Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3

1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18

1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18

1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22

2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39

2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39

2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46


ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..

Работа содержит 1 файл

Алиұлы Нұрым.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

     Көтерілістің  бүкіл аймаққа өршуі нәтижесінде  Шыңжаң территориясында цин билігінен азат болған дербес бес мұсылман мемлекеті пайда болады: Шығыс Түркістанда - Кучар, Хотан, және Қашғар, ал Жоңғарияда Үрімші дұңған сұлтанаты және Құлжа тараншы сұлтандығы. Бір-бірінен тәуелсіз бұл хандықтар өз территорияларын кеңейту үшін күрес жүргізіп, олардың арасындағы тартыс үлкен саяси дағдарыстарға әкелді. Шыңжаң жеріндегі бұл оқиғалардың салдары онымен шекаралас елдердің де мазасыздануына, кейбіреулерінің бұлардың ішкі істеріне бел шешіп кірісіп, олардың тағдырына араласуына әкелді. Мысалы 1865 жылы Қашғарда цин билігі орнағанға дейін, Шығыс Түркістанды билеген ұйғыр әулетінен шыққан Бузрук-хан Қоқаннан келіп, көтерілісшілерге жетекшілік етіп, билікті өз қолына алады. Кезінде оның әкесі Жаһангер 1825-1828 жылдары Қашғардағы антициндік көтерілісті басқарып, жеңіліске ұшыраған соң Қоқанға қашып кеткен еді.

     Ресейдің  отарлық иеліктерімен шектес жерлердегі пайда болған Үрімші сұлтандығы мен Іледегі тараншы сұлтандығы, олардың орыстарға деген дұшпандық көзқарастары Ресей империясының да мемлекеттік мүддесіне қайшы келер жағдайларды туындатып, шекара аймағына ерекше назар аударуына мәжбүр етті. Ресей өзінің Шыңжаңдағы сауда байланыстары үшін де қатты алаңдады.

     Шыңжаңдағы  иеліктердің бірінен соң бірі империя билігінен бөлініп кетуіне байланысты Пекинде де, Шыңжаңда да өкіметтің алдына осы уысынан шығарып алған жерлер туралы саясат қандай болуы керек деген меселе аса өткір түрде күн тәртібіне қойылды. Күрмеуі көп түйінді қалай шешу керектігі жөнінде мемлекет қайраткерлері арасында қызу талас басталды. Кейбір чиновниктер империяның басынан өтіп жатқан экономикалық және саяси қиындықтарға байланысты мәселені бейбіт, дипломатиялық жолмен шешіп, Жоңғария мен Шығыс Түркістанның тәуелсіздігін, яғни сол жерлерде пайда болған мемлекеттердің дербестігін мойындау керек деген пікір айтты. Ал Цзо Цзунтан бастаған екінші топ өкілдері барынша батыл қимылдап, әскери күшпен көтерілісті басып, жаныштап, Шыңжаңда империя билігін қалпына келтіру керектігін дәлелдеуге тырысты. Цзо Цзунтан Цин империясының аса көрнекті әскери қолбасшыларының бірі болатын. Ол Қытайдағы тайпиндер көтерлісі мен Ганьсу мен Шэньсидегі дұңғандар көтерілісін аяусыз басып жаныштауда ерекше көзге түскен еді. Цин билігіне қарсы шыққан кез-келген наразылықты басып жаншуға ол күш аямауды ұсынған, аса қатігездігімен халық арасында  «баскесер Цзо» атанған. Ал, мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынғандардың пікірі бойынша, Шыңжаңға жазалау отрядын жіберу аса көп мөлшердегі ұйымдастыру және қаржы жинақтау шараларын талап етеді. Бұл пікірді сарайдағы Ли Хунчжан, Цзэн Гофань сияқты саяси беделдері жоғары мемлекеттік қызметкерлер қолдады. Хунаньдағы қытай әскери командованиесінің бас қолбасшысы Цзэн Гофань тіпті, Ганьсудегі Ұлы Қытай қабырғасының ең соңғы нүктесі Цзяюйгуаннен батысқа қарайғы территориялардан бас тарту жөнінде пікір айтқан адам болатын [11, 179 б.].

     Ал  Шыңжаңдағы цин әскерлерінің қолбасшыларының жағдайы тіпті қиын болды. Олар көтерілісшілермен соғыста жеңілуден де, үкімет алдындағы жауапкершіліктен де қорықты. Сондықтан олар мәселенің өкімет тарапынан тезірек шешілуін талап етті. Жергілікті әскери басшылық Шыңжаңды не тәуелсіз деп мойындау керек, немесе қайта басып алу керек, сол үшін уақыт оздырмай бір шешімге келу қажет деп есептеді [22, 46 б.].

     Баркөл  мен Үрімшінің әскери басшылары  Нарцчи мен Линь 1864 жылғы көтерілісті басуды өз қолдарымен жүргізген тәжірибелі қолбасшылар ретінде енді цин үкіметінің Шыңжаңдағы билігін сақтап қалуына күмәнмен қарай отырып, 1865 жылы сарайға өз пікірлерін былай деп жазып жібереді: «Мұсылмандарды жаныштап, Шыңжаңды қайтарып алу үшін жүз мыңдаған жақсы әскер, он миллиондаған лян қаржы, бірнеше жылдарға созылатын соғыстар қажет болады.) және оның нәтижесінде туындайтын бейбітшілік қалпына келгенше болатын тұрақсыздық та орын алады. Бірақ бұның бәрі уақытша ғана және сенімсіз әрекет. Біз Сізден, Ұлы Мәртебелім, гундарыңыз, чжухоуларыңыз бен Цзюньцзичу (Әскери Кеңес) мүшелеріне тапсырма беріп, осы мәселені жан-жақты талқылап, ұсыныстарын берулерін талап етуңізді өтінеміз. Осыдан соң қабылданған шешім бойынша Сіздің арнайы жарлығыңызды күтеміз және оған жүгінеміз» [11, 175-189 бб.]. Осылайша, алғаш рет үкіметке Шыңжаңнан бас тарту жөнінде пікір айтылды.

     Бірақ, күткендегідей-ақ цин сарайына мұндай пікір ұнамады және жоғарыдағы хатқа жауап ретінде қатаң жарлық берілді: «Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісі ешқандай кедергісіз тез арада басып жанышталуы керек. Тағы қандай шешім керек? Осындай пікір айтарда Сіздер не ойладыңыздар? Сіздердің шешімдеріңіз ақылға сыймайтын, негізсіз пікір. Осыдан кейін, егер Сіздер бұл мәселені шешу жөнінде саусақтарыңызды қимылдатпай әрекетсіз отыратын болсаңыздар, Ұлы Мәртебелім өз міндеттеріңізді орындаудан бас тартқандарыңыз үшін және жағдайды ушықтырғандарыңыз үшін жауапкершілікке тартып, жазалайды» - деген жауап алады [11, 175-180 бб.].

     Шыңжаңды  Цин империясының қол астында  қалдыру мәселесінде солқылдақтық танытқан бұл екеуі ғана емес еді. Бұндай көзқарасты Тарбағатай цаньцзань дачэні Ли Юньлин 1866 жылы Іледен айрылған кезде, цин сарайына жолдаған есебінде үкіметке ұсынған баламалы пікірін көрсеткен болатын. Онда: «біз бүгінгі таңда Шыңжаң мәселесіне келгенде нені қалдырып, нені беруіміз керек екенін айқындап алуымыз керек... Қазір елдің қаржылай және әскери жағдайы өте қиын жағдайда тұрғанда қу далада соғыс жүргізгенше, адамдарға демалыс берген жөн. Соғысты жалғастыру мемлекет басқарудың оңтайлы жолы емес. Тезірек мәселені шешу қажет, не Шыңжаңға тәуелсіздік беру керек, не оны қайта басып алу керек. Әйтпесе бәрі бос әңгімеге және әрекетсіздікке айналады» -деген ұсыныс айтылды.

     Цин сарайы бұған да көнген жоқ, Шыңжаңнан  бас тарту мемлекеттік қауіпсіздігіне теріс әсер етеді деп, ұсынысты қабылдамай тастады. Ал Шыңжаң мәселесін әскери жорық жасау арқылы түпкілікті шешу жолын жақтаушылар болса, Жоңғария мен Шығыс Түркістанды «жоғалту» деген сөз, Цин империясының батыс жағы үнемі қауіпті жағдайда болады деген басты себепті алға тартты. Бұл ғасырлардан бері келе жатқан тарихи шындыққа негізделген және осыған сәйкес аймақтың геостратегиялык маңызын дұрыс пайымдай білген пікір еді.

     Империяның  шет аймақтарындағы мұсылмандар  көтерілісін басып жаныштау әрекетін бастау жөніндегі мәселеде Цзо Цзунтан өз пікірін баяндамасында былай деп көрсетеді: «Шэньсиге әскер кіргізерден бұрын, ең алдымен Қытайдың өз ішіндегі бүліктерді басу керек, Ганьсуге әскер кіргізерден бұрын, Шэньсидегі мұсылмандар көтерілісін жаныштау керек, ал сосын ғана Шыңжаңды көтерілістен тазартуға кірісуге болады. Сонда ғана азық-түлік тасымалдау мен әскердің қозғалысына жол ашылады, барлық жайсыз жағдайлардан зардап шекпеуге мүмкіндік туады».

     Цзо Цзунтанның пікірін мемлекеттегі жоғары лауазымды адамдардың біразы қолдады. Мысалы осы пікірді қолдай отырып, мұсылмандар көтерілісін басып жаныштауға аттанатын жазалаушы әскерді басқаруға дейін дайын екендігін білдірген император Сяньфэннің (1851-1861) ағайындас бауыры болып келетін, ұлы уәзір (гун) Чунь (И Хуань) болды, ол император атына жіберген баяндамасында: «Қытайдың өз ішіндегі әскери қимылдар аяқталып келеді» - деп, империяның ішіндегі бүліктерді басу әрекетінің аяқталғанын меңзей келе, оз ой-пікірін былай деп одан әрі жалғастырады: «қазіргі кезеңде кімде-кім империяның шеткі жағының қауіпсіздігі туралы қам жейтін болса, ол ең алдымен солтүстік батыстағы екі жолды (яғни Жоңғария мен Шығыс Түркістанды) ойлауы керек. Егер империяның шеткі жағындағы жағдайлар түзелмесе, онда, кезінде император Вэньцчуи Сяньчуанди (Сяньфэнь) өз жарлығында көрсеткендей, «болашақта Ішкі Қытай, еріннен ашық қалған тістер сияқты қорғансыз қалады». Бұның, географиялық жағдайына қарай өте ауыр іс екенін, Гучің әулеттің негізін салушылардың бәрі мойындап кеткені, (бірақ Шыңжаңға ие болудың дұрыстығын тарих өзі сан рет дәлелдеген. Сондықтан ұлы мәртебелімнен маған әскермен жорыққа аттануға рұқсат беруін өтініп сұраймын және сол жазалаушы жорықтан жеңіспен оралып, Сіздің алдыңызда ризашылығыңызға ие болсам» - деп жазды ол.

     1864 жылы тайпиндер көтерілісін күшпен тоқтатқан соң, 1866 жылға қарай, Цин империясының жағдайы біршама тұрақтанады. Енді цин әскерлері империяның басқа аймақтарындағы, яғни няньцзюндерді, Шэньси мен Ганьсудегі дұңғандарды, сондай-ақ Жоңғария мен Түркістандағы мұсылман халықтардың антициндік көтерілістерін басып жаныштауға мүмкіндік алды.

     Осындай жағдайда антициндік күштерді бейтараптандыру  моселесі қайтадан маңызды бола бастады. Қалыптасқан жағдайға орай Шыңжандағы халықтардың азаттық көтерілістерін күшпен басу жөніндегі пікір жеңіске жетіп, цин әскерлері Шыңжаңға жорықты Батыс Моңғолия жақтан бастауы керек деп шешіледі. Ондағы ойлары шэньси-ганьсу дұңғандары мен Шыңжаң дұңғандарының бірігуіне жол бермеу болатын.

     Бірақ, 1867 жылы няньцзюндердің батыс сапының  әскерлері Қытайдың Хэнань, Шэньси, Шаньси, Чжили және Шаньдун провинцияларында маньчжур-қытай әскерлерін ойсырата жеңіп, Пекинге қауіп төндіре бастайды. Сондықтан, үкімет Шыңжаңға аттандырылған әскерлерін орта жолдан тоқтатып, Пекинге қайтаруға мәжбүр болады. Шыңжаңға қарсы бағытталған жорық уақытша тоқтатылды. Цин үкіметі тек, өздері үшін стратегиялық маңызды жерлердегі, яғни Құмыл мен Баркөлдегі әскери күшін сақтап қалумен ғана шектелді.

     Цин империясы Ішкі Қытайдағы бүлікті  басумен айналысып жатқанда, Шыңжаңдағы оқиғалардың даму барысы әртүрлі сипатқа ие бола бастады.

     1867 жылға қарай Шығыс Түркістандағы ұйғыр сұлтандықтары экономикалық даму мүддесін көздей отырып және Цин империясы тарапынан болатын шабуылдарда өз тәуелсіздіктерін сақтап қалу мақсатында, Бузрук-қожаның басшылығымен феодалдық-теократиялық біртұтас мұсылман мемлекеті - Жетішарға бірігеді. Сол жылы Бузрук-қожаның әскери қолбасшыларының бірі, тегі қоқандық - Мухаммед Якуб-бек (1820-1877) билікті өз қолына алады. Бузрук-қожаны биліктен кетіріп, өзін Жетішар мемлекетінің билеушісімін деп жариялаған Якуб-бек мемлекетінің территориясын өзімен көрші жатқан елсіз елдер есебінен ұлғайтуға кіріседі. 1870-1871 жылдары алдымен Үрімшідегі дұңғандар сұлтандығы Жетішар мемлекетінің құрамына енеді. 1872 жылға қарай Жетішар мемлекетінің аймағы Цин билігінде қалған Құмыл мен Баркөлден және орыстар басып алған Іледен басқа жердің бәріне тарап, бүкіл Шыңжаңды қамтыды [22,              36 б.].

     Якуб-бек  Қоқан хандығындағы ішкі саяси шиеленістер  мен Худояр ханның әлсіздігін пайдаланып, Орта Азия жерлеріне де көз тігіп, шекарасын кеңейте бастайды. Ол Түркиямен, Англиямен тығыз байланыс орнатып, Жоңғария жерінің біраз бөлігін өзіне қаратып алып, Ресейдің шекаралық иеліктеріне қауіп төндіре бастайды.

     Якуб-бек  Үндістандағы британ өкіметімен тығыз байланысты нығайта түсіп, яғни Англияға арқа сүйей отырып, цин үкіметіне және патшалық Ресейге де қарсы тұруды көздейді. Англия да барынша күш салып, Якуб-бек арқылы Қашғарияның Цин империясынан бөлінуін қалайды. Якуб-бекке әзірше оған қолдау көрсету арқылы ағылшындар оны өзіне тәуелді етіп алуды, нәтижесінде бүкіл Батыс Қытайды қамтыған көтерілісшілерді біріктіріп, күшті мұсылман мемлекетін құруға қол жеткізуді ойлады. Егер ондай өзіне тәуелді мұсылман мемлекеті құрылатын болса, ағылшындардың өз бәсекелесі Ресейдің бұл аймақтағы сауда байланыстарына тосқауыл қойып, оның ықпалынан Шыңжаңды шығарып алуларына қол жететін еді.

     Британ  өкіметі Қашғарияға тыңшыларын жіберіп, Якуб-бекті Ресейге қарсы үгіттеп, оны патша үкіметіне қарсы дұшпандық саясат ұстауына мүдделі болды. Үндістандағы ықпалды ағылшын топтары Батыс Қытай мен көршілес Орта Азиядағы саудаға ие болуды көздеді. Ағылшындар үшін Қашғария «Бұқара мен Құлжа рыноктарының қақпасы» саналды. Оларды Хотанның алтыны мен сауда рыноктары, Түркістанның жүндері мен мал терілері және ағылшын тауарларын өткізуге қолайлы рыноктары қатты қызықтырды.

     Батыс Қытайдың қалаларын бірінен соң  бірін өзіне бағындырып және территориясын кеңейте бастаған Якуб-бек, енді назарын Ресейдің ортаазиялық иеліктеріне аударды, орыс мемлекетіне деген дұшпандық саясатын ашық көрсете бастады. Ол Шыңжаңдағы орыс саудасына кедергілер келтіріп, Текес өзені бойын жайлаған Тянь-шань қырғыздарын өз билігіне бағындырып, оларды Қашғарияны малмен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге күштеп көндіріп алмақ болады.

     Якуб-бек Ресейдің Орта Азия мен Батыс Қытайдағы отаршылдық саясатына кедергі тудыра отырып, онымен бәсекелес болуға ұмтылады. 1868 жылы орыстардың Бұқараға әскери жорығы кезінде Якуб-бек оған қарсы әрекет жасап, Ыстықкөл мен Шу өзендері ауданында үлкен әскер жинақтап, қырғыздарды орыс билігінен аулақтатып, өзіне бағындырып алу мақсатында оларға үндеу тастайды [23]. Орта Азиядағы орыс әскерлерінің отаршылдық қимылдарына бәсекелестік танытып қана қоймай, Якуб-бек енді Шыңжаңдағы Ресей көз тігіп отырған Іле аймағына да ауыз сала бастайды. 1869 жылы ол Құлжадағы тараншы сұлтанына Жетішардың құрамына кіруді, оның билігін мойындауды ұсынады. Сұлтанның бұған көнгісі келмейтінін білген соң, Якуб-бек өз әскеріне Тяньшань таулары арқылы Іле даласына апаратын Мұзарт асуының оң жақ беткейін басып алуға бұйырады. Оның бұл қадамы шынында да Ілеге үлкен қауіп төндіріп, Жоңғарияға оның одақтасы Англияның енуіне жол ашып беретін еді. Іле даласы өте маңызды стратегиялық аймақ болатын, себебі Іле арқылы Қашғарияға Жоңғарияға апаратын жол өтетін, ол сонымен қатар Ілені азық-түлік базасы ретінде де пайдалануды ойлады. Якуб-бек Ресейді Қоқан ханымен де шиеленістіріп, олардыд арасын арандатуға әрекет жасады. Ал Ресейдің саяси қайраткерлері Якуб-бек және оның жүргізіп отырған саясаты туралы ұзақ уақьгт бір тиянақты шешімге келе алмады. Олар біресе Якуб-бектің қытай әскерлерімен күресіне көмек көрсетіп, оның билігінің бүкіл Шыңжаңға таралуына қолдау көрсеткен жөн, сөйтіп өз қол астымыздағы әлсіз мұсылман мемлекетіне ие болғанымыз дұрыс, ал егер тілге көнбейтіндей мінез көрсетсе, оған Бұқара мен Хиуаның кебін кигізуге болады – деген ойы да болды. Түркістан генерал-губернаторы Кауфман да осы пікірді ұстанып, «Ресейге Қытай мен Түркістанда шектескенше, сарқылмас материалдық ресурстары бар Түркістанмен көрші жерде буфер -Ауғанстан сияқты әлсіз мұсылман мемлекетінің болғаны пайдалы еді» - деген ойын да білдірген болатын [24, 87-88 бб]. Кауфман бұндай пікірге бірден келген жоқ. Ол алғашында Шыңжандағы қытай билігінің қайта қалпына келгенін қалағандардыц бірі болатын. Кауфман осы пікірін 1867 жылы 26 қазанда Пекиндегі орыс үкіметінің өкілі Влангалиға жазған хатында былай деп көрсеткен еді: «Мұсылман семьясы партияларға бөлініп жатыр, ал осы алауыздықты неге қытай үкіметі пайдаланып, оларға ие болмайды? Мүмкін менің пікірім қате де шығар, бұрынғы дүниенің өз орнына келгені біз үшін өте пайдалы шешім боларына ешқандай күмән жоқ еді, мен егер ондай әрекет жасалып жатса кедергі келтірудің қажеті жоқ - деген пікірге қосылып, қайта оған себепші болған дұрыс - дегім келеді, және сол әрекетіміз арқылы қытайларға біз оларды қолдайтынымызды білдірер едік» [25, 34 б.]. Бұндай пікірді басқа да саяси қайраткерлер білдіріп, аймақтағы орыс саудасының мүддесі үшін және шекаралық жерлердегі қырғыз, қазақтардың толқуларын болдырмау мақсатында, қытайлардың Шыңжаңдағы билігін қалпына келтіруге жәрдем көрсету қажеттігін үкіметке жеткізіп жатты.

Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі