Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.
КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3
1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18
1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18
1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22
2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39
2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39
2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46
ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..
Англияның ара-ағайындық ұсынысын Қытайдың цин үкіметінің Ли Хунчжан тобы құптауды қалағанымен, Цзо Цзунтан бірден оған қарсы шығады. Алысты болжағыш Цзо, цин үкіметіне ағылшындардың бұл саясатының астарында, Ресейді Орта және Орталық Азия аймағында әлсіретуді, сөйтіп, бұл жерде өзі үстемдік етуді көздеп отырған саясатын дөп басып көрсетеді. Одан әрі Цзо ағылшындардың сөзіне еріп, Шығыс Түркістанға тәуелсіздіктің қандай да түрін беруге болмайтындығын, ол империяға бәрібір қауіпті жағдай тудырып отыратындығын дәлелдеуге тырысады. Цзоның соңғы кездегі әскери жеңістеріне ризашылық сезімдегі Цин өкіметі оның пікірін қолдап, Англияның ұсынысын қабылдамай тастайды.
1877 жылы көктемде Цзо Цзунтан Шығыс Түркістанға жорығын бастайды. Сәуір айында цин әскерлері «Шығыс Түркістанның қақпалары» - Дабаньчэн, Токсун, Тұрфан қалаларын алады. Осы кезде Англия тағы да араға түсіп, Қытайдың Жетішар билеушісімен келіссөз жүргізуін сұрайды. Бірақ оқиғалардың барысын кенеттен болған Якуб-бектің өлімі өзгертіп жібереді. А.Ходжаевтың зерттеуінде келтірілген мәліметтерге сенсек, ол цин өкіметінің жіберген сатқын өкілі Нияз-хаким-бектің у беруінен 1877 жылы 30 мамырды Курле қаласында белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады [30, 98-99 бб.]. Якуб-бектің қазасынан кейін Жетішардағы жағдай бей-берекетсіздікке, ыдыраушылыққа тап болады. Мемлекет ішінде өзара бақталастық, алауыздық өршіп, ол негізінен үш топқа бөлініп кетеді. Цин империясы үшін нағыз қолайлы сәт туады: «Бөліп алда, билей бер» немесе «бөлінгенді бөрі жейдінің» сәті туып, цин әскерлерінің оңайға түскен олжасына айналады. Шығыс Түркістанды бағындыруға аттандырылған цин әскерінің қолбасшысы Лю Цзинь-тан Якуб-бектің көзі тірі кезінде соғысты бастауға асықпай, жан-жақты ойластырумен біраз уақытын өткізгенмен, Бадаулеттің өлімінен соң, ол әскери қимылын жылдамдатып, Қашғарды 1877 жылдың аяғында толық өз билігіне қаратады. Қашғар жеріне цин әскерінің келуінен үрейі ұшқан көтеріліс басшылары, қала бектері жан-жаққа бас сауғалап, қашып кете бастайды. Лю Цзиньтан мұсылман халықты жаппай қырғынға ұшыратып, қатаң жазаға ұшыратумен қатар, өз еріктерімен келіп берілген, цин билігін мойындауға әзір екендігін дәлелдей алған кейбір мұсылман өкілдеріне рақымшылдық жасап, оларға сый-сияпат көрсетіп, жымысқы саясат та жасайды. Тіпті Якуб-бектің Ресейге қашып кете алмай қалған баласы Ишанкулды Лю Цзиньтан рақымшылық жасап, оған да сыйлық берді - деген мәліметтерді кездестіруге болады.
Шығыс Түркістандағы цин билігінің қайта орнауы туралы өз үкіметіне 1878 жылы 9 қаңтарда хабарлай отырып, Жетісу әскери губернаторы Г.А.Колпаковский орыс саудасына мүмкін қолайлы сәт туар деген үмітін де жасырмайды. Ол, осы кездері ішкі бей-берекетсіздіктен тоқтап қалған сауда байланыстары енді дұрыс жолға қойылуы тиіс, себебі Жетішардың орыс тауарларына деген мұқтаждығы осыны талап етеді, сондықтан сауда керуендері енді Қашғарға ғана емес, Жаркент пен Хотанға, т.б. калаларға бара алатын болады - деген үмітін жалғастырады.
Шығыс Түркістанның жерінде цин әскерінің көтеріліске қатысқан халықты жаппай жазалау әрекеттері басталады. Якуб-бектің әйелі, балалары, немерелері түгелдей жазаға тартылады Қашғарды қорғауды ұйымдастырушыларды қолға түсіріп, олардың басын кесіп, халықтың алдына қойды. Одан басқа мыңдаған адамдарды қанға бояп, жазаға тартады. Жақын маңайдағы елді мекендерде тығылып, аман қалған дұңғандарды тауып алып, олардың басын алады. Көтеріліске қатысушылардың дүние-мүлкі мен жері қазына иелігіне алынды. Цин әскерінің қырғынан үрейі ұшқан дұңғандар мен ұйғырлардың аман қалғандары жан сауғалап, жаппай Ресейге қаша бастайды. Цин әскерінің қолбасшысы Лю Цзиньтан 1876 жылы-ақ Жетісу облысының әскери губернаторы Г.А.Колпаковскийге, одан кейін Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфманға Ресейге қашқан босқындарды, әсіресе дұңғандар көтерілісінің көсемі Бай Яньхуды қайтаруды талап еткен хаттарын жолдайды. Лю Цзиньтан орыс басшыларына сес көрсете сейлеп, Бай Яньхуды қайтаруға 50 күндік уақыт берілетінін, егер осы уақыт аралығында босқын қайтарылмаса, ол әскерімен Ресей иеліктеріне соғыс ашатынын айтады. Осындай мазмұндағы, яғни Қытайдан Ресейге қашып кеткен Бай Яньхуды, Якуб-бектің баласы Бек-Кули-бекті және басқа да қашқындарды қайтарып беруді сұраған хатпен цин үкіметі Пекиндегі орыс елшілігіне де қайрылады.
Жетісу
генерал-губернаторы Г.А.
Цин әскерінің қолбасшысының хатында Ресейге қашқан қылмыскерлерді қайтару екі елдің арасындағы келісім-шартта көрсетілген деген уәжіне, Колпаковский, - «Сіздер ол келісімге жүгіне алмайсыздар, әйткені, біздің жаққа қылмыскерлер емес, 5 мыңға жуық сіздердің әскердің қатігездігінен шошып қашқан, кедей дұңған отбасылары...Ол дұңғандар орыс патшасының қамқорлығында отыр, сондықтан олар біздің жерде қалады, біздің жоғарыдағы басшымыздың бұйрығынсыз, Сіздің тарапыңыздан болатын ешқандай кінәлауды мен қабылдай алмаймын» деп жауап береді.
К.П.Кауфман да 1878 жылы 24 наурызда цин әскери қолбасшысына берген жауабында, «екі тату көршілерге тән мінез көрсетудің орнына, әскеріммен Ресейге шабуыл жасаймын дегеніңізді, екі ұлы держава арасындағы екі жүз жылдық достықты бұзуға ұмтылған ниетіңізді ұлы Боғдыхан қолдай қоймас» деген мазмұндағы жауабын жібереді.
Ресей Сыртқы Істер Министрлігін цин әскери басшысының талап еткен мәселелерімен хабардар ете отырып, К.П.Кауфман сонымен қатар шекара маңында қытайлардың Құлжаны басып алуға әскери дайындық жасап жатқаны туралы өсек әңгімелер өршіп тұрғанын да жеткізді. Бұл мәселе туралы ол, Цзо Цзунтан әдейі дұңғандарды қайтару туралы мәселе көтеріп, егер біз теріс жауап берген жағдайда әскерімен Нарынға басып кіреміз деп, біздің назарымызды әдейі басқа жаққа бұрғысы келетін сияқты -деген өз пікірін білдіреді. Оқиғаның дәл осындай бағытта дамуынан сақтану үшін, Кауфман Верныйға әскерді күшейту мақсатында Жетісу казак полкін жібереді. Ресей ішкі істер мекемесі - екі елдің арасындағы келісімге сәйкес қашқындарды қайтару міндеттерін орындай отырып, Лю Цзиньтан талап еткен Бай Янь-ху және басқаларды қайтарған дұрыс - деген шешімін Кауфманға жібереді. Бірақ Кауман, Бай Янь-ху және басқа дұңғандар жәй ғана қашқындар емес, олар цин өкіметі тарапынан зорлыққа тап болған, өз бостандығы үшін күрескен саяси адамдар. Оның үстіне бізге кеткен, Қырғызтанда тұрақтаған мыңдаған дұңғандардың арасында Бай Янь-худың беделі өте жоғары, оны дұңғандар өздерінің ақылшы көсемі санайтындықтан, олардың арасындағы тыныштықты сақтау үшін де оны өзімізде қалдыру керек деген себептерін алға тартқан Г.А.Колпаковскийдің де ұсынысын қолдайтынын айтып, үкіметті сендіреді. Кауфман өз үкіметін Лю Цзиньтанның сөзіне аса мән бермеуді, өйткені ол ресми цин үкіметінің позициясын білдіріп отырған жоқ, Қашғарды басып алудағы өзі күтпеген жеңісіне басы айналған жас әскер басшысының өзімшілдік мінезіне бола Бай Янь-худы берудің қажеті жоқ. Егер біз Бай Янь-худы қайтаратын болсақ, Ресейдің Орталық Азиядағы Қытайға қатысты беделіне нұқсан келтіріп аламыз - деген ойларын да алға тартады. Ақыры орыс үкіметі мәселені шешуді түгелдей Түркістан әкімшілігінің құзырына қалдырады. Бай Янь-худы Цин үкіметіне қайтармады.
Кауфман мен Колпаковский сияқты орыс патшасының отарлық иеліктеріндегі халықтарды билеп отырған басшылары қытай отаршылдығынан зәбір көріп, түркістандық мұсылмандарға келіп паналаған дұңғандар мен ұйғырларды және олардың көсемдерін Цзо Цзунтан сияқты қаһарлы қанішердің жазалауына беріп қойса, мұндағы мұсылман халықтардың наразылық бүлігін туғызары сөзсіз деп сескенді.
Орыс империясы Шығыс Түркістанда циндердің әскерінің жеңіске жетіп, ондағы билігін нығайтқанына алаңдай бастаған еді, себебі Шыңжаңның Іле аймағын өз билігінде ұстап отырған орыс үкіметі аймақтағы ықпалынан айрылғысы келмеді. Цин империясының Шығыс Түркістандағы билігін қалпына келтіруімен тоқтамайтындығын, ендігі кезекте Ілені орыстардан қайтарып алуды көздейтінін, Ілені Қытайға қайтару қаншалықты зиянды және пайдалы деген мәселе бой көтерді.
Орыс патшасы Цин империясының отарлық әрекетіне тосқауыл қоюды емес, Шыңжаңдағы позициясын қайтсем жоғалтпаймын деген мәселемен басын қатыруда еді. Сондықтан Шығыс Түркістан мұсылмандары цин әскерінің аяусыз жазалауын басынан өткізіп, басына түскен ауыр тағдыр тәлкегін өзі көтеріп қала берді. Қарға қарғаның кезін шұқымайды деген мақалдың осындайда айтылатыны бар ғой.
1877 жылдың аяғына қарай Шығыс Түркістанды қолына алған Цзо Цзунтан өзінің сарайға жіберген мәлімдемесінде Шыңжаңның солтүстігіндегі Іледен басқа бүкіл Тұрфан аймағында цин билігінің орнағанын, Бай Яньху сияқты біраз мұсылмандар топтары мен Қашғардағы кейбір мұсылмандар ғана қарсылық көрсетіп отырғанын, қалған жерлердегі жергілікті халықтар оның азат етуші әскерін қуана қарсы алып, қарсылық көрсетпестен «Отанның аялы алақанына оралғанын» хабарлай отырып, «сичжэнге» кеткен шығынның өзін-өзі ақтайтынын былай деп дәлелдеуге тырысады: «Бір кездерде император Цяньлун Шыңжаңды жаулап алғанда империя иелігіне 20 000 шаршы ли жерді қосып берді. Сол кезде де әкімдер арасында қазіргідей шығын көп шығады, елге зиян көп болады деушілер болған. Бірақ Цяньлун ешуақытта өз пікірінен қайтпаған, себебі ол ескірген жерден жаңа құнарлы жерге қоныс аудару жөніндегі өзінің данышпандық ойынан айнымаған» . Цзо Цзунтан енді бұдан былай Пекиннің қауіпсіздігі кепілдікте болатынына, шекараны сенімді түрде ұстап тұруға болатынына көз жеткізетінін хабарлайды. Осы жағдайларды толык бекемдеу үшін, қазіргі Үрімші мен Тұрфанды ғана иелену жеткіліксіз, Шыңжаңның ең шұрайлы жерлері әлі бері қаратылған жоқ, егер Шыңжаңға толық иелік етуге қол жеткізсек, оны дұрыс басқара білсек, азық-түлік мәселесі шешіліп, қазынаға түсетін ақша да көбейер еді. Сонда Шыңжаңға кеткен шығын туралы қауіптен ада болар едік - деген ойын білдіреді. Цин сарайы Цзо Цзунтанның бұл ұсынысын толық құптайды. 1878 жылдың қаңтарында Цзо Цзунтан орыстардың қолында қалып отырған Іледен басқа, бүкіл Шыңжаң жеріне цин билігін қалпына келтіріп, Қытайдың қол астына Шыңжаңды толық қайтарады [32, 424 б.].
Цин
империясы сөйтіп, XIX ғ. соңғы ширегінде
«Жаңа шекаралық иеліктегі» билігін аса
шебер қолбасшы, әрі ірі саясаткер Цзо
Цзунтанның «Сичжэн» жоспары нәтижесінде
қайта орнатты. Бұл жеңістің нәтижесінде
Шыңжаң жері күні бүгінге дейін Қытай
мемлекетінің жері ретінде сақталып отыр.
Осы уақыттан бастап Қытай Орталық Азиядағы
оқиғаларға бақылау жасауға мүмкіндік
беретін стратегиялық маңызды ауданына
ие болып, көңілі біраз уақытқа болса да,
орнықты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қытайлықтар ертеде «Батыс аймақ» немесе «Си-юй» деп атаған, ал қазір Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы орналасқан территориядағы жергілікті тұрғын халықтармен байланыстарының басталуын, қалыптасуын, даму тарихын жүйелі түрде ғылыми тұрғыдан қарастыру көптеген мәселелерге жаңаша талдау жасауға, орнықты қорытынды жасауга мүмкіндік береді. Қытай билеушілерінің сонау көне замандардан бастау алған «Батыс аймақ» жеріне деген қызығушылығы ең алдымен бұл жер арқылы Ұлы Жібек жолының ең маңызды тармақтары өткендігіне, оған қоса солтүстік — батыстағы көшпенді көршілеріне қарсы күрестегі плацдарм жасау мақсатына байланысты болғанын атап көрсету керек. Сондықтан ежелгі Хань империясы кезінде Шыңжаң жеріне алғашқы саяхатшыларын жіберіп, бұл аймақтың халқы мен олардың тұрмыс-салты, шаруашылығы, территориясы, табиғат жағдайы туралы құнды мәліметтерді жинақтап, алғаш рет Батыс аймақ жеріне стратегиялық мақсатпен жол ашуға тырысқаны ұзақ уақыт бойы қытай билеушілері үшін тұрақты саяси бағдар болып қалды. Қытай мемлекетінің қауіпсіздігін көшпенділердің шабуылдарынан қорғау үшін елдің батыс аймағына бақылау орнату да осы мақсаттарды үнемі алдыңғы қатарға шығарып отырды. Қытай императорларының осы мақсатты саясаты түптің түбінде Батыс аймақ жеріне нақты қытай супрематиясын орнықтыруға бағытталғанын атап көрсеткен дұрыс, сонымен қатар Қытай империясы кейбір күшейген кездерінде ғана біраз уақытқа бұл жерге толық империялық билік пен бақылау орнатқаны тарихтан белгілі. Ал өз ішіндегі әлеуметтік-саяси жағдайы нашарлаған және көшпенділермен арадағы күрестерден әлсіреген кезде Қытайдың Батыс аймақтың халқымен ара қатынастары онша берік болмаған жоне оларға билік етуге де мүмкіндігі жетпеген.
Осы ХІХ ғ. бастап Шыңжаң жерін Цин империясының құрамдас бөлігі ретінде игеру, өлкеге қытайлықтарды жаппай қоныстандыру шараларын жүзеге асыру арқылы аталмыш аймақты қытайландыру саясаты жүзеге асырыла бастады. Осының нөтижесінде Шыңжаң халқы отаршылдық бұғауға мойынсұнуға, жергілікті циндік билік өкілдері мен өздерінің ұлттық феодалдық топтарының езгісіне түсуге мәжбүр болады. Цин империясы аймақтың тұрғын халқының этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық және тұрмыс-салтына, дініне, тіліне отаршылдық астам пиғылмен қарауы, оларға қытайлықтардың үстемдігін күшпен таңып отыруы қытай саясаткерлерінің бүкіл империя аймағындағы халықтардың барлығын «чжунхуа миньцзу» - біртұтас қытай ұлты етуге бағытталған саясатын жүзеге асыруға кедергі болды. Өлкені жаппай қытайландыру саясаты мен отаршылдық аяусыз езгі Шыңжаңның тұрғын халқының Цин империясының үстемдігіне қарсы бағытталған, XIX ғасырдың басынан бергі үздіксіз жалғасып келген күреске шығуына себеп болады.
Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі