймақтағы отаршылдық әрекеттері қаншама қатаң жүргізілді дегенмен де, орыс билеушілері Іленің күйреген экономикасын біршама қалпына келтірді, жергілікті халықты өз жағына қаратып, олардың наразылықтарын тудырмау үшін бірқатар тұрмыстық мәселелерін шешіп отырды. Сауда байланыстары жанданып, жергілікті тұрғындар орыс билігін мойындап, оған үйрене бастады. Көтерілістерден шаршаған халық тыныштықты қалап, бейбіт өмір сүруге икемделе бастады.
Ресей империясының Іледегі отаршылдық саясатын қанша айыптағанмен де, оның әріптесі - Қытай империясы үшін пайдалы жақтары да болды. Орыс әскерлерінің Ілені басып алуы нәтижесінде Якуб-бектің бүкіл Шыңжаңды біріктірген күшті мұсылман мемлекетін құру жоспары іске асырылмады. Англияның да Шыңжаңға бекіну арманын орыстар жүзеге асыртпады. Ресейдің өзінің ішкі және сыртқы саяси факторларынан туындаған мүдделі саясаты Қытайдың атақты әскери қолбасшысы Цзо Цзунтанның Шыңжаңды Цин билігіне қайтару жорығында оның әскери жоспарының тезірек жүзеге асып, жеңіске жетуіне жеңілдік туғызып берді.
1866 жылы дұңғандар көтерілісінің негізгі ошағы болған Шэньси мен Ганьсу провинциясының генерал-губернаторы болып атақты әскери қолбасшы, цин сарайының беделді қайраткерлерінің бірі - Цзо Цзунтан тағайындалады. Бұл саяси қайраткер тайпиндер көтерілісін басуда ерекше көзге түсіп, үкіметтің үлкен сеніміне ие болған еді. Ал 1866 жылдан бастап, Шэнь-Гань провинцияларындағы Бай Яньху мен Ма Хуанлун бастаған дұңғандар көтерілісін аяусыз басып жаныштағаннан кейін оның саяси карьерасы жылдам өсе түсті. Дұңғандар мен няньцзюндердің көтерілістерін басқаннан соң, 1868 жылдың жазынан бастап Цзо Цзунтан мұсылман «инсургенттерімен» күреске бел шешіп кіріседі.
Цзо Цзунтан саяси сахнада пайда болғанға дейін, маньчжурлардың дұңғандармен күресінде ерекше «табыстары» болған емес еді, тіпті көтерілісшілермен күресудің белгілі бір тактикасы да болған жоқ. Маньчжурлардың көтерілісті басу кампаниясының бұрынғы әскери қолбасшылары арасында көтерілісті әскери күшпен жойып жіберу қажет пе, немесе көтеріліс көсемдерін алдап, өз жағына тарту керек пе деген мәселеде тиянақты бір шешімге келе алмай, толқу болды. Көтеріліске қарсы қимылдардағы бетбұрыс кезең 1868 жылы Цзо Цзунтанның Шэньсиге келуімен басталды. Алғашқы кезеңдегі көтерілісшілердің басымдық көрсетуімен біраз шығынға ұшырағанмен, Цзо Цзунтан 1869 жылдың күзіне қарай көтерілісшілерді қанға бояп, Шэньсидегі көтерілісті басады.
Осыдан кейін ол Ганьсу, Нинься жеріндегі көтерілістерді басуға кіріседі. Бес жылға созылған соғыс нәтижесінде Цзо Цзунтан дұнғандар көтерілісін талқандап, оның жетекшілері Ма Вэньлу-ды тізе бүктіреді, ал Бай Яньху Шыңжаңға қашып кетіп, ондағы Якуб-бектің Жетішар мемлекетіне барып паналайды [29].
Цин империясының территориялық иеліктерін барынша кеңейтуді, оның солтүстік-батыс шекарасын бекемдей түсуді көздеген әскери қолбасшы Цзо Цзунтан сол Шэнь-Гань провинцияларындағы көтерілістерді басу кезінде-ак, империяның иелігін Памирдің етегіндегі жерге дейін созып, оның үстемдігін орнатуды ойлаған болу керек. Онымен жақын жүрген серіктерінің айтуына қарағанда, ол сол кезде-ақ Шыңжаң туралы мәліметтерді жинақтай бастаған. Шыңжаңдағы көтерілісті жаныштап, оны империяның билігіне қайтару Цзоның әскери амбициясы болды. 1874 жылы няньцзюндерді талқандап болып, Сучжоу түбінде дұңғандарды басқан соң, Шыңжаң мәселесі күн тәртібіне қайта қойылды.
Цин империясының саясаткерлері Шэнь-Ганьдағы көтерілісті басумен барлық жағдай түзелмейтінін, мұсылмандардың наразылықтарын тоқтату әлі ерте екенін сол кезде-ақ түсінген болатын. Цин үкіметі бұл соғысқа 40 млн. лян қаржы жұмсады. Цин әкімшілігіндегілер ендігі кезек — Шыңжаңдағы антициндік көтерілісті басып, империяның солтүстік-батыс аймағын тыныштандыру екендігін жақсы түсінді.
Цин империясының билеушілері Шыңжаңды империя құрамына қайта қосу үшін жорықты бастауға ешқандай кедергі болар себеп жоқ деп отырғанда, кенеттен Жапония Қытайдың алдына Рюкю (қытайша — Люйцюй) және Тайвань аралдары туралы даулы мәселесін қойды. Өткен ғасырлардан бері Қытай мен Жапонияның арасында шешілмей келе жатқан осы аралдардың мәселесін Жапония Цин империясының дағдарысы шиеленісіп тұрған дәл осы сәтте, біржолата шешіп алуды көздеді. XIX ғ. соңғы ширегінен бастап, яғни Мэйдзи реставрациясынан кейін күшейе бастаған Жапония сыртқы саясатында белсенділік танытып, Қытаймен территориялық бәсекелестікке түсе бастаған болатын. Рюкю аралындағы қарапайым арандату әрекетін сылтау қылып, Жапония 1874 жылы Тайвань аралына әскери кемелерін кіргізіп, шабуыл бастағаны белгілі болады. Ли Хунчжан Тяныдзиннен Цзунли ямынге ұсыныс пікірін білдірген хат жіберіп, Тайваньға бірнеше мыңдық әскер мен флот аттандырып, жапондықтарға тойтарыс беруді сұрайды. 1874 жылы 14 мамырды императордың осыған сәйкес жарлығы жарияланады. Ұзақ уақытқа созылған әскери-дипломатиялық әдістерден кейін, Пекинде 1874 жылы 31 қазанда Жапониямен Қытай арасында келісім шартқа қол қойылады. Келіссөз нәтижесінде бұл мәселе соғыссыз, бейбіт жолмен шешіліп, агрессор Жапонияға Қытай жарты миллион лян қаржы төлеп, Рюкюдің Қытайдан тәуелсіздігін мойындап, Тайваньдағы Жапонияның дәмесіне тойтарыс беріліп, Тайванның Қытайдың жері екендігі мойындалады. Қытай Англияның қолдауына сүйене отырып, Тайваньды әзірше өз билігінде сақтап қалды.
Жапонияның Тайванға жасаған шабуылы Қытай үшін күтпеген сабақ болды: цин сарайы аяқ астынан болған осы оқиғадан кейін, Қытайдың Жапония алдындағы қорғансыздығына көз жеткізіп, ендігі жерде шығыстағы теңіз жағалауында қорғаныс жүйесін тез арада күшейту керектігін түсінді. Қытайдың сыртқы саясат қызметкерлері басқа мемлекетпен келіссөз столына отырғанда, әрбір мемлекеттің өз позициясын мықты ұстауы үшін, арқасында сүйенер әскери күші болуы керек екендігін алғаш рет жақсы ұқты. Сондықтан, Ли Хунчжан Қытайдың шығыстағы теңіз жағалауының қауіпсіздігін тез арада күшейту керек деген шешімге келеді.
Міне,
дәл осы уақытта, Қытай үшін әскери
шығыны өте қымбатқа түсетін, бірақ
геосаяси, геостратегиялық маңыз одан
да қымбат Шыңжаңға үстемдігін қайта орнату
мақсатындағы жорықты бастай отырып, сыртқы
қорғанысындағы аса маңызды өзінің әскери-теңіз
жоспарын бір мезгілде, қатар іске асыра
ала ма - деген мәселе туады
2.2
Көтерілістердің нәтижесі
мен тарихи маңызы
«Хайфань» — «теңіз жағалауы қорғанысын күшейту», немесе «сайфань» - «құрғақтағы шекараны нығайту», яғни, дәлірек айтқанда, Шыңжаңды қайтару деген мәселенің қайсысы ең маңызды және кейінге қалдыруға болмайтын мәселе, дегенді айқындау жөнінде саяси топтар арасында аса қызу пікірталас басталады. Әрине, теңіз жағалауындағы провинциялар өкілдері - әскери-теңіз жоспарын бірінші кезекте шешу керек дей отырып, олар Жапониядан төнетін қауіптің Қытай үшін қаншалықты ауыр болатынын алға тартты. Ал «сайфань» идеясын жақтаушылар солтүстік-батыс шекара жақтан төнетін қауіптің де Қытай мемлекеті үшін осал емес екендігін алға тартты.
Осьшайша, 1874 жылға қарай Қытайдың билеуші топтары арасында Шыңжаң мәселесі жөнінде екі саяси көзқарас қалыптасты: біріншісі, яғни Ли Хунчжан бастаған топ, Шыңжаңнан бас тарту керек десе, оған қарама қарсы көзқарасты Цзо Цзунтан білдіріп, ол Шыңжаңды қайтсе де, ауыр шығынға қарамай қайтару керек - деген көзқарасты ұстанды [28, 101 б.].
Маньчжурлардың
билігінің соңғы
Цзо Цзунтанның оппоненттері Шыңжаңның географиялық жағдайы Қытайдың қазіргі саяси жағдайына қауіптілігін, оны қоршап отырған шекаралас елдердің — солтүстік-батыста Ресейдің, британдық Индияның, батысында Иран мен Түркияның жақындығын алға тартып, бұл аталған елдердің күн санап күшейіп келе жатуына байланысты олардың Шыңжаңдағы ықпалы да артып отырғандығын, Шыңжаңдағы Қытайдың билігін қалпына келтіргенмен, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкін болмайтындығын дәлелдеушілер көп болды. Олар Шыңжаңдағы Жетішар мемлекетінің Англиямен, Түркиямен, Ресеймен байланыс орнатып отырғандығын, сондықтан, қытай әскері батысқа қарай жылжитын болса, олар жәй қарап отырмайтындығын, Қытай бұл елдермен қақтығысқа келуі мүмкін екендігін де ескертті. Шыңжаңды қайтаруға үлкен әскери және қаржылай шығын шығарғанша, егіншілікті дамытуға күш салу әлдеқайда пайдалы екендігін айтты. Дегенмен де, Шыңжаңнан мүлдем бас тартуға болмайтындығын, империяның мүддесі үшін Шыңжаңның номиналды билігін ғана мойындап, оны вассалды тәуелділікте ұстау тиімді деген пікірлер де айтылды. «Өзімізге де, өзгелерге де өмір сүруге мүмкіндік берген дұрыс» — деді кейбір саясаткерлер. Сонда ғана Шыңжаңды Англия мен Ресей басып ала алмайды деген ойды айтушылар да болды.
Цзо Цзунтанның пікіріне ұқсас ұсыныс айтушылар да аз болмады. Олар теңіз жағалауындағы қауіпсіздікті жоққа шығармай, бірақ Орталық Азиядағы шекаралық аймақты күшейтудің маңызы одан да күштірек екендігін дәлелдеушілер, Шыңжаңды кайтару жағында болды. Империяның теңіз жағалауларындағы проблемаларына қарамастан, Шыңжаңдағы көтерілістер басылуы тиіс, Орталық Азиядағы өзінің «жоғалтқан» жерлерді қайтарып, ондағы Қытайдың билігін қалпына келтіру керек — деп есептеді. Кейбір Қытай саясаткерлері Шыңжаңды қайтарып алмаса, орыстардың Орталық Азияда ғана емес, теңізде де күшеюі мүмкін, және онымен бәсекелес - Англия, Франция және АҚШ сияқты елдер тарапынан да елге қауіп төнуі әбден сөзсіз - деген пікірде болды. Ресейдің Ілені басып алуынан кейін туындаған бұл пікірлер, шынында да негізге аларлықтай себеп болды. Ресей Қытайға құрғақтан ғана емес, теңіз жақтан да қауіп тендіре алатын ел болды. Қиыр Шығыстағы Жапониямен бәсекелестік күреске кірісе бастаған Ресей империясы Қытай үшін аса қауіпті «жауға» айналды. Теңізден ғана Қытайға шабуыл жасай алатын Жапониядан гөрі екі өкпесінен - шығыста — теңіз жақтан, солтүстік-батысында — құрғақтағы шекаралық аймақтардан қауіп төндіре алатын «орыс қаупі» күштірек болды. Сондай-ақ, Батыс державалары жағынан Қытайға қауіп күн сайын өсіп отырған осы жағдайда Цин империясы Орталық Азияда бар күшін салып, қандай қиындық болмасын, Ресейге және батыс державаларына өз әскери қуатын көрсетуге тиіс болды.
Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі