Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3

1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18

1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18

1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22

2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39

2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39

2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46


ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..

Работа содержит 1 файл

Алиұлы Нұрым.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

     Бірақ қытай саясаткерлері мен цин  үкіметі ойлағандай, Ресейдің сол кезде Қытайға басқыншылық соғыс жасайтындай күш-қуаты болған жоқ еді. Ресей өзінің Қазақстан мен Орта Азиядағы жаңадан империяға қосып алған иеліктерін нығайту жолында әрекет етіп жатты. Оның әскери күші Цин империясының Шыңжаңды иеленіп тұруы үшін қандай қажет болса, Ресейге де орталықазиялық иеліктерін ұстап тұру үшін сондай дәрежеде қажет болды. Ал Ресей империясы батыс державалары мен Жапониямен салыстырғанда, әлдеқайда дамуы төмен ел болатын. Өзінен әлдеқайда күшті мемлекеттердің Қытайға және оның Шыңжаң ауданына назары ауып отырған кезеңде, Ресей Шыңжаңды басып алуға бара қоюы мүмкін емес еді. Оның орталықазиялық - Қытаймен шекаралас аудандарында соғыс жүргізетіндей әскери күш-қуаты да болған жоқ. Ондай әскери күші бола қалғанның өзінде Ресей Қазақстан мен Орта Азиядағы мұсылмандардың Шыңжаң халқын қолдап кетуінен, яғни өзінің отарлық халықтарының бас көтеруінен де сескенетін еді. Дегенмен, Ресей жанын сала Шыңжаңдағы өз мүддесін қорғауды, аймақтағы ықпалын сақтап, өзімен шекаралас жерде бәсекелес дұшпандардың болуына да жол бермеуге тырысты. Сондықтан ол, Шыңжаңды басып алу емес, қайта оның күшті қолда болуын, яғни Қытайдың билігінде қалуын қалады. Ілені ұстап тұрудың өзі Ресейге оңайға соққан жоқ.

     1875 жылдың басында Цин империясының сарайында болған оқиғалар елдің саяси өмірінде жаңа кезеңді бастап берді. 1875 жылы 12 қаңтарда, артында мұрагерін қалдырмай, император Тунчжи (Цзайчунь, 1856-1875 жж.билік құрған) дүниеден өтті. Таққа жас император, төрт жасар Гуансюй (Цзайтянь, 1871-1908 жж.өмір сүрген) отырады. Цин сарайының билігін қайтыс болған императордың жесірі императрица Цы Си өзі дүниеден өткенше, яғни, 1908 жылға дейін, уәзір Чунь екеуі қолдарына ұстап келді. Жас императордың әкесі уәзір Чунь Шыңжаңды қайтару мәселесін белсенді жақтаушылардың бірі болатын. Сондықтан үкіметтің ұстанатын саясаты Цзо Цзунтанның пайдасына қарай ауысатыны белгілі еді.

     Цин үкіметі Цзо Цзунтанның ұсыныстарын қолдағанымен, оның әлі де болса мәселенің өте салмақты екендігін ескере отырып, оппонентердің ескертпелері мен пікірлерін жан-жақты екшеуді, оған талдау жасауды, Шыңжаң аймағының шекаралас елдермен қатынасын мұқият қадағалауды тапсырды. Шыңжаңды қайтаруға Цзо Цзунтанның қолындағы әскери күштердің қаншалықты жеткілікті болатындығын, қосымша қаржы мәселесі қиындық туғызатынын ескертеді. Ал Цзо Цзунтан болса, Қытайдың жауы теңіз арқылы келетін европалық мемлекеттер мен Жапония емес екендігін, олар Қытаймен жүргізген соғыстарында сауда мақсаттары үшін ғана порттар мен гаваньдарды басып алып, империяның территориялык иелігіне аса көп қауіп әкелмегендігін алға тартып, ал Ресей болса, Қытай үшін ең қауіпті жау деп көрсетті. Орыс мемлекеті Қытайдағы саудадан түсіретін пайдасын ғана ойлап отырған жоқ, ол Орталық Азиядағы үстемдігін нығайту саясатын ұстап, Қытайдың өзімен шекаралас аймақтарына да көз алартып отыр. Орыс қаупі сөзсіз болатын оқиға деп өзінше көрегендік танытып, цин өкіметін иландыруға тырысты. Ол Ілені орыстардың оккупациялап алуын сол мезгілдегі цин өкіметінің ішкі мәселелермен айналысып, Шыңжаңға дұрыс назар аудармағандығын пайдаланды деп есептеді, «орыстар Ілені қытайлар үшін сақтай тұрамыз деп алдайды, ал шынында олар басқа пиғылды көздеп отыр. Себебі Іле ауданы өте шұрайлы және олардың оңтүстік шекарасына жақын болғандықтан, аса көп күш жұмса-май-ақ ілгерілей ішке жылжуға мүмкіндік беретін еді –дейді [29, 120-124 бб.]. Ал шын мәнінде, Ресейдің көтерілістің бастапқы кезеңінде Қытайға шапқыншылық жасайтындай шекаралық аймақтарында әскери күші де болған жоқ. Оның үстіне Ресей өзінің Қытаймен жақын орналасқан ұлт аймақтарындағы мұсылман халықтарының да Шыңжаңдағы оқиғаларға қолдау көрсетіп кетуінен сескеніп, өз шекарасының қауіпсіздігіне көбірек алаңдады. Сондықтан Ресей езінің ішкі және сыртқы саяси факторларын ескере отырып, Шыңжаңның қайта Қытайдың билігінде болуына мүдделірек болды. Ресей өз мұсылман халықтарының наразылығын тудырып алудан қорқып, Шыңжаңдағы халықтардың көтерілісін басып жаншу үшін цин өкіметімен одақтасуға да бара алмады. Оқиғалардың даму барысын өзінің геосаяси мүддесі тұрғысынан жіті бақылаған Ресей өліктің артын бағып, Шыңжаң оқиғаларына бейтараптық танытуға мәжбүр болды. Бірақ орыс өкіметі тыныш қана бақылаушы болып қарап отырмай, шекара аймағындағы әскери күштерін жинақтап, оқиғалардың даму барысына орай қимылдауды ойластырды. Ресей империясының Орталық Азиядағы шекаралық аймақтарындағы жергілікті билік өкілдері үкіметті барлық жағдайлармен хабардар етіп отырды. Империялық пиғылдары басым кейбір әкімдері Ресейдің қолайлы сәтті пайдаланып, Шыңжаңдағы үстемдікке қол жеткізуге болатындығын ұсынған пікірлеріне де саяси салмақтылықпен төзімділік танытып, оқиғаның артын күтті. Ал Ілені оккупациялап алу Ресейдің шекаралық аймақтарындағы геосаяси мүдделеріне тікелей қауіп төнген кезде және цин үкіметінің Шыңжаңды бакылауда ұстай алмайтындығына көзі жеткен сәтте іске асырылды. Бұл Ресей империясының отаршылдық пиғылын жоққа шығару емес, қайта оның ұлт аймақтарындағы отарлық иеліктерін сақтап қалу, оны қауіпсіздікте ұстау мақсатынан туындаған объективтік шындық сол еді.

     Сонымен, Цзо Цзунтан Үрімшіні қайткенде де көтерілісшілерден азат етіп, цин билігіне қарату керек деген пікірінен қайтпай, жорықты бастау керектігін табанды түрде талап етті. Егер Үрімшіні қолға ала алмаса, Қытайдың солтүстіктегі де, батыстағы да шекарасы үнемі қауіпті жағдайда қалатындығы, цин әскерлері Шыңжаңнан кері шегінетін болса, онда мұсылман көтерілісшілері Цзяюйгуань түбіне дейін келіп, қауіп төндіруі мүмкін екендігін цин үкіметіне ескертті. Осы себептерді алға тарта келе, Цзо Цзунтан төмендегідей пікірлері мен ұсыныстарын цин сарайына жіберді: «Шыңжаң солтүстік-батыс шекарадағы бірінші қорғаныс сызығы, ол Пекинге қорған болып тұрған Моңғолияны қорғап тұр. Шыңжаңнан айрылатын болсақ, Моңғолия қорғансыз қалады, ал бұл дегеніңіз, Пекин қауіпті жағдайда қалады деген сөз; Батыс елдерінің басқыншылық қаупі төніп тұрған жоқ, ал Ресейдің басқыншылық жасауы айқын болып тұр; Шекараны қорғауға бөлінетін қаржы теңіз жағалауының қорғанысы үшін бөлшектенбеуі керек; Ата-бабалардың басып алған жерлерінің бір қарысын да жоғалтпауымыз керек; Стратегиялық орталықтар - Ақсу мен Үрімші ең алдыңғы кезекте қайтарылуы керек» [29, 126 б.]. Осындай себептерді көрсете келе, Цзо Цзунтан шыңжаң кампаниясын тоқтату дегеніміз күрес алаңына шықпай қалумен бірдей болар еді, ал ол өз кезегінде Орталық Азияда шетелдік мемлекеттердің үстемдік алуына әкеледі - деген тұжырымын да атап көрсетеді. Сөйтіп, Цин империясы Қытайдың батыстағы аса маңызды стратегиялық аймағы - Шыңжаң жерінен айрылу - көнеден келе жатқан дәстүрлі саясаттан бас тартумен бірдей деп есептеді. Орталық Азиядағы Қытайдың орнын айқындайтын фактор осы Шыңжаңдағы биліктің қаншалықты берік болуына байланысты екендігін цин билеушілерінің көпшілігі жақсы түсінді,

     Көп ұзамай, 1875 жылы сәуірде өкімет Цзо Цзунтанды императордың Шыңжаңдағы әскери-соғыс мәселелері жөніндегі өкілі етіп бекітеді.

     Шыңжаңның тағдыры ұзақ қызу айтыстар мен пікірталастардан кейін, осылайша, Қытай әдебиетінде «Сичжэн» деп аталған, Шыңжаңға жорық кампаниясын бастауға рұқсат алумен шешілуге бет алды. Сөйтіп, «Шыңжаңды әскери күш қолдану арқылы қайтару керек» - деген пікір, яғни Цзо Цзунтанның ұсынысы Цин басшылығы тарапынан қолдауға ие болып. жеңіске жетеді. Оны, әрине, халықта «қарақшы Цзо» (Цзо туфу) деген атқа ие болған - Цзо Цзунтан басқаратын болды.

     Цзо Цзунтан 1875 жылы көктемде Шыңжаңның әскери комиссары болып тағайындалғаннан кейін, оның билігіне Жоңғарияда орналасқан құрамында 20 мың әскері бар 40 жуық батальон кірді. Оған 1875 жылы Урімші дутуңы болып тағайындалған Цзинь Шунь басшылық жасады және ол Цзо Цзунтанның көмекшісі де болып бекітілді. Цзинь Шуннің әскерін ұстап тұру үшін, жыл сайын 2640 мың лян күміс жұмсалды [30].

     Цзо Цзунтан әскерді ұстап тұру үшін және оны кару-жарақпен қамтамасыз ету үшін кететін елеулі шығынды ағылшын банктері мен фирмаларынан алған заемдар есебенен жауып отырды. Өте ауыр қаржылық қиыншылықты бастан кешіріп отырған цин үкіметі бұл шараға көнбеске амалы жоқ болды. Ресейлік зерттеуші, академик Нарочницкий айтқандай, ағылшын капиталистері бұл займдарын оның өте жоғары үстемесі есебінен баю мақсатында ғана емес, «батысқа жорықты» қолдай отырып, осы қаржылай көмек беру арқылы Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын әлсіретуді көздеді [31, 246 б.].

     А.Ходжаевтың зерттеу еңбегінде көрсетілген  мәліметтер бойынша, Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісін басып-жаныштау үшін, Цзо Цзунтан әскеріне Шанхайдағы ағылшындық банктер мен фирмалар 11,5 млн лян күміс көлемінде заем берген. Бұл қаржы Цзо Цзунтанның «сичжэнге» жұмсаған бүкіл қаржылық шығынының жартысынан сәл төмен бөлігін құрады. «Сичжэн» үшін кеткен шығынның жалпы көлемі 26,5 млн. лян күміс болатын [30, 79 б.].

     Цин әскерлерінің Шыңжаңдағы жазалау операциясы басталған кезде туындаған бір қиындық - әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы болды. Шыңжаңға жақын орналасқан Шэн-Гань провинциялары көтерілістер нәтижесінде қырғынға ұшырап, егін салатын шаруа да қалмаған еді. Ал Монғолия мен ішкі Қытайдан тасымалданатын азық-түлік өте қымбатқа түсті және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ете де алмады. Сондықтан әскер басшылары орыс саудагерлерінен астық сатып алуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Ресейдің ресми түрде цин үкіметімен мұсылмандарды жазалау соғысы кезінде бейтараптық саясат ұстап, олармен астық саудалауға тиым салғанына қарамастан, орыс саудагерлері пайда табу жолында әрекет етіп, астыққа мұқтаж болып отырған қытайлықтарға астық сату саудасын жүргізуін тоқтатпай, біраз табыстарға ие болады, себебі әскерге қажетті азық-түлікті, әсіресе астық өнімдеріне деген сұраныс күрт күшейе түскен болатын. Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, әскер басшылары да амалсыздан, орыс саудагерлерінен астық өнімдерін сатып ала бастайды. Мұрағаттарда сақталған сол кездің құжаттарында, яғни шекаралық аймақтардың үкіметке берген ақпарларында цин әскер басшылары орыс саудагерлерінен көптеп астық сатып алғандығы жайында мәліметтері аз кездеспейді [11, 209-228 бб.].

     Шетелдік  заемдар мен орыстардың азық-түлік  өнімдерін сатып алу арқасында Цзо Цзунтанның әскері қаржылай қиыншылықтан да, азық-түлікпен қамтамасыз етуден де жол тауып, Шыңжаңдағы жазалау операцияларын табысты жүргізуге мүмкіндік алды.

    Цзо Цзунтан Шыңжаңға бағытталған жазалау операциясын жүргізудің жан-жақты ойластырылған жоспарын жасауға кіріседі. Якуб-бектің Англия мен Түркияның көмегімен жарақталған әскери күшін есепке ала отырып, сондай-ақ дұңғандар мен ұйғырлар арасындағы алауыздықты да шебер пайдалануды көздеп, ол алдымен Жоңғарияның дұңғандар қолында қалған қалаларын басып алудан бастауды жөн көрді. Цзо Цзунтанның ұсынысын қабыл алған цин үкіметі оны тиісті қаржымен қамтамасыз етті.

    1876 жылы ақпанда, он ай бойғы қызу дайындықтан соң, Цзо Цзунтан өзінің 70-мыңдық әскерімен батысқа қарай жорыққа шықты. Жалпы бұл жорыққа Цин империясы барлығы 150 мыңдай әскер аттандырды [30, 77 б.].

     Якуб-бектің Цин империясымен келіссөздер арқылы өзінің мемлекетін қауіпсіздендірмек болған әрекеті іске аспады. Бай Янь-ху бастаған дұңғандар отряды және Якуб-бектің әскери күштері жанталаса қарсылық көрсеткенімен күші басым Цзо Цзунтан әскері Жоңғарияны қанға бояп, аса қатал айуандықпен жеңіске жетіп, Бай Яньху мен Якуб-бек шегінуге мәжбүр болды. 1876 жылы күзде Цзо Цзунтан Үрімшіні алады.

     Үрімшіні  алған соң, цин әскерлері енді Манасқа аттанады. Манас түбінде   цин   әскерлері   ұйғырлар   мен   дұңғандардың кескілескен қарулы соғысына тап болады, соғыс 1876 жылдың ақпанынан   қарашаға   дейін   созылып,   циндер   көп   шығынға ұшырап, Манастың оңтүстік жақтағы бекінісін ала алмайды. Сосын   цин  әскерінің  генералдары   Манас  бекінісін  айламен алуға көшті. Көтерілісшілер қоршаудан шығып, өз еріктерімен берілсе,   кешірім   жасалады  -   деп   сендірді.   Қытай әскери басшылығына   сеніп   қалған   қоршаудағы   Хэ   Шун   бастаған 3 мыңдай адам 6 қараша күні қоршаудан шығады. Бірақ қытай әскері  берген уәдені орындамайды, оларды түгелдей - әйелдер мен жас баласына дейін қырып салады. Бай Яньху басқарған дұңғандар әскері осы оқиғадан кейін Жетішарға қарай шегінеді де,  Се Фу басқарған әскер қоршаудан әзер қашып  шығып, Құлжа жеріне келуге орыс өкіметінен рұқсат сұрайды. Сөйтіп, Цзо  Цзунтан   орыстар   иеленіп   отырған   Іледен   басқа,   бүкіл Жоңғария жерін көтерілісшілерден тазартып,    билікті қолына алады. Енді Шығыс Түркістанға шегінген Якуб-бектің әскерімен соғысқа әзірлік басталады.   Шығыс   Түркістанға   жазалаушы жорықты   бастау  қыстың түсуіне  байланысты   1877  жылдың көктеміне қалдырылады [30, 274 б.]. Якуб-бектің Жоңғариядағы жеңілісі және оның баяу, уақыт өткізу саясаты көтеріліс басшылары арасында түсінбестік тудырып, оған деген сенімсіздік көзқарасты ұлғайтты. Қалыптасқан жағдай Жетішардың әскери-саяси және экономикалық жағдайын күрт нашарлатып жіберді. Жетішар тұрғындары арасында цин әскерінің қаһарынан қорқып, сыртқа қашу басталды. Әскери қызметке барудан бас тартқан еркектер Ресейлік Түркістан жеріне сауда керуендеріне ілесіп, жасырын түрде қаша бастайды. Бұны сезген Якуб-бек орыстармен сауда байланыстарына тиым салады, орыс саудасына тиым салу аймақтың онсыз да ауыр экономикалық жағдайын әлсіретіп жібереді. Керісінше, орыс саудагерлері енді Верныйдан, Зайсаннан және басқа да шекараға жакын аймақтардан Цзо Цзунтан әскеріне қажетті астық пен азық-түлік өнімдерін саудалай бастайды.

     1876-1877 жылдың қысын Цзо Цзунтан мен Якуб-бек бір-біріне қарсы соғысқа дайындалумен өткізді. Түркістандағы орыс өкіметінің өкілдері Жетішар мемлекетінің өз тәуелсіздігін сақтап қаларына сенімсіздікпен қарады, Ресей сыртқы істер ведомоствосының басшылары бір-біріне Шыңжаңдағы жағдайды баяндай отырып, Қашғардың алдағы Қытаймен қақтығысында екі жақтың кез келгенінің қол жеткізер алғашқы табыстары Шығыс Түркістандағы оқиғалалардың бұдан арғы дамуында сөзсіз шешуші салдары болатындығын айтып, Қытай қаруының салмағы басым болған жағдайда, Якуб-бек өзінің сенімді жақтастарымен бірге қалуы мүмкін және оның құрған құрылысы - «Жетіқала» Жер кіндігі патшалығының баяу, бірақ ауыр соққысынан құлап түсері анық деген болжамдарын жасырмады.

     Якуб-бектің сол кездегі ұстанған тым түсініксіз, мүмкін өз күшіне анық сенбеген жалтақ саясаты, ақыры, оқиғалардың даму қорытындысы, Жетішар мемлекетінің тағдырын өте ауыр қиындыққа әкеп тіреді. Якуб-бек цин үкіметімен келіссөздерден әлі де болса үмітін үзбей, оның үстіне ағылшындардың аралыққа жүріп, циндермен келіссөздері нәтижесінде Қытай Жетішарды мойындайды деген өсек дәмемен, Якуб-бек әскерін (қорғанысқа әзірлегенмен, енжарлық, уақыт ұтқызу тактикасын ұстанып, әрекетсіз отырып алады. Оның бұл қылығы Жоңғариядағы көтерілісші дұңғандардың «Бадаулеттің оларға деген адалдығына» сенімсіздігін тудырып, оған күмәндана бастайды. 1877 жылдың көктеміндегі шешуші шайқастар алдында Якуб-бек әскерінің көңіл-күйі өте жаман болады. Әскерден адамдар қаша бастайды. Кейбір деректерге қарағанда, оның әскерінен қашқан сарбаздар қытай әскері жағына өтіп кеткен. Тіпті әскердің қазынасындағы қаржыны ұрлап қашқандар да кездескен.

     Тығырыққа тірелген Якуб-бек Англияның араға түсуін сүрап, Лондонға Сайд Якуб деген өкілін жібереді. Осымен қатарластыра ол Индиядағы ағылшын вице-короліне өзінің Цин өкіметінің билігін мойындайтынын және оның мемлекетін Қытайға тәуелді деп санайтындығын хабарлайды.

     Ресейдің Орта Азиядағы берік орныққан саясатынан үрейлене бастаған Англия Якуб-бектің бұл өтінішін қуана қарсы алады.

     Англия өз өкілі Уэйд арқылы Лондондағы қытайдың өкілетті өкілі Го Сун-тао мен Сайид Якубтың құпия кездесуін ұйымдастырады. Сайид Якуб, Якуб-бектің егер оның тағы сақталар болса, кез-келген шартты қабыл алатындығын хабарлайды. Ағылшын сыртқы істер министрлігі қытай үкіметіне Го Сун-тао арқылы өзінің Қытай мен Жетішар мемлекеті арасында ара ағайындыққа жүруге әзір екендігін хабарлай отырып, Шығыс Түркістан мәселесін шешудің төмендегідей шарттарын негізге алуды үсынады: Якуб-бек Қытайдың сюзеренитетін мойындайды, яғни көнеден келе жатқан Қытайдың вассалдық тәртібін сақтап, өз иелігінде толық билігін сақтай отырып, Пекинге, Қытайдың императорына мезгіл-мезгіл сый-сияпат жіберіп отыруға міндетті болады; Қашғар хандығы мен Қытайдың шекарасы айқындалады; бір-біріне өзара көмек туралы келісімге келеді [30, 93 б]. Бұл ұсыныс Англияның өз мүддесіне қызмет ететін шаралардың бірі екендігі айқын еді. Шыңжаңда тәуелсіз мұсылман мемлекетінің болуы арқылы, Англия Ресейдің бұл аймақтан ығыстырмақ пиғылын осылайша Қытай алдында бүркемелек болады.

Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі