Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:22, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия территорияларының ішінде, қазақтар «Шыңжаң» деп атап жүрген, немесе қытайшадан аударғанда «жаңа жер», «жаңа шекара» деген мағына беретін өлке географиялық орналасуы жағынан аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан, әдетте, тарихи әдебиеттерде оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», Азияның «қақпасы» деп атау кеңінен орын алған. Міне, осы Азияның «жүрегі» саналған Шыңжаң жерін мекендеген халықтардың өткен тарихы, сырт мемлекеттердің бұл өлкедегі жүргізген саясаты әлем тарихшыларының назарын көптен бері аударып келеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………...........…………………………....………...…………..3

1 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЦИН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ШЫҢЖАҢДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ....................................................................................................................18

1.1 ХІХ ғ. Цин империясының Шыңжаң өлкесінде жүргізген саясаты........................................................................................................................18

1.2 Шыңжаңдағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілістерінің себептері мен барысы................................................................................................22

2 ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІҢ ШЫҢЖАҢҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. МҰСЫЛМАН КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ...................................................................................................................39

2.1 Цин империясының аймақтағы саяси билігінің күйреуі мен Ресейдің араласуы.....................................................................................................................39

2.2 Көтерілістердің нәтижесі мен тарихи маңызы.............................................46


ҚОРЫТЫНДЫ......………………….....………………..…………………….…….58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........……....……..…..……...……..

Работа содержит 1 файл

Алиұлы Нұрым.doc

— 596.00 Кб (Скачать)

     Қытай шаруалары өте ауыр тұрмыс ауыртпалықтарына наразылықтарын 1850-1864 жылдар аралығында болған, 14 жылға созылған тайпиндер көтерілісі деген атпен тарихта қалған шаруалар соғысымен білдірді. Тайпиндер соғысы онсыз да әлсіз Цин империясының іргесін шайқалтып, оның билігінің әлсіреуіне жағдай жасады.

     Ішкі  және сыртқы факторлардың әсерінен Қытай  мемлекетінің экономикалық негізінің күйреуге ұшырай бастауы империяның батыс аймақтарындағы иелігі — Шыңжаңда да көрініс тапты. Цин билеушілерінің «Шыңжаңның табысын Шыңжаңның шығынына жұмсау» деген саясаты толық күйреді. Еріксіз қанау жолымен түскен аз ғана түсім, жыл өткен сайын антициндік қозғалыстар салдарынан кеміп отырған қаржы салығы Шыңжаңдағы әкімшілік аппарат пен әскерді ұстап тұруға да жарамады. Отарлық аймақты ұстап тұру үшін Орталық үкімет қазынасынан қаржы бөліп отыруға тура келді. Отарлық иелік - Шыңжаң осы кезде Цин империясының жағдайын түзетпек түгіл, өзінің антициндік үздіксіз қозғалыстарымен оның мойнына түскен үлкен ауыртпалық болды.

     XVIII ғ. екінші жартысынан бері, яғни Шыңжаң құрылғаннан кейінгі 60 жылдай уақыт ішінде, бұл өлкеде Цин империясының билігі нық орныққандай еді, өйткені айта қаларлықтай халық наразылығынсыз біршама тыныштық заман болып тұрды. Цин үкіметінің Шыңжаңдағы бастапқы кездегі жүргізген әкімшілік-басқару және шаруашылықты ұйымдастыру әрекеттерінен өздеріне жақсылықтар әкеледі деп үміттенген жергілікті халық бұқарасы біртіндеп ол арманының орындалмайтынына көз жеткізеді. Жаңа басып алған ұлт аймақтары түгіл, дәстүрлі даму тәжірибесі бар Қытай сияқты елді басқарып игеруге қабілетсіздігін байқатқан Цин империясы біртіндеп құлдырау сатысына аяқ бастаған еді. Шыңжаңдағы қытай-маньчжур феодал топтары мен цин үкіметі тағайындаған жергілікті әкімшілік аппараттың күн сайын үдей бастаған шектен шыққан қанауына шыдамы таусылған халық бұқарасы XIX ғ. бірінші ширегінен соң-ақ бас көтере бастайды. Қытай отаршылдарының көп жылдар бойы жергілікті халықты езудегі адам төзгісіз әрекеттері мен кемсітушіліктері, парақорлық пен қатігездігі халықтың шыдамын тауысып, бір кездердегі отаршылдық зұлымдықтан әбден еңсесі басылып, сескеніп қалған еңбекші бұқара енді есін жинап, зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға бел байлай бастады. Бүкіл аймақ халқы отаршылардың кез-келген әрекеттерінен сылтау іздеп, наразылық көтерілісін бастауға әзір екендігін байқатты. Цин империясының күшпен өзіне қосып алған отарлық иелігі «Қытайдың құрамдас бөлінбейтін бөлшегі» болуға әзір емес еді. Халқының құрамы өте күрделі Шыңжаң ұлт-азаттық күрестің нағыз ошағы болары сөзсіз еді. Цин империясының осындай күрделі аймақты билеудің әдісін жетілдіріп, реформалар жүргізіп, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайына көңіл бөлмеуі, дәрменсіздігі сияқты ішкі факторлармен қатар, Шыңжаңның геосаяси орнына сәйкес туындаған сыртқы факторлар да бұл аймақтың тынышсыз болуына жағдай жасап отырды. 

     1.2  ХІХ ғ. Шыңжандағы мұсылман халықтарының антициндік көтерілісі 

       Цин империясының атақты тарихшысы Вэй Юань мұсылман халықтардың антициндік көтерілістерінің себептерін зерттей келе, дәйекті құжаттарға сүйене отырып, XIX ғ. басындағы Үш-Тұрфан мен Ақсудағы алғашқы антициндік мұсылмандар көтерілісінің шығу себебі - Шығыс Түркістандағы басшылыққа тағайындалған қызметкерлердің жосықсыз, мемле-кеттік қызметкерге тән емес оғаш әрекеттері екендігін, оған көз жеткізген Пекин үкіметінің әскери өкіметтің таңдауы бойынша, біршама іскер, қабілетті, әзірге түрлі себептермен қызметтері мен шендері төмендетілген, бірақ елге әлі де болса пайдасын тигізіп, қызмет етуге әзір азаматтарды сол жаққа жіберуді жөн көріп отырғанын жазады. Вэй Юань, бұрынғы әкімдердің өз қызметтеріне тағайындалған соң, бұл жерде уақытша келгенін еске алып, өз қызметтерін осы берілген аз уақыттың ішінде байып қалудың жолы деп есептеп, барлық іс-әрекетін осы мақсатына арнағанын, сол үшін тұрғын халықты қанаудың барлық шараларын қолданып, оларды түрлі алым-салықтар шырмауымен аямай тонағанын жазады. Аймақтың орталықтан алыста жатқандығын, бақылаудың аздығын пайдаланған қытай-маньчжур басшылары мен олардың жергілікті көмекшілері қызметіне ие болған мұсылмандық бектер халықты қанаудан, тонаудан түскен табысты өзара бөлісіп, мемлекеттік қазынаға оның 2/10 бөлігін ғана жіберіп отырғанын атап көрсетеді. Кішігірім аудармашы қызметкерлерге дейін, өз бастықтарының қылықтарын қайталап, қай жерде пайда бар, қайдан қалай алуға болады деп жанталаса әрекет еткенін, тіпті олар жергілікті халықтың қыз-келіншектеріне дейін өздеріне көңілдес етіп алып, оларды қорлағаны соншалық, күң ретінде ұстағанын және бір-біріне айырбастап отырғанын да, қытай чиновниктерінің түрлі осындай қорлықтары мем зорлық-зомбылықтарына шыдамаған халықтың ашу-ызасы Жаһангер-хожа бастаған мұсылмандардың антициндік бүлігіне    әкелгенін жазады [11, 175 б.]. Міне, осы Вэй Юань суреттеп  жазған Шығыс Түркістандағы жағдай XIX ғ. басынан-ақ халық наразылықтарының ошағына біртіндеп айнала бастауының тарихи-саяси себебі болғандығына баса назар аударған жөн.

     1815 жылы Зия ад-Дин басқарған Қашқардағы  қырғыздар мен ұйғырлардың бас көтерулерінің шығуы, цин билігіне қарсы алғашқы наразылықты көрсетті. Шыңжаңдағы цин билеушісі Сун Юнь бұл бүлік туралы Пекинге хабарлайды. Цин өкіметі бұл хабарға аса алаңдаушылық білдіріп, көтеріліс ошағын тез арада өшіру қажеттігін айтып, оған қарсы жылдам шара қолдануды тапсыруы билеуші аппараттың саяси пиғылын анықтап берді. Сол кездегі императорлық жылнамада: « Егер буруттардың (қырғыздар) жүрегінде бізге бағынбау туралы ой жатса, бұл ұсақ-түйек нәрсе емес, бұл мемлекеттік маңызы бар оқиға деп қарау керек» [11, 177 б.] - деп бағалай келе, Әскери Кеңеске осыған байланысты    қатаң шешім қабылдау жөнінде бұйрық береді. Алдағы уақытта бұндай оқиғаны болдырмау үшін цин үкіметі бірден қатаң жаза қолдануды жөн көреді. Шыңжаң билеушісі Сун Юнь бұйрықты бұлжытпай орындап, көтерілісті ұйымдастырушы Зия ад-Дин мен аса беделді қырғыз биі Тұрдымаматты өлім жазасына кеседі. Қырғыздардың құрмет тұтатын беделді биінің цин үкіметі тарапынан қатаң жазаға ұшырауы олардың қытайлықтардың билігіне деген наразылығын біржолата өршітті. Қашғардағы жергілікті ұйғыр және қырғыз тайпаларының цин билеушілеріне деген өшпенділіктері күшейе түсті. Цин өкіметінің осы кезде біржақты саясат ұстанғанын атап көрсеткен дұрыс, яғни олар жергілікті халықты ауыздықтап ұстаудың жолы -  цин билігіне қарсы тұрғандарды аяусыз жазалау деп ұғып, өзіне деген өшпенділікті өршітіп алғанын байқай алмай қалды. Цин билеушілерінің объективтік жағдайлармен санаспай әрекет етуі Шыңжаңдағы әртүрлі ұлттардың оларға қарсы саяси бірігуіне жағдай жасады. Оған дәлел ретінде аталған көтерілісті қырғыздардың белсенді түрде қолдағанын келтіруге болады. Бұдан басқа да осындай мысалдарды кейінгі Шыңжаңдағы оқиғалар делелдей түседі.

      Шығыс Түркістанда 1825 жылдан бастап 1861 жылға дейін, бірінен соң бірі шыққан антициндік көтерілістер өрши бастайды. Көтеріліс басында көбінесе, бір кездері Шыңжаңнан бассауғалап Қоқанға қашып кеткен ұйғыр феодалдары -хожалар тұрып, олардың мұсылман халықтарды «ғазауат» деген діни ұранмен басқарып, жетекшілік етуімен біраз жеңістерге қол жеткізілді. Мысалы, 1826 жылы хожа Жаһангер Сарымсақұлы Шығыс Түркістандағы халық көтерілісіне басшылық жасап, Қашғардағы цин билеушілерін қуып жіберіп, билікті өз қолына алады. Оған қырғыз тайпалары қолдау білдіріп, көмек көрсетеді. 1826-1827 жылдары Қашғария хожа Жаһангердің билігінде болып, қытайлық биліктен уақытша азат болуының саяси-рухани мәні ерекше болғандығын атап көрсеткен дұрыс. Хожа Жаһангердің бұл ерлігі ұзаққа созылмайды, 1827 қытай әскерлері оның билігін құлатып, көтерілісшілерді аяусыз жазалап, Жаһангердің өзін өлім жазасына кеседі. 1830 жылы оның інісі Юсуп-хожа тағы көтеріліс бастап, Қашғарды басып алады, бірақ ағасы сияқты бұған да Қоқандықтардың көмегі еш нәтиже бермей, бірнеше күн ғана қалаға билік етіп, қаһарлы қытай әскерінің күшіне қарсы тұра алмай, Қоқанға қашуға мәжбүр болады. Осы жылдардағы Шығыс Түркістан жерінде болған оқиғалар жөнінде Шоқан Уәлиханов өзінің атақты Қашғар сапары туралы зерттеу еңбегінді былай деп сипаттайды: «1825 және 1830 жылдардағы Шығыс Түркістандағы көтерілістер және оның қалдырған салдарлары қытайлықтарға өте ауыр соққы болып тиді, бұл соққыдан олар әлі есін жия алмауда; 1825 жылдан бері шекара айырықтарына қытайлықтар келген емес, олардың әскерлері енді Мұзарт арқылы айналып өтетін болған. ...қытайлықтар өздерінің шекараларық иеліктерінен түңілген жағдайға тап болған. Қоқандықтар қырғыздарды өздеріне бағындырған соң, Шығыс Түркістанды Хотанға дейін қоршап, айналасына бекіністер салып алған» [20, 148 б.].

       1847 жылы Жаһангер хожаның туыстары, Аппақ қожа әулетінің өкілдері - «Жеті хожа» басқарған» [20, 149 б.], бірақ өмірі ұзақ болмаған көтерілістер болады. 1855 және 1856 жылдары да бірнеше халық көтерілістері бой көрсетеді. 1857 жылы Уәлихан төре бастаған Қашғарда халық бұқарасының антициндік наразылық көтерілісі тағы да бұрқ ете түседі. Бір қарағанда оның себептері де назар аударарлықтай аса маңызды емес сияқты болып көрінеді. Цин өкіметінің Қашғарға басқа жақтан жіберілген солдаттары жалақы ала алмады, олар қаржы тапшылығына байланысты әскери қызметімен қатар шаруашылық жұмыстармен де айналысып, жер жыртып, егін өсіріп, өз нанын тауып жеуі керек болды. Ашынған гарнизон солдаттары барлық пәлені Қашғар билеушісінен көріп, оны өлтіреді. Солдаттардың көтерілісіне Қашғар қаласының тұрғындары да қосылып, қаланың билігін өз қолдарына алады. Оларға Оңтүстік Шыңжаңның барлық елді мекендеріндегі тұрғын халық пен солдаттар қолдау көрсетеді.

     Осы көтерілістің жетекшілігін қолына алған  Қоқаннан келген жеті қожаның бірі – Уәлихан төре Қашғардағы билікке ие болып, бірнеше ай бойы қаланы өз қолында ұстайды. Халықтың антиманьчжурлық көңіл-күйін өз мақсатына пайдаланған ол билігін кеңейтуге күш жұмсайды. Қол астына көшкен жерлерде Уәлихан төре қатаң тәртіп, аяусыз қанаушылық орнатады. Шектен шыққан мансапқорлық пен баюды көздеген жемқорлық саясаты оның халық алдындағы беделін күрт төмендеткені даусыз. Маньчжур-қытай езгісімен зардап шеккен халық енді мұсылмандық өз қандасының бұл сатқындығына, мансапқорлығына шыдамай оның билігіне қарсы шығып, 1857 жылы Уәлихан-төрені орнынан тайдырады [20, 155-156 бб.].

     1825-1861 жылдардағы хожалар жетекшілік  еткен көтерілістер феодалдық-сепаратистік сипатта болуының басты себептерін зерделеу қажет. Көтерілісті ұйымдастырған негізгі халық бұқарасы көп ұзамай алғашқы кезде үлкен үмітпен, шын сеніп өздері қолдаған хожалардың тек билікті көксеген, халық бұқарасының мүддесінен, ұлттық мүддеден алыс тұрған, халықта қанау жағынан қытайлықтардан еш кем соқпайтын қанаушылар екеніне көздері жетеді. Сондықтан халық хожалардан алыстап, оларды қолдаудан бас тартады. Сөйтіп хожалардың ұзақ уақыт бойы халықты күшпен зорлап, қытайларға қарсы көтеріліске шығаруға тырысқан әрекеттері нәтижесіз болды. Ал көтеріліске шыққан қарапайым халық кейде хожалардың алдауынан мезі болғаны соншалық, қытайлықтар жағына өтіп, олардан хожалар билігіне қарсы көмек те сұраған кездері болған [11, 179 б.]. Ұйғыр хожалардың қарапайым халықтың маньчжур-қытайлық феодалдық езгісіне қарсы наразылық көтерілісін өздерінің шектеулі мансапқорлық мақсаттарына пайдаланбақ болуы, тиянақты ұлттық мүддедегі азаттық күресті сипаттайтын жоспарының болмауы олардың негізгі кемшіліктері еді. Сөйтіп, бұл жылдардағы халық көтерілістері, хожалардың тиянақсыз саясаттарының құрбаны болып, ешқайсысы да баянды жеңіске жете алмай қойды. Екінші жағынан, қарапайым халықтың, жеңіліске ұшырауының себептерінің бастысы - басына түскен ауыртпалық пен ұлттық езгіге шыдай алмай, бақайшағына дейін қаруланған, қаптаған қытай әскеріне қарсы, жалаң қолмен от көсегенмен бірдей, соғысқа шығуы еді. Қайткенмен де, жергілікті халықтың антициндік жаппай бұқаралық көтеріліске шығуы цин билігінің Шыңжаңдағы билігінің тамырын шайқалтып, болашағына үлкен қауіп төндірді.

     XIX ғ. 50-60 жылдарындағы Цин империясын дүрліктіріп, іргесін шайқалтқан тайпиндер, няньцзюндер көтерілістері империяның шеткері ұлт аймақтарындағы жағдайына да әсер етті. Орталық өкіметтің шеткі аймақтардағы бақылауының әлсіреуін жергілікті әкімдер өз пайдасына шешіп, жүгенсіздікпен білгенін істеуге көшті. 1862 жылы Шаньси мен Ганьсуда дұнғандардың көтерілісі басталған кезде, Шыңжаң орталықтың бақылауынан мүлдем тыс қалды. Сонымен қатар Пекиннің Шыңжаңды қаржыландыруды іс жүзінде тоқтатуы Іле цзяньцзюнінің 1862-1864 жылдары жаңа салық саясатына көшуіне әкелді. Бұл өз кезегінде халыққа салынатын салықтың қосымша түрін шығарып, жаңа ауыртпалықтар тудырды. Қаржы мәселесін халықты тағы да көбірек қанау жолымен шешу әрекетіне көшті. Салықты күшпен жинау үшін әскерді пайдаланды [21, 51 б.]. Бұл шаралар Шыңжаң халқының шыдамын шегіне жеткізіп, кемерінен асырды, жаппай көтеріліске шығуына әкелді.

     1861 жылы Шэньси провинциясында цин  билігіне қарсы дұнғандар көтерілісі  басталып, 1862 жылы көтеріліс ұшқыны  Шыңжаңды шарпиды, бұндағы туыстас дұнғандармен бірге көтерілісті жергілікті басқа ұлттардан тұратын мұсылман халықтар да қолдайды. Шыңжаңның бір қаласынан соң бір қаласы көтерілісшілер қолына өтіп, маньчжур-қытай билігін күйрете бастайды. 1863 жылдың аяғына қарай Шыңжаң жерінде цин билігінен азат болған бірнеше дербсс хандықтар пайда бола бастағанын дәлелдейтін тарихи құжаттар жетерлік.

     1864-1873 жылдары Цин империясы ішкі  Қытайдағы халық көтерілістерінің толқынын басумен айналысып, Шыңжаңдағы оқиғаларға толық көңіл бөлуге мұршасы болмады. Цин үкіметі тек Шыңжаңмен шектес жерлерде маңызды стратегиялық пунктерге ие болумен ғана шектелді. Жаңа ғана басылған 14 жылдық тайпиндер көтерілісі, одан кейін де тоқтамай тұрған қытай және басқа ұлттардың антициндік наразылықтары империяның әскери күш-қуатын әлсіретіп тастаған болатын. Оның үстіне сарайдағы цин билеушілері арасында Шыңжаңдағы көтерілісті басу жөнінде біркелкі пікір болмады. Осындай жағдайда цин үкіметі Шыңжанды шындап өз құзырында ұстауға шамасы да болмады. Сөйтіп, Цин империясы XIX ғ. 60-жылдары Жоңғария мен Қашғариядағы мұсылман халықтардың антициндік көтерілістері нәтижесінде Шыңжандағы билігінен толық айрылып қалу кезеңіне тап болады.

     1864 жылы Кучар қаласында түңғыш  рет ашық түрде антициндік көтеріліс болды, оған цин әскерлерінің Шэнси мен Ганьсудағы дұнғандар көтерілісіне қолдау көрсеткен кучарлық дұнғандарды жаппай қырып-жоюға келе жатыр деген сыбыс себеп болады. Дұңғандарға ұйғырлар да қосылады. Көп ұзамай көтерілісшілер қаланы өз қолдарына алып, Кучардың билігіне дұңғандар мен ұйғырлар келісе отырып, Рашид-эд-дин хожаны отырғызады. Ол енді Хан-хожа деген атпен билік ете бастайды. Сол жылы мұсылман көтерілісшілерінің қысымымен Үрімшідегі цин билігі құлатылды, ал 1865 жылға қарай Ции империясы бүкіл Үрімші округіндегі билігінен айрылды. Одан әрі көтеріліс Жәркент, Хотан, Тұрфан т.б. қапаларға жетіп, бүкіл аймаққа тарала бастайды. Шыңжаңдағы цин билігіне орасан зор қауіп төнеді. Көтеріліс жасауға бастамашы болған дұңгендер мен ұйғырларды қазақтар мен қырғыздар да кызу қолдайды. Сөйтіп, цин билігінен азат болып, дербес мұсылмандық билікті көксеген мұсылман халықтардың ұйымдасқан бас көтеруі белең алады.

     1864-1865 жылдардағы Шыңжаңдағы көтеріліс  өзінің сипаты жағынан бүкілхалықтық болды және негізінен антициндік, антиқытайлық бағытта жүрді. Әрине, көтеріліс жалпы алғанда «ғазауат» немесе «кәпірлерге қарсы соғыс» деген діни ұранмен жүргенмен, негізгі мақсаты ұлт-азаттық күрес болып қалды [22, 36 б.]. Ұлт-азаттық көтерілістің бірінші кезеңі жеңіспен аяқталады.

Информация о работе Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің қызметі