Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.
КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3
1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18
1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18
1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22
2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39
2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39
2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46
ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..
Деректік
негізі. ХІХ ғасырдағы Шыңжаң өлкесіндегі
мұсылмандардың антициндік көтерілістерінің
тарихын зерттеуде нақтылы мынандай деректерді
пайдалануға мүмкіндіктеріміз болды:
«Китайские документы
и материалы по истории
Восточного Туркестана, Средней Азии и
Казахстана XIV-XIX
вв.» [16], «Цинская империя
и казахские ханства.
Вторая
половина XVIII- первая треть XIX в.» [17], «Русско-китайские
отношения XVIII веке» [18]. Сонымен қатар
деректік маңызы зор Бичурин Н.Я. «Средняя
Азия и Восточный Туркестан» [19], Ш.Ш.Уәлихановтың
«Таңдамалылары» [1] біз қарастырып отырған
мәселенің кейбір тұстарын айқындауға
көмектесті.
Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – Қытайдың цин империясы кезеңіндегі Шыңжаң өлкесіндегі саяси жағдай мен ондағы антициндік мұсылмандар көтерілісін жүйелі түрде жан-жақты зерделеу.
Тарихшы ғалымдардың, саясаткерлер мен дипломаттардың қызығушылықтарын туғызып келген Шыңжаңның, оның тарихындағы күрделі кезеңдердегі оқиғаларға қазіргі заман талаптарына сай, жаңа методологиялық әдіс арқылы саралау, обьективті және субьективті факторларын толық ашып көрсетуді мақсат етіп алдық.
Зерттеу жұмысының шешілуі тиіс негізгі міндеттері:
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Шыңжаңдағы Цин империясының жүргізген саясатына қарсы әркезеңде жасалған мұсылмандар көтерілістерінің ХІХ ғасырдағы тарихи кезеңін қамтиды.
Зерттеудің ғылыми-танымдық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен практикалық ұсыныстарды республиканың сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарын айқындауда, оның нақты бағыттары бойынша тактикалық мәселелерді шешуде пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының материалдарын осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген студенттер мен жас ғалымдарға семинар сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануына болады. Сонымен қатар мектеп оқушыларына дүниежүзі тарихын зерттеуде қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Ғылыми
жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі
тарау мен төрт тараушадан, қорытындыдан
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізімі берілген.
1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ
1.1
ХІХ ғ. Цин империясының
Шыңжаң өлкесінде жүргізген
саясаты
Бүгінгі күнде Қытайдың өзінің сонау көне замандардан бастап «Батыс аймақ» деп атап келген қазіргі Шыңжаң жерімен алғашқы байланыстарынан бастап, бүгінге дейінгі оны иелену тарихы бір жүйеге келтіріліп, өткен тарихын толық сипаттайтын іргелі зерттеу еңбектер әлі жарық көре қоймаған. Шыңжаңның қазіргі геосаяси маңызына орай, оның өткен тарихына көз салу арқылы саяси статусын, аймақты болашақта дамыту бағытын айқындау, бүгінгі кезеңде қытай тарихшылары үшін де аса маңызды болып отыр [11].
Ең басты айтып кететін жағдай, ресейлік те, қытайлық та ғалымдар Шыңжаңдағы өз мемлекеттерінің жүргізген саясатын мемлекеттік саяси мүддесі тұрғысынан қарастырып, көп жағдайда оқиғаларды өз көзқарастарының шеңберінде зерттейді. Саясатының терең астары, нағыз шындық көп жағдайда көлеңкеде қалып, толық ашылмай қалады. Ұзақ жылдар бойғы кеңестік саясат салдарынан ғалымдар Шыңжаңдағы саясаттың шындығын айтуға дәрменсіз болды. Тек соңғы уақыттарда ғана, ресейлік синологияда айналымға бұрын белгісіз болып келген деректерді қоса отырып, жаңаша тұрғыда жазылған зерттеулер жариялануда. Дегенмен бұл еңбектерде аталмыш мәселе Ресейдің ұлттық-мемлекеттік мүдде саясаты тұрғысынан қарастырылып, зерттеулердің саяси сипаты көзге түседі. Қытай зерттеушілерінің бұл мәселеге байланысты еңбектері де қытайлық дәстүрлі сыртқы саясат принциптері бойынша жазылуда. Қытай тарихшылары Шыңжаң жерін көне замандардан бергі қалыптасқан біртұтас қытай халқы - чжунхуа миньцзудың территориясы санайтындықтан, зерттеу жұмыстарын «мемлекеттің тұтастығығын сақтау жолындағы» күрес немесе саясат деген принцип бойынша жүргізеді. Ресейлік те, қытайлық та тарихшылар Шыңжаңның тарихына байланысты ұстанған саясаттарына өз елдерінің ұлттық-мемлекеттік мүдделері тұрғысынан қарап, осы тұрғыдан зерттеуден танар емес. Сондықтан осындай сыңаржақ көзқарастар тұрғысындағы еңбектерден өзгеше, объективті зерттеу қажеттілігінің тууы заңды еді.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерінің күрделілігінен туындайтын қиындықтарды атап өткен жөн. Кеңес заманында, өкінішке орай, кеңестік идеология насихаты мен қатаң марксистік догмалар Шыңжаң өлкесінің тарихын зерттеуге арналған ғылыми еңбектердің ғылыми сапасына, деңгейіне кері әсер етіп отырды. Ол кезеңнің зерттеу еңбектері, тенденциялық сипатта жазылып, саяси және идеологиялық конъюктураның шеңберінен шыға алмады. Әсіресе, 60-80 жылдары кеңестік тарихнамада цин саясатының көрші елдер жөніндегі басқыншылық сипатына ерекше назар аударған еңбектер жариялана бастайды. Бұл бір жағынан сол кездегі кеңес-қытай қатынастарындағы шиеленісті кезеңнің көрінісі іспетті болды. Екі мемлекет арасындағы шекара мәселесі бойынша дау-дамай басталып, екі жақ та өткен тарихи кезеңге өз мүдделелері тұрғысынан қарап, бір-бірін айыптауға көшкен болатын. Тарихи зерттеу еңбектер көп жағдайда шындықтан алыс кетіп, саяси сипатқа баса мән беріліп жазылды.
Тек соңғы уақыттарда ғана, КСРО-ның ыдырауынан кейін, ресейлік және шетелдік ғалымдар бұрын жариялауға тиым салынып, құпияда сақталып келген құжаттарды ғылыми айналымға қоса отырып, жаңа көзқараспен жазылған зерттеу еңбектері жарыққа шыға бастады. Дегенмен, зерттеушілер бұл еңбектерінде де, өздерінің мемлекеті мен ұлтының өткен кезеңдердегі жүргізген саясатын қатаң сынға ала қоймайды, өз елінің ұлттық және мемлекеттік мүдделерін теориялық тұрғыдан негіздеп, оны қорғаштауға бейімдігін жоғалтпайды. Сөйтіп, Қытайдың да, ресейлік зерттеушілердің де еңбектері өздерінің ұлттық және мемлекеттік мүдделері тұрғысынан келіп туындайтын біржақтылық сипатынан алыс кете алмайды.
Шыңжаңның өткен тарихы буырқанған оқиғаларға толы болды. Бұл жерде отырықшы және көшпелі халықтардың мәдениеті түйісіп, сонау көне замандарда өзіндік өркениет ошақтары пайда болған. Шыңжаң жері арқылы қайнаған қызу сауда жолдары - атақты Ұлы Жібек жолының ең маңызды күре тамыр салалары өтіп, халықтардың ұлы қоныс аударулары да осы жер арқылы жүрген. Бұл жерге жат жерлік басқыншылар келіп, жауынгер қолбасшылар өздерінің ұлы жорықтарын осы жерге бағыттаған, империялардың мүдделері түйісіп, мемлекеттер арасындағы үлкен саясат осы жерден бастау алған.
Шыңжаңды мекендеген негізгі ұлт өкілдері ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, дүңгендер, тәжіктер, өзбектер, сиболар, солондар, моңғолдар мен маньчжурлар ханьдықтарға мүлдем ұқсамайтын, діні, тілі, өмір салты, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті мүлдем басқа тұрғын халықтар болды. әртүрлі этникалық топтарға жататын бұлар, Қытай мемлекетінің құрамына енген соң, хань этносымен бірігіп кете алмады, қытайлықтар қаншама күш салып, әрекеттенгенімен, мономәдени орта қалыптаса қойган жоқ. Керісінше, Шыңжаңның тұрғын халықтары ғасырлар бойы өзімен этникалық туыстас әрі шектес жатқан орталық-азия елдерімен тығыз саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын дамытып келді.
XIX ғ. басында Қытай артта қалған феодалдық ел болатын. ХУШ ғ. сыртқы саясатта өзінің шарықтау шегіне жетіп, орасан зор әскердің күшімен империя құрамын кеңейтіп, қытай халқының алдында біраз беделін көтерген маньчжурлық билеушілер елдегі өздерінің феодалдық үстемдігін қорғаштап, жаңалық атаулыдан қытай қоғамын барынша оқшау ұстауға тырысып бақты. Сонымен бірге Қытайдағы өнеркәсіп өндірісінің жаңа талапқа сай дамуына кедергі жасап, түрлі шектеулермен тежеп отырды. Кеме жасау, тау-кен өндірісі құлдырап кетті. Маньчжурлар қолөнер өндірісінің дамуына кедергі келтіріп, қалаларда мануфактура өндірісінің дамуына саналы түрде қарсы тұрды. Соның салдарынан қалалар тек әкімшілік орталықтар міндетін ғана атқарып, онда өндіріс ошақтарының қалыптасуына жағдай болмады. Сондықтан сауда саласы тек жергілікті сипатта болды. Шет елдер түгіл белгіленген қалалардан басқа жерлерге барып сауда жасауға қатаң тиым салынғандықтан қала халқы мен ауылдардағы шаруалардың жағдайы өте нашар болды. Қытайлық басқарушы топқа бағытталған халық наразылықтары жиілеп, маньчжур билігімен күресуді мақсат еткен құпия саяси ұйымдар пайда бола бастады. Олардың арасынан «Байляныдзяо» ( «Ақ лотос»), «Тяньдихуэй» ( «Аспан мен Жер Одағы»), «Гэлаохуй» («Ағалар Одағы») т.б. құпия ұйымдар белсенді әрекет етіп, Цин билігін құлатуға, Мин әулетінің, яғни таза қытайлық әулет билігін қалпына келтіруге деген мақсатпен ұран көтеріп, халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Бұл ұйымдардың жетекшілігімен Қытайдың әртүрлі аудандарында халық көтерілістері ұйымдастырыла бастағаны тарихтан мәлім.
Цин империясының халықаралық жағдай туралы түсінігі де тым таяз болды. Оның негізгі мазмұны, яғни, сыртқы дүние туралы көзқарастары ортағасырлық деңгейде сақталып, көне қытайлық сыртқы саясат принциптеріне адалдық көзқарасында қалды. Цин империясы сырт елдермен байланыстарында баяғы астамшылдық көзқарасынан қайтпай, басқа елдерден келген өкілдер мен елшілерге олардың беделіне нұқсан келтіретін, мынадай кемсітушілік пиғылдарын ашық айтудан тайсалмады: - «Қытай - Аспан астындағы бірден-бір қуатты ел, оған тендес болатын ешкім жоқ, сондықтан басқалар оның алдында бас иіп, оның құдіретін мойындауы керек». Сырт елдерге деген осы тақылеттес менсінбеушілік, сонымен қатар дүниеде болып жатқан түрлі өзгерістерден хабарсыз болуы - Қытайдың басқа елдермен қалыпты қарым-қатынас жасауына үлкен кедергі болды [11].
Сыртқа түгін тікірейтіп, айналасына сес көрсеткенімен, цин әулетінің бұл әрекетінен ғасырлық артта қалушылық пен консерватизмді, Қытайдың үстіне төніп келе жатқан европалық капиталистік мемлекеттердің отаршылдық қауіпін дер кезінде сезбеуді көруге болатын еді. Шетелдіктердің күшпен Қытайға ене бастауын тек өзінің билігіне төнген қауіп деп қана түсінген маньчжурлар, сырттан енетін жаңалық атаулының бәріне қарсы шығып, елді сырт елдерден оқшаулау изоляция саясатын ұстанды. Оқшаулау саясаты Қытайды экономикалық, мәдени, саяси жағынан артта қалдырды деп бағалауға толық негіз бар.
XIX ғ. басына қарай өзінің белсенді алға ұмтылушылық саясатынан жылдам айрыла бастаған Цин империясы елін капиталистік Батыстың ықпалынан алыс ұстау үшін, яғни Қытайдың «есігін» жабуға жанталаса әрекеттенеді. Бірақ осы кезде Қытайдың халықаралық жағдайы күрт нашарлады, өйткені капиталистік державалар - АҚШ пен Англия Пекиннің қорғаныс мақсатындағы оқшаулану саясатын, яғни «қытай қабырғасын» бұзып кіруге әрекет жасай бастады. 400 миллиондық халқы бар орасан зор Қытай елі капиталистік елдер үшін, олардың дамып отырған өнеркәсіптері үшін таптырмайтын рынок және арзан шикізат көзі болатын.
Англияның сауда буржуазиясына Қытаймен Гуанчжоудағы бір ғана порт арқылы сауда жасау, яғни, «Гунхан» моноғолиялық сауда компаниясымен шектелу аздық етті. Осы мәселені дипломатиялық жолмен шешуге әрекеттенген ағылшын үкіметі 1792 жылы Макартней, 1816 жылы Амхерст елшіліктерін Қытайға жібереді, бірақ маньчжурлық өкімет ағылшындардың бұл өтініштерін қабылдамай, кері кайтарған болатын. Осыдан кейін Англия Қытайдың есігін күшпен ашуға кірісіп, қытайлық тәртіп пен заңдарды әскери шабуылмен бұзып, оған қарсы соғыс бастағаны белгілі. 1839 жылы тарихта «апиын соғысы» деген атпен қалған ағылшындардың Қытайға қарсы осы қарулы әрекеті кейінгі саяси жағдайларға көп әсер еткені жасырын емес. Әскери күш қуаты әлдеқайда артта қалған, ортағасырлық феодалдық даму деңгейіндегі Цин империясы европалық қарудың алдында дәрменсіз болып, Қытай өз тарихында тұңғыш рет шетелдіктер алдында тізе бүгіп, жеңілгендігін мойындап, 1842 жылы әділетсіз Нанкин келісім-шартына қол қоюға мәжбүр болады. Бұл келісім-шарттың артынан іле-шала Қытайға АҚШ, Франция, Швеция, Бельгия, Норвегия мемлекеттері тарапынан басқа да бірнеше әділетсіз келісімдер таңылды [11].
Бірінші «апиын» соғысында жеңіліске ұшырау Қытайдың ішкі және сыртқы жағдайын мүлдем нашарлатып жіберді. Цин империясы енді сырт елдерге шабуыл жасамақ түгіл, қол астындағы отарлық иеліктерінен айрылып қалу қауіпіне тап болады. Әсіресе Үндіқытай, Корея мен Монғолиядағы цин билігіне көп қауіп төне бастады. Оған қоса елдің ішкі өмірі де шиеленісті жағдайларға толы болып, халықтың антициндік наразылықтары өрши бастайды.
Европалық державалар мен АҚШ-тың күшпен таңған «апиын» соғыстарының нәтижесінде XIX ғ. ортасына қарай, Цин империясы жартылай отар елге айналды. Апиынның Қытайға тоқтаусыз әкелінуі онсыз да күйреудің алдында түрған феодалдық деспотияның қаржылық қорын сарқып, оның шаруашылығын қиратты, елдегі халық бұқарасының ауыр тұрмысын одан әрі күйзеліске ұшыратты.
Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі